Экономика кафедрасы

Экономика кафедрасы 1965 жылы құрылған. Кафедрада білікті профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Орта мектепті бітіріп келген түлектер 4 жыл, ал екінші жоғары білім алушылар мен «колледж-жоғары оқу орны» жүйесі бойынша оқитын студенттер 2,5 жылда экономика мамандығын алып шығады.

Қазір еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді және әлемдік нарықта өз орнын айқындап та алды. Мұндай жағдайда білікті, құзыретті экономистердің үлкен сұранысқа ие болары сөзсіз. Сондай-ақ, экономика мамандығы салааралық болып табылады. Сондықтан экономист-маманның кез келген кәсіпорында қызмет етуге мүмкіндігі мол. Мысалы, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да, мемлекеттік мекемелерде, сауда орындарда, банктерде, бизнес орталықтарында т.б. жұмысқа орналаса алады. Тіпті өзі жеке кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адамға да экономикалық білім керек. Экономика кафедрасының түлектері кәсіптік қызметтің төмендегі түрлерін орындай алады:

- өндірістік-басқарушылық;

- ғылыми-зерттеу;

- пайдаланушылық;

-маркетинг.

Студент-экономистер гуманитарлық, іргелі және әлеуметтік-саяси ғылымдар бойынша түрлі пәндерден білім алады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі спорт клубтары, концерт бағдарламалары мен дискотекалар ұйымдастырылып тұрады. Және тапқыр да алғыр студенттер клубы (КТК, Не? қайда? Қашан?) жұмыс істейді.

3.7. Мәтіннен дара етістіктерді теріп жазыңыздар.

3.8. Берілген сөйлем мен пән атауларын пайдаланып, диаграмманы толықтырыңыздар.

1. Студент-экономистер гуманитарлық, іргелі және әлеуметтік-саяси ғылымдар бойынша түрлі пәндерден білім алады.

2. Қазақ тілі, Экономика теориясы, Банк ісі, Қазақстан тарихы, Бағалы қағаздар нарығы, Математика, Мәдениеттану, Кеден ісі, Физика, Еңбек нарығының экономикасы, Философия, Менеджмент (түрлері бойынша), Химия, Әлеуметтану, Маркетинг, Ағылшын тілі.

3.9. Берілген сұрақ-жоспарды пайдалана отырып, «Университет мұражайында» тақырыбына шығарма (15≤20 сөйлем) жазыңыздар.

1. Сіз біздің университеттің мұражайы туралы естіп пе едіңіз?

2. Ол қайда орналасқан?

3. Мұражайға кірерде қызығушылығыңыз болды ма?

4. Мұражайдың сол жақ қабырғасында қандай мәліметтер орналастырылған?

5. Мұражайдың оң жақ қабырғасында қандай мәліметтер орналастырылған?

6. Университеттің толық пішімі (макет) мен жоспары қайда орналасқан?

7. Онда қандай нысандар көрсетілген?

8. Университет мұражайында қандай белгілі адамдардың суреттері ілінген?

9. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың студенттік кезінен сыр шертетін қандай құжаттарды көрдіңіз?

10. Елбасымыздың қандай еңбектері қойылған?

11. Кафедралар тарихына байланысты қандай деректерді білдіңіз?

12. Университеттің еңбек ардагерлерінен кімдерді білесіз?

13. Университетті үздік бітірген түлектер туралы не айтар едіңіз?

14. Студенттердің спорттағы жеңісі туралы не білдіңіз?

15. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін көрдіңіз бе?

16. Мұражайдағы пайдалы қазбалар жөнінде не айтар едіңіз?

17. Өзіңіз оқитын кафедра туралы не білдіңіз?

Грамматика!

В русском и казахском языках глаголы поразделяются на переходные (сабақты етістік) и непереходные (салт етістік), которые различаются по отношению к объекту действия.

Сабақты етістіктер обозначают действие (но не состояние), направленное непосредственно не предмет. В обоих языках сабақты етістіктер в предложении сочетаются с обозначением объекта в винительном падеже (в русск. – без предлога), а в казахском – табыс септік. Мысалы, баланы (кімді?) тәрбиелеу, қиындықты (нені?) жеңу т.б.

Салт етістіктерге относятся все глаголы, обозначающие:

а) движение и положение в пространстве: отыру, жүгіру, лететь т.б.

б) физическое и нарвственное состояние: ауыру, зардап шегу, қуану т.б.

3.10. Етістіктерді салт, сабақтылығына қарай екі бағанға жазыңыздар және 5-5 сөз тіркесін құрастырыңыздар.

Салу, шаттанбау, ағару, ағартпау, есту, ойлау, қайғыру, көрмеу, қартаю, орындамау, сауығу, жобалау, білу, таңдау, еңбектенбеу, қозғалу, еске түсіру, түсінбеу, ұйықтау, ұғу, жасару, қуу, үнемдемеу, таныстыру, таныспау, сезбеу, алыстау, жүру, жазбау, теру, күлмеу, үміттену, жумау, тазалау, кездеспеу, сұрау, тапсыру, сақтану, сақтамау, жылжу, жылжыту, қозғалу, қозғалту, сергу, сергітпеу, тойлау.

3.11. Сөздердің арасына сәйкестік орнатыңыздар.

шегені жүру дәрісханадан қуану бақыттан ауыру тұмаумен тамашалау нан қағу мұражай шығу жақсы хабарға ілу жолмен ойлау досы туралы сатып алу қабырғаға тыңдау ән басы айналу -ке есту -ті көру -тен жетістіктері -пен келу -тің айту Университет -ті отыру -ке қарай өткізу -тің түлектері туралы таңдау -те мақтану -тен соң бітіру
Есте сақтаңыздар!
  • в казахском языке некоторые из непереходных глаголов после прибавления к ним суффиксы етіс (залоговая форма глагола) –дыр, -дір, -тыр, -тір, -т становятся преходными.
Мысалы: танысу – таныстыру, жылжу – жылжыту және т.б.
  • в русском языке некоторые из непереходных глаголов по значением движения после прибавления к ним приставки становятся преходными.
Например: ходить – исходить (весь свет), плыть – переплыть (реку) и т.п.

3.12. Берілген сөйлемдерден табыс септігі арқылы байланысқан сөз тіркестерін тауып жазыңыздар.

Фантастикалық киноларды жиі көресіз бе? Ондағы қаһармандар кіп-кішкентай, бірақ мүмкіндігінде шек жоқ ойыншықтарды пайдаланады. Кинодағы мұндай гаджеттерді адамдар да пайдалануы мүмкін. Дизайнерлер адам өмірін жеңілдетудің жолын іздеуде. Қытайлық Kingyo деген азамат Mercator атты жеке менеджерлік құрылғы жасады. Ол күнделікті ұсақ-түйек тірліктеріңізді ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл гаджет жоспарыңызды есіңізге салып отырады. Соның арқасында уақытыңызды үнемдейсіз.

ТӨРТІНШІ САБАҚ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: