Негізі ретінде

Зерттеу жүргізілетін кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” заңына сәйкес қаржылық есеп берунысандарына мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептілік;

4) меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есептілік.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс

Субъектілерге қаржылық есептілікті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айып пұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

«Қаржылық есептің мақсаты – бугалтерлік есепті» №30 «Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады [12].

Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілік шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналады.

Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс есепті жылдыңбасындағы және соңындағыкәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдайды; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрлымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрлымын,сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынның есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлкі құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қортындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімнің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылады: төлем мерзімінің жеделділігі аз бағыттарынан жеделділігі көп бағыттаға дейін.

Жоғары оқу орындарына экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бугалтерлік талдау» оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі) пассивтер – бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс (14).

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорынресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» №30 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) қысқа мерзімді активтер;

2) ұзақ мерзімді активтер;

3) қысқа мерзімді акитивтер;

4) ұзақ мерзімді актив;

5) меншікті капитал.

Бугалтерлік Есептің Халықаралық Стандартына (БЕХС) көшуіне байлнысты Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №427 бұйрығымен бекіткен. Мұндағы жылдық баланс өзгеріске ұшыраған.

Кесте 2.1.

  Активтер Жол коды Есептік кезең үшін Өткен кезең үшін
       
І. Қысқа мерзімді активтер      
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері   150321,98 10654293,4
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар      
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек   7569543,4 63584739,5
Қорлар   6965439,3 21277952,5
Ағымдағы салықтық активтер      
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер      
Өзге де қысқа мерзімді активтер      
Қысқа мерзімді активтердің жиыны     95516985,6
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер      
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар      
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек      
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар      
Инвестициялық жылжымайтын мүлік      
Негізгі құралдар   ----- 1322604,5
Биологиялық активтер      
Барлау және бағалау активтері      
Материалдық емес активтер   55344,2 41381,9
Кейінге қалдырылған салықтық активтер      
Өзге де ұзақ мерзімді активтер      
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны   55344,2 1363986,4
  Кесте 2.1. жалғасы
       
Теңгерім (100-жол+200-жол)     96880972,7
Пассивтер      
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер      
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер      
Салықтар бойынша міндеттемелер     158508,74
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер      
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек   640875,26 71491099,16
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері      
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер   4104660,7  
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны   4769248,9 73051013,9
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер      
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер      
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек      
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері      
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер      
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер      
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны      
V. Каптал      
Шығарылған капитал      
Эмиссиялық кіріс      
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар      
Резервтер      
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)   -55700,02 996742,88
Аздық үлесі      
Капитал жиыны   41399,98 433842,88
Баланс (300-жол + 400-жол + 500-жол)     96880972,7

Баланс активтің өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі жоғары активтерден өтімділігі төмен активтере қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімнің жеделділігі тез арада құтылуынан басталады.

Зерттеу жүргізілген «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында отыр. №1 форма 1-ші тіркемеде көрсетілген. Яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай орналасқан.

2.2. Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық есептілігіне талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Табыстар дегеніміз – акционерлік капитал қатысушыларының салымымен байланысты емес меншікті капиталдың көбеюімен көрсетілетін, активтердің қосылуы (кірісі) немесе көбеюі не болмаса міндеттемелердің азаюы нысанында пайда болатын экономикалық пайданың өсуі туындайтын болса, онда қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте табыстар есепке алынады.

Шығыстар дегеніміз – акционерлік капиталдың қатысушылары арасында бөліп таратумен байланысты емес меншікті капиталдың азаюына апарушы активтердің шығып кетуі не болмаса таусылуы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында пайда болатын экономикалық пайданың есепті кезең ішіндегі азаюы. Егер сенімді түрде өлшенуі мүмкін активтердің азаюымен немесе міндеттемелердің көбеюімен байланысты болашақ экономикалық пайдада азаю пайда болса, онда қаржы- шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есепте шығыстар ретінде есепке алынады.

“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті дайындап тапсыру” №30 стандарттың ішіне “Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп” кіреді. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

БЕХС-қа (IAS) көшу үшін ҚР-сының Қаржы Министірінің 2005 жылғы 22 желтоқсанда №427 бұйрығымен бекітілген.

БЕХС (IAS) сәйкес табыстар мен шығыстар жөніндегі есеп төмендегі 2.2. кестеде келтірілген.

Кесте 2.2

Табыстар мен шығыстар женіндегі қорытынды есеп

Көрсеткіштердің атауы Жол коды Есептік кезең үшін Өткен кезең үшін
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен табыс       11922485,2
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны       11083726,5
Жалпы пайда (010-020)   32101634,6 838758,77
Қаржыландырудан түскен табыстар   ----- -----
Өзге де кірістер   1260,19 -----
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар   ----- -----
Әкімшілік шығыстар   29296676,9 894458,79
Қаржыландыруға арналған шығыстар     -----
Өзге де шығыстар   ----- -----
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының /залалының үлесі     -----   -----
Жалғасатын қызмет кезіндегі пайда (залал) (030+040+050-060-070-080-090+/-100)     392442,9   -55700,02
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)     -----   -----
Салық салынғанға дейінгі пайда 110+/-120   392442,9 -55700,02
Корпарациялық табыс салығы бойынша шығыстар     117732,87   -----
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (130-140)     274710,03   -55700,02
Аздық үлес   ----- -----
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (150-160)     392442,9   -55700,02
Акцияға арналған пайда   ----- -----

Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

2.3. Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.

“Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі маңызды болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;

2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:

Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасыншығарады.

Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

ә) көрсетілген қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;

б) басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.

Ақша қаражаттарының шығуы:

а) келіп түсетін тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу;

ә) атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;

б) еңбек ақы төлеу;

в) бюджетпен есеп айырысу;

г) басқадай төлемдер.

Жанама әдіс – бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.

Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.

Жанама әдісте табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабын түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.

Инвестициялық қызмет дегеніміз – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.

Иенвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:

1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

- негізгі құралдарды сатып-өткізу;

- басқалары.

2. Ақша қаражаттарының шығуы:

- негізгі құралдарды сатып алу;

Қаржылық қызмет – кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.

Қаржылық қызметтің нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:

1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

- басқалары.

2. Ақша қаражаттарының шығуы:

Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы 2006 жылда көрсетілмеген.

ІІІ Бөлім Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3.1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және

әдістері.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылықтың мәні – бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және бойынша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрлымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігіде өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

- шығындардың көлемі, олардың ақшалайй табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарынның жағдайы;

- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;

- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;

- кәсіорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;

- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылыаушы кезеңі болып тбылады. Және ол сатыны қамтиды: жабдықтау. өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштермен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұсап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына елеулі көрініс табады.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау днп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірбие көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен билютендерге, арнайы анықтамаларды басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауғамүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінщі түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэффиценттер әдісі.

Көлденең (уақыттық) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдігімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлднең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендік талдау барлық көрсеткіштер 100% алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткішдинамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

Коэффиценттер салыстырмалы шамалар болып табылады,оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі. Қаржылық коэффиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік береін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффиценттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуынның ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, салдағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткен тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер ету мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Катынсаты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диогностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда треңдетілген талдау қатынаснегізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауы салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріліп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдерді көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жікткгенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық стстистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, мүмкіндік береді.

3.2. Баланс активтері мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрлымының динамикасын талдау.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылықжағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Диплом алдындағы зерттеу жүргізілген кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын бағалайтын қаржылық қорытынды есеп элементтерін қарастыру арқылы беруге болады. Активтер, меншікті капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік баланста анықтауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің негізгі элементі болып табылатын кәсіпорын активтеріне сипаттама беру үшін сол активтердің соңғы жылдардағы нақты бары және олардың құрлымы мен құрылымындағы болған өзгерістер зерттеледі.

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің баланс мәлііметтері бойынша активтердің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі талдамалық кесте жасалынады. (кесте 3.1.)

Кестеде келтірілген мәліметтерден «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің активтерінің нақты құнын көрсететін

Кесте 3.1.

«Индустриальное снабжение» ЖШС-гі 2006 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы

  Көрсеткіштер 2006ж. басы 2006ж аяғы Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)
Сома тг. % Сома тг. % тг. %5/1*100
Активтердің құны барлығы   14740648,9     96880972,08       557,2
Ұзақ мерзімді активтер   55344,2   0,37   1363986,46   1,4   1308642,2   2364,5
Оның ішінде:            
1 Материалдық емес активтер   55344,2   0,37   41381,94   0,042   -13962,2   -25
2 Негізгі құралдардың қалдық құны   -----   -----   1322604,52   1,36   1322604,5   -----
Ағымдағы активтер 14685304,7 99,56 95516985,62 98,59   550,4
  Оның ішінде:            
1Тауарлы материалдық босалқылар   6965439,35   47,25   21277952,57   21,96     &nb

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow