Н1,н2,н3,н4,н5,н6

{ font-family: "Arial Cyr", Geneva, Helvetica, sans-serif; }

Браузер алдымен Arial Cyr қаріпін іздейді, таба алмаса - Geneva, соңынан - Helvetica, ешқайсысы да болмаса, əйтеуір бір жұмыр қаріп табады (sans-serif). Егер қаріп аты бірнеше сөзден тұрса, ол міндетті түрде қос тырнақшаға алынады.

font-size қасиеті қаріптің абсолюттік немесе салыстырмалы мөлшерін береді. Салыстырмалы түрде бергенде, пайыздық өлшем қолданылады (ағымдағы қаріп - негізгі) немесе мынадай түйінді сөздер қою керек:

larger – ірілеу;

smaller – шағындау.

Абсолюттік мөлшерде келесі өлшем бірліктерінің бірін көрсету керек: in, cm, mm, px, pt, pc.

Мынадай түйінді сөздерді де пайдалануға болады:

xx-small – өте майда;

x-small – майдалау;

small – майда;

medium – орташа;

large – ірі;

х-large – ірілеу;

xx-large – өте ірі. Көбінесе осындай салыстырмалы шамаларды берген дұрыс болып саналады.

Түстерді тағайындау

Стильдік қасиеттер түстерді тағайындаудың үш түрлі тəсілін береді:

· түйінді сөз, мысалы, white;

· он алтылық RGB-код, мысалы, #eee5d8;

· ондық RGB-код, мысалы, rgb(255,64,0);

color – элемент түсін анықтайды.

background-color – элемент шығарылатын маңайдағы фон түсін анықтайды. мысалы, стиль үшін мынадай фрагмент енгізуге болады:

15.Мәтін стильдері (letter-spacing line-height); (border-style border-color border-width margin padding).

letter-spacing – əріптер арасындағы аралықты қосымша анықтау үшін керек, normal түйінді сөзін немесе нақты мəн беруге болады, минус таңбалы мəн де болады (символдар бірінің үстіне бірі жазылады). Пайыздық тəсіл қолданылмайды.

line-height – жолдар аралығын тағайындайды.Абсолюттік биіктікті берсе де болады (14pt), жол аралығын (1.4) немесе жол биіктігінің пайызымен де (200%) көрсетіледі.

Мысалы, жоларалық екі интервал:

line-height: 2; немесе line-height: 200%;

normal түйінді сөзімен де берсе болады.

text-align – мəтінді көлденең туралау тəсілін көрсетеді. Оның мынадай мəндері қолданылады:

left – сол жақ шетке туралау;

right – оң жақ шетке туралау;

center – ортаға туралау;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: