Панаханалар

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5 м кем болмауға тиіс.

Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған өртаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құрал-дармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиенатіық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.

Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус), орындардың жиынымен анықталады. Шағын — 300 адамға дейін, өрта — 300—600 адам, үлкен — 600-ден астам адам.

Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі — 3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі — 80%), температура 23 °С (шекті жол берілуі — 31 °С) аспауға тиіс.

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып түрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алые болуы, пана­хана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.

Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберістер мен шығаберістердің болуы.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер: Панахананын; ішкі бөлімдері (қорғалатын ди­зель электростанцияларын, тамбур- шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5 м3 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені ала-ңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5 м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның мандайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15 м болуғатиіс (шекті жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).

Жасырынуға арналган бөлме бір неше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды орналастыру үшін бір және екіярусты орындықтар немесе нарлар қойылады; төменгісі отыру үшін, үстіңгісі жату үшің-іКатуға арналған орын нар екіярусты болып орна-ласқанда панаханада жалпы орының 20%-ін, ал үшярусты орналасқан кезде 30%-ін құрауға тиіс.

Басқару нүктесіне арналган бөлме қорғалған электркөзі бар бөлмеге орналасады бір жұмыс істейтін алаң нормасы 2м2 болып белгіленген.

Санитарлық нүкте (медпункт) сырқаттарды анықтау және оқшалау мақсатында жасырынатындардың жүріс тұрыстары мен денсаулық жағдайын тұрақты бақылайды.(Ғимарат-тың санитарлық ахуалын, азық-түлік пен ауыз суының сақталуы мен таратылуына санитарлық қадағалау жасайды) Ол ұжымдық дәрі-дәрмек қобдишасымен жабдықталады (1 тізбе — 100—150 адам; 2 тізбе 400—600 адам үшін). Звенода (топта) қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететін фельдшер бол­тан жағдайда қосымша фельдшерлік, дәрігерлік қобдишамен жабдықталады.

Желдетілетін бөлме панахананың ішкі қабырғыларымен түйісуге және кіреберістер мен авариялық шығыберістерге жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне тікелей орналасуға рұқсат етіледі.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылады.

ДЭС үшін бөлмелер ішкі қабырғаға орналасады және ба­ска бөлмелерден жанбайтын қабырғамен (қоршаумен ажыратылады) панаханадан бөлмеге өтетін кіреберістер панаха­на жаққа қарай ашылатын екі қымталған есігі бар тамбурмен жабдықталады.

Тамбур-шлюз басқа кіреберістер жабылғаннан кейін панаханаға адамдарды жіберу кезінде панахананың қорғаныстық қасиеттерін сақтайды, сыйымдылығы 300 адам және бірден артық кіреберісі бар панаханаға орнатылады.

Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қөзғалысын ескере отырып панахананың қарсы жағына орнатылады.

(Панаханаға өтетін барлық кіреберістер (тамбур-шлюздері барынан басқалары) панаханаға кіреберіс арқылы радиоактивтік және улағыш заттардың, биологиялық құралдар және өрт кезінде жанатын өнімдердің түсуінен қорғайтын тамбурлармен жабдықталуға тиіс. Тамбурдың сыртқы қабырғасына қорғағыш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панахананың авариялық шығаберісі тоннель түрінде жасалады ол үйінді баспаған аумаққа алып барады және баулығы бар тік шахтамен аяқталады. Панаханадан тоннельге өтетін кіреберіс тиісінше қабырғаның ішкі және сыртқы жақтарына орнатылатын қатты қымталған қақпақпен жабдықталады. Авариялық шығаберістердің баулықтары ғимарат биігінің кемінде жартысын, яғни кемінде 3 метр қашық-тыққа қоршаған ғимараттардан алшақ болуға тиіс. Қақпагы-ның биіктігі 1,2м қабырғаға ішке қарай ашылатын қаңылтыр тормен жабдықталған ойық істелінеді. Биіктігі 1,2 м төмен жерге төмен қарай ашылатын металл тор орнатылады.

Барлық панаханалар кіреберіс пен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі.

Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады.

Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгілік желдеткіш (И режим). Таза желдеткіш режимі кезінде пана-ханаға бершетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.

Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).

Панахананы ауамен жабдықтау жүйесі ауа ұстағыш қондырғылардан, шаңнан қорғайтын сүзгіден, сүзгіш-жұтқыштан, жылу ұстагыш сүзгіден, желдеткіштен, тарату желісі мен ауа реттегіш қондырғыдан құралады, өрт ықтимал панаханаларға ауаны күкірт қышқылынан тазартылатын сүзгілер мен ауа айдау құралдары орнатылады. Ауамен жабдықтау жүйесін зақымданудан, соққы толқынынан қорғау үшін ауаұстағыш және сорғыш каналдарда жарылыстан қорғайтын қондырғылар орнатылады.)

Жылу өрталыгынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жыльггу жүйесі). Берілетін және қайтатын құбыр өткізгіштердің түйісіндегі тірек арматурасы панахана шегінде орнатылады. Жылыту жүйесі жылдың суық уақытында панаханада +10°С температураны, егер бейбіт уақытында оны пайдалану шарты бойынша бұдан жоғары температура талап етілмесе, қамтамасыз етуге тиіс.

Панаханада сумен жабдықтау мен канализация қалалық және объектілік жерлерде жүргізіледі. Алайда сыртқы желілер бұзылған жағдайда судың авариялық қоры, сондай-ақ сыртқы желілерге тәуелсіз ағын жинауға арналған қабылдағыштар жасалуға тиіс.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л есеппен жасалады. Ауыз су қоры ыдысына, әдеттегідей, екі тәулік бойында толық айырбасты қамтамасыз ететін ағын тоған орнатылады. Бейбіт уақытта су шығыны қарастырылмайтын жеке тұрған панаханаларда, сондай-ақ сыйымдылығы кемінде 300 адамдық панаханаларда ауыз суы қорын сақтау үшін панахананы дайындыққа келтіру кезінде толтырылатын құрғақ ыдысты қолдануға рұқсат етіледі.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қөзғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы канали­зация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар ор­натылады. Панаханың санитарлық торабы бөлмесіне ағындарды жинау үшін авариялық резервуар орнатылады. Резервуар жабынына унитаз орнына пайдаланылатын және қақпақпен жабылатын саңылау жасалады. Резервуар көлемі әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 2 л есеппен анықталады. Құрғақ қалдықтау жинау үшін қағаз қаптар немесе пакеттер қойылатын, әрбір жасырынушы үшін тәулігіне 1л есеппен орын қарастырылады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қорғалған кезден — ДЭС-тен жүргізіледі. Сыртқы желілерден электрберу ток-таған жағдайда панаханада көшпелі шаң батарея, велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады.

Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50-200 адам.

ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға ар-налған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстар, ауаның шаңнан тазалайтын мата сүзгі, су құйылатын ыдыс, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.

ЖТП желдеткіші екі режим бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш-желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әртүрлі желдеткіштер пайдаланады.

Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардан жасалына­ды, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі. Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға әкелінген ыдыстарды сақталынатын ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі. Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын сан алуан жер асты ғимараттары бар: метро, көлік немесе жүргіншілер өткенділері, жерасты көлікжайы, кафе, кино. Өнеркәсіп объектілерінде адамдар өндірістік корпустары арасындағы жалғағыш тоннель.

Тау-кен өнеркәсібі дамыған аудандарда адамдарды қорғау үшін тау ұңғымалары пайдаланылады, мұндай жерасты тұрақтары адамдарды радиоактивті сәулелену мен ядролық жарылыстан кейін түскен жауын-шашыннан сенімді қорғай алады.

Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін, ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимарат-тарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды. Адам­дарды жасырынуға арналған ұңғымаларды қымта үшін ағаш есік қойылады, брезенттен немесе тығыз материалдан жа-салынған перде ілінеді, сумен жабдықтаудың, канализация мен жарықтың қарапайым жүйелері жасалынады. Санитарлық тораптар желдетілетін ұңғымаларда орнатынуы мүмкін. Жарық үшін электровөздардың көшпелі аккумуляторлы батареялары пайдаланылады. ұңғымаларда адамдарды орналастыру, олардың отыру мен жату үшін орындықтар мен нарлар орнатылады. Радиациядан қорғайтын орын (РҚО)

РҚО ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп- қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады.

Жертөледегі радиациядан қорғайтын бассауғалар

Бейбіт уақытта, паналайтын адамдардың қорғайтын қамтамасыз ететін, қымталмаған қорғаныс ғимараттары радиа­циядан қорғайтын ғимараттар деп аталады. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды.

РҚО-ға бір қатар талаптар қойылады. Оның қоршайтын құрылғылары радиоактивті сәулеленуді талай мәрте әлсірету қажеттігін қамсыздандыруға тиіс. Панахана жасырынатын адам кеп келетін жерге жақын орналасуға тиіс, еденнің деңгейі топырақ суының ең жоғары деңгейінің кемінде 0,2м биік болуға тиіс. РҚО бөлмесінің биіктігі еден белгісінен бастап жабынан төменге дейін 1,9м кем болмауға тиіс. Жертөлені және басқада тереңдетілген жайларды панахана ретінде ыңғайластыру кезінде олардың биіктігі төмендеу бо­луы мүмкін (1,7м). РҚО ретінде ыңғайластырылған бөлменің қорғаныс қабілетін арттыру белменің сыртқы қабырғасының сыртына еден деңгейінен 1,7м биіктікке тас пен кірпішпен қосымша қалқа немесе топырақ салынған каптар қою арқылы қамтамасыз етіледі. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден аспауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі. Кіреберістер жасырынатындардың негізгі тобының қөзғалысын ескере отьтрып панахананың қарсы жағына орнатылады.

РҚО-ның сыртқы қабырғасына қатты қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады. Есіктер адамдарды көшіру кезінде ашылуға және есік қорабына есік қаңқасының мығым қысылуын қамтамасыз ететін резина төсемдері мен сыналары болуға тиіс.

Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.

Панахананы электрмен жабдықтау қаланың (объектінің) сыртқы желісінен және қажетті жағдайда қоршаған көзден жүргізіледі. Сыртқы желілерден электр беру тоқтаған жағ-дайда панаханада көшпелі шам, батарея велогенератор мен басқа көздерден авариялық жарық қарастырылады. Әрбір панаханада қалалық және жергілікті радиохабар желісіне қосылған кәсіпорынды басқару нүктесі мен дауыс қатайтқышы бар телефон байланысы болуға тиіс. Резервтік байланыс құрал ретінде объекті (аудан) АҚ желісінде істейтін радиостанция қызмет ете алады.

Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нор­масы екіярусты нар кезінде 0,5м2және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

Панаханаларда өз бетімен ағатын немесе панахана ішіне қөзғалтқыш орнату арқылы айдау жолымен сыртқы кана­лизация желісіне ағын суды айдайтын санитарлық тораптар орнатылады. Канализация жоқ кезінде дәретті жинау үшін пудр-клөзет немесе резервуар-шұңқыр орнатылады. Ал сыйымдылығы 20 және одан да аз адам сиятын орындарды дәретті қабылдау үшін тығыз жабылатын ыдыс қойылады.

Санитарлық тораптар ерлер мен әйелдер үшін бөлек ор­натылады.

Ластанған киімді сақтауға арналған бөлме кіреберістердің біріне ыңғайластырылады және бөлмеден жанбайтын қоршаулармен ажыратылады. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі жасырынатын орынды лас киім үшін кіреберіске киім ілгіш қоюға болады.

Жасырынатын орынды жылыту ғимараттың өртақ жылыту жүйесіне қосылады және ажыратқыш қондырғылармен жабдықталады. Жылытылмайтын бөлмелерге уақытша жылыту қондырғысын қою қарастырылады.

РҚО-да қарапайым желдеткіш немесе механикалық желдеткіш қарастырылады. Қарапайым желдеткіш ауа ұстағыш және сорғыш шахталар арқылы жұмыс істейді, келетін ауаны беруге арналған саңылау бөлменің төменгі жағына, ал сорғыш саңылау жоғары жағына орналасады. Механикалық жұмыс істейтін желдеткіш жүйесінің ауа ұстағыш қондырғысы жер­дей кемінде 2м биіктікте орнатылып, радиоактивтік шаңнан қорғайтын қалпақшамен жабдықталады. Жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шам мен шырақдандар пайдаланылады. Авариялық жарық ретінде май шамды да жағуға рұқсат етіледі.

Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне Зл есеппен жасалады. РҚО-ны ауыз су қорымен жабдықтау өртақ су құбырынан жүргізіледі. Барлық панаханалар кіреберіспен сыртқы есіктегі көрнекі жерге орналасқан белгілермен таңбаланады, ал панаханаға қарай қөзғалыс бағыты нұсқағышпен көрсетіледі. Барлық тізбеленген шаралар ғимарат жасырыну режиміне көшірілген кезде жүргізілуге тиіс. РҚО құрылысы өте қысқа мерзімде, 12 сағатқа жетпей аяқталуға тиіс. Қарапайым үлгідегі панаханалар (ҚП)

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт ең қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым панахана — қуыстарды (ашық және жабық) салады.

Қарапайым панахана жағдайда панахана мен РҚО сияқты халықты қорғаныс ғимараттар мен қамсыздандыруда аралық кезең болып табылады.

Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималды 2,3 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады соққы толқынынан қорғану 2,5—3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200—300 есеге артады қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың жүғуынан, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2—3 есеге, жабық — 40—50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады. Әдетте оның терендігі 180—200 см, жоғарыдағы ені 110 —120 см және төмендегі ені — 80 см болады. Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады және бір адамға 50—60 есеппен жасалады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10—15 адам, ал үлкен қуыстыкі 50 адам. Кіреберістер түйіспелі учаскеге тікбұрышты болып жа­салады, бұл жағдайда сыйымдылығы 20 адам қуыста бір кіреберіс, ал одан артық болған жағдайда екі кіреберіс жаса­лады. Әлсіз топырақта қуыс қабырғалары киіммен, қалың тақтаймен, темірбетон құрылғысымен және басқа материалдармен ынғайтылады. Қабырғалардың бірінің бойымен отыру үшін орындық, ал қабырғаларға, азық-түлікпен ауыз суы құйылған ыдысты сақтау үшін қуыс жасайды. Қуыс еденнің астына одан шығар жерде орналасқан су жинағыш құдығы бар дренажды арық орнатылады. Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан не­месе тіреуден істелінеді. Үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6—0,7) және дерн жабады. Кіреберістер сыртынан есік қалқанымен жабатын люк немесе есігі бар төмендетілген баспалдақты саты түрінде жасалынады.

Қуысқа тақтайдан істелінген желдеткіш қорап орнатылады.

Қуыстың ағаш бөлшектер, сыртқа шығып тұрған ұштарын оттан сақтайтын кранмен жабады.

Ашық қуыстарды салу жау шабуылы қауіпі туындаған сәттен бастап қысқа мерзімді аяқталуға тиіс. Бұдан кейін қуыстар жабылады. Бұдан кейін қуыстын қорғаныс қабілеті өсіп РҚО деңгейіне жеткізілуге тиіс. Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп-кету тәртібі. Қорғаныс ғимараттарын толтыруға, онда адамдарды орналастыруға және өзін-өзі ұстау тәртібін қамсыздандыруға басшылықты панаханаға қызмет көрсететін топтың, (буынның) жеке құрамы осы қорғаныс ғимаратының коменданты болып табылатын командир жүргізеді. Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі.

Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі, балалар мен ата-аналар жеке бөлмеде немесе олар үшін арнайы бөлінген жерге орналасады.

Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының (буынның) жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс.

Қорғаныс ғимаратындағы демалыс әрбір адамның жатып тыныстауы үшін кезекпен ұйымдастырылады. Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тындау ұйымдастырылады.

Панахана еденін ара-тұра сумен шайып, ал 2—3 тәуліктен соң РҚО-пың барлық жері мен ондағы заттарды ылғал шүберекпен сүрту қажет. Азық-түлік пен суды ластағыш заттар түспеу үшін жақсы жабылған ыдыста сақтайды.

Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар газқағарлары мен теріні қорғау құралдарын киеді.

Қорғаныс ғимаратынан шығу сырттағы жағдай мен түсетін әмірлер және дабылдар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін оның өкімі бойынша жүргізіледі.

Кіреберістер мен авариялық шығаберістер үйінді астында қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отыра оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікті сүйемен және сына арқылы ілгешейінен алады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңлау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан ары жалғастырады. Бір уақытта авариялық шығаберістер үйіндіден тазартылады. Адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару мына тәртіппен жүргізіледі: әуелі төбеге бірнеше адам шығып өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі, бұдан кейін зардап шеккендер, балалар мен қарттар, ең соңында қалған барлық адам әкетіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: