Мысал. Do. while цикл операторы

<? /* цикл шарты орындалмағанына қарамастан, бұл программа 12 санын шығарады */$i = 12;do { if ($i % 2 == 0) print $i; //егер сан жұп болса,шығару $i++; // санды бірге арттыру} while ($i<10)?>

Нәтижесі: 12

For операторы For операторы РНР тіліндегі күрделі циклдер тобына жатады. Ол С тіліндегі циклге ұқсас болып келеді. Жазылуы: for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек) { орындау_блогы }

немесе

for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек): орындау_блогы endfor; Мысалы, 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығару үшін for циклі келесідей түрде жазылады:

<?php

for ($i=0; $i<10; $i++) {

if ($i % 2 = = 0) print $i." ";

// жұп сандарды шығару

}

Егер оператор жақшасындағы екінші өрнекті ($i<10 шарты) алып тастасақ, онда циклден шығу үшін break операторын қолдану керек болады:<?phpfor ($i=0;; $i++){ if ($i>=10) break; /* егер $i 10-нан артық немесе тең болса, циклді аяқтаймыз */ if ($i % 2 = = 0) print $i. " "; // егер сан жұп болса, оны шығару }?> Жақша ішіндегі барлық үш өрнекті де алып тастауға да болады. Мұндай жағдайда $i санауышының алғашқы мәні де берілмейді және ол циклдің аяғында да өзгертілмейді. Сондықтан осы әрекеттерді жеке команда түрінде – орындау блогында немесе цикл алдында жазу қажет болады:<?php$i=0; // санауышқа бастапқы мән беремізfor (;;) { if ($i>=10) break; // егер $i 10-нан артық немесе тең болса,циклді аяқтау if ($i % 2 == 0) print $i; // егер сан жұп болса, оны шығару $i++; // санауышты бірге арттыру}?>for жақшасы ішіндегі үшінші өрнекте бірнеше қарапайым командаларды үтір арқылы жазуға да рұқсат етілген. Мысалы, егер біз барлық сандарды экранға шығарғымыз келсе, онда программаны қарапайым нұсқада жазуға болады:<?phpfor ($i=0; $i<10; print $i, $i++); /* Егер орындау_блогында команда болмаса немесе тек бір команда ғана болса, жүйелі жақшаларды қоймаса да болады */?> Foreach операторы foreach операторы тағы да бір керекті цикл конструкциясы болып саналады. Ол тек РНР4 тілінен бастап жиымдармен жұмыс істеу мақсатында енгізілді. Жазылуы: foreach ($array as $value) {орындау_блогы}

немесе

foreach ($array as $key => $value) {орындау_блогы} Бірінші нұсқада цикл $array айнымалысы арқылы берілген жиымның барлық элементтерін қамтиды. Циклдің әр қадамында жиымның ағымдағы элементінің мәні $value айнымалысына жазылады да, ішкі санауыш бірге өседі (келесі қадамда жиымның келесі элементі өңделеді).Орындау_блогы ішінде жиым элементінің ағымдағы мәнін $value айнымалысы көмегімен алуға болады. Цикл $array жиымында қанша элемент болса, сонша рет орындалады.Жазудың екінші нұсқасында жоғарыда айтылғандарға қосымша циклдің әрбір қадамында жиымның ағымдағы элементінің кілті (индексі) $key айнымалысының мәні ретінде жазылып отырылады, оныорындау_блогында пайдалануға болады. foreach орындалуы басталғанда, жиымның ішкі көрсеткіші автоматты түрде оның бірінші элементіне орналасады.

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: