Ответы к задаче №10

Әйел адам, 82 жаста. ЖМК шақыру себебі: ес жоғальқан.

1.Ми артериясының оң жақ бассейніндегі ЖМҚБ, сол жақтық гемипарезбен. Церебральді кома. Артериальді гипертензия 3 дәрежесі, қауіп тобы 4. Гипертониялық криз I тип.

2.Зерттеу нәтижелеріне интерпретация:

-ЭКГда: Ритм синусты, дұрыс, ЖЖЖ – 80рет\мин. Жүректің электрлік осі солға ығысқан, сол жақ қарынша гипертрофия белгісі,екі қарыншада систолалық жүктеме;

- ЖҚА: патологиясыз;

- коагулограмма:патологиясыз;

- БХА: гипергликемия.

3.Дифференциальная диагностика мына комалармен жқргізіледі: гипогликемиялық, лактоацидотикалыұ, гиперосмолярлы, кетоацидоздық, метаболикалық (уремиялық,бауырлық, тиреотоксикоздық, гипотиреоидты, бқйрекүсті безінің жеткіліксіздігінде,аралас).

4.көмек көрсету алгоритмі:

- тыныс алу жолдарын бөтен денеден,протез,шырыштан босату;

-тілді жұтудың алдын алу үшін ауа өткізгішті қолдану;

- вена катетеризациясы;

-гипотензивті терапия: диуретиктер (фуросемид 20 мг, в/і, струйлі), АПФ ингибиторы (энап 1,25 мг – 1,0 мл в/і), магнезия сульфат 25% - 10,0 мл, в/і, баяу;

- ылғалдандырылған кислород (20-30 атм.).

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- АД 20% ға дейін төмендету;

- Барлық ісшараларды орындаған соң және АД 20%ға төмендеткен соң неврологиялық стационардың реанимациялық бөліміне науқасты носилкамен тасымалдау.

ОТВЕТЫ К ЗАДАЧЕ №11 Ер адам, 17 лжаста. ЖМК шақыру себебі: ес жоғалтқан.

1.Қант диабеті I тип (инсулинтәуелді),алғаш анықталған. Гипергликемиялық, кетоацидоздық кома.

2.Зерттеу нәтижелеріне интерпретация:

- ЭКГ: Ритм синусті, дұрыс, ЖЖЖ – 70 рет\ мин. ЖЭО қалыпты орналасқан;

- ЖҚА: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХА: гипергликемия.

- ЖЗА: ацетонурия.

3.Дифференциальді диагностика гипогликемиялық комамен, лактоацидоздық және гиперосмолярлы комамен, коматозды жағдаймен, Қантты диабетпен байланыссыз (церебральді, экзотоксикалық - инфекционды және улану, метаболикалық – уремичялық, бауырлық, тиреотоксикоздық, гипотиреоидті, бүрекүсті безі жеткіліксіздігінде,аралас).

4.Көмек көрсету алгоритм: Регидратация (NaClерітіндісі 0,9% - 400,0 мл ввенаішілік 10%дейін салмағына).

5.Науқасты жүргізу тактикасы

- Жедел жәрдем көлігінде инфузияны жалғастырып носилкамен реанимация бөліміне тасымалдау:

ОТВЕТЫ К ЗАДАЧЕ №12 Қыз бала, 2 жаста. ЖМК шақыру себебі: тұншығу, жөтел.

1.ЖРВИ. Жедел стеноздеуші ларинготрахеит. Стеноз II дәрежесі.

2.Зерттеу нәтижесінің интерпертациясы:

-ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған;

- БХА: патологиясыз.

3.Дифференциальді диагностика пневмониямен, дифтериея, көмейдің бөтен денесімен,бронхиальді астмамен, жұтқыншақарты абсцесімен.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

- ылғалды оттегімен ингаляция;

- димедрол 1% - 0,2 мл, папаверин 2% - 0,2 мл б/е;

-адреналин 0,18% - 0,4мл NaCl 0,9%ерітіндісімен - 3 мл небулайзер арқылы;

- преднизолон 30 мг в/м.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

-щадящий режим: барлық шараларды науқастың отырған қалпында жүргізу;

-Жедел жәрдем көлігінде кислородотерапияны жалғастырув (қажет болған жағдайда стационарға барар жолда);

-науқас баланы инфекциялық ауруханаға қолда көтеріп тасымалдау

Задача №13 60 жастағы ер адам. ЖМК бригадасын шақыру себебі: кеудесіндегі ауырсыну, қыжыл

1.ОКС. Клиникалық өлім (Кенет өлім).

2.Дифференциальды диагностика әртүрлі генезді коматозы жағдайлармен, биологиялық өліммен жүргізеді.

3.Көмек көрсету алгоритмі (бүкіл шаралар сол жерде 30 мин ішіде жүргізіледі):

- жүректің тікелей емес массажы – 30:2;

- Сафардың үштік әдісі;

- ИВЛ аппаратпен ж/е трахея интубациясы

- адреналина ерт 0,1% - 1,0мл NaCl ерт 0,9% - 10,0 мл;

- ЭИТ – 3 рет жүректің дефибрилляциясы – 200,300,360 Дж әр разрядтан соң жағдайын бағалау арқылы (ұйқы артериясындағы пульсті тексеру арқылы);

- лидокаин ерт 2% - 6,0 мл эндотрахеальды;

- дефибриллятор разряды 360 Дж;

- амиодарон ерт 5% - 6,0 мл эндотрахеальды;

- дефибриллятор разряды 360 Дж;

-жүргізілген реанимаиялық шаралардан соң жағдайын бағалау

4. Науқасты жүргізу тактикасы:

-Сәтті реанимация кезінде науқасты жүргізу тактикасы ОКС, МИ кезіндегідей ж/е науқасты носилкамен басын жоғары ұстап жақын орналасқан реанимаиялық бөлімге тасымалдау. Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң Өмірлік көрсеткіштердің болмауында биологиялық өлім констатирленеді.

Задача №14 43 жастағы әйел. ЖМК шақыру себебі: кеуедегі бірден ауырсыну мен ентігу

1.Өкпе артериясының орта тармағының тромбоэмболиясы, оң өкпе бөлігінің инфаркты, жедел формасы.

2.Зерттеу нәтижелерінің Интерпретациясы:

-ЭКГ: Синусты тахикардия, ырғақты, ЖСЖ – 160/ мин. Нормограмма, І тіркемеде S тісшесі терең, терең Q тісшесінің пайда болуы, ІІІ тіркемеде терең S тісшесі мен теріс T тісшесінің болуы. Гис шоғырының оң аяғының блокадасы. Сол қарыншаның гипертрофия белгісі.

-ЖҚА: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

- БҚА: СРБ++, КФК жоғарылаған

- Кеуде клеткасының R-графиясы: өкпе суретінің күшеюі, оі өкпенің орта бөлігінде сына тәрізді көлеңкенің болуы, оң жақта диафрагма доғасының жоғары тұруы, сол қарынша гипертрофиясы.

3.Дифференциальды диагностика стенокардия, астматикалық статус, пневмония, перикардит, миокардит, эндокардит, өкпе ісінуі

4.Көмек көрсету алгоритмі:

-ауырсыну синдромын наркотикалық анальгетиктермен басу (морфин 1% - 1,0 мл NaCl ерт 0,9% - 10,0 мл т/і баяу);

- кислородотерапия (ылғал оттегі – 30-40 атм.);

-перифериялық катетермен венаны катетеризациялау;

-антиагрегантты ж/е антикоагулянтты терапия (гепарин 10000 ед., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);

-тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, в/в, струйно, сосын – 50,0 мл, в/в, тамшылатып);

-бронхолитикалық терапия: сальбутамол 2 доза, ингаляция н/е небулайзер арқылы; эуфиллин ерт 2,4% - 10,0 мл, в/в –баяу; преднизолон 90-120 мг, в/в, струйлі;

-носилкамен науқасты басын жоғары ұстап жақын орналасқан реанимациялық бөлімге тасымалдау.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- щадящий режим: бүуіл шараларды жатқан қалпында жүргізу.

- жүргізіліп жатқан шараларлы ЖМК машинасында жалғастыру

- носилкамен науқасты басын жоғары ұстап жақын орналасқан реанимациялық бөлімге тасымалдау.

- Қажет жағдайда ИВЛ, жүректің тікелей емес массажы, дефибрилляция, адреналина 0,18% - 1,0 мл, тіластына н/е катетеризирленген венаға.

Задача №15 24 жастағы әйел. ЖМК шақыру себебі: суицид,сірке қышқылымен улану

1.Сірке қышқылының эссениясымен жедел экзогенді улану. Суицидті әрекет.

2.Зерттеу нәтижелерінің Интерпретациясы:

- ЖҚА: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БҚА: патологиясыз.

3.Дифференциальды диагностика басқада химиялық ерітінділермен уланумен (сілті, хлор), медикаментозды препараттармен салыстыру.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

-перифериялық катетермен венаны катетеризациялау;

-ауырсыну синдромын жартылайнаркотикалық анальгетикпен басу (трамадол 100 мг, в/в, баяу), спазмолитиктер (папаверин 2%-2,0 мл, в/м);

-назогастральды зонд арқылы асқазанды шаю (6 л дейін);

-дезинтоксикационды терапия: NaCl ерт 0,9%-200,0 в/в, тамшылатып; глюкоза ерт 40%-40,0 мл, в/в, струйлі;

-қабынуға қарсы терапия: преднизолон 90-120 мг, в/в, струйлі; атропин 0,1%-1,0 мл, теріастына.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

-щадящий режим:Бүкіл шараларды жатқан н/е отырған қалпында жүргізу.

-ЖМК машинасында жүргізіліп жатқан инфузионды терапияны жалғастыру

-науқасты носилкамен назогастральды зондпен токсикологиялық бөлімге тасымалдау.

Задача №16 38 жастағы ер адам. ЖМК шақыру себебі: ДТП кейін кеудедегі ауырсыну

1.Сол жақ ашық пневмоторакс. Сол жақ 6-7 қабырғаның жабық сынығы.

2.Зерттеу нәтижелерінің Интерпретациясы:

- ЖҚА: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- Өкпе Рентгенографиясы: сол жақ өкпенің коллапсы, бұғананың ортаңғы сызығы бойынща 6-7 қабырғаның жабық сынығы.

3.Дифференциальды диагностика қабырға сынығымен, жабық пневмоторакспен, өкпе соғылуымен, жүрек тампонадасымен.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

- су тоғының қышқылының ерітіндісімен, асептикалық байламмен байлау.

- окклюзионды байлам қою

- кислородотерапия (40-60 атм.);

- ауырсыну синдромын басу наркотикалық н/е жартылай наркотикалық анальгетикпен: трамадол 100 мг, в/в, баяу

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

-щадящий режим: жүргізілетін шараларды отырған қалпында жүргізу;

-науқасты носилкамен отырған қалпында жақын орналасқан хирургиялық бөлімшеге тасымалдау.

Задача №17. Ер адам, 48 жаста. ЖМК шақыру себебі:кеуде ауырсынуы.

1.Жедел коронарлы синдром ST сегментінің көтерілуімен (жедел сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының МИ, ST сегментінің көтерілуімен).

2.Зерттеу қорытындысының интерпретациясы:

-ЭКГ-да: Синусты тахикардия, ритм дұрыс, ЖЖЖ – 120 мин. ЖЭО оңға ығысуы, I, aVL, V1-5 тіркемелерде ST сегментінің көтерілуі, III, aVF тіркемелерінде реципрокты өзгерістер. R тісшесінің төмен вольтажы;

-ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы;

- коагулограмма: гиперкоагуля көріністері;

- БХА: қабынудың спецификалық емес көріністері (СРБ++, КФК жоғарылаған), миокард некрозының белгілері.

3.Ажыратпалы диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, ӨСОА, пневмониямен, перикардитпен, миокардитпен, эндокардитпен, қолқаның біріккен аневризмасы, жедел ішпен, невралгиямен жүргізіледі.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

- нитраттар (изокет – аэрозоль, 2 дозы, тіл астына);

-перифериялық катетермен венаны катетеризациялау вены;

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромын басу (морфин 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% ерітіндісіне ерітіп - 10,0 мл., в/в баяу);

-кислородотерапия (ылғалды оттегі – 30-40 атм.);

-антикоагулянтты және антиагрегантты терапия (гепарин 4000 ед., в/в баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, в/в, струйно, сосын – 35,0 және 50,0 мл, в/в, тамшылатып);

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, жақын жердегі кардиологиялық бөлімшеге тасымалдау.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- щадящий режим: барлық шараларды жатқан қалыпта орындау (төсекте немесе носилкада);

- ертінділерді енгізуді ЖМК көлігінде, стационарға барар жолда жалғастыру;

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, кардиологиялық стационарға реанимация бөлімшесіне тасымалдау.

Задача №18. Әйел 34 жаста. ЖМК шақыру себебі: басының ауыруы, ентігу.

1.жүктіліктің 30 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі. Темір жетіспеушілік анемия I дәрежесі.

2.зерттеу қорытындысының интерпретациясы:

-ЖҚА: анемия, ЭТЖ жоғарылауы;

- БХА: гипергликемия;

-ЖЗА: протеинурия, лейкоцитурия.

3.ажыратпалы диагностика плацентаның мерзіменен бұрын ажырауымен, ТИШ, гестационды гипертензиямен жүргізіледі.

4.көмек көрсету алгортмі:

-перифериялық катетермен венаны катетеризациялау;

- гипотензивті терапия: магнезия сульфат 25% - 20,0 в/в баяу, нифедипин 10 мг тіл астына, NaCl 0,9% ерітіндісін - 320,0 мл магнезия сульфатымен 25% - 80,0 в/в тамшылатып, гемодинамиканы бақылаумен;

- науқасты носилкамен басын жоғары көтеріп, үшінші деңгейлі босану үйне тасымалдау.

5. науқасты жүргізу тактикасы:

- щадящий режим: жатқан қалыпта барлық шараларды жүргізу, (төсекте немес носилкада) тасымалдау барысында инфузионды терапияны жалғастыру;

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, үшінші деңгейлі юосану үйне тасымалдау.

Задача №19. Әйел адам 49 жаста. ЖМк бригадасын шақыру себебі: іштегі ауырсыну.

1.Жедел коронарлы синдром ST сегментінің көтерілуімен (жедел сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының МИ, ST сегментінің көтерілуімен, абдоминальды формасы, жеделдеу кезеңі).

2.Зерттеу қорытындысының интерпретациясы:

- ЭКГда: Ритм синусты, дұрыс, ЖЖЖ – 75 мин. ЖЭО қалыпты орналасуы, ST сегментінің көтерілуі II, III, aVF тіркемелерінде, реципрокты өзгерістер aVL, V1-4 тіркемелерінде. СҚГ белгілері;

- ЖҚА: лейкоцитоз;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

-БҚА: қабынудың спецификалық емес белгілері (СРБ+, КФК жоғарылаған), гипергликемия.

3.Ажыратпалы диагностика стенокардиямен, жедел ішпен, қолқаның құрсақ бөлімінің біріккен аневризмасы, ЖІИ, ТТИ жүргізіледі.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

- нитраттар (изокет – аэрозоль, 2 дозы, тіл астына);

-перифериялық катетермен венаны катетеризациялау;

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромын басу (морфин 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% ерітіндісіне ерітіп - 10,0 мл., в/в баяу);

- кислородотерапия (ылғалды оттегі – 30-40 атм.);

-антикоагулянтты және антиагрегантты терапия (гепарин 4000 ед., в/в баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, в/в, струйно, сосын – 35,0 және 50,0 мл, в/в, тамшылатып);

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, жақын жердегі кардиологиялық орталықтың реанимация бөлімшесіне тасымалдау.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- щадящий режим: барлық шараларды жатқан қалыпта орындау (төсекте немесе носилкада);

- ертінділерді енгізуді ЖМК көлігінде, стационарға барар жолда жалғастыру;

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, кардиологиялық стационарға реанимация бөлімшесіне тасымалдау.

Задача №20. Ер адам 55 жаста. ЖМК бригадасын шақыру себебі: кеуде тұсындағы ауырсыну.

1.Жедел коронарлы синдром ST сегментінің көтерілуімен. Кардиогенді шок, I-II дәрежесі (ЖИА. Жедел МИ ST сегментінің көтерілуімен. Кардиогенді шок, I-II дәрежесі).

2.Зерттеу қорытындысының интерпретациясы:

- ЭКГда: Синусты тахикардия, ритм дұрыс, ЖЖЖ – 100 мин. ЖЭО қалыпты орналасуы, ST сегментінің көтерілуі II, III, aVF тіркемелерінде, реципрокты өзгерістер I, aVL, V1-4 тіркемелерінде. СҚГжәне ПНПГ блокада белгілері;

- ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

-БҚА: қабынудың спецификалық емес белгілері (СРБ+, КФК жоғарылаған), миокард некрозының белгілері..

3.Ажыратпалы диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, өкпе ісінуімен, перикардит, миокардитпен, эндокардит, қолқаның біріккен аневризмасымен жүргізіледі.

4.Көмек көрсету алгоритмі:

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромын басу (морфин 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% ерітіндісіне ерітіп - 10,0 мл., в/в баяу);

- кислородотерапия (ылғалды оттегі – 30-40 атм.);

- антикоагулянтты және антиагрегантты терапия (гепарин 4000 ед., в/в баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, в/в, струйно, сосын – 35,0 және 50,0 мл, в/в, тамшылатып);

- шокқа қарсы терапия (реополиглюкин ерітіндісін 200,0 мл; допамин 4%-5,0 мл NaCl ерітіндісін 0,9% - 400,0 мл, в/в, тамшылатып 5-8тамшы/мин жылдамдықпен.).

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- щадящий режим: барлық шараларды жатқан қалыпта орындау (төсекте немесе носилкада);

- ертінділерді енгізуді ЖМК көлігінде, стационарға барар жолда жалғастыру;

- науқасты носилкада басын жоғары көтеріп, кардиологиялық стационарға реанимация бөлімшесіне тасымалдау.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: