VIII апта

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

1-2- сабақ

Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем

Құрмалас сөйлем – екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

1–тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің орысша баламасын табыңыздар, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Сәндік бұйымдарды зерлеу, айшықтау, кәсіби шеберлік, өз мамандығының данышпаны, ізденушілік, зерттеушілік, ізгілік тұрғысынан, жүрегінен орын алу, тәжірибе жинақтау, машықтану, икемділік, тамақ асырау, күнелту, жеке қасиеттері мен қызығулары, мағлұмат алу, ауып кету.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мамандық иелері атауларының орысша баламасын табыңыздар. Сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (Жай немесе құрмалас)

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, жорналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші, болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек, Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер т.б. Экономист мамандығы атқарушылық, әкімшілік және қаржылық қызмет түрлеріне жатады. («Алуан-алуан кәсіп бпр, Таңдай біл де талап қыл» Анықтама.)

3–тапсырма. Аталған мамандық иелері қандай істермен айналысады? Олар туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Мысалы: Зергерлік - әшекейлі бұйым жасау өнері, бұл өнер түрімен айналысатын адамдарды зергер деп атайды. Зергер – сәндік бұйымдарды зерлеп, айшықтап жасаушы шебер, ұста.

4– тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

Мамандық таңдар кез келді. Сіздің таңдаған мамандығыңызға ата – анаңыз қарсы болды. Мамандықты дұрыс таңдағаныңызды, сол мамандыққа бейіміңіз бар екенін дәлелдеңіз, сұхбаттасыңыз.

5– тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

- Сіз оқитын факультетте қандай мамандықтар бар?

-Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

-Сіздің мамандығыңыз бойынша қай салада жұмыс істеуге болады?

6-тапсырма. Сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс істейтін адамнан интервью алуға қажетті сұрақты ойластырып, жазыңыз.

7 -тапсырма. Оқыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз, дәлелдеңіз.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес. Бұл - өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыру мол білімділікті, ақылдылықты, іскерлікті қажет етеді.

- Ұстаз болу үшін тағы қандай қасиеттер қажет?

- Сіз таңдаған мамандықты игеру үшін сіздің бойынызда қандай қасиеттер болу керек?

- Қай қасиетті бірінші орынға қояр едіңіз?

8–тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз. (салалас, сабақтас) Мәтін бойынша пікірлесіңіз.

(Латын. Professio – өз ісім) – кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде алынатын белгілі бір білімдер мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық туралы толық ақпарат алулары керек. Сонымен қатар, мамандықты таңдау ережесі жайлы мағлұмат алу, таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтап алу да артықтық етпейді. Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; мамандыққа бағыт – бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.

9–тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, сөйлемді аяқтаңыздар..

Жастар көбіне өздері қызықпайтын мамандықты таңдайды, себебі -----------. Мамандық үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет етеді, ол --------------------------. Мамандықты дұрыс таңдау үшін өзіңнің жеке қасиеттеріңді білу аз, ол үшін ------------------------------. Егер дұрыс мамандық таңдағыңыз келсе, -----------------. Сен мамандыққа бағыт – бағдар берушілерді көп тыңдадың, сондықтан -----------.

10-тапсырма. «Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас – құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Мысалы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, ал досқа сеніп қаласың.(Л.Толстой) Жүйелі пікірі бар адам негізінен ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты.

1-тапсырма. Сөздік жұмысын жүргізіңіздер.

2-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

3-сабақ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: