Категориясы ретінде

Қоғамдағы институттанудыру процестері саяси социология үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және қоғамдағы рөлі мен орны үшін күресте билеп-төстеу және өз қауымдастығының мүшелерін бағындыру формасы ретінде алға шығады. Әлеуметтік институт қоғамды қалыптастыруғы арналған. Онда биліктік қызметтер ұйымдасқан құрылымда топтасқан, ал қауымдастықтағы билік олардың мүшелері арасында шашыраңқы күй кешеді.

Әлеуметтік институт ұғымы социологиялық теорияда негізгі мәнге ие. Тәжірибеде әлеуметтік институттың қалыптасуы кезекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған индивидтер, индивид топтары арасындағы қатынастарды бекітуді білдіреді. Әлеуметтік институттар әлеуметтік байланыстардың ең бір күрделісі болып табылады және әлеуметтік топтар мен ұйымдардың принциптік айырмашылығы бар.

Жалпы әлеуметтік институттардың екі деңгейін бөліп көрсеткен жөн:

Бірінші. Әлеуметтік институттар сөздің кең мағынасында түсіну формасында, яғни бүкіл қоғамның институттары. Бұл жағдайда біз жалпы социумның институттар жүйесіне немесе жалпы қоғамға барынша жақындаймыз.

Екінші. Бұл деңгейге саяси институттарды (басқаруға, ықпал жасауға, әсер етуге, бағындыруға, қоғамдық процестер үстінен бақылауға бағыт алғандар) көрсетуге болады.

“Екінші қабат” үшін саясидан басқа әлеуметтік институттарды сөздің тар мағынасында, әлеуметтік институттарды, яғни билік, бағыныштылық және басқару мәселелерімен байланысты емес қоғамдағы қандай да бір қатынастарды қайта өркендеуге бағыт алғандарды бөліп көрсетген жөн.

Маңыздылар қатарына ішкі құрылым мен институттардың тұрақтылығын және оған тән сәттерін сақтап қалуға жол ашатын факторлары енеді, бұлар олар жөнінде басқа институттармен сіңіспейтін, қандай да бір әлеуметтік конструкт ретінде айтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әлеуметтік институттардың шекараларын, олардың қоғамның тұтас жүйесі шеңберінде басқа институттарға қатысты орналасуын анықтап алу өзекті болып табылады. Әлеуметтік институттардың тігінен және көлденең түріндегі байланыстары, олардың иерархиясы, институттар жүйесі маңызды болып көрінеді. Онымен қоса әлеуметтік институттардың іс-әрекеті мен ықпал етуі, институт аралық байланыстардың, институттар атомының өзіне тән ерекшелігі жайлы мәселелер аса маңызды.

Саяси процестер белгілі бір саяси институттардың іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Олар көбіне, олардың көмегімен қандай да бір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін іске асыратын, белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Қоғамның саяси құрылымының қызмет етуінің осы бір тетіктері оның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген.

Қоғамның ең маңызды саяси институттары қатарына құқық және идеологияны жатқызуға болады. Олар мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы билік органдары - парламент, үкімет, жергілікті басқару органдары, сонымен қатар саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, ең алдымен радио және телевидениенің іс-әрекеттерінде өздерін көрсете алады. Осы саяси институттардың әрқайсысы өмір сүретін саяси жүйенің қандай да бір буынының әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған өздерінің өзіндік ерекшелігі бар мақсатты қызметтеріне ие.

Қоғамда өмір сүретін саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, ал олар болса сол институттармен аяқталып қалмайды. Саяси қызметтер тек “таза саяси” мекемелер мен ұйымдар тарапынан ғана атқарылып қоймай, сонымен қатар көптеген қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіподақтар, жастар ұйымы, ардагерлер одағы және сол сияқтылармен қоса, жазушыларды, суретшілерді, композиторларды, киноматографистерді, журналистерді, т.б. біріктеретін шығармашылық ұйымдар тарапынан да атқарылады. Бұл ұйымдардың әрқайсысы қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін және олардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін көрсетеді және қорғайды. Осының арқасында олар қоғамда өмір сүруші саяси жүйенің қандай да бір түйінін құрайды.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне:

- мемлекет органдары, оның заң қабылдау және атқарушы биліктері;

- әскер;

- құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

- мемлекеттік арбитраж;

- саяси партиялар; саяси қозғалыстар;

- қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, жастар, шығармашылық т.б.) жатады. Олардың іс-әрекеті қандай да бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін іске асырумен байланысты белгілі бір деңгейде саяси сипат алады.

Билікке түсінік беру

Саясаттың негізгі мәселесі - бұл саяси билік жөнінде. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өздерінің саяси ерік-жігерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға зорлап міндеттеп қоя алуынан көрінеді. Біз өмірде партиялық элитаның, яғни партия басшылары мен олардың жақын ортасының, сонымен қоса жекелеген көсемдерінің өз ойларын бүкіл партияға байланыстырып қоюға саяси билігінің көрініс беруімен жиі кездесеміз. Алайда саяси биліктің жоғары деңгейде көрініс беруі мемлекеттік билік болып есептелінеді. Саясат пайда болған сәтінен бастап биліктік қатынастар: билеп-төстеушілік-бағыну-басқару-атқару негізінде қалыптасты. Бұл саясаттың ең маңызды ерекшелігі. Билік қатынастарынсыз әлеуметтік байланыстарды үйлестіру, түрлі әлеуметтік қауымдастықтар, топтар мен индивидтер арасындағы өзара құптарлық пәтуаға қол жеткізу және қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын ұстап тұру мүмкін болмайды. Саяси билік билеп төстеуші элитаның, топтың жалпы басшылықты іске асыру және елді басқару құқығы ретінде қалыптасты. Социологияда билік мәселесі көп мағынада түсіндіріледі. Билікті зерттеп білудегі әр түрлі ыңғайларды, оның мәнін, табиғатын т.б. бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Ыңғайлардың бірі - ол қоғамға қызметтік бірлікке ие тұтастық ретіндегі холистік көзқарастың логикалық жалғасы. Бұл жерде билік қоғамның қабілеті ретінде қарастырылады. Американ социологі Т.Парсонс билікті ақша институтымен салыстырады: екеуі де қоғамда біріктіруші, топтастыру қызметін атқарады. Басқаша көзқарас тұрғысынан билік өз мәнінде тең емес ассиметриялық әлеуметтік қатынас ретінде қарастырылады, онда қатынасқа түсушілердің бірі өзге біреге ықпал етуде көбірек мүмкіндіктер мен құқықтарға ие (М.Вебер, К.Маркс, Р.Михельс).

М.Вебер шын мәнінде билік заңдылығына, яғни мойындалған “басқаруға құқықтық негізге” үш жолмен ие бола алады дейді.

1. Салт-дәстүрдің арқасында, басқаша айтқанда “барлық уақытта” заңдылыққа ие болудың арқасында. Монархиялық қоғамдарда биліктің құқықтық негізделуі негізінен осы типке тиесілі.

2. Басқару тізгінін ұстаған тұлғаларға, олардың билік басына келген жағдайларының заңдылығын жалпы мойындаған себептен оларға бас ию орын алатын жердегі рационалды-құқықтық билік ретінде.

3. Харизмалық билік ретінде жеке басшыдан ұлы қасиеттерді таңып, соған сенуге негізделеді: кейбір жағдайларда ортақтастыру элементі болуы мүмкін, айталық іс діни пайғамбар жайлы болғанда, ал басқа жағдайларда мұндай сенім ерекше дарындылықтың көрінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін [20].

Билік - саясаттың негізгі, ұйымдастырушылық және реттеуші-бақылаушылық бастамасы, саяси білімнің ең маңызды, ең ежелгі мәселелерінің бірі, қоғам мәдениеті және адамның нақтылы өмірі мәселесі. Саясат - биліктің себебі, ал билік - саясаттың себебі. Саясат және билік шеңберлі себеп-салдарлы тәуелділікпен байланысқан. Билікті тудыру және оны жалпы алудың өзі - саясат. Билік адамдарды біріктіруші, қоғамда жинақтаушы және басқарушы мәнді байланыстардың факторы мен элементі болады. Билік саясатқа оның арқасында әлеуметтік әрекеттесудің ерекше түрі екендігін білдіретін өзіндік бейнесін береді. Бұл жағдай билеп төстеу-бағыну-басқару-атқару, иерархиялық қарым-қатынас жүйесіндегі адамдар жағдайының тең еместігіне байланысты. Билік қоғамдағы ең басты пұрсатқа айналды. Биліктің қоғамдағы қайшылық пен күрестің үздіксіз қайнар көзі болып, ерекше құмарлықтың тақырыбына айналуы кездейсоқ емес. Билік оны қолында ұстағандарға және оған жақын болғандарға үздіксіз артықшылықтар береді. Тек билік қана барлығы үшін авторитарлық (міндетті) шешімдерді қабылдауға, билік құрылымдары қабылдаған шешімдерді қоғамның кез келген мүшесінің міндетті орындауын талап етуге құқық береді. Билік қабылдаған шешімдерге, заңдарға құлақ аспағандығы үшін жазалауға құқық береді.

Қолында мемлекеттік билік бар әлеуметтік күштер қоғамның басқа мүшелеріне мемлекеттік аппарат және қоғамға әсер етудің мемлекеттік тетіктері (идеологиялықтан құқықтық және әскери) көмегімен өз еріктерін таниды. Мемлекеттік билік механизімін пайдалана отырып, олар халықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделерімен байланысты көптеген мәселелерін шешеді. Өздерінің қоғамдағы саяси билігін нығайта отырып,р өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нығайтады, жеке әл-ауқаттылығы мен дамуының жағдайын қамтамасыз етеді.

Билік үшін күрес, оны тарату және іс жүзінде іске асыру, түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың және қозғалыстардың, өмір сүретін саяси билік аппараты өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси іс-әрекеті процесінде болады. Олардың саяси іс-әрекеті сол қоғамда өмір сүруші саяси институттарды, азаматтық құқық пен еркіндікті, жалпы мемлекеттік құрылымды өзгертуге немесе оны нығайтуға бағытталған көптеген нақтылы саяси әрекеттерден қалыптасады.

Саяси-социологиялық ыңғайға сәйкес билік тек мемлекет пен саяси субъектілердің қатынасы көзқарасы тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар аса кең әлеуметтік позиция көзқарасы тұрғысынан да түсіндіріледі.

Билік феномені көп өлшемдікті және амбиваленттікті сипаттайды. Саяси биліктің кеңістігі үш өлшемнен көрінеді:

1. Саяси субъект пен оны білдіретін қауымдастық қатынасы (өкілдіктің бел ағашы);

2. Саяси субъект пен қоғамның әлеуметтік институттарының көп бейнелі қатынасы, “билеуші элита”;

3. Саяси мәселелерді саяси субъектімен шешу “технологиялары”.

Егер қауымдастық индивидті өзінікі деп мойындап, оны өзінің мүдделерінің өкілі деп қабылдайтын болса, оның іс-қимылын заңдастырады, яғни ол индивид саяси субъект болып табылады.

Биліктің амбиваленттілігінің мәні саяси субъект, саясаткер басқалар атынан және басқалар үшін қимыл жасай отырып, барлық уақытта өз мақсатын ойлайтыны болып табылады. Бір жағынан, саясаткер оны рационалды, қажетті деп санағандықтан халық атынан әрекет етеді, ал екінші жағынан - биліктің өмір сүруші таптаурындарын қабылдаудан бас тарта алмайды. Тек соңғысының көмегімен ғана ол өз әрекетін қауымдастыққа түсінікті ете алады.

Саяси қатынастар өкілдік қатынасын және ықпал ету қатынасын құрайды. Өкілдік қатынасы басшы мен бағынушы, қауымдастық пен жетекші арасында қалыптасады. Бұл қатынастар ықпал жасау қатынастарына қарағанда көбірек формальданған күйде.

Өкілдік қатынасы - ол заңды, формальданған саяси әрекеттер нәтижесінде қауымдастықтар мүдделерін іске асыру. Ықпал жасау қатынасы - ол қауымдастықты қандай да бір мақсатты іске асыру үшін топтастыру.

Қауымдастық мүдделерін - қоғамнан іріктеп алынып, басқа іс-қимылдардан босатылған және қоғамды басқару үшін маманданған тұлға қорғайды. Басқару процесіне тікелей қатыспаған, бірақ қандай да бір шешімдердің қабылдануын немесе алынып тасталуына немесе тіпті саяси бағытты өзгертуге қызығушылығы бар топтар ықпал жасай алады. Егер оған қажеттілік пайда болса, сол себептен өз өкіліне саяси әрекеттерді іске асыру қажеттілігін көрсетуге шақыратын “қысым топтары” пайда болады.

Демократия жағдайында саяси субъектілердің билік үшін еркін бәсекелестік үлгісі алға шығады. Саяси рынок - онда қоғам өмірін жақсартуда мүмкіндіктер ұсынылған бағдарламалар “жәрмеңкесін” білдіреді. Саяси идеялар қаншалықты айқын және шынайы болса соншалықты олардың үнінің қоғамда естілуінің мүмкіндігі зор болады.

Билікті элитаризм тұрғысынан қарастыру ол да өз мәнінде социологиялық ыңғай болып табылады. Элита - бұл әлеуметтік топ, ол әлеуметтік стратификация мәселесінің социологиялық зерттеу пәні болып табылады.

Биліктік элитаның ашық және жабық деген екі түрі бөлініп қарастырылады. Ашық элитаға жататыны экономикалық салмағымен, саяси мәртебесімен, атақтылығымен және абыройлығымен анықталады. Жабық элиталарда жеке жетістіктер үлкен мәнге ие, сонда да жүйеге немесе көсемге берілгендігіне қатысты бағынышты болады.

Билік пен элитаның әрекеттесуі шеңберінде ол шешім қабылдауға қатысу үшін, жеке міндеттер мен мақсаттарды іске асыруда мәжбүрлеудің (атқару, ықпал жасау) тетіктері мен механизмдерін қолға алу үшін күреседі.

Билік үшін күрес қиратушы бейнеде болмау үшін билік (басқарушы) құрылымдары бар. Бұл құрылымның элементтері сол қоғамдағы элита мүшелерінің мәртебелері болып табылады.

Билеуші элитада іс-әрекеттің үш үлгісі келтіріледі:

1. Тирандық. Билеуші элитада индивидтің жеке мәртебесі қоғамның саяси билігінде жалғыз таратушысы болып табылатын “тиранмен” жақындығы бойынша анықталады. Бұл жерде мәртебені жоғалту және сол мезетте оны алуда тәуелділік пен үлкен дәрежесі баса айтылады.

2. Мемлекеттік. Индивидтің жағдайы мемлекеттегі қызмет орнына байланысты болады. Мемлекет тәртіп орнатады және оны саяси ойынның қатысушыларының орындауын бақылап отырады.

3. “Өзін-өзі санкциялаушы”. Саяси күрестің ережесі оның процесінде пайда болады және оған қатысушылардың барлығының тарапынан ұсынылуы мүмкін, бірақ бұл ережелер көпшіліктің қолдауына ие болғанда ғана қазмет жасайды. Бұл үлгінің нәтижесінде саяси топтардың жоғары мобильділігі мен саяси ережелердің үздіксіз ауысып отыруы жүзеге асады.

Саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде режим саналады (А.Ориу, М.Дювержье және басқалар). Саяси режим саяси жетекшілік үшін күрестің сипатын анықтайды (сайлаулардағы еркін бәсекелестік, басшылықтың ауысуы толықтыру тарапынан іске асырылады, режимге бейімделген және жуасытылған оппозицияның болуы, т.б.).

Саяси жүйенің қызметтері, оның әрекет ету механизмі мыналардан тұрады: біріншіден, саяси әлеуметтену және адамдарды саяси өмірге қатысуға шақыру, әлеуметтік қауымдастықтар, топтар мен индивидтер тарапынан өздерінің шынайы мүдделеріне сәйкес келетін талаптарды қалыптастыру және оларды саяси күрес ортасына немесе саяси шешімдер қабылдау саласына жылжыту, үкіметтің құрылымдарға саяси байланыстарда алға тартылатын жекелеген топтарды бір мағынадағы көпшілік бейнеге келтіру. Екіншіден, саяси жүйенің қызметтері ретінде норма заңдарын іс жүзінде қолдану, бақылау, нормаларды сақтау т.б. алға шығады.

Адамдардың саяси өмірде жүріс-тұрысын анықтайтын әр түрлі нормалары (олардың талап қоюы, ол талаптардың шешімге айналып, шешімнің іске асырылу т.б. процестеріне қатысуы) саяси жүйе құрылымының нормативтік-реттеуші саласын құрайды. Нормалар - азаматтардың саяси процестердің барлық түрлеріне қатысуының негізгі ережесі. Нормалар екі түрге бөлінеді: норма-заңдар және норма-әдеттер.

Заңды қабылдаумен мемлекеттік саясат аяқталып қалмайды. Шешім қабылдау процесінде “нормаларды қолдану” қызметі маңызды рөл атқарады. Оны тек атқарушы органдар мен әкімшілік құрылымдар ғана орындамай, сонымен қатар заң қабылдаушы және құқықтық құрылымдар да жиі орындайды. Заңды бұзу жәйтін анықтау және заң бұзушыға тиісті жаза қолдану мақсатымен заңдар мен әрекеттердің орындалу барысын бақылап отыру маңызды мәнге ие болады.

Саяси социологиядағы мемлекет категориясы

Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті алғышарты мен талабы болып өзіндік ерекшелігі бар және айқын көрінген саяси кеңістігінің болуы саналады. Оның географиялық шектері: билік тарайтын аумақ пен адами шектері - мемлекет халқы болады. Қандық-туыстық байланыстарға негізделген рулық-тайпалық ұйымдарға қарағанда мемлекет аумақтық принцип бойынша құрылады. Бұл жерде әлеуметтік-саяси маңызға ие болатын нәрсе мемлекеттің аумақтық шекараларының этникалық принциптерімен сәйкес келуі. Олардың сәйкес келмеуі белгілі бір жағдайларда жанжалдардың бастау алар көзі болуы мүмкін.

Мемлекеттің мәні және оған жүктелген міндеті олардың қызметтерінде көрініс береді. Ол қызметтерге мыналар жатады:

- қоғамды қандай да бір әлеуметтік-топтық күштердің билеп төстеуін қамтамасыз ету;

- елді сыртқы басқыншылардан қорғау;

- елдің экономикасының дамуына қандай да бір түрінде әсер ету;

- рухани мәдениет пен идеологияның дамуы;

- сыртқы байланыс (дипломатиялық, сауда т.б.).

Олармен қоса ұлтты қалыптастыру және ұлттық қатынастарды реттеу сияқты қызметтер айтылады. Өйткені мемлекет ұлттық интеграцияның маңызды құралы және халықты әлеуметік қорғау мен қоғам өмірінің әлеуметтік саласының көптеген мәселелерін шешуге байланысты мемлекеттің әлеуметтік қызметі ретінде алға шығады [21].

Мемлекеттің өзіне тән ерекшелігін М.Вебер заңды күш көрсетуге құрал ретінде арқа сүйей отырып, адамдардың адамдарды билеп төстеуші қатынастар деп атап, оның күш көрсетуге, тәни мәжбүрлеуге монополиясын білдіреді деді.

Мемлекеттік мәжбүрлеудің көлемі айтарлықтай кең: шектеу немесе бас бостандығынан айырудан бастап тәни жойып жіберуге дейін (өлім жазасы). Заңды мәжбүрлеу қызметін орындау үшін мемлекеттің арнайы құралдары бар: қарулар және биліктің басқа ресурстары мен органдары - полиция, қауіпсіздік қызметі, сот, прокуратура, қайта түзеу мекемелері (түрмелер, колониялар, легерьлер), әскер.

Кез келген мемлекеттің мәні оның белгілерінен, қызметтерінен және принциптерінен көрінеді. Конституциялық немесе құқықтық басты принцип болып жеке адамның және қоғамдық тәртіптің құқығы мен еркіндігін қорғау арқылы өз билігін шектеу саналады. Құқықтың қайнар көзі ретінде мемлекет емес, ажырамас құқықтары кешенімен жеке адам қарастырылады, олар өз кезегінде басқалардың еркіндіктері мен құқықтары арқылы шектеледі.

Құқықтық мемлекетте жеке тұлға және халықтар бір мезетте биліктің субъектілері мен объектілері ретінде алға шығады.

Таңдап алу және биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот болып тармақталу құқығы қызмет етуде.

Құқықтық мемлекет идеясының мәні “қызып кетуден” құтылуда және адамдардың жүріс-тұрысын майда күйдегі реттелуінен арыла отырып, тиімділікті жоғарылатуда болып отыр.

Құқықтық мемлекет материалдық, еркіндік, әлеуметтік әділеттік және теңдік мәселелерін шешеді және осылар әлеуметтік мемлекет тәжірибесі мен теориясының пайда болуының себебі болды.

Баршаға мәлім мәнінде құқықтық мемлекеттің жалғасы мен қосымшасы бола отырып, әлеуметтік мемлекеттің рөлі тіпті басқа ыңғайда іске асырылады. Егер мемлекеттік қысқарту, төмендету идеясы либералдық болып табылса, әлеуметтік мемлекет оның әрбір адамға айтарлықтай өмір сүру жағдайын, әлеуметтік қорғалуын т.б. қамтамасыз етуге тырысуымен консервативтік, социалистік немесе социал-демократиялық тұжырымдамаға жақындау болады. Әлеуметтік мемлекет ұлттық табысы аз қамтылған топтар өкілдері пайдасына таратып беруге көп көңіл бөледі, жұмыспен қамту және жұмысшының мекемеде құқығын қорғау саясатын жүргізеді және т.б.

Екеуінің арасындағы қарым-қайшылық, құқықтық мемлекет әуел баста ойластырылуы бойынша қоғамдық байлықты бөліп берумен және азаматтардың әл-ауқатымен айналыспауы қажеттілігінде болып отыр.

Дағдарыстан шығу жолы ретінде мемлекет қызметін жеңілдету және өркениетті өмір сүрудің ең аз деңгейіне кепілдік беру алға тартылуда.

Бөліп беру және қайта тарату саласындағы мемлекеттің шектен тыс белсендігі бюрократиялық аппараттың күшеюіне, азаматтар бойында арқа сүйеушілік, сенушілік көңіл-күйдің қалыптасуына және осы институтқа ақталмаған үміт артуына алып келеді. Сондықтан ең басты бағыт мемлекеттік бюрократиялық мекемелерді ауыстыру үшін азаматтық қоғам институттарын белсенді түрде тарту болып табылады.

Азаматтық қоғам және оның институттары

Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.Локк еді. Ол өз ойларында принциптік маңызды жағдайдан индивидтің ажырамас қасиеті ретіндегі жеке меншікке негізделді. Меншік еңбекпен жасалады және мемлекеттің пайда болуына дейін қалыптасты, ол мемлекеттің осы меншікті қорғау мақсатына ие екенін аңғарамыз.

Ш.Монтескье Локктен кейін қоғам мен мемлекетті бөліп тастады. Ол үшін азаматтық қоғам - тарихи дамудың нәтижесі, адамзат тарихының табиғи жағдайдан, отбасынан және қаһармандық кезеңнен кейінгі төртінші сатысы.

Азаматтық қоғам және мемлекет мәселелерін қазіргі заманғы оқытылуына тікелей әсер еткен идеялар Г.Гегель тарапынан ұсынылған еді. Гегель бойынша азаматтық қоғам - олардың әрекеттесуі құқықпен реттелетін жеке тұлғалар, таптар, түрлі топтар мен институттар мүдделерінің күрделі сәйкестенуін білдіретін азаматтардың жеке өмір сүру саласы. Азаматтық қоғам мемлекет дамуының кезеңі болғанымен, оған тікелей тәуелді емес. Азаматтық қоғамның тамыры жеке меншікті, мүдделер қауымдастығын және азаматтарды формальді (яғни заңмен қарастырылған) теңдігін қалыптастырады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның диалектикалық бірлігінің негізі - қоғамның жоғары деңгейде жіктелген әлеуметтік құрылымы.

Азаматтық қоғамды мемлекет анықтамайды керісінше мемлекетті азаматтық қоғам анықтайды. Және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас көпшілік алдындағы билік пен жеке дара бостандық арасындағы қатынас тәрізді.

Қазіргі заманғы отандық ғалымдардың азаматтық қоғамға деген көзқарастары негізгі екі ұстанымға келіп тіреледі.

Олардың бірінің айтуынша бұл қоғам, еркін нарық және демократия жолында құрылуға міндетті. Олардың түсіндіруінше бұл - түрлі жеке мүдделер мен адамдар талабын білдіретін және олардың іске асырылуына жағдай жасайтын жеке және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттардың, ұйымдар мен бірлестіктердің жүйесі.

Екінші позицияға сәйкес “азаматтық қоғам” категориясы дегенде ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы өндірістік қатынастар мен саяси төңкерістер пайда болған қазіргі заманғы қоғамдардың түрлері айтылады. Бұл жерде азаматтық қоғам адамдардың қазіргі заманғы өнеркәсіп өркениеттері шеңберінде араласу формасы ретінде немесе жеке, мемлекетке тәуелді емес күнкөріс көздеріне ие әлеуметтік таптар мен топтардан пайда болған қоғам жағдайы ретінде түсіндіріледі.

Азаматтық қоғамда еркіндік пен бостандыққа баса назар аудару, батыстық саяси ғылымдағы либералды-демократиялық дәстүрге тән. Либералдық демократия көзқарасы тұрғысынан азаматтық қоғамның мәні индивид пен мемлекет арасындағы бірқатар қорғаушы құрылымдардың жасалуында болды. Сөйтіп, сырттан кедергі жасаудан бостандық қамтамасыз етіледі, яғни бостандық “не үшін” емес “неден” деген мағынада (жағымсыз либералдық көзқарас) ол қалайша және ненің арқасында іске асырылуы мүмкін екені көрсетілмейді.

Азаматтық қоғам дегенде жалпы мемлекетке тәуелді емес және онымен қатарласа өмір сүретін түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, аумақтық және басқа қауымдастықтардан құралған жеке тұлғаның көп бейнедегі мүдделерін білдіру формасы ретінде қызмет атқарушы қоғамның ерекше саласы түсіндіріледі.

Азаматтық қоғамды адамдар бір-біріне және мемлекетке тәуелді емес ретіндегі индивидтердің әрекеттесуінің өзіндік бір әлеуметтік кеңістігі түрінде көзге елестетуге болады.

Саяси социология азаматтық қоғамның құрылымына назар аудара отырып, оның екі жақты табиғатын ашады: идеалды және нақтылы, материалды және рухани т.б. дамудың полярлық бағыттарының болуы.

Азаматтық қоғамның құндылығы мен маңыздылығы оның қызметтерінен көрінеді:

Интегративті қызмет. Азаматтық қоғам адамдарды топтар мен қауымдастықтарға еркіндік және еріктілік принципі бойынша біріктіреді. Бұл қызмет түрлі күштердің күресуінің деструктивті мүмкіндігін тоқтатуға, оларды дұрыс жолға бағыттауға шамасы жететін нормалар мен шекараларды анықтайды.

Инструментальдық қызмет (ұжымдық түрде мақсатқа қол жеткізу).

Дистрибутивтік қызмет (марапаттарды, рөлдерді бөліп беру).

Ұдайы өсіру қызметі (әлеуметтік өмірдің ұдайы өркендеуін қамтамасыз ету).

Реттеуші қызметі (реттеу, адамдар іс-қимылын нормалар мен шектеулер жүйесі арқылы бақылау). Қоғамның өзі мемлекеттен тәуелсіз және оның көмегімен жеке индивидті жалпы қалыптасқан нормаларды сақтауға мәжбүрлей алатын құралдары мен шектеулері бар.

Коммуникативтік (өзара түсінісуге, қарама-қайшы және түрлі бағыттағы мүдделердің және ұмтылыстардың, индивидтердің, топтардың, ассоциациялардың, қозғалыстардың т.б. арасында пәтуаға қол жеткізу) қызмет.

Халықтың саяси мәдениетінің дамуы нәтижесінде азаматтық қоғамның саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құраладары, бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар, ассоциациялар және басқалар сияқты институттары мемлекеттік құрылымдар секілді үйреншікті құбылысқа айналуда.

Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекетке қарағанда билік өкілдігіне ие емес. Саяси партиялар сияқты, олар алдына мемлекеттік билікті қолына алуды мақсат тұтпайды, яғни әуел бастан саяси болып саналмайды, бірақ кейде саясаттануы мүмкін. Алайда олар билік басында кімнің тұрғанына, мемлекет кімнің мүддесіне орай әрекет етуде деген мәселелерге немқұрайдылықпен қарамайды. Бұл жағдайда да олардың саяси белсенділігі - көбірек іс-әрекеттің негізгі мақсатына қарағанда жанама нәтиже болады.

Қоғамдық ұйымдар - ол қоғамның плюралистік табиғатын, онда өзіндік мүдделері бар көптеген әлеуметтік топтардың бар екендігін білдіру. Соңғысы қоғамдық ұйымдардың көптеген түрлерін тудырады: қоғамдық ұйымдар бұл сөздің дәлме-дәл мағынасында кәсіподақтар, қолөнершілер одағы, интеллегенцияның шығармашылық одақтары, ғылыми қоғамдар, рухани клубтар, мәдени-ағартушылық қоғамдар, көркемөнерпаздар ансамбльдері, театрлар және басқалар.

Қоғамдық ұйымдар бірқатар белгілерге: әлеуметтік-экономикалық қана емес, сонымен қоса рухани қызығушылықтарды да, оның ішінде қатынасқа түсу, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуді көздеу, белгілі бір әрекеттерге үздіксіз бағыт ұстануға, айқын құрылымға, қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытына ие болады.

Қоғам өміріндегі әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдардың рөлі айқын түрде олардың көптеген қызметтерінде көрініс береді. Олардың қатарында: әлеуметтік топтардың, қоғамның топтары мүдделерінің көрініс беруі (артикуляция). Әдетте, адамдардың қызығушылықтары тұлғалық, эмоционалдық және екі ұшы бар формада алға шығады (мысалға “біз өзгерістерді қалаймыз) және мемлекеттің шешіміне айтарлықтай әсер ете алмайды. Қоғамдық ұйымдар оларды айқын талаптар ретінде қайта өркендетіп, өз атынан ұсынады.

Негізгі қызмет көптеген жеке мүдделерді келістіру, олардың арасынан қалыпты, ерекше мәні барларын, бірінші кезектегілерін табу болып табылады. Осындай негізде мемлекетпен, саяси партиялармен байланыс орнатады, оларға қоғамның өзекті мәселелері, нақтылы топтардың өзіндік ерекшелігі бар қызығушылықтары жайлы ақпараттар жеткізеді. Олардың қызметіне халықтың мүддесіне сәйкес саяси шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік билікке қысым жасау да жатқызылады. Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекеттік аппараттың әрекетіне “төменнен” бақылау жасайды, туындаған мәселелерге қатысты баламалы шешімдер ұсына отырып, оны қолдайды немесе оған қарсы шығады, сөйтіп оны жаңа идеялармен байытып отырады.

Ең соңында, олар халықтың көп бөлігінің басқару процесіне қатыстырылуын тікелей өз қызметі деп санайды және саяси мәдениеттің, демократияның дамуына, азаматтық қоғамның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Саяси партиялар социологиялық талдаудың объектісі ретінде. Саяси партиялар әлеуметтік ұйымдар мен қозғалыстар арасында ерекше орын мен рөлге ие болады. Демократиялық мемлекеттерде барлық саяси институттар дербес және табысты түрде қызмет атқарады: мемлекеттік және билік құрылымдарының қалыптасуына әсерін тигізеді, саяси мақсаттарды реттейді, қоғамның саяси дамуын бағыттайды. Авторитарлық және тоталитарлық қоғамда түрлі бірлестіктер мен ұйымдар қатарына кіретін адамдардың мүдделерін алға тарту және білдіру үшін құрылады. Саяси партиялар, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер қатаң түрде басқарушы элитаға бағынып, олардың табиғи қызметі өзгеріске ұшырайды. Партия сөзі латынша pars, partіs- бөлік, топ деген сөзден шыққан. Партия әлеуметтік қауымдастықтың мүдделерін қорғаушы ең белсенді деген бөлігін білдіреді.

Партия саясаттануның да, социологияның да зерттеу объектісі болып табылады. Саяси социология саяси қатынастарды нақтылы индивид, топ, қауымдастық, саяси институттармен саяси мақсаттары бойынша әрекеттесу позициясын зерттеп білуді мақсат етеді. Бірақ ол әлеуметтік деңгейде жасалынады. Бұл жағдай қарастырылып отырған объектілердің саяси ангажирленуін емес, саяси әрекетінің әлеуметтік жанамалалығын меңзейді.

Бұл жағдайда партиялар немесе саясаттың бағыты ұйымның және жеке өзінің мақсаттарын іске асыруда ерекше жауапкершілікке ие болған немесе ие болмаған нақты әлеуметтік индивидтердің әрекетінің теңесуі ретінде қабылданады.

Социологиялық тұрғыға сәйкес партияларды зерттеуде бірінші кезекте қарастырылатындар:

· партияның ішкі қүрылымы;

· партиялық жетекшілік;

· партиялардың өзара байланыстары мен қатынастары;

· саяси партиялардың қоғамдық институттармен қатынасы;

· партияның қоғамдық пікірде танымалдылығы;

· партиялар сайлау жүйесінде;

· партиялық жүйелердің өлшемдері;

· партияның әлеуметтік базасы және басқалар.

Жалпы социологиялық тұрғының басты өкілі М.Дюверже. Ол партияларды екі жақты жіктеуді ұсынды және жіктеуді жүргізу үшін басты өлшем партиялардың саны болып есептелінді. Ғалым партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөлді.

Кадрлық партиялар “төменнен” және парламенттік топтарда “жоғарыдан” сайлау комитеттерінің даму нәтижесі ретінде қабылданады. Бұқаралық партиялар жалпылама сайлау құқығының өнімі болып табылады.

Кермонн мұндай партияларға мынадай анықтама берді: “партия мүшелерінің сайлаушыларға қатысты, тиісінше белсенділердің партия мүшелеріне қатысты шамасы қаншалықты көп болса, соншалықты ұйым бұқаралық партия типіне жақындай түседі. Және керісінше, бұл шамасы қаншалықты аз болса, ол соншалықты кадрлық партия типіне жақын”.

Жіктелімнің екі деңгейі бар: бірінші деңгей партияларды жіктейді, ал екінші деңгей - партиялар жүйесін жіктейді.

Қандай да бір өлшемге байланысты партиялар былайша жіктелінеді:

экономикалық немесе өндірістік қатынастарға байланысты; буржуазиялық, үсақ буржуазиялық, пролетарлық, жартылай пролетарлық.

идеологияға байланысты: оңшыл радикалды, консервативтік, буржуазиялық-либералдық, буржуазиялық-реформистік, социал-демократиялық, солшыл социалистік, коммунистік.

ұйымдық қүрылудың ішкі қүрылым позициясынан: әскериленген, автократиялық, демократиялық, орталықтандырылған және орталықсыздандырылған.

аумақтық белгісі бойынша: жалпы үлттық, аймақтық.

саяси қүрылымдағы орны, рөлі және орындайтын қызметі бойынша: билеуші және оппозициялық.

Партияларды жіктеуде басқа да өлшемдер бар.

Партиялық жүйелерді жіктеу де айтарлықтай көп. Бірінші кезекте партиялық жүйеге анықтама берейік. “Партиялық жүйе дегенде тәуелсіз элементтерден (партиялар) олардың өлшемімен (сайлаушылар санымен, ішкі құрылымының типінен) және коалициялық мүмкіндіктерімен анықталатын саяси кеңістік пішіні түсіндіріледі” [8, 230-б.].

Тарихи тұрғыда бірпартиялық, қоспартиялық (бипартизм), “екі жарым партиялар”, билеуші партиялық және көппартиялылық жүйелер қалыптасқан.

Италиялық саясаттанушы Дж Сартори жасаған партияларды жіктеу ерекше толықтығымен ерекшеленеді. Ол партиялық жүйелердің 7 типін бөліп қарастырады: бір партиялық билеп-төстеушісі бар жүйе, басым салмағы бар партиялық жүйе, қоспартиялық жүйе, шектелген плюрализм жүйесі, бөлшектенген жүйе.

Билік категорияларының детерминантарынан келіп шығатын партиялық жүйенің саяси күшті үш деңгей позициясын қарастыруға болады:

Бірінші - биліктің тікелей іске асуы. Бұл деңгейде саяси партиялар өздерінің бағдарламалық ұстанымдарына сәйкес билік органдарын қалыптастырады, саясаттың басым бағытын ұсынады. Тікелей басқару жүйесі айқын түрде батыс елдерінде қолданылады.

Екінші деңгей - ол саяси партиялардың биліктің іске асырылуына қатысуы. Бұл жағдайда партия билікке өзінің заң қабылдаушылық (мысал ретінде) өкілеттілігін пайдалана отырып ықпал жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар сол Парламенттің құрамында болғандықтан биліктің қатысушысы болып табылады. Бұл оған өзінің бағдарламалық ұстанымдарын итермелеуге мүмкіндік береді.

Үшінші деңгей - ол билікке әсер ету. Бұл жерде партия билік механизмдерінен шығарылып тасталған. Ол тікелей түрде емес жанама түрде әсер етеді. Билікке қысым жасаудың негізгі екі жолы қоданылуы мүмкін. Ол арадағы делдалдар арқылы лобби құру, яғни партияның сөзін жақтаушы билік өкілдері мен идеяларды, тұжырымдамаларды қоғамдық деңгейде көпшілік алдына ұсыну.

Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны

Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар алғашқы бөлінбейтін элементі ретінде, саяси саладағы өзінің іс-қимылына, жеке басының жауапкершілігін алып жүруші, құқықтары мен бостандығы бар жеке адам ретінде қарастырылады.

Саяси қатынастар жүйесінде тұлға өзінің түп негізінде әлеуметтік тапқа жатуынан келіп шығатын саяси қабілеттердің иеленушісі ретінде алға шығады. Әрбір адам мемлекеттің, ұлттың, таптың немесе топтың өкілі болып табылады және тиісінше азамат, ұлт өкілі, жұмысшы, шаруа немесе зиялы ретінде көрінеді.

Тұлға әлеуметтік айқындылыққа ие бола тұра, қандай да бір қоғамдық қатынастардың түріне тиісті қауымдастықтардың өзіндік ерекшелігі бар қабілеттерінің иеленушісі ретінде енеді.

Қазіргі заманғы қоғамдық-тарихи ой-пікірлерде және саяси фиолософияда арнаулы нота (персоналистическая нота) көрініс береді. Басқаша айтқанда, “саңлақтар” принципінен “монадтылық” принципіне ауысудың қажеттілігі жайлы түсіндірме жиі берілуде. Осымен қатар, ғалымдар ХХ ғасырдың соңында “бұқаралық” принцип қана емес, “жеке даралық” принципі де әрекет етеді дегенді баса айтады. Басқаша айтқанда, тұлғаның саясаттағы рөлі арта түседі. Көпшілік үшін маңыздысы шешімдердің қабылдаушыларға ғана емес (жоғары шендегі басшыларға), сонымен бірге қатардағы адамдар үшін де пайдалылығы. Ол адам игеруге шығушы, тұтандырғыш, электоральды белсенді, бейсаясатшы жәй адам немесе терроршы болуы да мүмкін.

Тұлғаның саясатқа қатысуының формалары қоғамда болатын объективті жағдайлар мен алғышарттарға тәуелді болады. Саясаттанушылар оларды материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси құқық деп бөледі. Адамның бірқалыпты саяси әрекетке қатысуы үшін олардың тамақтануға, ең қажетті тауарларға, тұрғын-үй тұрмыс жағдайларға деген бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандырылуы қажет. Шет елдік саясаттанушылардың (С.М. Липсет) зерттеулері қоғам қаншалықты бай болған сайын, соншалықты көп мөлшерде саяси өмірде демократиялық формаларды пайдаланатынын растайды. Қоғамның әл-ауқаты саяси сенім мен бағыт ұстануға айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік орта да тұлғаның саяси әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына белсенді түрде әсерін тигізеді. Тұлғада демократиялық сенімдердің қалыптасуы немесе тоталитарлық және автолитарлық көзқарастар мен қылықтарға жақын тәуелділік болады. Саясаттың субъектісі ретіндегі тұлғаның іс-қимылына оның мәдени деңгейі, білімі күшті ықпал жасайды. Социологтар мынадай қорытындыға келген: адамның білім деңгейі қаншалықты жоғары болса соншалықты көбірек саясиланған бағыт ұстанады және мәселелерді демократиялық жолмен шешуге жақын болады. Сауатсыз адам санадан сүзіліп өткен саясаттан тыс тұрады және саяси әрекеттің, алдап-арбаудың объектісі болып қала береді.

Жеке тұлғаның саясатқа реттеулі және нәтижелі қатысуы үшін белгілі бір конституциялық алғышарттар мен әрбір адамның саяси процеске қатысуының заңдық формалары, олардың дұрыс беруінің нәтижелері бұрмаланбайтынына, көсемнің, фьюрердің, президенттің күтпеген шешімі олардың демократиялық құқығын тартып алмайтынына сенімділігі және заңдылық кепілінің болуы қажетті.

Көптеген халықаралық құжаттарда, атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі жалпы декларациясында әрбір адамның ой еркіндігіне, сенімдеріне және оларды еркін түрде білдіруге, бостандықты іздеуге, ақпараттар мен идеяларды алуға, оларды таратуға құқылы деп баса айтылады. Әрбір адам тікелей немесе еркін түрде сайланған өкілдері арқылы өз елін басқару үшін қатысуға құқылы.

Тұлғаның саяси өмірдің нақтылы агенті болуы үшін, социологтар саяси әлеуметтену деп атайтын процестен өтуі керек. Саяси әлеуметтенудің екі аспектісі бар, біріншіден, ол индивидтің пісіп-жетілу, өзінің саяси “мен”-іне ие болу процесін, саяси өмірге жеке көзқарасының, өз қызығушылықтары мен ұстанымдарының, таңдау мен қалауларының дамуын білдіреді. Екіншіден, өзіндік мәдени “трансмиссия” процесі, яғни саяси көзқарастарды, идеяларды және нормаларды, оларды бағалауды, іріктеуді және сіңіруді алдыңғы ұрпақ өкілдерінен қабылдау, ұғыну.

Тұлғаның саяси қатысуының бірнеше формалары бөліп қарастырылады:

Біріншісі. Өз өмірін және іс-қимылын, қатынастарын билік органдарымен конституциялық негізде келістіру.

Екіншісі. Азаматтардың электоральды қатысуы немесе билік органдарына өз өкілдерін сайлауға және сайлану құқығын пайдалануы.

Үшіншісі. Әкімшілік процеске қатысуға өкілдік берілген тұлға ретінде саяси әрекетті іске асыру.

Төртіншісі. Тұлғаның бұқаралық іс шараларға қатысуы (шерулерде, демонстрацияларда, жиналыстарда, шағым білдіруде, аштық жариялауда және т.б.).

Бесіншісі. Тұлғаның ұйымдастырылған формадағы саяси процестерге қатысуы, яғни саяси қозғалыстарда, партияларда, саясиланған БАҚ-тардың әрекетіне, саяси клубтардың, бірлестіктердің т.б. жұмыстарына.

Азаматтардың саяси жүріс-тұрысының үш түрі жайлы айтылады. Бірінші түрі - конформизм - социологтар және әлеуметтік психологтар бөтен пікірлерге бағыт ұстануды, әлеуметтік көнгіштікті, үгіттеу шараларына және бұқаралық таптаурындарға сыни емес көзқарастағы, болып жатқан оқиғаларды саналы бағалауда санасыз түрдегі қылықтардың билеп-төстеуін айтады.

Екінші түрі - индифферентті адам, яғни немқұрайлы, қатыспайтын, селқос, саясаттан қашқақтаушы, саясатпен араласу пайдасыз нәрсе деп ойлайтын. Бұл типтегі адамдар “үндемейтін халық” деп аталатын тұрғындардың бөлігін құрайды. Көбіне саяси процестерге мұндай немқұрайдылық билеуші саяси жүйеге немесе қарапайым азаматтардың саяси жетекшілерге сенбеуі болып табылады.

Үшінші түрі - саяси активизм. Қолда бар саяси жағдайға қанағаттанбаушылық немесе оны толықтай мойындау және мақұлдау сезімі адамдарды саяси оқиғаларға белсенді қатысуға итермелейді. Саяси активизм өзінің шекті көріну формасында оң және сол бағыттағы саяси рационализмді, экстремизді және фанатизмді туғызуға қабілетті.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: