LEFT, center (келісім бойынша), RIGHT

BGCOLOR – фон түсі.

BORDERCOLOR – ұя жақтауларының түсі. Бұл атрибут

<TABLE> тəгінің BORDER атрибутының мəні нөлге тең болмағанда ғана

қолданылады. COLSPAN – бағаналар тақырыбына арналған жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны.Ұяларды бос қалдыру кезінде оның ішіне «бөлінбейтін бос орын» (&nbsp) кодын жазып кету керек. Мысалы, <td>&nbsp</td> коды кестеде бос ұя жасайды.

Бірнеше ұяларды жолдар немесе бағаналар бойынша біріктіруге тура

келеді. Ол үшін COLSPAN жəне ROWSPAN атрибуттарын, олардың мəндерін өзгерте отырып пайдалану қажет. Келесі мысалда ағылшын тіліндегі to be етістігінің жіктелу мысалы көрсетілген.

<table border="1" bgcolor="yellow" align="center" cellpadding="3" width="252">

<caption> <b><em>to be</em></b> етістігінің жіктелуі:</caption>

<tr> <th>&nbsp;</th> <th> <em>to be</em> мəні</th> </tr>

<tr> <th>i</th> <td align="center" >am</td> </tr>

<tr> <th>you</th> <td align="center" rowspan="3">are</td></tr>

<tr> <th>we</th> </tr>

<tr> <th>they</th> </tr>

<tr> <th>he</th> <td align="center" rowspan="3">is</td> </tr>

<tr> <th>she</th> </tr>

<tr> <th>it</th> </tr> </table>

6.Кестелер тұрғызу кезінде шекаралық сызықтар жүргізу: бояу,туралау. Оларды пайдалану.

Кесте тұрғызу <TABLE> жəне </TABLE> тəгтері көмегімен орындалады, оның əрбір жолын анықтау – <TR> жəне </TR> тəгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – <TD> жəне </TD> немесе <ТН> жəне </ТН> тəгтері арқылы анықталады. <TD> жəне <ТН> тəгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тəгтерімен қоршалған мəтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, <TD> тəгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады. Кесте тақырыбы <CAPTION> жəне </CAPTION> тəгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:

<TABLE ALIGN="align" BGCOLOR="#rrggbb" BORDER="integer"

BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer">

</TABLE>

Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тəгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық: ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мəні – қостырнақша ішіндегі сөз – мына сөздердің біріне сəйкес келуі тиіс: LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке). BGCOLOR кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDER – бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді. BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды,BORDER атрибутымен бірге қолданылады.

WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мəні пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.

Кесте тақырыбы <CAPTION> тəгімен төмендегі ережеге сəйкес беріледі:

<CAPTION ALIGN="align" VALIGN="valign"> </CAPTION> Мұндағы <CAPTION> тəгінің төмендегідей атрибуттары болады. ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралайды, оның мəні LEFT, CENTER (көрсетілмесе, келісім бойынша осы мəн қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сəйкес келуі тиіс.

VALIGN атрибуты кесте тақырыбын вертикаль бағытта туралайды, ол ТОР, MIDDLE, BOTTOM (келісім бойынша осы мəн қабылданады), BASELINE сөздерінің бірін мəн ретінде қабылдай алады.

Кесте жолы <TR> жəне </TR> тəгтерімен қоршалып тұрады, бұлардың алғашқысының мынадай бірсыпыра атрибуттары болуы мүмкін:

<TR ALIGN="align" BGCOLOR="#rrggbb"

BORDERCOLOR="#rrggbb"> Кесте жолы… </TR> Енді <TR> тəгінің атрибуттарына тоқталайық.1

ALIGN – жол шеттерін туралау. Оның мүмкін мəндері LEFT (келісім бойынша), CENTER, RIGHT.

BGCOLOR жолдың ішкі фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDERCOLOR – жол жақтауларының түсі (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тəгінің BORDER атрибутының мəні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады. Кесте жолындағы бағаналар (ұялар) <TD> </TD> жəне <ТН> </ТН> тəгтері- мен төмендегі ережеге сəйкес анықталады: <TD ALIGN="align" BACKGROUND="url"[BGCOLOR="#rrggbb"BORDERCOLOR="#rrggbb"] > Бағана… </TD <TD> жəне <ТН> тəгтерінің мынадай атрибуттары болады:

ALIGN – мəтінді горизонталь бағытта туралау. Оның мүмкін мəндері: LEFT, CENTER (келісім бойынша), RIGHT

BGCOLOR – фон түсі.

BORDERCOLOR – ұя жақтауларының түсі.Бұл атрибут <TABLE> тəгінің BORDER атрибутының мəні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.

COLSPAN – бағаналар тақырыбына арналған жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны.

Кейде бірнеше ұяларды жолдар немесе бағаналар бойынша біріктіруге тура келеді. Ол үшін COLSPAN жəне ROWSPAN атрибуттарын, олардың мəндерін өзгерте отырып пайдалану қажет. Келесі мысалда ағылшын тіліндегі to be етістігінің жіктелу мысалы көрсетілген.

<table border="1" bgcolor="yellow" align="center" cellpadding="3" width="252">

<caption> <b><em>to be</em></b> етістігінің жіктелуі:</caption>

<tr> <th>&nbsp;</th> <th> <em>to be</em> мəні</th> </tr>

<tr> <th>i</th> <td align="center" >am</td> </tr>

<tr> <th>you</th> <td align="center" rowspan="3">are</td></tr>

<tr> <th>we</th> </tr>

<tr> <th>they</th> </tr>

<tr> <th>he</th> <td align="center" rowspan="3">is</td> </tr>

<tr> <th>she</th> </tr>

<tr> <th>it</th> </tr>

</table>

&nbsp бос ұя жасайды.

Мысалы, <td>&nbsp</td> коды кестеде бос ұя жасайды.

7. Құжаттарда сырғымалы жолдарды ұйымдастыру. Солға, оңға, жоғары, төмен жылжыту. Олардың түстерін, жылдамдығын, қаріптерін түрлендіру.

<MARQUEE> жəне </MARQUEE> тəгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды жəне оның мынадай параметрлері болады:

<MARQUEE [ALІGN=”left”] [BEHAVІOR=”alternate”]

[BGCOLOR= ”#rrggbb”] [DІRECTІON=”right”]

[HSPACE=”10”] [VSPACE=”8”]

[LOOP=”5”] [SCROLLAMOUNT=”5”]

[SCROLLDELLAY=”200”] [HEІGHT=”500”]

[WІDTH=”500”]> Кез келген мəтін

</MARQUEE >

ALIGN – "сырғымалы" мəтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тəсілін береді жəне де ол мына мəндердің біреуін қабылдайды: TOP, MIDDLE, BOTTOM.

BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі.

DIRECTION – жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мəндері: LEFT, RІGHT,UP,

DOWN жəне оның мəні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мəні автоматты түрде іске қосылады.

HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбенде (%) көрсетуге болады.

LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан, ІNFІNІTE (шексіздік) мəнін қабылдауы да мүмкін.

SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мəтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.

SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен көрсететін бүтін сан.

WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

Мысал:

<HTML> <HEAD> <TІTLE>мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text=red> <CENTER>

<H2> Сырғымалы жолдар </H2> <HR>

<H3> <MARQUEE BGCOLOR= WHITE

DIRECTION = RІGHT WІDTH=90%

SCROLLDELAY= 500>

Бұл бірінші сырғымалы жол

</MARQUEE>

<P> <MARQUEE BGCOLOR= BLUE WІDTH=50%

BEHAVIOR = ALTERNATE HEІGHT=100

SCROLLAMOUNT=”10” SCROLLDELAY=100>

Бұл екінші сырғымалы жол </MARQUEE>

</H3> <HR> </CENTER> </BODY>

</HTML>

8.Фреймдерді пайдалану (тәгтері, атрибуттары). Фреймдер арқылы ішкі, сыртқы сілтемелер ұйымдастыру тәсілдері.

HTML тілі броузер терезелерін бірнеше бөліктерге бөлу мүмкіндігін береді жəне олардың əрқайсысында жеке web-құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктер фрейм немесе кадр деп аталады. Мұнда əрбір фрейм экрандағы жеке тіктөртбұрышты аймақты алып тұрады. Əр фрейм ішінде бір-бірінен тəуелсіз құжат орналастыра аламыз.

Фреймдер құру үшін <FRAMESET> жəне <FRAME> тəгтері қолданылады да, мұнда əдеттегідей <BODY> тəгі пайдаланылмайды. <FRAMESET> тəгі броузер терезесіндегі фреймдердің көлемдері мен олардың орналасу тəртібін сипаттайды, <FRAME> тəгінде фреймдердің əрқайсысына шақырылатын құжаттар аттары көрсетіледі.

<FRAMESET> тəгінің ROWS=... (қатар) атрибуты терезені горизонталь – көлденең бағыт бойынша бөледі де, COLS=... (бағана) атрибуты тіке – вертикаль бағытта фреймдерге бөледі. Егер осы атрибуттың екеуі де берілсе, терезе тіке жəне көлденең төртбұрыштардан тұратын торларға бөлінеді. Атрибуттардың мəндері терезе бөліктерінің көлемдерін (биіктігін немесе енін) анықтайды. Əр бағанаға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша немесе пайыздармен (%) үтірлер арқылы бөлініп беріледі.

Егер бір фреймге абсолюттік мəн нақты берілген кезде қалғандарынан белгілі бір көлем артылып қалып немесе жетпей қалып жататын жағдай туындаса, онда броузер сол қалған фрейм көлемдерін пропорционал күйде көбейтеді немесе азайтады.

FRAMESET тəгі бір-бірімен қабаттасып жазыла береді.

Жақтау сызықтарын анықтайтын үш атрибут бар, олар BORDER, FRAMEBORDER жəне BORDERCOLOR.

FRAMEBORDER – фрейм жақтауларын бөліп тұратын сызық сызады. Ол 1-ге тең болса – дөңес сызық, 0 болса – жай сызық сызылады (мəні берілмесе, келісім бойынша, 1 болып есептеледі).

FRAMESPACING – фреймдер арасындағы бос кеңістік мөлшерін пиксельмен беретін бүтін сан.

BORDER – барлық фреймдер жақтаулары сызығының қалыңдығын пиксельмен анықтайды.

SRC= фреймде орналасатын гипермəтіндік құжат атын, яғни фреймде көрсетілетін файлдың URL-адресін анықтайды. Үйрену кезінде бұл файл əдетте FRAMESET тəгі жазылған бумада орналасқан кəдімгі HTML құжаты болады. Мысалы, <FRAME SRC="м1.htm"> м1.htm құжатында HTML, HEAD, BODY, т.с.с. тəгтер болуы тиіс немесе ол суреттік файл да бола алады (орман.gif). Егер SRC атрибуты көрсетілмесе, фрейм бос тұрады.

MARGINWIDTH=n атрибуты фреймнің сол жəне оң жақтарындағы пиксель санымен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. MARGINHEIGHT=n фреймнің жоғары жəне төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды. Бұл екеуінің мəні əрқашанда абсолютті түрде пиксельмен беріледі.

Мысалы: <FRAME MARGINHEIGHT="5" MARGINWIDTH="6"> кадрдың жоғары жəне төмен жағында 5 пиксельден, ал сол жəне оң жақтарында 6 пиксельден орын қалдырады. Əдетте бос кеңістік 1-ден 6-ға дейінгі мəндерді қабылдайды.

SCROLLING= фрейм бойынша жылжу жолақтары. Егер жылжу жолағы болуы керек болса – SCROLLING=YES, ал олар болмайтын болса SCROLLING=NO, ал егер жолақтардың болуын/болмауын броузер анықтайтын жағдайда – SCROLLING= AUTO деп жазылады. Егер бұл атрибут көрсетілмесе де, келісім бойынша AUTO мəні қабылданады.

NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы: <FRAME NORESIZE>

BORDERCOLOR атрибуты <FRAMESET> жəне <FRAME> тəгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мəні стандартты түс атауларына немесе түстің он алтылық жүйедегі RGB-мəндеріне сəйкес келеді. Мысалы:

<FRAMESET BORDERCOLOR="red" ROWS="*,*">

<FRAME SRC="М1.htm" BORDERCOLOR="#FF00FF">

Мұнда <FRAMESET> тəгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтауларға қызыл түс тағайындайды, ал <FRAME> тəгінің осындай атрибуты күлгін түс (#FF00FF) береді.

Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру

Енді фреймдерді пайдаланып, олардың бірінен біріне ауысу мүмкіндіктерін қарастырайық. Фреймдерді шығарудағы ең негізгі ой – олардың ішкі мазмұндарын автоматты түрде ауыстырып отыру болатын. Фреймге гиперсілтеме жасау үшін оған ат қойылуы керек. Ат қою <FRAME> тəгінің NAME атрибуты арқылы жүзеге асырылады.

NAME= frame1 – фреймге, яғни кадрға frame1 деген ат қойылады.TARGET= frame1 – frame1 деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді. Ол <A> тəгінің атрибуты ретінде беріледі.

Мысалы, <FRAME NAME="frame1"> жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермəтіндік сілтеме жасау былай орындалады:

<A HREF="first.html"

TARGET="frame1">бірінші фрейм </A> мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, мысалы М1.htm файлы, first.htm файлымен алмастырылады.

Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.html файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF атрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тəсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады. Төменгі кестеде TARGET атрибутының фреймдер жұмысын басқаратын кейбір тұрақты мəндері көрсетілген. Олар төменгі сызықшадан басталады, сондықтан басқа сөздермен шатастыра алмаймыз.

_blank Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді
_self Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді
_parent Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның əсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады
_top Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

Əрбір кадрге ат берілуі тиіс, əйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары əріптен немесе цифрдан басталуы керек, өйткені жоғарыдағы кестеде көрсетілген мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады.

9. HTML тілінде FORM, TEXTAREA, SELECT, OPTION, INPUT, TYPE тәгтері мен атрибуттары. Формаларды программалық басқару принципі.

Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мəтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иə/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады.

Формаларды əртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады.

<FORM> тəгі

Əрбір форма осы тəгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) жəне мəліметтерді жөнелту əдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.

ACTION - Форма мəліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мəліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі.

METHOD- Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Əдетте, оның мəні POST болады, мұндайда форма мəліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мəні GET болса, онда мəлімет URL-мен бірге жіберіледі.

Форма жасау тəгтері

Формадағы əр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> жəне <INPUT> сияқты үш түрлі тəг қолданылады.

Олардың кез келген саны <FORM>... </FORM> тəрізді қосарланған тəгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады.

<ТEXTAREA> тəгі

Бұл тəг бірнеше жолдан тұратын мəтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет.. Бұл тəгтің атрибуттары:

NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;

ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;

COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.

Мысалы, əр жолына 15 символ мəтін сиятын, екі жолдан тұратын өріс былай жасалады:

<HTML> <BODY> <FORM>

<TEXTAREA Name="Студент" ROWS=2 COLS=15>Қабдиева Əйгерім

</TEXTAREA> </FORM> </BODY> </HTML>

SELECT тəгі Бұл тəг суырылып шығатын меню немесе айналдыру жолағы бар опциялар (командалар) тізімін құру үшін қолданылады. Опциялар тізімі мен меню пункттері SELECT контейнерінің ішінде орналасады. <TEXTAREA> тəгі сияқты <SELECT> тəгінде де берілген атты анықтайтын NAME атрибуты міндетті түрде болуы тиіс. Опциялар саны SIZE атрибутында көрсетіледі. <SELECT> тəгінің атрибуттарының атқаратын қызметтері жайлы.

NAME - Ақпарат атын анықтайды.

SIZE- Таңдау опциялары үшін терезенің биіктігін (вертикаль көлемін) анықтайды. Егер атрибут көрсетілмесе немесе оның мəні 1-ге тең болса, онда қалқымалы опциялар тізімі шығады. Егер оның мəні 1-ден артық болса, онда опциялар айналдыру жолағы бар терезеде көрінеді. Ал егер

атрибут мəні тізім элементтерінің нақты санынан артық болса, онда бос жолдар қосылады. Оларды таңдаған кезде, бос жолдар қайтарылады.

MULTIPLE- Бірден бірнеше опциялар таңдауға мүмкіндік береді.

Опциялар тізімі <OPTION> тəгі арқылы <SELECT> контейнеріне кіргізіледі. Бұл тəгтің екі атрибуты болады, олар:

VALUE- Тұтынушы опцияны таңдаған жағдайда, өңдеу бағдарламасына (скриптіге) қайтарылатын мəнді көрсетеді.

SELECTED- Алдын ала келісім бойынша таңдалған опцияны көрсетеді. <INPUT> тəгі

<INPUT> тəгі <TEXTAREA> мен <SELECT> тəгтеріндей контейнер емес,жалқы тəг болып есептеледі. Ол əр түрлі тəсілдерді пайдаланып, ақпарат жинақтауға арналған. Сол тəсілдерге мəтіндік өрістер, пароль енгізу өрісі, ажыратып-қосқыштар, жалаушалар, мəліметтерді жөнелту (Submit) жəне формаларды тазарту батырмалары (Reset) жатады.

INPUT тəгінің атрибуттары:

NAMESIZE- Енгізу өрісінің символдар санымен берілген енін көрсетеді.

MAXLENGTH- Өріске енгізуге болатын ең үлкен символдар санын (максимальды) анықтайды.

VALUE- Мəтіндік өріс үшін алдын ала келісім бойынша шығарылатын мəтінді анықтайды. Жалаушалар мен ажыратып-қосқыштар үшін өңдеу программасына қайтарылатын мəнді көрсетеді. Формаларды жөнелту мен тазарту батырмалары үшін батырма үстіндегіжазуды анықтайды.

CHECKED- Жалауша немесе ажыратып-қосқыштың, алдын ала келісім бойынша, іске қосылған жағдайын орнатады.Басқа тəг түрлерінде <INPUT> қолданылмайды.

TYPE- Енгізу өрісі типін (түрін) орнатады.

Енгізу өрісі түрлерін анықтау

<INPUT> тəгінің <TYPE> атрибуты енгізу өрісі түрлерін анықтайды, оның мүмкін мəндері:

TEXT- Мəтін енгізуге арналған өріс құрылады, ол бірнеше жолдан тұруы мүмкін. Бұл өріс типі үшін NAME (міндетті түрде), SIZE, VALUE жəне MAXLENGTH атрибуттары қолданылады. TYPE атрибуты көрсетілмесе, осы ТЕХТ сөзі алдын ала келісім бойынша орнатылатын мəн болып табылады.

PASSWORD- Пароль енгізілетін өріс құрылады, оған терілген таңбалар көрсетілмей, жұлдызшалармен ауыстырылып көрсетіледі. Бұл өріс типінің

параметрлерін айқындау үшін SIZE, VALUE жəне MAXLENGTH атрибуттары қолданылады.

CHECKBOX-Шағын квадрат ішіне жалауша орналастыруға арналған өрістер құрылады, ол бірнеше нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Бұл өріс типі үшін NAME, VALUE жəне CHECKED (жалаушаның алдын ала бекітілген мəнін анықтайды) атрибуттары қолданылады.

RADIO-Бірнеше батырмалар жасап, олардың ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. NAME, VALUE жəне CHECKED атрибуттары қолданылады.

RESET- Форманы тазартуға арналған батырма жасауға мүмкіндік береді.

VALUE атрибуты бұл жерде осы батырмаға ат беру үшін қолданылуы мүмкін.

SUBMIT- Енгізілген мəліметтерді серверге жөнелтіп, скрипт-программа

арқылы оларды өндеуді жүзеге асыратын батырма жасау үшін қол-ды.

Форма элементтерін стандарттан тыс қолдану

HTML тəгтерінің көбісі қолдану кезінде өздерінің негізгі қызметтерінен басқа мақсаттарда пайдаланылып жатады, мысалы, кестелер парақтарды белгілеу үшін қолданылады. Сондықтан форма элементтерін қолдану кезінде əр түрлі тəжірибе жасаудан тартынуға болмайды.

Мысал: <html> <head> <title>Формы</title> </head>

<body>

<form action="http://www.mysite.com/cgi-bin/test.exe" method="post">

<br>Мəтін енгізілетін өріс <input type="text">

<br>Пароль енгізілетін өріс <input type="password">

<br>Тəуелсіз қосқыш <input type="checkbox" value=" checked">

<br>Радиобатырмалар:

<br>1 вариант <input type="radio" name="groupl" value="checkl">

<br>2 вариант <input type="radio" name="groupl'' value="check2 checked>

<br>3 вариант <input type="radio" name="groupl" value="check3">

<p> <input type="submit" value="Жөнелту">

</form></body></html>

10. Жеке тəг, жеке бір HTML үшін жазылған стильдер.

Мысалы, <P> тəгі арқылы нақты бір абзац қалай бейнеленетінін былай көрсете аламыз:

<Р style="font-size:1.5cm; color:green">

Бұл абзацқа стильдік анықтау тəсілі қолданылып отыр.

Стиль style атрибутымен беріледі. Мұнда браузерге абзацты көлемі 1.5 сантиметр болатын жасыл əріптермен жазуға нұсқау берілген

Стильді анықтау мынадай түрде жазылады:

сипаттама: мəні;

font-size: 1.5cm;

color: green;

Əрбір анықтаулар бір-бірінен «;» символы арқылы бөлініп жазылады. Style атрибутын оның параметрлері арқылы əрбір тəгке қолдана аламыз. Енді стильдер қолданылатын бір мысалды толығырақ қарастырайық.

1 мысал:

<HTML> <HEAD>

<TITLE> Жеке тəг стилі </TITLE> </HEAD>

<BODY bgcolor=white text=black>

<H2> Бір тəг үшін жазылған стиль </H2> <HR><UL>

<LI> Бұл қарапайым мəтін.

<LI style="color: red; font-size: 1cm;

font-style: italic">

Биіктігі 1 см қисайтылған қызыл əріптер.

<LI style="margin-left: 2cm">

Сол жақ шеттен 2 сантиметр шегініс.</UL> </BODY> </HTML>

Жеке HTML-файлына арналған стиль

Стильдік анықтаулар немесе селекторлар мынадай блок ішіне жазылады <style>... </style> жəне HTML-комментарий ретінде жазылады.

2 мысал:

<HTML> <HEAD>

<TITLE> Жеке файлға арналған стиль </TITLE>

<STYLE type="text/css">

<!--


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: