Коды:DT 1107

Дінтану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

«Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Дінтану кафедрасының меңгерушісі

______________ Муминов А.К.

______________20 ___ ж.

DT 1107- «Дінтану » пәні бойынша

5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған

СИЛЛАБУС

Астана, 2013

1. Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, атқаратын қызметі; байланыс ақпараттары; ғылыми мектебі және ғылыми қызығушылықтары

Оқытушының аты-жөні – Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы

Ғылыми қызығушылықтары: Ислам тарихы және қазіргі кездегі жаңа діни бағыттар.

Ғылыми мектебі: Магистратура – Түркия республикасы,Сельчук университеті, Дінтану факультеті, ислам тарихы мамандығы магистрі.

Байланыс телефондары: 87757012929

2. Оқу пәнінің аты, коды және кредиттер саны

Оқу пәнінің аты: Дінтану

Коды:DT 1107

Кредиттер саны: 2

3. Пәннің өтетін орыны мен уақыты.

Пәннің өтетін уақыты: 1 семестр

4. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері.

Пәнінің пререквизиті: Мемлекеттік стандарт бойынша қарастырылған оқу курстары: Философия, Этика, Мәдениеттану, Дін тарихы.

Пәннің постреквезиттері:. Діни антропология, Дін феноменологиясы, Діни құқық, дін социологиясы, діндер тарихы

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің мәні

Оқу курсының барысында діннің мәні, оның адамның рухани болмысы мен қоғам өмірінде алатын орны, діндердің түрлі халықтар арасына енуі мен таралу ерекшеліктері, салт-жоралары мен мейрамдары, Қазақстан Республикасының дінге қатысты ұстанған саясатының мәні мен мақсаты, еліміздегі діни бірлестіктер туралы тақырыптар қарастыру.

5.2. Оқу пәнінің мақсаты

«Дінтану» курсының зерттеу пәні әлемдік және жеке діндер, олардың қалыптасу тарихы. Курстың мақсаты әлемдік діндер тарихына кіретін және жеке қалыптасқан көптеген діни ағымдар мен секталар туралы бағыт бағдар беру. Сонымен қатар әрбір дінге деген студенттердің жеке көзқарастарын қалыптастыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеті

- Діндердің қалыптасу тарихы туралы білімді қалыптастыру және тереңдету;

- Міндетті ұлттық және әлемдік діндерді оқыту, олардың қарым қатынасын анықтау;

- Қазіргі кездегі діни құндылықтарды бағалау;

- Діни және діни емес көзқарастарды өзара үйлесімділікте анықтау;

- Өнегелік және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырудағы діннің рухани практикалық қызметінің мәнін түсіндіру.

5.4. Оқу тәртібінің мазмұны

Әлемдік философиялық, діни көзқарастар тарихының ерекшеліктеріне тереңірек үңіле отырып, сол кездегі дүниетанымы мен ілімдердің қалыптасу сипатына көңіл бөлінеді.

5.5. Оқу барысының жоспары

Апта Тақырып атауы Оқытудың түрі мен сағат саны СӨЖ тапсырмалары
  Дін тарихының пәні, мәні және анықтамалары Дәріс – 1 сағат Семинар –1 сағат Діни феноменді зерттеу. Діндегі «эзотериялық» пен «экзотериялықты» анықтау. Діни ұғымдармен жұмыс жасау
  Діннің құрылымы мен элементтері Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Дін сөзінің этимологиясын анықтау. Анықтамаларға талдау жасау.
  Діннің қоғамдағы қызметі мен рөлі Дәріс – 1 сағат Семинар –1 сағат Діннің құрылымын зерттеу. Діни сананың адам өміріндегі алатын роліг анықтау. «Дін адам өмірінің мәні ретінде» аты эссе жазу.
  Дінтанудың негізгі компоненттері Дәріс – 1 сағат Семинар –1 сағат Діни концепцияларға салыстырмалы талдау жасау. Зерттеу әдістерінің қолданылу тәсілдерін анықтау, қазіргі өмірде алатын орнын анықтау
  Діннің шығуы және алғашқы түрлері Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Діннің даму этаптары мен типтерін анықтау. Терминологиялық сөздік жасау.
  Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Алғашқы діндердің өзара байланысын анықтау. Алғашқы діндер және мистика.
  Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Египет, Месопатамия және Иран діндерінің айырмашылықтарын анықтау, салыстырмалы кесте жасау.
  Африка және Америка континенттеріндегі ежелгі халықтар діндері Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Грек римдік діндер және мифология.
  Әлемдік діндер. Будда діні Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Америка және Африка халықтарының өміріндегі алғашық діндер көрінісі. Шаманизмнің алған орнын анықтау. Басқа елдердегі шамандық діндерден айырмашылығын анықтау
  Әлемдік діндер. Христиан діні Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Діндердің алғашқы, тайпалық, ұлттық, әлемдік бөліну себептерін анықтау
  Әлемдік діндер. Ислам діні Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Үнді, Қытай және Жапон діндеріне салыстырмалы кесте жасау. Сол діндердегі жаңа терминологияға сөздік құру.
  Қазіргі дәстүрлі және дәстүрлі емес діни қозғалыстар Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Будданың портерін жасау. «Өмір ол қасірет» атты тақырыпта шығарма жазу.
  Ислам дініндегі негізгі мектептер Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Жаңа Өсиеттің мәні мен мағынасын түсіндіру. Терминологиялық сөздік жасау. Иисус Христосың бейнесін ашу.
  Қазақ топырағынан шыққан әйгілі дін ғұламалары Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Ислам бағытарына сипаттама жасау. «Мұсылман бейнесі» атты тақырыпқа эссе жазу. Терминологиялық сөздік жасау.
  Секуляризация және сакрализация Дәріс – 1 сағат Семинар – 1 сағат Секталарға салыстырмалы кесте жасау. Қазіргі Қазақстандағы діни жағдайды анықтау
  Барлығы Дәріс -15сағ, семинар -15сағ  

6. Әдебиеттер тізімі:

Негізгі əдебиет.

1. Дінтану негіздері /Ауд. Н.Ж.Байтенова, Қ.А.Затов. А., 2006

2. Дінтану негіздері Үсенова М. А., 1995

3. Діндер тарихы мен теориясы. Мұханов С., А., 1992.

4. Дінтану. Әмірғазин С. Астана., 2002.

5. Кенжетаев Д. Діннің мәдениет қалыптасуындағы ролі. - Астана, 2009.

6. Кенжетаев Д. Қазақ даласының ғұламалары. - Шымкент, 2009.

Қосымша əдебиет.

1. Яблокова И.Н. Религия: сущность и явления. М., 2001

2. Радугин А.А., Добреньков В.И. Методологические вопросы исследования религии. М., 1989

7. Білімін бақылау және бағалау

Курсты оқыту барысында мынадай бақылау түрлері жүргізіледі: ағымдық, аралық, қорытынды және бақылаудың басқа да түрлері. Студенттер сабаққа уақытысымен қатысып, пікір-таластарға белсенді араласуы қажет. Оқытушы еш ескертусіз бақылаудың әртүрлі түрін (тест, т.б.) өткізуге құқы бар. Олардың бағасы қорытынды бағаға қосылады.

8. Оқу курсының саясаты:

«Дінтану» курсы оқу жүктемеде 2 кредиттен тұрады (15 сағат дәріс, 15 сағат семинар, 45 сағат СӨЖ). Сабаққа және оқу процесіне қатысу міндетті. Сабаққа кешігуге болмайды. Сабақ уақытысында телефондарын сөндіріп қою керек. Тәртіп пен этика университет талабына сай келу керек. Студент үшін ең маңыздысы аудиториялық сабақ барысында, яғни семинар сабағында өзін белсенді көрсету. Діндер тарихы пәні студенттерден дұрыс қарым-қатынасты талап ететіндіктен студенттің ауызша жауабына, өздерін ұстауларына көп көңіл бөлінеді. Жұмыс берілген уақытта тапсырылмаса студенттің бағасы 5%-ке төмендейді.

Білімді бақылаудың жалпы шкаласы

Әріптік бағалау Баллдардың сандық эквивалентті Оқу пәнін игеру мазмұнының %-і Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 4,0 95-100 өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64  
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттандырарлықсыз

Курс бойынша қорытынды бағалау проценттік мағынада мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Қ% = Р1 + Р2 х 0,6 + Е х 0,4,

Р1 – бірінші рейтингтің проценттік бағасы, Р2 – екінші рейтингтің проценттік бағасы, Е - емтиханның проценттік бағасы.

8. Оқу курсының саясаты:

Сабаққа және оқу процесіне қатысу міндетті. Сабаққа кешігуге болмайды. Сабақ уақытысында телефондарын сөндіріп қою керек. Тәртіп пен этика университет талабына сай келу керек. Студент үшін ең маңыздысы аудиториялық сабақ барысында, яғни семинар сабағында өзін белсенді көрсету. Дінтану курсы студенттерден дұрыс қарым-қатынасты талап ететіндіктен студенттің ауызша жауабына, өздерін ұстауларына көп көңіл бөлінеді. Жұмыс берілген уақытта тапсырылмаса студенттің бағасы 5%-ке төмендейді.

Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 20 жылғы «___» ________ № _____ хаттамасы.

Кафедра меңгерушісі бекіткен _____________________ Муминов А.К.


ДӘРІС №1

Тақырыбы: Дін тарихының пәні, мәні және анықтамалары

Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүйесі болып XIX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады. Бастапқы құдайтанушылықты дінтанудың алғашқы формасы деп айтамыз. Теология құдайтану жолында тек догма ғана емес, философиялық тұрғыда дәлелдеуге, Құдайды абсолютті идея, әлемдік ерік, әлдебір түр-түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады. Қазір де теологтар философиялық ілімдермен және жаратылыстану деректерімен Құдайды тану идеяларын жаңартуда. Сондықтан Құдайтану формасының дінтану формасына өтуі рационалдық философиямен тығыз байланысты. Дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзқарас тікелей философиялық көзқараспен тығыз байланысты болғандықтан, дінді «діни философиялық» пәнге де айналдырып қарастырады. Соның салдарынан «діни философия» мен «философиялық дін» дінтанудың ең негізгі теологиялық тұрғысы болып есептеледі. Дінтанулық көзқарас бойынша, қандай да бір дін болмасын тарихтан тыс құбылыс ретінде емес, керісінше оны тарихи, қоғамдық ақылмен түсіндіруге болатын құбылыс ретінде қарастырады. Екінші жағынан, дінтану XIX ғасырдың екінші жартысында ғалымдардың жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, әсіресе қандай да бір ғылыми жаңалықтың дүниетанымдық әдістемесіне сүйене отырып дамыды. Осының арқасында «дінтану» ғылымның бір саласы ретінде қалыптасты. Ондай бастаудың шыңында тұрған адамдар Э.Тайлор (1832-1917), Дж.Фрезер (1854-1941) болды. Э.Тайлор болса өзінің «Алғашқы мәдениет» атты фундаментальды монографиясында және Дж.Фрезердің көп томдық «Алтын бұта» атты еңбектерінде дінді ғылыми, теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттей бастады. Бұлардың еңбектері ескі сенімдер мен мифтерді, алғашқы ойлау жүйесін зерттеуге ғылыми әдістемесін қолдануы еді. Бүндай бетбұрыстағы ғылыми еңбектерді М.Мюллердің 1856 жылы шыққан «Салыстырмалы мифология» атты еңбегінен де көреміз. Қазіргі дінтанудың ішіне бірнеше жекелеген бөлімдер кіреді: тарихи дінтану, дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы және т.б.

Дінге деген анықтама ұғымы, өте күрделі іс және осы кезге дейін беделді де негізін салушы теологтар мен ғылым өкілдерінде бір ауыздан беретін анықтама жоқ деуге болады. Әрбір өкілдер өздерінің білімдік саласына субъективті баға беріп дінді анықтайды. Осылайша әр түрлі көзқарастарды жинақтап, екі топқа бөліп қарастыруға болады: дін адам санасының жемісі ме, жоқ, санадан тыс, адам ақылынан биік нәрсе ме? Философиялық тілмен айтқанда, дінге иррационалды (санаға сыйымсыз, логиканың заңына бағынбайтын) және рационалды (зерделі, санаға сыйымды) тұрғыдан анықтама беруге болады. Соңғы жылдары дінге деген әралуан көзқарастардың ішінен төрт бағыттағы топтар айқындала бастады: теологиялық, философиялық, ғылыми және мәдениеттің салалары.

Теологиялық анықтама. Теология (грек theos - Құдай және logoc - ілім, сөз, ақыл, ес) Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын, олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады. Теологиялық анықтама бойынша, Құдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология - барлық үлкен діннің догмаларының жүйесі. Бұл жүйелілік анықтау болса, барлық анықтаудан ерте де бірінші болып есептеледі. Осы көзқарас бойынша діннің табиғатын сол діннің «ішінен» түсінуге жетелейді және сол бір діни тәжірибеге негіздейді. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.сөз. religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Сондықтан, теология дегеніміз Құдай туралы ілім емес, ол - Құдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім. Басқаша, теология «Құдайдың сөзі емес», ол «Құдайдың сөзі туралы сөз» болғандықтан, теология адамның ақылын, ой‑парасатын Құдайдың өсиеттерін түсіндіру үшін қолдану керек екенін көрсетеді. Осыдан, теологияның өзі догма емес, дамитын ғылым есебінде қарастырылады. Теология арқылы адамның ақыл жолдары, логикалық көзқарастары сол бір биік сенімге, құдіреті күшті сенімдерге қарай бой ұрғандықтан, ол адамның сенімін, ой‑өрісін жоғары дәрежеге көтерді.

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы (әдістемелігі) субстанциялық және универсализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай да бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Мысалға, дін философия жүйесіне кіреді дейтін көзқарас - Құдайды ең жоғарғы «ақыл» ретінде қабылдап, әлемдік құрылысты осы «ақылдың» нәтижесі ретінде көрсетеді. Екінші бір дін философиясының көзқарасы Пантеизм (бүған келесі тақырыпта эдейілеп тоқталамыз) түсінігі бойынша табиғаттың өзі Құдай көрінісі болып, Құдайды табиғатқа, мәдениетке сіңіріп жібереді.

И.Кант өзінің «Кіршіксіз таза парасат шеңберіндегі дін» деген еңбегінде танымның трансцендентті нәрсенің (о дүниеліктің) қарама-қайшылығын сезіммен басталуға тиіс екенін көрсете келіп, жалпы алғанда, философияның қарама-қайшылығын ашып берді, ал трансцендентті нәрселерге ол Құдай және адамның трансцендентальды (осы дүниенің) ерекшелегі туралы түсініктерді жатқызды. Діни догматика, діни ұйымдар И.Канттың айтуы бойынша, өздерін тақуалық елеспен жұбатады, демек бұл адасу болып табылады деді. Ал тікелей Құдай туралы Кант былай дейді:... Құдай кұбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Құдай туралы мәселе - діннің ісі. Біз Құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдық принциптер, өнегелілік сезімдер, Кұдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады.

Дінді социологиялық тұрғыдан анықтау. Социологиялық анықтау жолында, дін әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Діннің шығуын, оның дамуын тікелей әлеуметтік заңдармен тығыз байланыстырады. Немістің философы және социологы М.Вебер (1864-1924), дінге біржақты анықтама беру өте күрделі екенін көрсетті. Ол ғылымдардың барлығын екіге бөліп қарастырды: табиғат ғылымы және мәдениет ғылымы. Дінді мәдениет ғылымына жатқыза отырып, әлеуметтік жағдайда діннің рөлін көрсетті. «Дін қоғам өмірінде мәдениеттің бір бөлігі бола отырып, өмірге мән береді, әлемнің ие екенін түсіндіріп, күнделікті этикалық қатынастарды реттейді» - деп түсіндірді М.Вебер. Француз социологы Э.Дюркгейм (1858-1917) дінді позитивизм тұрғысында түсіндірді. Оның дінге деген көзқарасы бойынша, дін «әлеуметтік факт» болғандықтан, оның қалай шығуын, қандай элементтерден тұратынын және орындайтын функцияларын зерттеу керек.

Діннің био‑психологиялық анықтауы. Дінге биологиялық көзқарас адамның түйсік сезіміне әкеп тірейді. Діни сезім адамның сақтану түйсігіне, оның өмір сүрудегі күресін көрсетеді. Дін дегеніміз - ор­ганизмнің психо-физиологиялық функциясы. Сұрапыл өмірде өмір сүру түйсігіне, қиыншылықты жеңіл көтеру жолында дін керек дейді. Ал пси­хология болса дінді адамның эмоциялық сезімімен теңейді. Эмоциялық сапа әр тұрғыда көрінеді - қорқу, бағыныштылық, құрметтеу, өнегелілік сезім және т.с.с. Сол себепте таза биологиялық көзқараспен дінге анықта­ма беру жеткіліксіз, био-психологиялық анықтау толық деп есептелінеді. Американ философы, психологы У.Джемс (1842-1910) дінді жеке адам­дардың психикасынан шығарып анықтайды. Оның айтуынша, дін деп әр түрлі сөздердің жиынтығы, іс-әрекеті және жеке адамдардың тэжірибелері, сол бір киелі деген сезімді Құдай есебінде санауы.

Діни детерминизм деп діннің шығуына, өмір сүруіне және да­муына тікелей ықпалын тигізетін жүйелік факторларды атаймыз. Әлеуметтік, психологиялық және гносеологиялық тағы басқа да факторлар жатады. Табиғат күшінің алдындағы адам әлсіздігін білдірген жерде діни қиял иллюзиялық бейнені дайындап қояды. Кейіннен құрал-жабдықтардың күрделенуі қоғам дамуының қажетті шарты болғандықтан, адамның табиғат күштерінің алдында «күштерінің» өсуіне әсерін тигізеді. Мұны қоғамдық қатынастардың даму процесі деп атаймыз.

Діннің детерменизмі деп адамның табиғат күштерімен және таптық немесе адам және қоғам күштерімен күресу процесіндегі «әлсіздігінен» шығатын әлеуметтік тамырды айтамыз. Егер де дінге сенушіліктің қайнар көзі жоқшылық, әділетсіздік және т.с.с. болса, қоғамда осындай жоқшылықтан аулақ (тамағы тоқ, көңілі толық) адамдар да дінге үлкен көніл бөледі, онда бұл жағдайды қалай түсінуге болады? Қоғамда әділетсіздіктің тауқыметін татып жүрген адамдар дін жолына түспей, бұндай «әділетсіздіктен» құтылу жолын басқа, дінсіз жолдардан іздейді (күреседі). Адамдардың көңіл-күйі, қайғыруы, яғни әр түрлі сезім мүмкіндігін туғызатын жағдайларды діннің психологиялық тамыры деп те айтайды. Психологиялық негіздері екі топқа бөліп қарастырылады: қоғамдық психо­логия және жеке адамдық психология. Қоғамдық психологиялық детерменатына мынадай факторлар жатады: 1) қоғамның моральдық жағдайының дағдарысқа ұшырау кезеңі; 2) қоғам пікірінің теріс көзқарасы; 3) қоғам тобындағы адамдардың тікелей араласуындағы бұрыс көзқарас; 4) қоғамдағы көне заманнан сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, дәстүрлер, рәсімдер. Жеке адамдардың психологиясы детермантарына жататындар: 1) жеке адамдардың қорқынышы, келешекте не боларын білмеу қорқынышы. Ежелгі Рим ақыны Стациянның «Құдайларды қорқыныш туғызады» деген сезін еске түсірсек, қорқыныш басқа психологиялық сезімдерді туғызады. 2) ұзаққа созылған күйініш, қайғыру; 3) адамдардың өзінің, сондай-ақ жақындарының өмірі үшін қорқынышы; 4) әлсіз, зор ерік күші жоқ, боркемік; 5) қайғы, жалгыз бастылық, күйзеліс жағдайда ұзақ болған адам; 6) дәлелден гөрі сенімдікке тез берушілік; 7) өлім алдында қорқу және мәңгі өмір сүруді армандау және т.б. факторлар дінді қабылдауға жағдай тудырады. Дінге жақын тұрған фе­номен сол санасыз іс-әрекеттер болады. Оларға интуиция, нұрлану, сәуегейлік, болжампаздық, көргендік т.с.с. жатады. Таным процесінде пайда болатын діни нанымдардың қалыптасуына мүмкіндік беретін алғы шарттарды діннің танымдық тамыры деп те атайды.

Сонымен, басқаша айтқанда, таным процесімен байланысты жалған сананың танымдық негізінің мәні - адам танымының, оның санасының субъективті жақтарын абсолюттендіру.

ДӘРІС №2

Тақырыбы: Діннің құрылымы мен элементтері.

Қандай да бір діни ұғым болмасын оларды күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырамыз. Дін деген ұғымның әлеуметтік елеулі белгілері: діни сана; діни ғибадат, іс-әрекет, діни қатынас және діни ұйымдар.

1. Діни сана. Дінді қоғамдық сананың бір түрі есебінде қарасақ, онда оның басты негізін діни сенім деп айтамыз. Діни сенім деп құдіретке сенуді айтады. «Құдірет» діндарлар мен діни ғұламалардың пікірінше, ешқандай материалдық дүние зандылықтарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ол объектімен байланыса алады деген сенім. Байланысқанда одан қайырымдылық алуға болады. Әр түрлі мифті ғажайыптарға сену. Діни догмаларға киелі есебінде сену және атақты діни өкілдердің күнәкарлықтары мен олардың беделділігіне сену.

Діни саналылық сенім екі деңгейден тұрады: әдеттегі діни сана, яғни діни психология мен діни идеология. Діни психология - қарапайым діндарларға тән қүдірет туралы жалпы елестету. Ол бұлыңғыр, толық емес, жүйесіз, орнықсыз болып келеді. Сондай-ақ жалпыға бірдей таралған, діннің қарапайым түрі. Діни идеология - неғұрлым толық, орнықты әрі сабақтасты болып келетін құдіретке көзқарастың жүйесі. Діни идеологияның негізі «діни психология» болып табылады. Мұндай жүйені дін ғұламалары, сондай-ақ қызметкерлері, яғни діни көзқарасты өз ісіне айналдырғандар қарастырады. Діни идеология, яғни теология, кез келген діннің теориялық негізін құрайды.

2. Діни іс-әрекет. Діни ғибадат, іс-әрекет - әр түрлі объектілерге әсер етуге бағытталған рәміздік іс-әрекеттердің жиынтығы.

Діни ғибадаттық іс-әрекеттер және ғибадаттан тыс іс-әрекеттер бо­лып бөлінеді. Ғибадаттық іс-әрекеттерге әр түрлі діни шығарма жазу, діни әдет-ғұрыптарын шығару, басқару жұмыстары жатады. Діни ғибадатқа - діни-сиқырлық бағыттағы әдет-ғұрыптар, рәсімдер, құрбандық шалу, ораза, құпиялар, дұға ету, сондай-ақ осы орайда пайдаланылатын мазарлар және т.б. діни іс-әрекеттер. Діни ғибадаттық іс-әрекеттер діннің негізі және оның өмір сүру формасы. Діншіл мен діншіл емес адамдарды ажыратып көрсететін түрі. Керек болса, сол бір діншіл адамдардың діни сана сезімінің теренділігі мен таяздығын көрсететін элемент.

3. Діни қатынас. Діни қатынас - сол бір діни іс-әрекеттер арқылы рухани жағдайда жүріп жататын үрдістер. Діни қатынастың екі объектісі бар. Біріншісі, діншіл адамдардың өзара қатынасы, ал екіншісі, діншіл адамдардың киелі деген объектімен қатынасы. Адамдардың қатынасына ұқсас, діни қатынастар да күрделі, жай көзбен қарағанда, көптеген діни қатынастардың түрлерін көруге болады. Мысалы: 1) табиғаттағы тірі немесе өлі заттармен - (төтемдік, мазар, крес, икон) - заттық қатынастар; 2) образдық қатынас - Құдай образы, аруақ, жан, періште, рух; 3) тілдік, семантикалық қатынас - әр түрлі киелі сөздер, асыл кітап сездерін қайталау, мантрилер, құран оқу; 4) жеке адам басына табыну - жеке адамдарға пайғамбарлық, киелі мағына беріп табыну.

4. Діни ұйымдар. Діни ұйымдар - діни ғұрыптардың орталықтары, белгілі бір дінді ұстаушылардың бірлестігі. Діни ұйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді: діни кішкентай секта, қауымнан діннің миллиондаған бір діни ұйымдарына дейін құрылады. Діни қауымдар діни және дінсіз іс-әрекеттер жасайды. Дінсіз іс-әрекеттерге әр түрлі ұйымдық, басқарушылық (діни кеңес, тексеру комиссиясы, білім беру бөлімдері, жоғары оқу орындары, баспаханалық ұйымдар). Дінсіз іс-әрекеттер діни қауымдардың басын құрастырады. Діни қауымдық ұйымдардың үш түрі бар: 1) шіркеу - діни ұйымның аты, дін адамдарының кәсіби қызметі, орталыктандырылған дербес ин­ститут. Шіркеу деп ғибадат ету үшін, яғни храмды атайды; 2) секталар ұйымы - ірі діни ұйымдардан бөлініп шыққан оппозиция ретіндегі бағыт. Секталық қозғалыс қогамның белгілі бір таптары мен топтарының әлеуметтік қарсылығы іспетті; 3) деноминациялық (лат.-атын өзгерту) -секталық ұйым мен шіркеу арасындағы қауымдық ұжым. Ол ұжымның барлық мүшелері Құдайдың тандап алған адамдары және олар барлығы жұмаққа баратындығы. Олардың айырмашылығы азаматтық қоғамның оміріне белсенді қатысуы, бизнеспен айналысуы және олар шіркеудің қауымдық деңгейге өсуіне тырысуы. Діни ұйымдардың негізгі атқаратын функциясы екеу: ұйымдастырушылық (қай жерден шіркеу ашу, шіркеу басына кімді жіберу т. б.), екіншіден, діни үгіт-насихаттық, модернизаторлық рөлдері. Себебі, діни көзқарасты өзгертіп отыру, қоғамға бейімдеп отыру керек, ол болса, үлкен жұмыс.

ДӘРІС №3

Тақырыбы: Діннің қоғамдағы қызметі мен рөлі

Дін әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты болғандықтан қоғамда өзінің орындайтын функциялары мен рөлі болады. Функция және рөл дегеніміз синонимдік мағына бергенімен, олардың айырмашылығы бар. Діннің функциясы деп діннің қоғамдағы әрбір салалық қызметтерін атайды. Ал, рөлі деп сол қызметтердің соңғы қорытынды тұжырымы, Діннің елеулі функциялары: дүниеге көзқарастық, орын толтыру (компенсаторлық), реттеуші, ұйымдастырушы, мәдениет таратушы және т.б. функциялары бар.

Діннің дүниеге көзқарастық функциясы деп табиғатты, қоғамды және адамның болмысын өзінше бір жүйелік көзқараспен көрсетуге тырысатын функцияны атайды. Себебі діни көзқарастың әлемнің болмысын түсіндіру функциясы бар: әлем қалай пайда болды, әлемдік жеке құбылыстар деген не, онда қандай үрдістер жүріп жатыр; әлемдік қатынас; әлемдік баға; әлемнің мағынасы және тағы осындай компоненттері арқылы әлемнің болмысын өзінше түсіндіреді.

Діннің ең бір негізгі функциясы - орын толтыру (компенсаторлық) функциясы, яғни адам баласы өз дәрменсіздігінің, шамасы келмейтін жағдайларын Құдайға, табиғаттан тыс күшке артып, діннен қорғаныс іздейді. Мысалы: езушілік - рухани бостандық арқылы; әлеуметтік теңсіздік - барлық адамдардың Құдай алдында тендігі; жеке бастық - христиан бірлігі. Психология жағынан: рухани ләззаттық, медитация, катарис, жұбату т.б. функцияларын дін орындайды.

Діннің тағы бір функциясы - реттеушілік функциясы. Реттеуші функция деп жеке адамның, ұжымның, қауым адамдарының белгілі бір идеясын, құндылықтарын, әдет-ғұрып, дәстүр институттар меи адамдардың арасындағы қатынастарды, мінез-құлықтарын, сана-сезімдерін реттейді. Осылай реттеушілердің ішінде ең бір елеулісі белгілі бір жүйелік нормаға (діни құқықтың, мораль және т.б.), үлгімен (көптеген үлгілі нәрселермен), бақылау (әр түрлі ұйғарымды орындау), мадақтау мен жазалаулар болып есептеледі.

Бұл функцияны тікелей дінге байланыстырып қарастырсақ, қандай да бір іс-әрекеттер, қатынастар болмасын, оларды Құдай атынан, Құдай өсиеті мен шариғат арқылы және т.с.с. діни мораль арқылы реттейді. Қорыта айтқанда, діннің басты «реттеуші» функциясы, адамдық қарым-қатынастарын белгілі бір тәртіпке келтіріп, оның құдіреттілігі мен қасиеттілігіне адамдар-ды иландыру, сендіру.

Діннің интеграциялық - дезинтеграциялық функциясы. Дін арқылы бір жағдайда адамдар одақ құрады, екінші бір жағдайда адамдарды, топты, институтты ыдыратады. Интеграциялық фун­кциясы бір діни көзқарастық формадағы адамдардың бастарын қосады. Егер де діни көзқарас әр түрлі бола бастаса, онда діни қауымдар ыдырап, дезинтеграциялық функциясы орындалады.

Діннің мәдениет тарату функциясы - дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл функция, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста және орта ғасыр заманында үлкен орын алды. Діни ілім - жазудың, кітап басудың, өнердің, қол өнерінің және тағы басқа да мәдениет түрлерінің дамуына үлкен әсер етті де, қазіргі кезде де ол функциясы жойылған жоқ.

Діннің осындай және басқа да функциялар жиынтығы өзінің маңызы мен рөлі жағынан әр түрлі нәтиже береді. Сол себептен, діннің тари­хи қоғам дамуында бір типті рөлі жоқ.Тіпті бір діннің өзі әр түрлі саяси бағыттарга қолдау бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады.

2. Мәдениет (лат. Cultura - өсіру, өңдеу) - адамзаттың болмыс пен сананың салаларындағы әлеуметгік-прогрестік шығармашылығы, қызметі. Басқаша айтқанда, мәдениет дегеніміз адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау үрдісі десек, мәдениетті қызмет және үрдіс есебінде түсінеміз. Мәдениет - процесс есебінде, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытудың бағыты. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауга болады. Сол жүйе құрылымын ең үлкен екі топ­ка бөліп қарастырсақ, материалдық және рухани мәдениет болып бөлінеді. Алғашқы «мәдениет» деген түсінік материалдық өндіру, жасау, өсіру деген мағынада қолданылса, келе-келе мәдениет түсінігіне рухани өмір жақтары да келіп қосылады.

Алғашқы рухани өмірдің тарихы мифологиядан (аңыздан) басталады дейміз. Мифологиялық өмірге көзқарас синкретикалық (біртұтас) түрде болды. Қоғам тарихы дамуына байланысты рухани өмір де дамып күрделенд. Рухани мәдениеттен - өнер, мораль, философия, ғылым, дін және т.б. түрлері бөлініп шықты. Осылардың ішінде дін - қоғамдық, ру­хани құбылыстардың ішіндегі ең күрделілісі. Дін қаншалықты күрделі құбылыс (қоғам санасының бір бөлігі) болмасын, ол өмірдегі қорқыныш, үрей, сүйіспеншілік, ата-бабаларды қадірлеу және т.б. болып жататын нәрселерден оқшау емес. Сол себептен дін рухани мәдениеттің ең елеулі бөлігі болғандықтан, мәдениетпен біте қайнасып келе жатқан әлеуметтік құбылыс болып табылады.

3. Адамзат тарихында мәдениеттің бір саласы бірінші орынға шығып, алдыңғы қатарлы мәдениет болып отырады. Мысалы, антика дәуірінде - философия мен өнер; Орта ғасырда - дін; ХҮШ-ХІХ ғг. -философия; ХХ-ғасырда - ғылым. Мәдениет пен діннің арақатынасы туралы осы кезге дейін бір ауыздық шешім жоқ. Мұндай арақатынастық туралы үш түрлі көзқарасқа тоқталсақ, оның екеуі «шектік» көзқарасқа жатады. Алғашқы богословияның көзқарасы бойынша, олардың барлық өкілдері дінді мәдениеттің негізі ретінде қарастырады. Англиялық этнограф Дж. Фрезер тікелей былай дейді: «Барлық мәдениет храмнан (үлкен шіркеуден) шықты». Католик шіркеулері өкілдерінің айтуы бойынша мәдениеттің түрлері: философия, мораль, өнер, техника - тарихи нәрсе, адамдар қызметтерінің шығарған нәрселері (фактілері). Олар дінге араласпай, нағыз мәдениеттің түрлері бола алмайды. Христиан діні мәдениет емес, ол діни сенім. Христосқа сену жай құлшылық нәрсе емес, ол ең жоғарғы Құдай ту­ралы пікір немесе пікірлерден де жоғарғы «пікірі». Дін мәдениеттен бой тартпайды, оны өзіне қосып дамиды, себебі «Евангелие» мәдениеттің ең көрнекті бөлігі деп қарастырылады. Қандай бір мәдениеттің түрі болма­сын «Еваигелиеге» араласқанда нағыз мәдениетке айналып, адамның ішкі дүниесін де өзгертеді. Абыройлықтың ең жоғарғы шыңы - рухани абырой, ондай абырой жоғарыдан келеді - ол сүюдің сыйлығы, жүректің мәдениеті. Оған жету үшін барлық шығармашылық қабілетті, күшті аямай, Құдай алдында жұмсау керек. Сонымен, ең жоғарғы мәдениетке адамдар дін арқылы жетеді. Православие богословтары да дінді мәдениеттің негізі ретінде қарастырады. П.А.Флоренский болса, дін рухани мәдениеттен биік тұрады дейді. Мәдениет діннен шығады: өнер - «культтен» (мәдениет деген түсініктің бастамасы) шығады, ғылым мен философия болса, ол діннің әлемдік тану формасынан шығады, ал мораль және құқық (заң) діннің өсиеттерінен шығады.

Екінші шектік көзқарас (атеистік деуге болады), дінді мәдениеттің жүйесіне ендірмейтін көзқарас. Бұл көзқарас бойынша, дін және мәдени­ет қарама-қарсы көзқарас болып табылады. Мұндай көзқарастың шығуы тікелей «Ағартушылық» заманынан басталады. Олардың өкілдері: Воль­тер (1694-1778), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Шарль Монтескье (1689-1755), П.А.Гольбах (1723-1789), Л.Фейрбах (1804-1872) және т.б. Олардың айтуы бойынша, қандай да бір дін болма­сын, ол рухани прогреске қарсы. Мысалы, П.А.Гольбах «Здравый смысл», «Галлерея святых» т.б. шығармаларында қандай бір дін болмасын жалған көзқарас деп айтты.

Үшінші көзқарас, ғьлыми көзқарас деп атаймыз. Бұл көзқарас бойынша, дінді философияның бөлігі ретінде қарастыруға болатындығы. Дін және философия, әмбебаптық, дүниетанымдық мәселелермен айналысуында. Дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырамыз. Дін мәдени­етке ұқсап, адам мәселесін, адамда тәрбиелеу мәселесін өзінің негізгі мәселесі деп есептейді.

Діни мәдениетті екі топқа белуге болады. Біріншісіне тікелей діни компоненттер жатады — киелі текстер, теология, әр түрлі дінге табынушылықтың элементтері және т.б. Екінші жағы, философиядан, моральдан, өнерден алынған жақтары, оларға діни мағына беріп діннің рухани және мәдени жақтарына біріктіріп, шіркеудің өміріне қоғамдық маңыз береді.

Сонымен қорыта айтқанда, адамзаттық қоғамда діни құндылық бағдарларының жарасымды жақтарын айта отырып, сонымен бірге діни қағидаларға күмәндану, секуляризм және тіпті атеистік көзқарастардың да өмір сүруіне еркін қоғамда құқықтары бар деп айта аламыз.

ДӘРІС №4

Тақырыбы: Дінтанудың негізгі компоненттері

Дінтанудың жеке ғылыми пән болып шығуы діни-теологияның, философияның және ғылыми ойшыл өкілдерінің еңбектері арқасында дүниеге келді. Сондықтан әрбір білім өкілдерінің дінге деген методологиялық көзқарастары әр түрлі. Олардың ішінен теология бірінші дінтанушылық ілім болып бөлініп шықты. Қазіргі кезде дінтануды ғылыми тұрғыда қарастырғандықтан оның негізгі бөлімдеріне: дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы және т.б. салалар жатады.

Дін философиясы. Дінтану пәнінде дін философиясы базалық орын алады. Себебі, қандай бір философиялық ағымдар болмасын өздеріне діни мәселелерін қосады. Алғашқы кезде діни өкілдер (богославтар) және теологтар философия категориялық ұстанымдарын өздерінің зерттеу жұмыстарына кеңінен қолдана отырып, дінді философиялық тұрғыда түсіндіре бастады. Ондай концепциялық ағымды діни философия деп атаймыз. ХҮІІ-ХҮШғг. ғылымның дамуымен, әлемге рационалдық көзқарастың күшеюіне байланысты, философтар дінді философиялық тұрғыда қарастыруының (зерттеуінің) салдарынан «дін философиясы» шықты. Философияның зерттеу әдістемесі - әмбебап және субстационалды. Әрбір зерттеу нысанына философия сындық көзқараспен қарайды. Оның әмбебаптық әдісі абстрактылы логикалық сызбадан тұрады. Ал субстанцианалды деп, философия өзінің «дәлелдеу» процесінде бір рационалды негізге байланыстыра отырып дәлелдейді (философиялық тас). Философия дін туралы негізгі мәселелерді де осы эмбебап және субстанционалды принциптермен зерттейді. Осындай әдістемелік зерттеулер арқасында дін философиясының алғашқы формалары «деистік» және «пантеистік» түрлері шықты. Бұларға да кейінгі тақырыптарда кеңірек тоқталып өтеміз. Бұлар туралы қысқаша айтатын болсақ, бірінші көзқарасты рационалдық тұрғыда Құдайды бірінші күш, сана есебінде қабылдайды да, әлемнің даму процесіне қатынастырмайды. Екінші көзқарас бойынша Құдай табиғатқа сіңіп, табиғат Құдай болып өз мүсінін жоғалтады. Қазіргі кезде дін философиясының түрлеріне: натурализм, материализм, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм, аналитикалық философия, философиялық антропология, персонализм, неотомизм және т.б. жатады.

Дін социологиясы. Дінтану ғылымы социология ғылымымен де қатар дамиды. Социология (лат.-қоғам) - бүкіл қоғам туралы және жеке әлеуметтік жүйелердің дамуы мен қызметтану зандылықтары туралы ғылым. Социология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастырған, қоғамдағы діннің рөлін ғылыми тұрғыдан көрсете білген бірінші О.Конт (1798-1858) болды. Оның айтуынша, қоғамның дамуы бірінен соң бірі ауыстыратын үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысы - теологиялық мерзім. Бұл сатыда қоғамдағы өзгерістер діни түсінікпен түсіндіріліп, барлық құбылыстар, қоғамның дамуы бір Құдайдың жасаған (телеологиялық) жолдармен жүріп жатады. Ол кезде қоғамдық тұрақтылық күшті болды, ондай кезеңнің шыңы Орта ғасыр кезі еді. Екінші бір сатысы - метафизикалық кезең. Ол кезенде адамдар жоғары, құдіретті күштерден бас тартып, барлық оқиғаларды абстракты мән мен себептілік арқылы түсіндірді. Бүл мезгілдің ең шыңы «ағартушылық» ғасыры болып саналады. Ол ғасыр келесі мезгілді дайындады. Үшінші кезеңді позитивті немесе ғылыми заман деп айтамыз. Бұл ғасырды діннің қоғамдық рөлдері өте темендеген уақыт дейміз. ХІХ-ХХ ғасырларда социология ғылымын әрі қарай көтерген ғалымдар М.Вебер (1864-1920) және Э.Дюркгейм (1858-1917) болды. Бұлардың еңбегінде бірінші рет дін социологиясы құрастырылды. Дін социологиясы өзінше жеке ғылым жүйесі болып қалыптасты.

Социолог, Канттың ізбасары Э.Дюркгейм қоғамдық дамуды үш фактордың әсері арқылы түсіндірді: халықтың қоныстану тығыздығы, қатынас жолдарының дамуы, бірлескен ұжымдық сана. Кез келген қоғамға әлеуметтік ынтымақтастық тән. Дін болса адамдардың қоғамдық сезімдерін жақсартады. ¥жымдардың жеке адамдарға тигізетін әсерлерін күшейтеді. Сондыктан, Э.Дюркгейм дінді қоғамдық өмірдің маңызды жағы деп есептейді. Оның пікірі бойынша, қоғам өз-өзіне дін арқылы табынады, өзін-өзі дін арқылы құдіретті етеді,

Бірақ Э.Дюркгейм қоғамдық прогресті бірте-бірте діни қатынастардан арылта бастайды. Бірақ та дінсіз қоғам болуы мүмкін емес. Қоғамдық прогресс бір кезде діннің негізін өзгертіп, Құдайсыз дінді тудырады, ол дін «адамгершілік діні» болып өзгереді.

Дін психологиясы. Дін психологиясын дінтанудың үлкен бір саласы ретінде қарастырамыз. Ол ғылыми пән ретінде ХІХ-ХХғғ. қалыптасты. Дін психологиясын дінге екі жақтама ретінде яғни жалпы психология және әлеуметтік психология тұрғысынан зерттейді. Дін психологиясын құрастырған атақты психологтар У.Джемс (1842-1910) және 3.Фрейд (1856-1939) болды.

Дін психологиясының дінге деген негізгі көзқарасы - қандай бір дін болмасын оның қайнар көзі адамды қоршап тұрған дүние емес, ол әрбір адамның ішінде, оның ішкі рухани дүниесінде, эмоционалды жігерінде. У.Джемстің айтуынша діннің көріну формаларын «діни тәжірибеден» білуге болады. Діни тәжірибе адамның терең психологиялық сезімімен байланысты.

З.Фрейдтің ілімі бойынша, адамның психикасы бір-бірімен байланыста үш деңгейлік компоненттен тұрады: санасыз қалып, саналының астында және саналы. Ең терең де, негізгісі - адамның психикасы, саналы компонент, Саналының астындағы, саналы компоненттер - санасыз компоненттің қондырмасы, екіншісі. Табиғи инстинкт, «бірінші әуестік» санасыз компоненттен шығады, оған «либидо» немесе сексуалдық әуестілік жатады. Санасыз әуестілікте үлкен «қиратушы» күш бар. Ол күшті шектеу үшін әлеуметтік институттар: норма,құқ, мәдениет. З.Фрейдтің шәкірті психоаналитик-дәрігер К.Г.Юнг (1865-1966). Діннің негізін ол да санасыздық деді, бірақ санасыздық жеке адамдық емес, «ұжымдық санасыздық» деді. Жеке адамның санасыздығы қайғыдан, әлсіздіктен, дәрменсіздіктен шығады. ¥жымдық санасыз — адамзаттық тәжірибені, барлық адамдарға тән ерекшелікті көрсетеді.

Діни философия және теология. Діни философия — дінтану мәселесінің үлкен болігі. Мүндай түсінік дін мен философияның тығыз ара-қатынасынан шығады. Ондай ара- қатынастығын түсіну үшін олардың бірлігі мен айырмашылығыіі түсіне алсақ, онда «діни философия» пәнін аныктаймыз. Біріншіден, қандай бір діни көзқарас болмасын, реалды көрініп турған нәрселерден (заттардан) тыс биік иррационалды иәрселердің барына сену деп алсақ, ол күштер күиделікті өмірге эсерін тигізетіндігіп діни козқарас дейміз. Екіишіден, қандай бір дін болмасын, адамды қоршап тұрған дүниені, өзінтану (гносеологиялық) жағы философиямеи лсақындаса түседі.

Философия (грек, -данышпандық) ілімі де, адамзаттың қоршағап дүниесін тану процесінде (гносеология) шығатын рационалды көзқарас десек, дін мен философияның арасындағы жалпы мәселелер сүрауларына жауап іздеу оларды біріктіреді.

Дін және философияның бірлігі - әмбебаптық, түтас дүниеге көзқарастығында. Жалпы, турақты даму күшін корсету, «қалай», «қайда» дамып бара жатырмыз сурауларьша өзінше жауап беру екі ілімді жақындастырады. Олардың айырмашылығына келетін болсақ, әлемде діни козқарас оте ерте (б.д.д. 100-40 мың жыл бурын) ғасырда иайда болды деп есептейміз. Қандай бір діни козқарас болмасын, оның бірінші мақсаты рухани практика жүзінде әлемді меңгеру болып есептеледі. Себебі діни теологиялық деңгейге дейін оның негізін құрған салт-жоралар (ритуал) мен киелі заттар үлкен орын алды Кейіннен үлкен діндерде шіркеулер, діни қауымдық одақтар оны дамытуда үлкен рол атқарды. Діннің иррационалдық козқарасы омірге рационалдық көзқарастыц тууына себеп болды.

Философия болса, алғашқы кезде адамның объективті дүниеге және өзі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын ілім болып қалыптасты. Философияның негізгі мәселесі - сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы, осыдан шығатын адам мэселесін зерттейтін адамзат мэдениетінің ерекше саласы.

Діннің (теологияның) негізгі мәселесі- адам мен Құдай арасындағы қатынас. Философия - әлемді, қоғамның экономикалык қатынастарын және қоғамдық сананың формаларын, жалиы заңдылықтарын зертгейтін ілім. Дін - адамзаттың рухаии -тэжіриін жүзінде дүниеге қатьшасы болса, философия - дүниенің рухани теориясы деп аталады. Теология болса, философиядан дінді теориямсп негіздеуді күтеді.

Христиан теологиясы әрбір ғасырларда Библия (Інжіл) текстерін, догматтарын философияның үғымдық (категориялық) аппаратына көшіріп, әсіресе, Платон мен Аристотель философиясын қолданды. Философияның кейінгі қолдану жолын томизм деп атаймыз. Томизм (лат.-форма) - Фома Аквинский негізін қалаған католиктік философияның бастаушы бағыты.

Аксиология мәселесі теология этикасында ерекше қарастырылады. Сонымен, қандайда бір философиялық категорияны алып қарастырсақ та, ол діни философия арқылы теологиялық ілімге айналады. Сондықтан діни философияиы тереңірек жеке-жеке үлкен діндердің философиясы арқылы қарастырайық.

ДӘРІС №5

Тақырыбы: Діннің шығуы және алғашқы түрлері

Қандай бір адам болмасын оның «адам» болып қалыптасуына әлеуметтік қатынас керек. Дінді әлеуметтік құбылыс десек, оның қоғамнан тыс өзіндік тарихы жоқ. Сондықтан, діннің шығуы мен дамуын бүкіл әлемдік тарих контексте қарастыру керек. Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Құдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде). Мұндай түсініктің беделі түсуі, ертедегі діндерді зерттеуден (тотемдік, фётиштік) шығады.

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жатқан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: Көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бұндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін...

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмұны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді. Ерте тас дәуірдегі (палеолит) өмір сүрген адамдарды және одан арғыларын «епті адамдар» деп атайды. Бұл жерде айта кететін жайт, адамзаттың абстрактылы формадағы ойлау қабілетін игерген кезінен бастап діни көзқарастар пайда болды деп есептейміз.

Сонымен, діннің шығуы, қазіргі типтік адамдардың пайда болуына байланысты. Ал, қазіргі типті адамдар «қалай пайда болды?» деген сұраққа діни және ғылыми жорамалдар (гипотеза) бар. Діни адамды - Құдай жаратты..,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: