Кіріспе

Web-технологиялар

ОҚУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының Білім және

ғылым министрлігі бекіткен

Алматы, 2011

УДК

ББК

Пікір берушілер:

У. А. Түкеев - т.ғ.д., профессор

(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы);

А. Ж. Сейкетов - профессоры, т.ғ.д.

(«Ақпараттық технологиялар» университеті).

Б.Бөрібаев, Г.А. Мадьярова

Web-технологиялар. Оқулық – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж., бет.

ISBN

Оқулық қазіргі кездегі web-сайттар құруға арналған кең қолданыстағы HTML, CSS, JavaScript, Perl және PHP тілдерін оқып-үйренуге арналған. Оқулықта программалау тілдерінен көптеген мысалдар келтіріліп, оларды орындау жолдары қарастырылады. Әрбір тарау бақылау сұрақтары мен тапсырмалармен толықтырылған. Оқулықты студенттермен қатар осы тілдерді өздігінен үйренушілер де пайдалана алады.

ISBN

© Б. Бөрібаев, Г. А. Мадьярова, 2011

© ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2011 ж.


КІРІСПЕ

Қазіргі кезде Интернет желісінің кең өріс алуына байланысты web-сайттар жасау жұмыстары өзекті іске айналды. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға өзі не бизнесі жайлы жарнамалық мәліметтерді жылдам құрастыратын, өзгертетін деңгейде болуы тиіс. Бұл оқулықтың мақсаты – студенттерді қарапайым сайттар жасауға үйрету болып табылады. Мұнда HTML, CSS, JavaScript, Perl және Php тілдерін пайдаланудың негізгі технологиялары қарастырылған.

Бірінші тарауда web-технологиялардың қолдану орталары мен негіздері қарастырылады.

Екінші тарауда web-қосымшаларын құру технологиялары сипатталып, HTML гипермәтінді белгілеу тілінің мүмкіндіктері келтірілген және оның web-парақтар жасай алатын басқа тілдермен байланысу жолдары жайлы айтылады.

Үшінші тарау стильдердің сатылы кестелерін (Cascade Style Sheets) қолдану мәселелері туралы жазылған, онда CSS сипаттамаларының синтаксисі, стильдерді құжат ішінде немесе сыртында беру, CSS атрибуттары­ның жиі қолданылатын атрибуттары, элементтерді позициялау тәсілдеріне мысалдар келтірілген.

Төртінші тарау динамикалық web-парақтар жасай алатын JavaScript программалау тіліне арналып, World Wide Web ортасында осы тілді пайдалану жолдарынан мысалдар мен программалық кодтар берілген.

Бесінші тарауда желілердегі сервер жағынан әр түрлі іс-әрекеттер атқара алатын Perl тілінің мүмкіндіктері және PHP тіліне қысқаша мағлұматтар берілген.

Барлық материалдар практикалық есептер мен мысалдар арқылы түсіндіріледі. Көптеген мысалдарды тікелей Internet Explorer программасы арқылы орындап тексеруге болады. Бұл оқулық web-сайттар жасауға арналған мемлекеттік тілде шыққан алғашқы кітаптардың бірі болғандықтан, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды редакцияға хабарлауларыңызды сұраймыз және олар болашақтағы оқулықтардың сапасын жақсартады деген үміттеміз.


1 WEB-ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ОРТАЛАРЫ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: