Жауапкершілік

9. Сарапшы-дәрігер әдеттегі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатқан заңдылыққа сәйкес жауапты:
1) медициналық көмектің сапасын сараптауды, талдауды, баға беруді сапасыз және әділетсіз жүргізсе;
2) ережеде көрсетілген міндеттерді толық және уақытылы орындамаса;
3) өзінің мүмкіншілігі мен құзырына байланысты дұрыс шешім қабылдамаса;
4) медициналық сараптау кезінде белгілі болған жайттарды және дәрігерлік құпияны сақтамауы.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі жөніндегі
Агенттігінің 2000 жылғы 14 шілдедегі
N 439 бұйрығымен бекітілген

Тәуелсiз медициналық сараптама жүргiзу туралы
ЕРЕЖЕ

1. Тәуелсiз медициналық сараптау "Денсаулық" Республикалық қазыналық мемлекеттiк кәсiпорнының (РМҚК) - сарапшы-дәрiгерлерi мен ЖАБДЫҚТАУШЫ арасында келiспеуi, сондай-ақ аурудың шағымын қарау бойынша сараптаудың қорытындысына науқастардың келiспеуi және т.б. жағдайлары байқалса жүргiзiледi.

2. Тәуелсiз медициналық сараптау келiсiм шартта көрсетiлген көлемнiң бағасына, жүргiзiлген сараптау қорытындысына келiспеген жағдайда, мәселе көтерген жақтың бастауы бойынша ұйымдастырылады.

3. Медициналық көмек сапасын тәуелсiз сараптау практикалық денсаулық сақтау саласы, провизор-дәрiгер Ассоциациясы, ғылыми зерттеу институттары өкiлдерiнен алынған тәуелсiз сарапшы-дәрiгерлер, юристер, экономистер және басқа мамандардан тарту арқылы, қажеттi нақты жағдайды тексеру үшiн жүргiзiледi.

4. Тәуелсiз медициналық сараптауды жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшы-дәрiгерлерге екi жақты қажеттi медициналық құжаттар көрсетулерi тиiс.

5. Тұрғындардың денсаулығын сақтау сапасында басқару жүргiзетiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен кепiлдендiрiлген тегiн медициналық көмек көлемiн талдау және баға беру Ережесiн тәуелсiз медициналық сараптау өз жұмысында қолдануы керек.

6. Тағайындалған күннен бастап 10 күн арасында сараптау жинағы бойынша, сараптау қорытындысы тапсырылуы қажет.

7. Тәуелсiз сараптауды ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде мәселе көтерушi жақтың басшылары, сарапшы-дәрiгерлер өздерiнiң мүмкiндiктерi мен құзырларына қарай сапалы және әдiл жүргiзiлуiне бекiтiлген заңдылықтың әдеттегi тәртiбiне сай жауапты болып есептеледi.

Тегiн медициналық көмектiң
кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын
талдау мен баға берудi жүргiзу
тәртiбi туралы Ережеге
1 қосымша

Дәрiгерлiк-семьялық амбулатория мен кеңестiк-диагностикалық
мекемелердің қызметiне талдау және медициналық көмектің сапасын анықтайтын
Параметрлерi

1. Ұйымдастыру сұрақтары

1. Ауруларға арналған тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiне және негiзгi /өмiрге қажеттi/ дәрi-дәрмектiң тiзiмiне арналған көрнекi құралдар жоқ болса.
2. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен "Негiзгi /өмiрге қажеттi/ дәрi-дәрмек пен жара таңуға қажеттi заттардың аурулардың шұғыл медициналық көмек көрсетуде өздерi алуы".
3. Тегiн кепiлдендiрiлген медициналық көмекке көрсетiлген медициналық көмек түрiнен аурулардан төлем ақы алуы.
4. Санитарлы-дезинфекциялық тәртiп жөнiнен Қазақстан Республикасы орталық атқарушы уәкiлеттi органы бекiткен бұйрықтарының орындалуының бұзылуы.
5. Аурулардың медициналық көмек пен қызмет сапасына қанағаттануы төменгi деңгейде болса.
6. Аурулардың сапасыз көрсетiлген медициналық көмек пен медицина қызметкерлерiнiң этикалық ереженi сақтамағанына арналған шағымдары.
7. Салауатты өмiр салты мен санитарлы-эпидемиологиялық жағдайдың жергiлiктi халық арасында жақсартуын жүргiзуде жiберiлген кемшiлiктер.
8. Отбасылық-дәрiгерлiк амбулатория мен кеңестiк-диагностикалық мекемелерде халыққа жедел медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсетуде жiберiлген кемшiлiктер.

2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары

9. ЖДА мен клиникалық-диагностикалық мекемелерге аурулардың қаралу мақсаттары /ауру, егу, диспансерлiк есеп, дерективтi жасты профилактикалық қарау, инфекция жөнiнен қатынаста тұрғандарды бақылау, анықтама, шұғыл медициналық көмек үшiн қаралуы/.
10. Бекiтiлген халыққа динамикалық бақылауды қамтамасыз ету.
11. Ауруларды уақытылы және жобалы жiберу:
11.1. Жатып емделуге;
11.2. Кеңестiк-диагностикалық орталыққа;
11.3. Үйдегi ауруханаға (орташа болуы);
11.4. Күндiзгi ауруханаға (орташа болуы).
12. Ауруханалар мен кеңестiк-диагностикалық емханалардың ауруларды бақылау және емдеу жөнiнен сатылық сабақтастығы.
13. Денсаулық сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы уәкiлеттi органы бекiткен профилактика, диагностика емдеу стандарттарының орындалуы.
14. Аурулық диагноздың халықаралық классификацияға /МКБ-10/ сәйкес келуi, диагноздың дұрыс қойылуы.
15. Кеңестiк-диагностикалық емханалар мен ауруханалардың диагноздарының ОДА мен сәйкес келмеу пайызы.
16. Амбулаторияда манипуляция және операциялық көмек көлемi.
17. Еңбекке жарамсыз қағазын беру негiздерi.
18. Жедел жәрдем станциясына аурулардың қаралу себебi.
19. Шұғыл медициналық көмектiң жағдайы.
20. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мен санитарлы-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуды зерттеуде медицина қызметкерлерiнiң қатысуы.
21. Анкета жолымен аурулардың медициналық көмек пен қызмет сапасына қанағаттануын зерттеу.
22. ДСА-дан аурулардың қаралуы мен бас тарту себебiн зерттеу.
23. Өлiм көрсеткiшiн талдау:
23.1. Жас-жыныс құрамына байланысты;
23.2. Аурулардың нозология мен себептерiне байланысты.
24. Көрсетiлген медициналық көмек пен аурудың шұғыл түрдегi аурудың жағдайының сәйкестiгi.
25. 1-жасқа дейiнгi балаларды бақылаудағы сапа көрсеткiшi (ББСД).
26. Балаларды декретивтi уақыт кезiнде профилактикалық қамтылуын тексерумен талдау.
27. Профилактикалық тексеруде аурулардың табылуы мен оның структурасын талдау.
28. Профилактикалық тексеруде табылған ауруларды жазу жұмысының сапасы мен талдауын жүргiзуi.
29. Балалардың қатерлi топтан бiрiншi мен үшiншi топқа өтуiн талдау.
30. Нәрестенiң өлiм көрсеткiшiн зерттеу:
30.1. Соның iшiнде үйде.
31. Вирусты мен диареялық инфекциялармен (жұқпалы аурулармен) күрес бағдарламасының орындалуы.
32. Балалардың жедел респираторлы жұқпалы мен диареялық аурулармен ауыр түрлерiн жатқызу себебiн талдау.
33. Емшекпен қоректену бағдарламасының орындалуы.
34. Бiр жасқа дейiнгi емшекпен қоректенетiн балалардың пайызы.
35. Иммунопрофилактикалық бағдарламаның орындалуы.
36. Халықты иммунопрофилактикамен қамтуы 95%-тен төмен болмау керек.
37. Жедел iшек жұқпалы аурулары мен вакцинаға көнетiн балалардың жұқпалы аурулары көрсеткiшi.
38. Жанұяны жоспарлау бағдарламасының орындалуы.
39. Абсолютты және салыстырмалы қарама қарсылығы бар экстрагениталды дерттермен азаптанған туу жасындағы әйелдердi контрацепциямен қамту, туудан және түсiктен кейiн контрацепциямен қамту.
40. Минитүсiктер мен артифициалды түсiктердiң 70% және 30% қатынасының сәйкестiгi.
41. Жүктi әйелдердi бақылау сапасының көрсеткiшi (ЖБСК).
42. Перинаталды өлiм көрсеткiшiн талдау.
43. Жоғары қатерлi топта тұратын жүктi әйелдердi ауруханаларға ертерек жатқызу.
44. Әйелдердi туыттан кейiнгi бақылау және сауықтыру.
45. Аналардың өлiм көрсеткiшiн талдау.
46. Туу жасындағы әйелдерден дәрiгер-мамандардың экстрагениталды дерттердi табу және оны сауықтыру жұмысын жүргiзу, акушер-гинекологтармен байланысы.
47. Ауруларды уақытылы диспансерлiк есепке алу.
48. Денсаулық сақтау саласына басшылық жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы уәкiлеттi органы бекiткен директивтi документтерге сай уақытылы диспансерлiк ауруларды бақылау.
49. Еңбек жасындағы адамдардың бiрiншi рет мүгедектiкке шығуы.
50. ДДҰ-мы ұсынған ДОТС терапиясы бағдарламасының орындалуы.
51. Туберкулездiң асқынған түрiн анықтау.
52. Онкологиялық ауруларының асқынған түрiн анықтау.
53. ОДА /ВОП, ДСА/ дәрiгерлердiң созылмалы диспансерлiк ауруларды бақыламауы себебiнен олардың жедел жәрдемге қаралуы.
54. Негiзсiз "көптеген" дәрi-дәрмектердi тағайындау (полипрагмазия).
55. Декретивтi контингентке жеңiлдiктi рецепттердi негiзсiз беру.
56. Медицина қызметкерлерi кiнәсiнен аурулардың асқынуы және сәтсiз аяқталуы.
57. Көрсетiлген медициналық көмек көлемi мен сапасы бойынша стандарттарға сәйкес келмеуi.
Параметрлер баптары бойынша медициналық көмектiң сапасын талдау және баға берудi жүргiзу технологиясы мен механизмі оның сапасын талдау және баға беру жөнiндегi толтыру жалпы мәлiметтер нұсқауына сәйкес жүргiзiледi.

Тегiн медициналық көмектiң
кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын
талдау мен баға берудi жүргiзу
тәртiбi туралы Ережеге
2 Қосымша

Емдеу-профилактикалық мекемелердің
ауруханаларының қызметiн талдау, медициналық
көмектi сапасын бағалау Параметрлерi

1. Ұйымдастыру сұрақтары

1. Ауруларға арналған тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiне және тұрғындардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен негiзгi (өмiрге қажеттi) дәрi-дәрмектiң тiзiмiне арналған көрнекi құралдар жоқ болса.
2. Денсаулық сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы уәкiлеттi органы бекiткен "Негiзгi (өмiрге қажеттi) дәрi-дәрмек тiзiмiне" кiрген дәрi-дәрмек пен жара таңуға қажеттi заттарды аурулардың шұғыл медициналық көмек көрсетуде өз есебiнен алуы.
3. Медициналық көмектiң тегiн кепiлдендiрiлген көлемде көрсетiлген медициналық көмек үшiн аурулардан төлем ақы алынуы.
4. Аурулардың сапасыз көрсетiлген медициналық көмекпен, медицина қызметкерлерiнiң этикалық ереженi сақтамағандықтарына арналған шағымдары.
5. Аурулардың медициналық көмек пен қызмет сапасына қанағаттануы төменгi деңгейде болса.
6. Салауатты өмiр салты мен санитарлы-эпидемиологиялық жағдайдың жергiлiктi халық арасында жақсартуын жүргiзуде жiберiлген кемшiлiктер.
7. Аурухана iшiндегi инфекция.
8. Профильдi төсек қорын тиiмдi пайдалану:
8.1. Төсек жұмысы;
8.2. Аурудың төсекте жатуының орта көрсеткiшi;
8.3. Жоспарлы аурудың 2 тәулiктен артық операцияға дейiнгi жату мерзiмi;
8.4. Аурудың төсекте жатуының орта көрсеткiшiнiң медициналық стандарттан негiзсiз артуы;
8.5. Ауруханалық емдеуге ауруды жатқызу көрсеткiшiне қарамай жатқызу.
9. Жатқызу структурасы (жынысжасына, ауру түрiне: алғашқы не екiншi, аурудың өзгешелігiне қарай: қатты, созылмалы аурудың асқынуы т.б.)
10. Отбасылық дәрiгерлiк амбулаториядан бастап реанимациялық көмек пен қарқынды емдеудi талап ететiн ауруларды жатқызу пайызы.
11. Хирургиялық белсендiлiк.

2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары

12. Реанимациялық көмектiң ауруларға көлемдi және уақытылы көрсетiлуi.
13. Жедел медициналық көмектi шұғыл (ургенттi) жағдайларда толық және уақытылы көрсетiлуi.
14. Аурулардың шұғыл жағдайларында хирургиялық көмектiң уақытылы көрсетiлуi.
15. Аурулардың жағдайларының, медицина қызметкерлерiнiң дұрыс емес әрекет жасағаны не әрекетсiз болғаны үшiн, науқастың жағдайы нашарлады.
16. Семьялық дәрiгерлiк амбулаториядан, кеңестiк-диагностикалық орталық пен емханалардан (КДО және КДЕ) жоспарлы аурулардың тексерiлмей және бағытталмай жатқызылуы.
17. Алдыңғы жату кезiнде медициналық көмектiң сапасыз көрсетiлуiне байланысты аурудың қайта жатуы.
18. Емдеу сапасы деңгейi бойынша медициналық стандарттарға сәйкес емес медициналық көмектiң жеткiлiксiз көлемде және сапасыз көрсетiлуi.
19. Клиникалық тұжырымдауды кеш дәлелдеуi.
20. Ауыр науқастар, операциядан кейiнгi жағдайларды, туған және туу кезiндегi әйелдердi күтудегi ақаулар, дәрiгердiң белгіленген тағайындаулардың уақытылысыз және сапасыз орындалуы.
21. Аурудың жағдайын уақытылы бақыламау.
22. Дәрiгер-консультанттардың берген тағайындауларының орындалмауы.
23. Диагностикалық тексерулердi дәлелсiз артық жасау, оның iшiнде қайталау.
24. Дәрi-дәрмектi дәлелсiз, артық тағайындау "полипрагмазия".
25. Аурулардың нәтижесiн зерттеу: нашарлауын, өзгерiссiз.
26. Жалпы өлiм көрсеткiшiн зерттеу, соның iшiнде:
26.1. бiр тәулiкке дейiнгi өлiм көрсеткiшi;
26.2. бiр жасқа дейiнгi балалардың өлiм көрсеткiшi;
26.3. операциядан кейiнгi өлiм көрсеткiшi;
26.4. жас нәрестелердiң өлiм көрсеткiшi;
26.5. ұрықтың интранатальды өлiмi көрсеткiшi.
27. Ана өлiмi көрсеткiшiн зерттеу.
28. Жас нәрестелердiң ауру көрсеткiшiн зерттеу.
29. Туу кезiндегi зақымдар көрсеткiшiн зерттеу.
30. Жоғары топта тұратын жүктi әйелдердi ерте жатуын зерттеу.
31. Туу кезiнде асқынуларды (қан кету, эклампсия, туу кезiндегi зақымдар және т.б.) зерттеу.
32. Паталогоанатомиялық, клиникалық және емханалық диагноздардың (тұжырымдама) сәйкес келмеуi себептерiн зерттеу.
33. Операциядан кейiнгi асқынуларды зерттеу.
34. Аурухана iшiнен инфекция жұқтыру себептерiн (операциядан кейiнгi жаралардың iрiңдеу, абсцесстер және т.б.) зерттеу.
35. Аурудың жағдайының нашарлауы не қайтыс болуына себеп болған, ауруханадан ауруды дәлелсiз шығару.
Параметрлер баптары бойынша медициналық көмектiң сапасын талдау және баға берудi жүргiзу технологиясы мен механизмі оның сапасын талдау және баға беру жөнiндегi жалпы мәлiметтер нұсқауына сәйкес жүргiзiледi.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: