Конспект

Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспект деп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.

Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда консект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.

Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.

Мәтінді конспект - қолжазбадан алынған үзінді- дәйексөз негізінде жасалады. Мәтіндік көшіру логикалық байланыс арқылы беріледі.

Мәтінді конспект- автордың сөзбе-сөз айтқандары мен келтірген дәйектерін айқындайтын ерекше дерек көзі. Мұндай конспект ғылыми мақала (кітап) авторының шынтуайтсыз пайымдаулары немесе талас туғызатын жақтарын анықтауда үлкен мүмкіндік береді. Ал мұны мазмұнын айту кезінде аңғару қиын. Өйткені,

Мәтінді конспектіні материалдарды оқу кезінде бірқатар авторлардың айтқандарын салыстыра талдау үшін аса қажет. Алайда мәтінді конспект жасаған уақытта басты дәйексөздерді (көшірме жасау шеберлігін) нақтылы және дұрыс, тез таңдай алу шеберлігін талап етеді.

Еркін конспект- көшірме, дәйексөздерді кейде тезистерді үйлестіретін конспект түрі. Бұл конспект түрі басты мәселелерді өздігінен, нақты және қысқаша тұжырымдау шеберлігін қажет етеді. Ол үшін материалды тереңнен түсіну, бай және белсенді сөздік қор болуы тиіс.

Тақырыптық конспект- қойылған сұрақ-тақырыпқа қажетті барынша немесе азды-көпті жауап береді. Әрине, бұл негізінен конспекті жасаған кезде қолданған әдебиеттер саны мен басқа материалдарды пайдалану деңгейіне байланысты болады. Тақырыптық конспектіні жасау тақырыппен жұмыс жасауға, оны жан-жақты қарастыруға және сол бір тақырыпқа қатысты әртүрлі көзқарастарды талдауға үйретеді.

Тезис (түйін)

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.

Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.

Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.

Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.

Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.

Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.

Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.

Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.

Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.

Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын орытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.

Тезистерді жасаған уақытта тұжырымдамаларды кітапта берілетін ретпен емес, оларды логикалық байланыс жағынан біріктіріп беру қажет.

№1 аралық бақылауға арналған коллоквиум тақырыптары:

ХХ ғ. басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері,

қалыптасуы және даму кезеңдері

1. Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.

2. Алаш зиялыларының творчестволық мұрасы.

3. Классикалық еуразияшыл ғалымдарының шығармашылық қызметі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Нысанбаев Ә. Еуразия философиясы. // Егемен Қазақстан, 2003, 22 сәуір.

2. Мүтәліпов Ж. «Еуразиялық өркениет» идеясының мәдени кеңістіктегі дәстүрі. // Саясат, 2003, №10.

3. Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей.- Алматы: «Дайк-Пресс», 2005.- 310 с.

4. Оразбаева А.И. Евразийство в контексте теории цивилизации. // Евразийское сообщество, 2004, №1.- С.155-161.

5. Данилевский Н.Я. Горе победителям.- Москва, 1998.

6. Савицкий П.И. О задачах кочевниковедения: (почему скифы и гунны должны быть интересны для русского:). - Прага: Евраз. Книгоиздательство, 1928.

7. Вернадский Г.В. Монголы и Русь.- Тверь-Москва: «Леан», Аграф», 1997.

8. Саудабекова Э. Орыс Евразиядағы социомәдени тұлға ретінде. // Ақиқат, 1997, №3.- Б.37.

9. Козыбаев М. История и современность.-Алма-Ата: «Ғылым», 1991.

10. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.

11. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: «Санат», 1995.

12. Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.-Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992.

13. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: «Ана тілі», 1993.

14. Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. Уч. пособие.- Семипалатинск: Семипалатинский пединститут им. Шакарима, 1993.

15. Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. - Москва: «Россия молодая», 1994.

№2 аралық бақылауға арналған тапсырма:

1. «Л. Гумилевтің теориялық тұжырымдамалық идеяларының ерекшеліктері» атты тақырыпта эссе жазу.

2. Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразиялық идеясының» негізгі бағыттары турылы жазба жұмысы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Евразийство и Казахстан. Труды Евразийского научного форума: «Гумилевские чтения». – Астана: Изд-во ЕНУ, 2003.

2. Мұратова Г.Ә. Дана Абай- пассионар тұлға (Л.Н. Гумилевтің ғылыми ұстанымы мен қағидаттары негізінде байыптау). // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, 2009, № 2.- Б.32-37.

3. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.- Москва, 1989.

4. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли.- Ленинград, 1989.

5. Гумилев Л.Н. От Руси к России.- Москва,1992.

6. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало.- Москва,1992.

7. Гумилев Л.Н. Қиял патшалығын іздеу: «Пірәдар Иоанның мемлекеті» туралы аңыз. /Ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов/ - Алматы: «Балауса», 1991. - 448 б.

8. Гумилев Л.Н. Көне түріктер (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Білім», 1994. - 480 б.

9. Гумилев Л.Н. Хұндар. (Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов).- Алматы: «Қазақстан», 1998.- 528 б.

10. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии,- Москва, 2007.

11. Гумилев Л.Н. Древние тюрки.- Москва, 1967.

12. Гумилев Л.Н. Хунны в Китае.- Москва,1974.

13. Коркмазов А. Ю. Идея пассионарности в творческой деятельности Л.Н. Гумилева. // Сборник научных трудов. Серия «Гуманитарные науки», вып. №10, СевКавГТУ.- Ставрополь, 2003.- С.1-10.


«Еуразияшылдық: теория және практика» пәнінен реферат тақырыптары:

  1. Еуразияшылдық идеясының қалыптасу тарихы мен эволюциясы.
  2. Еуразия этностары: этногенезі және мәдениеті
  3. Шығыс славяндар мәдениеті
  4. Еділ бойы халықтары мәдениеті
  5. Кавказ халықтары мәдениеті
  6. Орта Азия халықтары мәдениеті
  7. Сібір халықтары мәдениеті
  8. Көне Қытай өркениеті
  9. Көне Үнді өркениеті
  10. Парсы мәдениеті
  11. Прототүріктер өркениеті: ғұндар мәдениеті
  12. Сақтар мәдениеті
  13. Зороастризм діні тарихы
  14. Буддизм діні тарихы
  15. Христиан діні тарихы
  16. Ислам діні тарихы
  17. Түркі дәуірі өркениеті
  18. Алаш қозғалысының қалыптасуы және идеялық негіздері
  19. Алаш қайраткерлерінің ғылыми-шығармашылық қызметі (бір тұлға мысалында)
  20. Алаш зиялыларының еуразияшылық ілімге қатысты көзқарастары
  21. ХХ ғасыр басында еуразияшылдық идеясының қалыптасуы
  22. ХХ ғ. басында түрікшілдік идеясының қалыптасуы және дамуы
  23. Алаш ұлттық идеологиясының теориялық негіздері
  24. Алаш идеологиясы еуразиялық өркениет контексінде
  25. Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы
  26. П.И.Савицкий шығармаларындағы еуразияшылдыққа қатысты тарихи ой-тұжырымдамалар
  27. Г.В. Вернадскийдің ғылыми еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы
  28. Н.С. Трубецкой және еуразияшылдық идеясы
  29. Л.Н. Гумилев- түркітанушы-ғалым
  30. Л.Н. Гумилев және пассионарлық идеясы
  31. Л.Н. Гумилев- жаңаеуразияшыл ғалым
  32. Л.Н. Гумилев еңбектерінде көне түріктер тарихының зерттелуі
  33. «АЗ и Я» еңбегінің тарихи маңызы
  34. Кеңестік дәуірдегі еуразияшылдық идеясы жағдайы
  35. Посткеңестік кезеңде еуразияшылыдқ идеясының қалыптасып, дамуы
  36. Қазіргі кезеңдегі Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени сабақтастық
  37. Еуразияшылдық идеясын дамытудағы Елбасының рөлі
  38. Еуразиялық өркениеттің ХХІ ғ. қайта жандануы
  39. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті- заманауи еуразиялық өркениет үлгісі
  40. Астана- Батыс пен Шығыс симбиозы
  41. Еуразия әлемі: тарих, қазіргі заман, келешек

42. ТМД елдері арасындағы еуразиялық интеграциялық үрдістер: өткені, бүгіні, болашағы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  




Подборка статей по вашей теме: