Сай-сайлап, мал айдап, 1 страница

Ерке өскен Арқаның Еркесі серіміз».

«Алаштың» басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді» деген болатын Елбасы.

Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.

Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.

ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.

Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.

«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың құндылықтарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Ал біз үшін ең үлкен құндылығымыз ол біздің атамекеніміз - қазақ жері, оның асты-үсті байлығы. «Алаш» идеясы сол қазақтың асты-үсті байлығын ұрпаққа жеткізу үшін жасалған идея. «Алаш» зиялылары ондаған жыл бойы осы мақсат үшін күресті. «Алаш» зиялылары қазақ халқының өз мемлекет тәуелсіздігін алу үшін тер төкті. «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхановтың: «Мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық» деген қанатты сөзі содан қалса керек-ті. Мемлекеттігі жоқ халық, қорқақ халық, жалтақ халық деген сөз. «Алаш» зиялылары мемлекет үшін, ұлт үшін күресті.

Қазақтың сан ғасырлық күрделі тарихында Алаш қозғалысының орны ерекше екендігін түйсіне отырып, ұлт-азаттық ұлы қозғалысқа айналған осы оқиғаның маңызы мен мәнін таразылау – қазіргі тәуелсіздік мұраттарымен байланысты екендігі белгілі. Осы орайда біз бұл мәселеде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді. Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады» деген ұлағатты сөздерін басшылыққа алуымыз қажет.

Әдістемелік нұсқаулар: Алаш идеологиясының теориялық негіздерін алаш зиялыларының ғылыми мұрасын қарастыру арқылы айқындау.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.

2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.

3.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. Уч. Пособие.-Семипалатинск: Семипалатинский пединститут им. Шакарима, 1993.

4. Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш.-Москва: «Россия молодая», 1994.

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-16-Б.

2. Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.-Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992

3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: «Ана тілі», 1993

Дәріс 4.

ЕуразияШЫЛДЫҚ идеясының қалыптасу кезеңдері

Мақсаты: Ресейдің эммигациядағы интелегенциясының арасындағы еуразиялық идеяның даму барысы, олардың мақсаттары мен міндеттері.

1. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы.

2. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.

Негізгі түсініктер: еуразияшылдық, еуроцентризм, Батыс және Шығыс түсінігі.

1. Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ,

одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған.

Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1» атты жинақ шығарылады.

1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді.

1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады.

1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник» шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген.

20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген. Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды.

1928 жылдың 24 қарашасынан 1929 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Парижде солшыл еуразияшылдардың «Евразия» (барлығы 35 нөмір) деген апталық газет шығарылған. Сонымен қатар, солшыл еуразияшылдардың ұстанымын «Евразиец» атты журнал насихаттады (Брюссель, 1928–1934, барлығы 25 нөмір шыққан).

«Версты» деген тақырыппен альманах 1925, 1926, 1927 жж. бойы Парижден шығарылған. Барлығы 3 нөмір жарияланды. Ал кейінгі еуразияшылдардың ұстанымын «Евразийские тетради» журналы (Прага, 1934 — 1936, барлығы 6 нөмір), «Свой путь» айсайынғы газет насихаттаған.

2. Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ.

Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты.

Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.

Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды.

1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

1992 жылы «Нашего современник» журналының №№2,3 нөмірлерінде Савицктйдің «Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского» атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарық көрді.

1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды.

1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты.

1995 жылы аталған басылымда жаңа антология жарияланды, лгы құрастырушылар — Новиков пен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М, 1995., Г. Флоровский «О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий «Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем».

1997 жылы «Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушы С. Ключников) жарық көрді.

1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» пьты кітап шықты.

1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы.

1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты.

1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды.

Срңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты.

2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадсктйдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразияшылдар қозғалысының қалыптасу кезеңдеріне тоқталған кезде сол уақыттағы Ресейдегі саяси жағдайды ескеру керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.И. О задачах кочевниковеденъя: (почему скифы и гунны должны быть интересны для русского:).- Прага: Евраз. Книгоиздательство, 1928.

2. Вернадский Г. В. «Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997.

3. Вернадский Г. В. «Монголы и Русь. Тверь-М.: «Леан»; Аграф», 1997.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. Исход к Востоку, 1921

2. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

3. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

Дәріс 5.

Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты

тарихи тұжырымдамасы

Мақсаты: Н. Я. Данилевский мен П.И. Савицкийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясын қарастыру.

1. Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі.

2. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы.

Негізгі түсініктер: еуразияшылдық, еуроцентризм, Батыс және Шығыс түсінігі.

1. Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген. 1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.

Негізгі идеялары:

  • Жалпыадамзаттық өркениетті сынау.
  • Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық өмір секілді 4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы.
  • Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады.

Құрметті генералдың баласы Данилевский Александровск лицейінде тәрбиеленді. Сондан кейін Санкт- Петербург университетінде білім алып, жаратылыстану факультетінің ерікті тыңдаушысы болды. Ботаникамен айналыса жүріп, Фурьенің социалистік жүйесін зерттеді.

Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.

«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді.

«Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.

Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.

Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.

Еңбектері:
Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003. С. 487.

Данилевский Н. Я. Владимир Соловьев о православии и католицизме. // Данилевский Н. Я. Горе победителям. М., 1998. С. 276-287.

Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003. С. 172.

2. П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы. Петр Николаевич Савицкий 1895 жылы 15 мамырда Черниговта дүниеге келген. 1968 ж. 13 сәуірде Прагада қайтыс болған. Орыс географы, экономист, геосаяттанушы, мәдениеттану, философ, ақын, қоғам қайраткері, еуразияшылдық көсемдерінің бірі.

Ақсүйектер тегінен. Чернигов помещигі, земстволық қайраткер, Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшесі (1906 ж.) Николай Петрович Савицкийдің ұлы. Гимназияда оқып білім ала жүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Ұлы Петр атындағы Петроград политехникалық институтында экономикалық факультетінде оқиды. Осында оқи жүріп, Петр Струев жетекшілігімен ғылыммен айналысқан. Струев арқылы осы кезде кадет партиясының оң қанатында болады. П. Б. Струевтің жетекшілігімен шығарылған «Великая Россия», «Русская мысль» атты журналдарында мақалалары жарияланған. 1916-1917 жж. Норвегияда орыс елшілігінде жұмыс істейді. Ресейге Қазан төңкерісі алдында келген. Бұдан кейін Украинаға кетеді. Бұл уақытта Петлюра әскері құрамында соғысқан. 1919 жылы деникиншілдермен бірге болып, Деникин мен Врангель үкіметтерінде сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарады. 1920 жылы қалған врангельдік әскерімен Константинопольге кеткен. Мұнда ол Струвемен бірге «Русская мысль» журналын қайта шығарады. Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» (София, 1920) атты еңбегінің ықпалында еуропоцентризм тұжырымдамасынан алыстай бастаған. Бұл Струвенің ұлттық-либерализм идеясы негізіне қайшы болды. Ол Трубецкойдың Ресейді «орталық материк» ретінде, яғни Ресей Еуропа мен Азияның ортасындағы- Еуразия деген түсінігіне сайып келді. Осылайша, П. Н. Савицкий еуразияшылдықтың негізін салушылардың бірі болды.

1920 жылы Болгарияға қоныс аударады. Ол Софияда «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» атты бірінші еуразиялық жинақтың шығарылуына қатысқан. 1921 жылдың соңында Чехословакияға ауысады. Прагадағы орыс заң университетінде приват-доцент болып қызмет жасаған. Орыс халық университетінде, Орыс ауылшаруашылық кооперация институтында, Орыс азат университетінде география және экономика пәндерінен дәріс берген.

1930 жылдары Прага неміс университетінде орыс, украин және ресейтанудан сабақ берген.

1940 жылы Прагада орыс гимназиясының директоры болған.

Ол еуразияшылдыққа шаруашылықпен айналысу, экономика тарихы және еуразияшылдық тарихы циклдерінің теорияларының негіздерін жасады. Көшпелілікті оқыту сияқты жаңа ғылымның пайда болуына үлес қосқан. Орыс геосаясатының еуразиялық нұсқасын жасаушы болды. Еуразиялық қозғалысының басқару органдарының мүшесі болған. Атап айтқанда, Үшеудің Кеңесі, Бесеудің Кеңесі, Жетеудің Кеңесі.

1920 жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. КСРО-да еуразияшылдықты таратуға әрекет жасаған. Алайда ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады. Олар ОГПУ-шілдердің большевиктерге қарсы «жалған» еуразияшылдарына алданып қалады. 1927 жылы «Трест» арқылы КСРО-ға құпия келген. Бұл кезде ОГПУ жасырын қызметкерлерін білмеген. Сондықтан «Тресттің» әшкереленуі, еуразияшылыдықққа оңдырмай соққы жасады.

1930 жылдары құрылымдық география жасаумен айналысқан. Осылайша, Н. С. Трубецкой мен Р. О. Якобсон сияқты лингвисттармен жасалынған еуразияшылыдыққа құрылымдық әдіс қолданды. Эмиграцияда Еуразиялық партияны құрушылардың (1932) және Эмигранттық қорғаныс қозғалысын жасаушылардың бірі болды. Бұл ұйымдар фашистер басып алған Еуропа мемлекеттерінде нацизммен күресуде үлкен үлес қосқан болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антинацистік үгіттер жасауға қатысқан. Сол үшін гестапомен қуғындалған.

1945 жылы Праганы Кеңес әскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мәскеуге жіберіліп, одан 8 жылға лагерьге айдалған болатын.

Мордовияда Дубровлагерьде отырған. 1954 ж. Мәскеу маңына ауыстырылған. 1956 ж.босатылып, ақталған. Мәскеуде қалу ұсынылғанымен, ол одан бас тартып, Чехославакияға кетеді. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. 1950 ж. Л.Н. Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П. Восток» бүркеншік есімімен, өлеңдер жинағын шығарған. Лагерьде болған күндері туралы жазады. Алайда сол үшін 1961 жылы ЧКР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен ұсталған. Алайда әлемдік қауымдастықтың араласуымен босатылады. Әсіресе, британ философы Бертран Рассель ықпал етті.

Әдістемелік нұсқаулар: Н.Данилевксий мен П.Савицкийдің шығармашылық қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеяның мәніне ден қою қажет.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003.

2.Данилевский Н. Я. Владимир Соловьев о православии и католицизме. // Данилевский Н. Я. Горе победителям. М., 1998.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: