Мысал. break операторы

<?php$i=1;while ($i) { $n = rand(1,10); //1... 10 арасындағы кездейсоқ сандар алу switch ($n) { case 5: echo "<font color=blue> switch-тен шығу (n=$n)</font>"; break 1; // switch жұмысын аяқтау case 10: echo "<font color=red> switch пен while-дан шығу (n=$n)</font>"; break 2; // switch пен while жұмыстарын аяқтау default: echo "switch істеп тұр (n=$n), ";}echo " while істеп тұр – $i қадам <br>";$i++;}echo "<br> Цикл қадамдары саны $i ";?>Нәтижесі: switch істеп тұр (n=2), while істеп тұр – 1 қадам
switch істеп тұр (n=6), while істеп тұр – 2 қадам
switch істеп тұр (n=4), while істеп тұр – 3 қадам
switch істеп тұр (n=4), while істеп тұр – 4 қадам
switch істеп тұр (n=6), while істеп тұр – 5 қадам
switch пен while-дан шығу (n=10)
Цикл қадамдары саны 6Continue операторы
Кейде цикл жұмысын толығымен аяқтамай, тек оның жаңа қадамын (итерациясын) қайта бастау керек болып жатады. Continue операторы кез келген циклдің орындау_блогындағы өзінен кейінгі нұсқауларды аттап өтіп, жаңа цикл қадамын орындауды жалғастырады. continue операторын да сандық аргументпен пайдаланып, алдыңғы басқарушы конструкциялардың қаншасы жұмысын аяқ­тау­ керек екендігін көрсетуге болады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы break сөзін сontinue сөзіне ауыстыралық. Осымен қатар цикл қадамын төртке тең етіп алайық.

Мысал. continue операторы

<?php$i=1;while ($i<4) { $n = rand(1,10); // 1 мен 10 аралығындағы кездейсоқ сан алу echo "$i:$n "; // итерация нөмірі мен кездейсоқ санды шығару if ($n==5) { echo "Жаңа итерация "; continue; /* Егер 5 саны шықса,жаңа итерация бастаймыз, цикл қадамы $i арттырылмайды */ } echo "Цикл істеп тұр <br>"; $i++;}echo "<br> Цикл итерациялары саны $i ";?>

Осы скрипттің жұмысы нәтижесі мынадай болады:

1:2 Цикл істеп тұр

2:4 Цикл істеп тұр

3:5 Жаңа итерация 3:2 Цикл істеп тұр


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: