Дін феномен ретінде

12 Дін әлеуметтік стабилизатор: дұниетанымдық көзқарастар бойынша

13 Діннің әлеуметтік өзгерістеріндегі факторлар. Діннің әлеуметтік ролі

14 Әлемдік діндер:дістүрлі және дәстүрлі емес діндер.

Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес «жаңа діни қозғалыстар» пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар»- деген әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты «діни секта» деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта термині дінтануда «дәстүрлі емес діни қозғалыстар»,- деп әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік, қонфессия, деноминация ретінде қабылданады.

15 Дәстүрлі және емес діндер; Үнді халықтарының діндері:брахманизм,индуизм,сикхизм

Дәстүрлі діндерден ХІХ- ХХ ғасырларда екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс қоғамында көптеген өз алдына дербес «жаңа діни қозғалыстар» пайда бола бастады, олардың нақты санын анықтау мүмкін емес, себебі олар күннен- күнге көбеюде. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өздерін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни- танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар»- деген әртүрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты «діни секта» деген жалпылама атау берілуде. Бұл зерттеуде дәстүрлі ұлттық құндылықтар мен діни көзқарастар тұрғысында қарастырылады. Діни секта термині дінтануда «дәстүрлі емес діни қозғалыстар»,- деп әлеуметтік мағынада қолданылса, ал құқықтануда бұл термин діни ұйым, діни бірлестік, қонфессия, деноминация ретінде қабылданады. Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Брахманизм- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Брахманизмда о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады. Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі.Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

қасиеттері істер жолы;

таным жолы;

адалдық жолы.

Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді. Сикхизм - Үндістандағы дін.

16Қытайдың ұлттық діндері: даосизм, конфуцианшылдық

Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген.«Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды. Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке — әке, ал ұл – ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.

17 Жапонның ұлттық діні: синтоизм

Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Дзиммутэнно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.Синтоизмде табиғатта өмір сүретін құдайлар мен рухтар бар. Осы рухтар кез келген қолдан жасалған затқа жан бітіруі мүмкін, сол зат табыну нысанына айналады. Синтоизм бойынша өмір мақсаты ата-бабалар идеалын жүзеге асыру, құдаймен рухани бірігу салт-жоралғылар мен сыйыну. Қазіргі заманғы Жапонияда синтоизм өз ұстанымын белгілі бір деңгейде сақтаған, ал оның жаңа секталары ұлттық ділді қалыптастыруға белсене атсалысуда.

18 Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм

Біздің дәуірімізге дейінгі II мың жылдықта Солтүстік Арабияның көшпелі еврей тайпаларының полиатеистік сенімдері мен ырымдарының негізінде пайда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі XIII ғасыр Палестинаны (Ханаан) жаулап алады. Иудаизмнің қалыптасуына Яхве құдайын асқақтатушы Иуда тайпасы (атауы осыдан шыққан) ерекше ықпал еткен. Соңынан Яхве жалғыз құдайға айналады. Иуды тайпасынан шыққан Давид патша (біздің дәуірімізге дейінгі 977 жылы шамасы) заманында Израил-Иудейлік патшалық күшейіп, иудейлер тегі пұрсатты жағдайға ие болды. Иудаизмде діни ілім мен асқақтату ертеден басталады. Оларға жататындар:

Құдай, Дүние, Адам жайлы ілім;

діни асқақтатудың тәртібі;

моральдық-өнегелік қарым-қатынастар кодексі;

діни институттар жүйесі;

Құдай аңдамалылығының тұжырымы;

Мессианизм - Құдайдың елшісінің немесе маңдайына бақ қонғандардың Мессияға келуі, Құдай патшалығының орнауы. Танах.Иудаизмнің қасиетті кітабы - Сфарим, ежелгі еврейлік аббревиатурада - Танах, христиандықта - Көне Өсиет. Оған Тора (ілім), немесе Мұса пайғамбар жазды деп саналатын Бес кітап (Тұрмыс, Нәтиже, Левит, Сандар, Екінші зандылық);Нэвиим (Пайғамбарлар) - діни-саяси және тарихи-хронологиялық сипаттағы 21 кітап; Кэтубим (Жазбалар) – әр түрлі діни жанрлардағы 13 кітап кіреді. Көне Өсиеттің ең ежелгі бөлігі біздің дәуірімізге дейінгі X ғасыр белгіленеді. Танахтың Канонизациясы біздің дәуірімізге дейінгі III-VI ғасыр аяқталып, басқыншылық соғыстарының нәтижесінде еврейлердің Жерорта теңізі бойына шашылып, бытырауы басталады, диаспоралар пайда болады; еврей Библиясын грек тіліне аудару басталды (соңғы аудармасы - Сепуагинта).

19 Буддизм дінінің екі бағыты: чань буддизм және ламаизм

20 Христиан діні мен оның бағыттары

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. "Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміздің І ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Палестинаның, әсіресе, оның орталық бөлігі – Самария тұрғындарының этностық құрамы әртүрлі еді. Бұл жерлерге қоныс аударғандар мұнда өз мәдениеттері мен нанымдарының белгілерін ала келді.

21 Ислам және оның ағымдары

Ислам (араб.: إسلام‎) — ақырғы монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиан дінінен кейін әлемдегі ең таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.Исламдық көзқарас бойынша Аллаһтың діні және пайғамбарлардан жеткен Кітаптар (мыс.: Тәурат, Інжіл) өзгеріске түскен[2]. Осы себепті әрдайым адамзат баласын тура жолға салу үшін Аллаһ әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б.[3]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар ол Аллаһтың елшісі Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын)

22 Қазақстандағы әлемдік діндер

Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны бірнеше есе өсіп кетті, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар салынды. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Сарапшылардың бағалары бойынша, діндарлардың саны 80-жылдардың ортасымен салыстырғанда 20-25-тен 90-95 % дейін өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ұждан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге бағытталған жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды. Мұсылман және православие христиандарының діни бірлестіктері жалпы діндарлардың 90-нан аса пайызын құрайды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда діннің нақты қайта өркендеуі жүзеге асты. 1989 ж. 1 қантарында Қазақстанда 671 діни бірлестік, 20 конфессия мен деноминациялар болды. 20 жыл ішінде діни бірлестіктердің саны 6 есеге өсіп, 2011ж. 1 қаңтарында 4479 жетіп, ал конфессиялар мен деноминациялар саны 40-тан асып кетті. Қазіргі уақытта 3200-ге жуық мешіт, шіркеу, ғибадатханалар жұмыс істейді. Діни бірлестіктердің жалпы санында келесілер бар: ислам – 2756, Орыс православие шіркеуі – 303, рим-католиктік шіркеу – 84, протестанттық және жаңа діни ағымдар – 1301. Діни бірлестіктерге 3377 діни ғимараттар тиесілі, олардың ішінде 2416 – мұсылман мешіттері, 269 – православие шіркеулері, 88 – католиктік костелдер, 5 – синагога, сондай-ақ басқа да протестанттық және т.б. шіркеулер. Елде 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін рухани оқу орындары бар. Сондай-ақ ірі мешіттер жанынан ашылған курстар мен шіркеу жанынан ашылған жексенбілік мектептер бар. Осы таңда республикада 20 елден келген 400-ге жуық шет елдік миссионерлер жұмыс жасауда. Алайда, миссионерлердің ісі мен әрекеттеріне, олардың бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, ғылыми және өркениеттік мәндегі сараптамалар жасау қажет екендігін айту керек

23 Қазақстандағы христиандық провославие. Сенімдер мен культтер

Қазақстанда Православие сенушілер саны бойынша Исламнан кейінгі екінші діни бағыти болып табылады, оны Орыс православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ ескі дәстүр қауымдастарымен көрініс табады. Қазақстанда православиенің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылуы салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстармен байланысты. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды, одан қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент епархиялары таралды. 1872 жылы Верный мен Жетісу епархиясының кафедрасына ең бірінші қазақстандық архиерейлердің бірі - архиепископ Софония (Сокольский С.В.) тағайындалды, ол епархияны 1877 жылға дейін басқарды. 1917 жылғы революцияға дейін православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды. Қазақстанда протестантизм тым әр тектес болып табылады. Елде 20 конфессияны білдіретін 1 мыңнан астам протестанттық бірлестіктер бар. Жыл сайын жаңа бағыттар пайда болып отырады. Конфессияның негізгі құраушылары - Қазақстанда көптеген жылдар бойы болған - баптистер, лютерандар, пятидесятники, жетінші күн адвентистері. Соңғы жылдары елде шетелде туындаған көптеген харизматикалық және оларға жақын жаңа түзілімдер (300-ден астам) бар. Қазақстанның барлық протестанттық бірлестіктері үшін тән қасиет шетелдегі және елден кеткен діндестермен тығыз байланыс болып табылады. Протестанттық қоғамдастар орнына ерекше қызығушылық түрлі құқық қорғау ұйымдары, оның ішінде халықаралық ұйымдар тудырып отырады. Протестанттық діни бірлестіктер белсенділігі қайырымдылық қызметте, түрлі халықаралық форумдар, фестивальдер, конференциялар өткізумен көрінеді. Ерекше көңіл жастармен жұмыс істеуге бөлінеді. Қазақстанда қазіргі заманғы протестантизмде конфессияаралық жалпы мүдделерді белгілеу дәстүрі жаңа құбылыс болып табылады. Қазіргі заманғы протестантизмде жалпы мүдделерді қорғау мақсатында бірлесу дәстүрі және жаңа құрылғандар мен бар одақтар арасында кейбір бір біріне қарсы тұрулар да нақты байқалады. 1999 жылы осы мақсатта Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы (АРОК) құрылды, оның тіркелген Жарғысына сәйкес негізгі міндеті діни бірлестіктер мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай мақсат және міндетті үш ұйым бар: Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы (АРОК) (басшысы Клюшев А.В.), Қазақстандық Евангелиелік Альянсы (Егізбаев А.К.), Қазақстандық діни еркіндік қауымдастығы (КАРС) (бас хатшысы Синельников А.Е.).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: