ПИ саны –РІ. Мысалы: Alert(Math.PI)

5. ½ санының квадраттық түбірі-SQRT1_2. Мысалы: Alert(Math. SQRT1_2)

6. 2 санының квадраттық түбірі- SQRT2. Мысалы: Alert(Math. SQRT2)

Стандартты функциялар

1. Аргументтік абсолюттік мәні –abs(arg). Мысал:

var x= -25; var y; y= Math.abs(x); alert(y);

2. Sin(arg),cos(arg), tan(arg) тригонометриялық фукциялары. Мысал:

var x=Math.PI/4; var y; y= Math.sin(x); alert(y);

3. Кері тригонометриялық функциялар asin(arg),acos(arg), atan(arg):

var x= 0.5; var y; y = Math.asin(x); alert (y);

4. Экспонента және натуралдық логирфм: exp(arg),log(arg)

var x= 1; var y; y = Math.exp(x); alert(y);

5. Аргументі кіші немесе соған теңң сан: ceil(arg)

var x= -2.69; var y; y = Math.ceil(x); alert (y);

6. Аргументі улкен немесе соған теңң сан: floor(arg)

var x= -2.69; var y; y = Math.floor(x); alert (y);

7. Аргументті жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу: round(arg)

var x= -2.69; var y; y = Math. round (x); alert (y);

8. Экспонента мен натуралдық логарифм: exp(arg), log(arg)

var x= 1; var y; y = Math.exp (x); alert (y);

9. Аргменттің квадраттық түбірі: sqrt(arg)

var x= 3; var y; y = Math. sqrt (x); alert (y);

10. Екі аргументтің үлкенін немесе кішісін анықтау

Max(arg1, arg2), min(arg1, arg2):

var x= 3; var y; y = Math. min (x,10); alert (y);

11. Санның дәрежесін табу pow (arg1, arg2): arg1-дің arg2 дәрежесі

var x= 2; var y; y = Math.pow (x,10); alert (y);

12. [0,1] аралығынан кездейсоқ сан алу: random()alert (Math.random());

26. JavaScript тіліндегі тұтынушы (пайдаланушы) функциясы.

Программалауда бір командалар тобын бірнеше рет қайталауға тура келетін

жағдайлар жиі кездеседі. Егер қайталау «бір орында» орындалатын болса —

(while, for) циклдер қолданылады. Ал егер кодтарды программаның əр жерінде қайталау қажет болса – оны тұтынушы функциясы ретінде жазу керек болады.

Функцияларды сипаттау жəне пайдалану. Мысалы, егер берілген бүтін санның

цифрларының қанша екенін анықтау керек болса, оны бір рет анықтап алып, одан кейін математикадағы сияқты F(num) деп жазып, ол функцияның ішкі əрекетін қарастырмай, кодтарын жазбай, нəтижесін есептеуге болады. Мысалы, тұтынушы үш сан енгізіп солардың жалпы цифрлары санын анықтауы қажет болсын.

Осы мысалдың программасы:

// Бүтін оң num санындағы цифрлар санын анықтау

// Енгізу: num (бүтін оң сан).

// Шығару: num санындағы цифрлар саны.

Function F(num)

{

var len = num? 0: 1;

While(num)

{

num = (num - num % 10) / 10;

len++;

}

return len;

}

var sum = 0;

var num1, num2, num3;

num1 = prompt("Бірінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(numl);

num2 = prompt("Екінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(num2);

num3 = prompt("Үшінші санды енгізіңіз", "");

sum += F(num3);

alert("Енгізілген цифрлардың жалпы саны: " + sum);

Браузер бұл скриптіні былай орындайды. Мұндағы мына тізбек:

Function F(num)

{

...

}

бірден орындалмайды, бірақ браузер «F атты функция сипатталды» деген мəлі-

метті есте сақтайды. Өйткені function түйінді сөзі жəне оның блогы {...} коман-далар тізбегі емес, тек декларация (хабарлама, сипаттама) ғана болып саналады.

Функциядан кейін орналасқан командалар əдеттегідей орындалады. Соның

ішінде F функциясы кездессе, браузер функция сипаттамасына оралып, оның формальді аргументі num орнына num1, num2, num3 тəрізді нақты параметр-

лерді қойып орындап шығады. Негізінде параметрлерді ауыстыру кезінде

браузер F функциясын орындамай тұрып, мынадай меншіктеулер жасайды:

num = num1; — содан соң F(numl)орындау;

num = num2; — содан соң F(num2) орындау;

num = num3; — содан соң F(num3) орындау.

Жалпы функцияны сипаттау былай атқарылады:

function Функция_аты(үтірмен бөлінген формальді аргументтер тізімі)

{

...

функция тұлғасы

...

return (мəні);

}

return командасы программада қолданылатын функция мəндерін анықтайды, ол бірнешеу болуы да мүмкін, тіпті болмауы да мүмкін. Ол болмаса, функция

ешқандай мəн бермейді, мұндайда функцияны өрнектерге енгізуге болмайды. Мысалы, мəні жоқ функцияны меншіктеу командасында пайдалануға болмайды.

Функцияны шақыру (пайдалану) былай орындалады:

Функция_аты (үтірмен бөлінген нақты аргументтер тізімі)

Нақты аргументтер ретінде тұрақты, айнымалы, өрнек немесе сан қолданылады.

F атауын функцияға дұрыс берілген атау деп айта алмаймыз, мұнда математика-

дағы сияқты функция бір əріппен белгіленген. Программалауда бір əріппен емес,

бір сөзбен белгілеу қалыптасқан, ол функция əрекетін білдіретін сөз болуы тиіс. Жоғарыда келтірілген мысалда DlinaChisla немесе LenOfNumber атаулары F

атауына қарағанда түсініктірек болар еді. Функция аты шектелмейді, бірақ ол бір сөзден ғана тұруы тиіс (бос орын болмауы керек). Атау латын əріптері мен цифрлардан тұрады, астын сызу таңбасын қолдануға болады. Орыс, қазақ

əріптерін пайдалануға болмайды. Атаудың алғашқы символы əріп немесе астын сызу таңбасы болуы керек. Əріптер регистрі бірдей болып қабылданбайды.

Мысалы, «LenOfNumber» жəне «Lenofnumber» атаулары бірдей емес


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: