Javascript тілі

4.1 Жалпы мағлұматтар

JavaScript программалау тілін Netscape пен Sun Microsystems фирмасы бірлесіп ұсынған, ол интерактивті HTML-құжаттарды құруға арналған. JavaScript тілін қолданылатын аймақтары:

· Динамикалық, яғни құжат жүктелгеннен кейін мазмұнын өзгертуге болатын парақтарды құру;

· Серверге жөнелтілгенге дейін пайдаланушының форманы дұрыс толтырылғандығын тексеру;

· Сценарийлер көмегімен «жергілікті» (локальный) және басқа да мәселелерді шешу.

JavaScript клиент және сервер жағында да орындалатын қосымшаларды құру мүмкіндігін береді. Екі түрлі қосымшаларды құру кезінде де, стандартты объектілерді анықтаулардан тұратын, ядро қолданылады. Пайдаланушы компьютерінде клиенттік қосымшаларды браузер орындайды.

JavaScript тіліндегі программа (сценарий) браузерге ендірілген интерпретатор арқылы өңделеді. Сценарийлерді кез келген браузерде орындалатындай түрде жазуға тырысу керек.

JavaScriptтіліндегі жазылған программалар (сценарий) операторлар тізбегінен тұрады. Егер бір жолға бірнеше операторлар жазылса олардың арасына нүктелі үтір (;) қойылады. Егер әрбір оператор жеке жолға жазылса, онда ешнәрсе қоймауға болады. Бір операторды бірнеше жолға жазуға болады.

Құрылымдық программалау принципіне сәйкес, программаны бөліктік құрылым болатындай түрде жазу ұсынылады. Бұл программаны зерттеу мен қателерді іздеуді жеңілдетеді.

JavaScript программаларында түсініктемелерді қолдануға болады. Бір жолға сиятын түсініктеме беру үшін екі қиғаш сызықты қолдануға болады (//). Егер түсініктеме мәтіні бірнеше жолға жазылса, онда оларды /* және /* символдарының ішіне жазу керек. JavaScript тілінде бас әріптер мен кіші әріптер әр түрлі символ болып саналады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: