Литералдар

Программа әр түрлі операциялар орындата алатын қарапайым мәліметтер литералдар деп аталады. Литералдар өзгертілмейді. Бүтін типті литералдар ондық (10), он алтылық (16) және сегіздік (8) жүйелерде берілуі мүмкін. Ондық жүйедегі бүтін типті литералдар таңбамен немесе таңбасыз жазылатын ондық цифрлар тізбегінен тұрады, мысалы, 15, 123, -156, +3567. Он алтылық жүйедегі сандар 0–9 цифрларынан және а, b, с, d, e, f әріптерінен тұрады. Он алтылық сандар оның алдында 0x символын қосып жазу арқылы жазылады, мысалы, 0x25, 0xa1, 0xff. Сегіздік жүйеде тек 0–7 цифрлары жазылады және олар нөлден басталады, мысалы, 03, 0543, 011. Литералдарды жазудың математикадағы нақты сандарды жазудан айырмашылығы, оның бүтін және бөлшек бөлігін бөліп тұратын үтірдің орнына нүкте қойылады, мысалы, 123.34, -22.56. Сонымен қатар, нақты сандарды жазуда экспоненциалдық форманы қолдануға болады, мысалы, 0,000000273 санын мынадай түрде 2.73x10 -7 жазуға болады, ал оны JavaScript тілінде былай 2.73е-7жазады. Бұл жазуда көбейту белгісі мен 10 саны е символымен алмастырылады. Нақты литералдарды жазуда, кем дегенде, бір сан және ондық нүкте немесе экспонента (е немесе Е) символы болуы керек. JavaScript тілінде бүтін және нақты мәндерден басқа логикалық мәндер де кездесуі мүмкін. Мұнда тек екі түрлі логикалық мән болады: ақиқат және жалған. Біріншісі – true, екіншісі – false литералы түрінде жазылады. JavaScript тілінің кейбір нұсқала­рында true ретінде бір, ал false ретінде нөл қолданылуы мүмкін. Сөз тіркестерінен тұратын тіркестік литерал апостроф (‘) немесе тырнақша (“) белгілеріне алынып жазылады, мысалы, "нәтиже" немесе 'нәтиже'. Бос қатарды көрсететін тіркестік литерал " " немесе ' ' арқылы белгіленеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: