Цикл итерациялары саны 4

continue операторының орындалуынан кейін циклдің жұмысы аяқталмайды. Мысалда циклдің санауышы 5 болғанда, ол өзгертілмейді, өйткені ол сontinue операторынан кейін тұр. Сондықтан сontinue операторының орнына өрнектің ақиқаттылығын тексеруді жазуға болады:

<?php$i=1;while ($i<4) { $n = rand(1,10); // 1 мен 10 аралығындағы кездейсоқ сан алу if ($n!==5) { echo "$i:$n <br>"; // итерация нөмірі мен кездейсоқ санды шығару $i++; }}?>РНР тілінде сontinue операторын пайдаланудың бір ерекшелігі – ол switch конструкциясында break сияқты жұмыс істейді. Егер switch цикл ішінде болса және жаңа қадам (итерация) бастау қажет болса, онда сontinue 2 деп жазу қажет. Сұрақтар:

1. РНР тіліндегі математикалық операторлар.

2. Инкремент және декремент операторларының постфиксті және префиксті түрлері.

3. Меншіктеу операторларының қандай түрлері бар?

4. Екілік операторлар не істейді?

5. Шартты if операторының түрлері.

6. Elseif операторын пайдалану.

7. Switch операторы

8. While операторының құрылымы.

9. Do while операторы жұмысы.

10. For операторының жазылу түрлері және оларды пайдалану.

11. Foreach операторы жұмысы ерекшеліктері.

12. B reak, continue операторларын пайдалану мысалдары.

Тапсырмалар: 1. Шартты операторды пайдаланып, $age айнымалысы мәні 0-30 арасында болса, «Арманың алдыңда!», одан үлкен болса, «Есейіп қалыпсың!» деген сөз шығаратын программа жазыңдар.2. Алдыңғы шартты көбейтіп, егер айнымалы мәні а) 0-13 арасында болса, «Бала», ә) 14-37 арасында болса, «Жігіт», б) 38-49 арасында болса, «Жігіт ағасы»,в) 50-65 арасында болса, «Егде адам»,ә) 66-100 арасында болса, «Қарт адам» деген мәлімет шығаратын программа құрыңдар. 3. Циклді пайдаланып, 1 мен 100 арасындағы жұп сандардан тұратын а 25 жиымын құрыңдар. Экранға сол жиым элементтерінің 4-ке бөлінбейтін­дерін шығарыңдар. 4. Индекс кілттері: Name, Address, Phone, Mail сөздеріне сәйкес жиым құрып, оларды толтырыңдар. Foreach циклі арқылы сол жиым элементтерін «элемент: мәні» түрінде экранға форматталған күйде шығарыңдар.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Дузбаева Р.М. Основы создания HTML-документов. Уч. пособ. для студентов. –Алматы, КБТУ 2003. –82 с.

2. Нидерст Дж. Web-мастеринг для профессионалов. –СПб.:Питер, 2001. –576 с.

3. Информатика и образование, №8, 2000. Е. В. Давыдова

4. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Специальная информатика: Уч. пособ. -М.: АСТ-ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1998.-480с.

5. А. Гончаров. HTML в примерах. – СПб: "Питер", 1997.

6. Лэмонт Вуд. Web-графика. Справочник. – СПб: "Питер", 1998.

7. С. Бейн, Д. Грей. Как сделать красиво в Интернете. Перевод с англ. – СПб: "Символ-Плюс", 1998.

8. А.О. Коцюбинский, С.В. Грошев. Современный самоучитель работы в сети Интернет. М.: "Триумф", 1997.

9. Internet. Шаг за шагом. (на CD-ROM). – СПб: "Питер Мультимедиа", 1997.

10. Энциклопедия пользователя Internet. (на CD-ROM). – М.: "Демос", 2000.

11. Шапошников И.В. Самоучитель HTML 4. –СПб.: БХВ-Петербург, 2001. –288 с.

12. Пайк М. Internet в подлиннике. СПб.: BHV-Санкт-Петербург, 1996.

13. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР: курс лекций для ст-тов. -М.: Интернет-университет информационных технологий, 2005. -264 с.

14. Мазуркевич А. РНР: настольная книга программиста.–М.: Но­вое знание, 2004. -479 с.

15. Дуванов А.А. Web-констуирование DHTML. –СПб.: БХВ-Пе­т­ер­бург, 2003. –512 с.

16. Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web-дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. с англ./Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен. –М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005. –672 с.

17. Джон Коггзолл. PHP5. Полное руководство. -М.: Диалектика. 2006 г.

18. Люк Веллинг, Лаура Томсон. Разработка Web-приложений с помощью PHP и MySQL. -М.: Вильямс. 2007.

19. AJAX и PHP. Разработка динамических веб-приложений // Кристиан Дари, Богдан Бринзаре, Филип Черчез-Тоза, Михай Бусика. -М.: Символ-Плюс. 2006.

20. Елена Бенкен. PHP, MySQL, XML. Программирование для Интернета. -СПб.: БХВ-Петербург. 2007.

21. Джордж Шлосснейгл. Профессиональное программирование на PHP. -М.: Вильямс. 2006.

22. РНР тіліне байланысты материалдары бар сайттар:

http://www.php.net/manual/ru/

http://www.phpclub.ru/

http://www.phpworld.ru/

http://php.su/

http://www.phpforum.ru/

1-қосымша

HTML тілінің түсініктеме сөздігі

Web-құжат (HTML-құжат) – гипермәтінді белгілеу тілінде <HTML> және </HTML> тәгтері арасында орналасады.

Тәг (tag) – HTML тілінің кодтары, яғни мәтіндерді форматтайтын командалары. Кодтар – бұрыштық жақшаларға < > алынып жазылған ағылшын тілінің толық немесе қысқартылған сөз тіркестері.

Web-сайт, Web-сервер – бір-бірімен логикалық түрде байланысып, HTML тілінде жазылған құжаттар тізбегі.

Құжатты белгілеуге арналған HTML тәгтері қызметтері

Негізгі тәгтер

<HEAD>... </HEAD> – бұлардың ортасында құжат туралы мәлімет орналасады және TITLE тәгі тұруы мүмкін. <TITLE>... </TITLE> – бұлар броузер-программа маңдайшасында жазылатын терезе тақырыбын қоршап тұрады.

<BODY>... </BODY> – бұл екеуінің аралығында құжат "тұлғасы" (мәтін, графика, т.с.с.) жайғасады.

<BОDY> тәгінің параметрлері (атрибуттары):

BGCOLOR – фон түсі (<BODY BGCOLOR ="#FFFFFF">);

BACKGROUND – фон орнына "тұсқағаз" (обои) түрінде сурет беру (<BODY BACKGROUND ="BERKUT.JPG">);

TEXT – мәтін түсі (<BODY TEXT ="#00FF00">);

LINK – гипермәтіндік сілтеме (байланыс) түсі;

VLINK – алдында қаралған сілтеме түсі;

ALINK – осы сәттегі екпінді сілтеме (курсор меңзеп тұрған) түсі.

Мәтіндерді форматтау тәгтері

<Р>... </Р> – азат жолты белгілейтін тәгтер. Жаңа азат жол алдыңғысынан бос жолмен бөлініп тұрады.

<BR> – мәтінді келесі жолға көшіретін жалқы тәг. Графиканы, суретті мәтіннен бөліп тұру үшін де қолданылуы мүмкін.

<HR> – мәтіндерді бір-бірінен логикалық түрде бөліп тұратын көлденең сызық жүргізетін жалқы тәг.

<PRE>... </PRE> – бұлардың ортасында алдын алаформатталған мәтін орналасады. Ондай мәтін экранға "курьер" (Courier New) қарпімен шығарылады.

Мәтін логикалық бөліктерін (тақырыптарын) ерекшелеу тәгтері

<Н1>... </Н1> – бірінші деңгей тақырыбы (ең ірісі).

<Н2>... </Н2> – екінші деңгей тақырыбы.

.........................

<Н6>... </Н6> – алтыншы деңгей тақырыбы (ең кішісі).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: