Ерекшеленген сервері бар желілер

Біррангілі желіге 10 компьютерден артық қосылса, онда ол қойылған мақсатты шеше алмайды. Сондықтан көптеген желілердің конфигурациясы бөлек болады – олар ерекшеленген сервер негізінде жұмыс істейді. Ерекшеленген сервер деп тек сервердің рөлін атқаратын, ал клиент немесе жұмыс станциясы рөлінде пайдаланылмайтын серверді айтады. Сервер желілік клиенттерден түсетін сұранысты жедел өңдеу және файлдар мен каталогтардың қорғалуын арттыруға арналған. Сервер негізіндегі желілер өндірістік стандарттар қатарына жатады.

Желілер өлшемі және желілік трафик көлемі ұлғайғанда сервер сандарын да көбейткен дұрыс. Пайдаланушылардың қазіргі заманғы талаптарына сай келу үшін үлкен желілерді мамандандырылған, яғни бір бағытқа лайықталған етіп жасайды.

Желілердің жіктелуі

Желілерді ұйымдастыру әдісі бойынша нақты және жасанды желілер болып бөлінеді.

Жасанды желілер (псевдосети) компьютерлерді тізбектелген немесе параллель порттар арқылы байланыстыра алады. Мұндай желілерді нуль-модем (модем пайдаланылмайды) бойынша байланыс деп те атайды. Біріктірудің өзін нуль-модемдік деп атайды. Жасанды желілерді ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге жөнелту үшін пайдаланады. MS DOS пен Windows операциялық жүйелерінде нуль-модемдік байланысты жүзеге асыру үшін арнайы программалар бар.

Негізгі кемшілігі – мәліметтерді жөнелту жылдамдығы төмен және тек екі компьютерді ғана байланыстыра алады.

Нақты желілер компьютерлерді коммутациялық және мәліметтерді жөнелтудің физикалық ортасының арнайы құрылғылары көмегімен байланыстырады.

Негізгі кемшілігі – қосымша құрылғылардың қажеттілігінде болып саналады.

Компьютерлік желілерді келесі объект топтары бойынша жіктеуге болады:

- Аймақтық таралымы;

- Ведомство құрамында болуы;

- Ақпаратты жөнелту жылдамдығы;

- Жөнелту ортасының түрлері;

- Топологиясы;

- Компьютерлердің өзара байланысының ұйымдастырылуы

Желілердің аймақтық таралымы бойынша жіктелуі

Жергілікті желі, LосаІ Агеа Netwогк (LAN). Ережеге сай бір немесе бірнеше ғимараттарда жинақы орналасқан кәсіпорынның компьютерлерін біріктіреді. Жергілікті желінің көлемі аздаған километрден аспайды. Салыстырмалы түрде коммуникациялық құрылғылардың арзандығы және мәліметтер алмасу мен қарапайым алгоритмдерді қолдануда компьютерлер арасының аздаған арақашықтығын, жаңа жоғары сапалы байланыс сымдарының пайдалануын, экономикалық жағынан ақтайды. Қазіргі жергілікті желілердің өткізгіштік мүмкіндігі 1000 Мбиг/с-қа жетеді. Желілік ресурстарды қарауға кететін уақыт жұмыс станцияларының жергілікті ресурстарын қарауға кететін уақытпен пара-пар. Мәлімет алмасудың жоғары сапалылығы желінің Пайдаланушылар тұтынуына кең көлемде қызмет көрсетеді, яғни жеке компьютерде іске асыру қымбатқа түсетін: файлдық қызмет, баспа, факс, электрондық поштаға, сканер, мәліметтер қоры және басқа да қызметтерге мүмкіндік береді. Байланыс арналары желінің компьютерлерімен бір уақытта қолданысқа түсе алады. Бұл жағдайда компьютерлік мәліметтер алмасуда байланыс сымдарына түсетін жүктеменің теңсіздігін түзететін мәліметтер алмасудың казіргі әдістері қолданылуы мүмкін (пакеттерді коммутациялау туралы алда айтамыз). Қосылатын компьютерлердің санына және сымның ұзындығына, олардың қолданатын технологиясына қатаң шектеу қойылатындықтан жергілікгі желілердің көлемділігі нашар болады.

Бүкіләлемдік желілер, Wide Area Network (WAN). Бір-бірінен әжептеуір қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жалпы жағдайда мұндай компьютер жер шарының кез келген нүктесінде болуы мүмкін. Бұл жағдайда байланыс сымын әр компьютерге жалғау экономикалық жағынан мүмкін емес. WAN желілерді ұйымдастыруда бұрыннан бар байланыс сымдары қолданылады, мысалы телефон сымдары. Бұл сымдар компьютерлік мәлімет алмасуда жақсы қолданыс тапты. Қымбат аппаратураны және арнайы күрделі алгоритмдер мен мәлімет алмасу процедураларын қажет ететін мұндай байланыс сымдарының сапасы әрине мардымсыз. Мәлімет алмасу жылдамдығы LAN желілерге қарағанда, анағұрлым төмен, көрсететін қызмет саны аз, байланыс арналарын қолдануға дәрменсіз, байланыс уақытында жеке дара компьютерлерге қолданылатын байланыс сымы. Бүкіләлемдік желілердің көлемділігі жақсы. Қосымша компьютерлердің қосылуы іс жүзінде тұтас желіге еш әсер етпейді.

Бүкіләлемдік және жергілікті есептеуіш желілердің ерекшеліктері

Жергілікті желілердің, бүкіләлемдік желілерден негізгі айырмашылығы сапалы байланыс сымдарының қолданылуында болып табылады. Басқа айырмашылықтар жұмыс істеу барысында туындайды. Бұған мысал ретінде дәстүрлі байланыс сымдарының бағасына жетіп қалған талшықты-оптикалық (оптоволоконный) техниканың қолданылуын айтуға болады. Мәліметтер алмасу жылдамдығы айтарлықтай өсіп, жергілікті желіде атқарылатын істер енді бүкіләлемдік желіде де кеңінен қолданыла бастады. Мұнда технологиялардың керісінше енгізілуі де байқалады. Мысалы бүкіләлемдік желілердің транспорттық технологиясы жергілікті желіде де қолданылады. Бөлінетін байланыс сымдарымен қатар жергілікті желі стандарттары жекелеген байланыс сымдарының жұмыстарын да қолдайды. Бүкіләлемдік ашық желілерге арналған ақпараттарды рұқсатсыз ашудан қорғау әдісі жергілікті желілерде де кең қолданыс тапқан. Бұл қажеттілік ертеректе бой түзеген жергілікті желілердің бүкіләлемдік желілерде қолданылуы арқылы бірігуінен туындап отыр. Жергілікті желіні пайдалануға іс жүзінде бүкіләлемдік желіні қолданушылардың кез келгенінің мүмкіндігі бар. Бүкіләлемдік желілердің жергілікті желілер әлеміне өтуі соңғы кездері жан-жақты дамуда, яғни бүкүләлемдік желілердің жұмысын іске асыру мақсатында жергілікті желілерге койылатын талаптарды білдіретін Интранет-технологиясы түсінігі пайда болды. Жергілікті желілердің көлемі тек аймақтық себептермен анықталатын болды.

Ведомство құрамында болуына байланысты:

- ведомствалық – бір ұйым құрамына кіреді және соның аумағына орналасады;

- мемлекеттік – мемлекеттік құрылымдарда пайдаланылатын желілер.

Ақпараттарды жөнелту жылдамдығы бойынша:

- төменгі жылдамдықты (10 Мбит/с-қа дейін);

- орташа жылдамдықты (100 Мбит/с-қа дейін);

- жоғары жылдамдықты (100 М бит/с -тен жоғары)

Жөнелту ортасының түрлері бойынша:

- cым арқылы: коаксиальды, оптикалық-талшықты, қос ширатпа;

- сымсыз: радиоарна арқылы, инфрақызыл диапазонда ақпарат жөнелту.

Желінің көлеміне қарай жіктелуі

Жұмыс топтарының жергілікті желілері (Локальные сети рабочих групп) бір операциялык жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін аздаған компьютерлерді біріктіреді. Желіде желілік қызметтерді атқаратын (мысалы файлдық сервер, баспа сервері, факс сервері) бір компьютер белгіленеді.

Бөлімдердің жергілікті желілері (Локалъные сети отделов ) жеке бір бөлімнің компьютерлерін біріктіре алады. Компьютер сандары жұмыс топтарына қарағанда бірнеше есе көп болуы мүмкін. Желілік қызметтер жеке белгіленген компьютерлік серверлерге бөліне алады. Жергілікті желілердің екеуі де базалық технологияның біреуін пайдаланады. Бұл желілерді классикалық жергілікті желілер деп те атауға болады. Аймақтық жағынан олар бір-екі ғимаратты, яғни аздаған аумақты алады.

Кампустер желісі бірнеше майда желілерді бір үлкен желіге біріктіруді көздейді. Мұндай желілер үлкен аймақты алып жатады. Желілерді біріктіруде аппараттық және программалық қамсыздандыру, әр түрлі технологияларды интеграциялау мәселелерін шешу керек. Желінің едәуір бөлігі жұмыс топтары мен бөлімдер желілерінің айналасында жергіліктендірілген. Кампустер желісі жекелеген желілердің байланысын, қымбатқа түсетін жалпы желілік ресурстарға мүмкіндікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Біріктіру барысында бүкіләлемдік байланыстыру қолданылмайды.

Барлық уақытта да адамзаттың алдында ақпарат алмасу (тарату, беру) мәселесі болып отырды. Компьютердің пайда болуымен адамның қолы ақпаратты жинау мен өңдеудің қуатты құралына жетті және осыған байланысты ақпаратты тарату мәселесінің маңызы арта түсті. Мәліметтерді таратудың дәстүрлі арналары (телефон, телеграф, пошта, радио және т.б.) күннен-күнге геометриялық прогрессияда өсіп келе жатқан ақпараттың үлкен ағымын таратуға барлық уақытта дәрменді бола бермейді. Сондықтан компьютерлердің пайда болуымен қатар, олардың арасында ақпараттарды тасымалдау мәселесі де туды. Қазіргі уақытта әр түрлі есептеуіш машиналар арасындағы байланысты ұйымдастыру кезеңі кез келген компьютерлік жүйенің қажетті және жеткілікті шарты болып табылады.

Желіні құру принциптері

Желі – бір-бірімен байланысқан программалық және аппараттық компоненттердің күрделі жүйесі. Аппараттық құралдардың ішінде компьютерлерді және коммуникациялық құралдарды бөліп қарастыруға болады. Программалық компоненттер желілік қосымшалар мен операциялык жүйелерден тұрады. Қазіргі уакытта желіде әр түрлі типтегі компьютерлер мен олардың сипаттамалары желінің мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ кейінгі кездері коммуникациялық құралдар да (кабельдік жүйелер, қайталамалар, көпірлер, бағыттамалар т.б.) аз роль ойнамайтын болды. Олардың қиындықтарын ескеріп, құнын және басқа да сипаттамаларын желінің жұмыс қабілетін қамтамасыз етуде арнайы жұмыстарды шешетін кейбір құрылғыларды компьютер деп те атауға болады. Нәтижелі жұмыс істеу үшін арнайы операциялық жүйелер қолданылады, олардың дербес операциялық жүйелерден айырмашылығы сол, желідегі компьютер жұмысын басқаруда арнайы тапсырмаларды шешуге арналған.

Желілік қосымшалар – бұл желілік операциялық жүйелер мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалар жиыны болып табылады. Солардың ішінде пошталық программаларды, ұжымдық жұмыс жүйесін, желілік мәліметтер қорын т.б. атауға болады. Желілік операциялық жүйелердің даму барысында желі қосымшаларының кейбір функциялары операциялық жүйенің кәдімгі функцияларына айналады. Желіге қосылған барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөлуге болады:

1. жұмыс станциясы;

2. желі серверлері;

3. коммуникациялық тораптар.

Жұмыс станциясы (wогкstаtіоn) - бұл желіні пайдаланушылар жұмыс атқаратын, желіге қосылған дербес компьютер. Әрбір жұмыс станциясы өз операциялық жүйесін қолданады және өздерінің жергілікті файлдарын өңдейді. Әйтсе де бұл жағдайда қолданушының желі ресурстарын пайдалануына мүмкіндігі бар. Жұмыс станциясының үш типін айтуға болады:

· жергілікті дискілі жұмыс станциясы;

· дискісіз жұмыс станциясы;

· шалғайдағы жұмыс станциясы;

Дискілі жұмыс станциясында (қатты немесе жұмсақ) операциялық жүйе осы жергілікті дискіден жүктеледі. Дискісіз станция үшін операциялық жүйе файлдық сервер дискісінен жүктеледі. Мұндай мүмкіндік дискісіз станцияның желілік адаптеріне орналастырылған арнайы микросхема арқылы қамтамасыз етіледі.

Шалғайдағы жұмыс станциясы – бұл жергілікті желіге телекоммуникациялық арналар байланысы (мысалы телефон желісі) арқылы косылған станция

Желі сервері бұл, желіге қосылған және желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, МҚБЖ-не деген сұранысты өңдеу, т.б. жұмыстарды атқаратын компьютер.

Файлдық сервер – желіні қолданушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтермен олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілі кеңістік болады. Файлдық сервер пайдаланушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар келесі қызметтерді атқарады:

· мәліметтерді сақтау;

· мәліметтерді архивтеу;

· әр түрлі пайдаланушылар жұмыс атқаратын мәліметтерді өзгерту келісімі;

· мәліметтерді жеткізу.

Мәліметтер қорының сервері – мәліметтер қоры файлдарын басқаратын, өңдейтін және сақтау функцияларын орындайтын компьютер. (МҚ) Мәліметтер қоры сервері келесі функцияларды орындайды:

· мәліметтер қорының тұтастығын, толықтығын, көкейтестілігін корғай отырып сақтау;

· МҚ сұраныстарын қабылдау және өңдеу, сондай-ақ нәтижелерді жұмыс орнына өңдеуге жіберу;

· МҚ қолдануға автоматтандырылған мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, Пайдаланушылар есебін және енгізу жүйелерін қолдау, Пайдаланушылар мүмкіндіктерін шектеу;

· басқа орында орналасқан, таратылған МҚ қолдау, МҚ басқа серверлерімен байланысы.

Қолданбалы программалар сервері Пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға арналған компьютер.

Коммуникациялық сервер – енгізу-шығарудың кезекті порттарына, жергілікті желінің қолданушыларына көмескі мүмкіндік беретін құрылғы, немесе компьютер. Коммуникациялық сервер арқылы модемді сервер порттарының біріне жалғап, бөлшектенген модем жасауға болады. Коммуникациялық серверге қосылған қолданушы бұл модеммен тіпті модем жұмыс орнына жалғанбаған күнде де жұмыс істей алады.

Мүмкіндік сервері – шалғайдағы тапсырмаларды өңдей алатын белгіленген компьютер. Шалғайдағы жұмыс орнындағы программалар осы серверде орындалады. Шалғайдағы жұмыс орны клавиатурадан қолданушы енгізген командаларды қабылдайды, ал орындалған тапсырма нәтижесі, қайтарылады.

Факс сервер – жергілікті желіні пайдаланушыларға мәліметтерді жіберу және факсимилді мәліметтерді қабылдауды іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Мәліметтердің қосымша көшірме сервері – жұмыс станцияларында және файлдық серверлер орналасқан мәліметтер көшірмесін кайта қалпына келтіруді, сақтауды және құруды шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде файлдық серверлердің бірі қолданылуы мүмкін. Айта кету керек аталған сервер типтерінің бәрі бір ғана белгіленген компьютерде функция атқара алады.

Желінің коммуніикациялық тораптарына келесі кұрылғылар жатады:

· қайталамалар (повторитель);

· коммутаторлар (көпірлер, мосты);

· бағыттамалар (машрутизаторлар);

· шлюздер;

Желінің беріктігі, станциялар арасының алшақтығы біріншіден мәлімет алмасу ортасының физикалық сипаттамасымен анықталады (каоксилді кабель, қос ширатпа (витая пара) т.б.). Мәліметтер алмасуда арақашықтыкты шектейтін сигналдардың өшуі кез келген ортада болып тұрады. Мұндай шектеулерді болдырмай және желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар-қайталамалар, көпірлер және коммутаторлар орнатылады. Кеңейту құрылғылары енбейтін желі бөлігін желі сегменті деп атау қабылданған.

Қайталама (повторитель ) – өзі келген сигналды күшейтуші немесе регенарациялайтын құрылғы. Қайталама пакетті бір сегментпен қабылдап, оны қалған барлығына береді. Бұл жағдайда қайталама өзіне жалғанған сегменттерді ажыратпайды. Әр уақытта барлық қайталама арқылы байланысқан сегменттерде тек екі станцияның арасындағы мәлімет алмасу қамтамасыз етіледі.

Коммутатор немесе көпір – бұл да қайталама сияқты бірнеше сегментті біріктіретін құрылғы. Қайталамадан айырмашылығы көпір өзіне жалғанған сегменттерді ажыратады, екінші сыңары үшін мәлімет алмасудың бірнеше үрдісін қаматамсыз етеді.

Маршрутизатор – мәлімет алмасудың бір хаттамасы бойынша бірдей және әр түрлі типтегі желілерді біріктіруші құрылғы. Маршрутизатор тапсырылған адресті талдайды және мәліметтерді тура таңдалынған маршрут бойынша бағыттайды..

Шлюз – мәлімет алмасудың әр түрлі хаттамаларын қолданатын, әр түрлі желі объектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлер арасында өзара байланысты орнату қандай мәселелерді шешеді?

2. Компьютерлер арасындағы байланысты ұйымдастырудың қандай тәсілдері бар?

3. Сервер, клиент деген не?

4. Компьютерлік желілер деп нені айтамыз?

5. Желі құрамына кіретін компьютерлер қандай жұмыс атқарады?

6. Желі тарауы деген не?

7. Түйіндердің қандай түрлері бар?

8. Интернет деген қандай терминнен шыққан?

9. Сервердің басты міндеті қандай?

10. Хаттама деген не?

11. Клиент-серверлік архитектураға сипаттама беріңіз.

12. Компьютерлік желілер жіктелуін сипаттаңыз

13. Файлдық сервер деген не?

14. Қайталама (повторитель) деп нені айтады?

15. Коммутатор немесе көпір деген не?

16. Маршрутизатор деген не?

17. Шлюз деген не?

1.3 Әр түрлі деңгейлі тораптардағы технологиялар

Жергілікті желілер компьютерлермен басқа да құрылғыларды тек шектелген аймақтарда ғана біріктіре алатыны белгілі. Үлкен мекемелер мен бірнеше бөлімшелері бар мекемелер өздерінің жергілікті желілерін бір ірі желіге біріктіру қажеттілігі туындайды. Ауқымды желілер (Wide area network - WAN) – бірнеше жергілікті желілерден құрылған желілер. Сонымен, ауқымды желіні үлкен территорияға таралған жергілікті желілердің жиыны деп айтуға да болады.

Ауқымды желілердің біріктірілген желілерден (internetwork) айырмашылығы неде? Біріктірілген желі үлкен территорияны қамти алмайды. Ол ірі мекеменің бір ғимаратында ғана жұмыс істей алуы мүмкін және жергілікті желіні кеңейту үшін ғана немесе желінің өткізгіштік қабілетін сақтай алатын желілерде немесе бірегей желі ішінде әр түрлі архитектуралы желілердің арасында байланыс орнату үшін пайдаланылуы мүмкін. Ал ауқымды желі біріктірілген желі сияқты сол құрылғыларды пайдалана отырып, географиялық тұрғыдан алғанда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктіруді мақсат етеді.

Географикалық тұрғыдан алғанда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктіру үшін мәліметтердің үлкен қашықтыққа орын алмасуы тек арнайы технологияларды пайдалану арқылы ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, сигнал белгіленген пунктке еш өзгеріссіз жету керек. Мәліметтерді үлкен қашықтыққа тасымалдау үшін бірнеше әр түрлі технология пайдаланылуы мүмкін.

Телефондық желі

Телефондық желінің қолданыста болғанына 100 жылдан асып кетті. Телефондық желі - бұл коммутациялық желі болып табылады. Сондықтан, телефондық желіде байланыс орнатқанда ол әр түрлі траекториялармен жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, бір нөмірге телефон соғып отырғанда телефондық байланыс кезіндегі дауыстық сигналдың тек бір ғана маршруттпен қозғалуы міндетті шарт емес.

Телефондық желіні көбінесе жалпылай пайдаланылатын коммутациялық телефондық желі (Public Switched Telephone Network - PSTN) деп те атайды. Алғашқыда қарапайым телефондық желіде коммутацияны техникалық мамандар коммутациялық тақта көмегімен жүзеге асыратын. Уақыт өте мұндай коммутацияны электромеханикалық коммутациялар алмастырды; ал қазір кәдімгі телефондық желілерде коммутация сандық құрылғылар көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтерді бастапқы пункттен белгіленген жерге тасымалдауда телефондық желі бірнеше мүмкіндіктерді ұсынады. Олар – коммутацияланатын құрамалар, ерекшеленген бағыттар және әр түрлі коммутацияланатын пакеттер технологиялары. Кәдімгі телефондық желімен мәліметтерді жіберудің ең жаңа технологиясы – сандық абоненттік бағыт немесе жол (Digital Subscriber Line - DSL). Бұл технология телефондық бағыттар бойынша сандық байланысты ретке келтіруге мүмкіндік береді және АТМ мен кадрларды ретрансляциялау сияқты мәліметтерді тасымалдау тәсілдеріне шамасы келмейтін мекемелар мен қарапайым қолданушылар үшін (Интернет желісіне өте үлкен жылдамдықпен қосылу үшін) таптырмайтын технология болып табылады.

Кәдімгі телефондық желі географиялық тұрғыда жан-жаққа таралған жергілікті желілерді біріктірудің бірнеше нұсқаларымен қамтамасыз ете алады. Мысал ретінде модем көмегімен коммутациялық қосылуды (dial-up) және ерекшеленген бағыт бойынша қосылуды қарастыруға болады.

Ауқымды желілер өте үлкен қашықтықтарға созылған болса да, қандайда бір ғимаратта орналасқан WAN- жабдыққа жергілікті желінің иесі жауап береді. WAN- жабдықты қалыпты (жұмысшы) жағдайда ұстау жергілікті желі және оның жабдықтарын сондай жағдайда ұстаумен бірдей өте маңызды мәселе болып табылады.

Асинхронды және синхронды модемдік қосылулар

Коммутацияланатын қосылулардың ішіндегі ең қарапайым және арзан әдісі – екі компьютер арасындағы байланысты орналастыру үшін модемді пайдалану. Компьютерлер сандық информациялармен жұмыс істейтін болғандықтан, цифрлы мәліметтерді аналогтық жолмен беру үшін түрлендіру қажет болады.

Асинхронды модем мәліметтерді кәдімгі аналогтық дауыстық телефондық жолмен беруге арналған, және көбіміз осы асинхронды модемдермен өте таныспыз. Олардың көмегімен алыста отырған қызметкерлер желілік сервермен коммутациялық байланыс орната алады, ал миллиондаған Пайдаланушылар Интернетке шыға алады.

Асинхронды модем қабылдаушы модемге мәліметтер пакеті қай жерден басталатынын және қай жерде аяқталатынын хабарлау үшін старттық және стоптық биттерді пайдаланады. Старттық бит пен стоптық бит арасында көптеген модемдер мәліметтердің телефон арқылы дұрыс жеткен жетпегенін тексереді.

Синхронды модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбайды; олардың орнына жіберуші және қабылдаушы модемдер жіберу уақытын орнату үшін синхрондау биттерін пайдаланады. Синхрондық модемдер старттық және стоптық биттерді пайдаланбағандықтан, олар асинхронды модемдерге қарағанда мәліметтерді өте үлкен жылдамдықтармен жөнелте алады. Бірақ та, синхронды модемдер кәдімгі телефондық желілердегі байланысқа арналмағандықтан, олар тек қана ерекшеленген жолдарда пайдаланылады.

Ерекшеленген жолдар (бағыттар) екі желі арасында кәдімгі телефондық байланыс немесе басқа технология көмегімен тұрақты байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Ерекшеленген жолдар көбінесе цифрлы болып келеді және аналогты жолдарға қарағанда үлкен өткізгіштік белдеумен қамтамасыз етілген; дауыстық қосылуларға тән шу және интерференцияларға аз бейімделген.

Мәліметтерді беруге арналған сандық жолдар ақпараттарды цифр арқылы беру жолдарынан (Digital data servise - DDS) және мәліметтерді әр түрлі жылдамдықтарда беруге арналған әрқилы жолдар типін қамтитын T-Carrier жүйесінен тұрады. DDS жолы өткізгіштік белдеуін 56 Кбит/с-қа дейін қамтамасыз етеді және желіде тұрақты дуплексті қосылуды (мәліметтер бір уақытта берілуі және қабылдануы) қолдап отырады.

Қазіргі кезде DDS жолымен қосылу басқа WAN-технологиялармен жылдам алмасуда. Өте арзан T-Carrier жүйесімен және басқа да қосылулармен, мысалы, абоненттік цифрлы жолдар (DSL) арқылы қосылулар және кеңбелдеулі кабельді қосылулармен салыстырғанда DDS жолын ескірген деп те есептеуге болады.

T-Carrier – көптеген арналардан құралған жоғары жылдамдықты цифрлы жолдардан тұратын телекоммуникациялық технология. Бұл да кәдімгі телефондық желінің ұсынып отырған байланыс түрінің бірі. T-Carrier жүйесін дауысты, бейне және мәліметтерді жоғары жылдамдықта беруге пайдалануға болады. Көптеген арналардың бірігуі арқасында әр түрлі элементтерді, мысалы, дауыс және мәліметтерді бір жолмен бір уақытта беруге болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: