Date объектісі

JavaScript тілінің ішкі объектілерін қарастыруды өте пайдалы болып саналатын Date объектісінен бастайық. Бұл объект күн-ай мерзімімен жəне уақытпен жұмыс істеу үшін керек. Объект экземплярын жасау үшін (Date объектісінің ғана емес, одан басқасының да) JavaScript тілінде new түйінді сөзі қолданылады: var now = new Date();

Енді now айнымалысы Date объектісінің экземпляры болып табылады да, ол үстіміздегі күн-ай мерзімі мен уақытты береді. Жалпы экземпляр жасау былай орындалады: var айнымалы = new Date (параметрлер);

Мысалы, келесі параметрлерді көрсетуге болады:

var now = new Date();

var birthday = new Date(1954, 1,8);

var bell = new Date(2003,0,14,12,20,0);

Date объектісінің бір данасы құрылғаннан кейін, оның ішкі мəліметтерін көруге болады, оны өзгерту мүмкіндігі де бар. Ол үшін көптеген тəсілдер бар. Объект тəсілінің аты экземпляр атынан нүктемен бөлініп жазылады: var year = bell.getYear(); year айнымалысы мəні 2003 болады.

Date объектісінің бірнеше қарапайым скриптілерін қарастырайық. Ағымдағы күн-ай мерзімі жəне уақыт

var now = new Date();

alert("Бүгін:"+now.getDate()+"/"+

now.getMonth()+1)+"/"+ now.getYear()+

"\nҚазір:"+now.getHours()+":"+ now.getMinutes());

Date объектісінің тəсілдері:

1. Тəсіл түрі – getYear(). Жыл нөмірін береді.

Мысалы: var d = new Date(2008,1,2);

var y = d.getYear();

alert(y);

2. Тəсіл түрі – setYear(). Жыл нөмірін тағайындайды.

Мысалы: var d = new Date();

d.setYear(2008);

alert(d.getYear());

3. Тəсіл түрі – getMonth(). Ай нөмірін береді

var d = new Date(2008,1,2);

var m = d.getMonth();

alert(m);

3. Тəсіл түрі – setMonth(). Айды енгізеді.

Мысалы:var d = new Date();

d.setMonth(4);

alert(d.getMonth());

5. Тəсіл түрі – getDate(). Ай күнін береді

var d = new Date(2008,1,2);

var m = d.getDate();

alert(m);

6. Тəсіл түрі – setDate(). Айдың күнін енгізеді (тағайындайды).

var d = new Date();

d.setDate(2);

alert(d.getDate());

7. Тəсіл түрі – getDay(). Апта күнін береді (жексенбі – 0, дүйсенбі – 1, …, сенбі - 6):var d = new Date(2008,1,2);

var m = d.getDay();

alert(m);

8. Тəсіл түрі – getHours(). Уақыттың сағатын береді:

var d = new Date();

var t = d.getHours();

alert(t);

9. Тəсіл түрі – setHours(). Сағатты енгізеді (тағайындайды).

var d = new Date();

d.setHours(22);

alert(d.getHours());

10.Тəсіл түрі – getMinutes(). Уақыт минутын береді.

var d = new Date();

var m = d.getMinutes();

alert(m);

11.Тəсіл түрі – setMinutes(). Уақыт минутын енгізеді.

var d = new Date();

d.setMinutes(32);

var t = d.getMinutes();

alert(t);

12.Тəсіл түрі – getTime(). 1970 жылдың қаңтар айының бірі күнгі 0 сағаттан осы сəтке дейінгі миллисекунд мөлшерін береді.

var d = new Date();

var t = d.getTime(); alert(t);

33. Javascript. Array объектісі және оның тәсілдері. Құжаттың объектілік моделі. Windows объектісі элементтерін пайдалану.

Array обектісі:

var myCars=new Array();

myCars[0]="Mers";

myCars[1]="Volvo";

myCars[2]="BMW";

var myCars=new Array("Mers ","Volvo","BMW");

Браузер экранын өзгерту немесе жаңа терезелер жасау үшін браузердің ішкі мүмкіндіктерімен таны-сып, оның ішкі объектілерін пайдалану керек.

Браузер тәгтерді экранда көрсетіп қана қоймай, ол құжаттың иерархиялық моделіне сәйкес объекті-лер тұрғызады. Браузер жұмыс кезінде модельді тұрақты түрде бақылап отырады.

Егер объект қасиеті өзгерсе, экрандағы бейне де өзгереді. JavaScript тілі арқылы объект қасиеттерін өзгертуге болады, сондықтан ол экран динамикасын жүзеге асыра алады.

Window иерархияның төбесінде орналасады. Бұл қалған объектілердің одан төмен орналасып, соның қасиеттері түрінде қарастырылатынын білдіреді.

Window объектісінде браузер құжатты көрсетіп тұрған терезенің қасиеттері мен тәсілдері де болады.

Үш тәсіл бізге бұған дейін белгілі болған, олар: alert, prompt және confirm.

Тәсіл түрі – alert(мәлімет). Мәліметі бар информациялық терезе шығарады.

Мысал:

window.alert("Ғылым таппай мақтанба,\n"+

"Орын таппай баптанба,\n"+
"Құмарланып шаттанба,\n"+
"Ойнап босқа күлуге!\n\n"+

"Абай");

Тәсіл түрі – confirm(мәлімет). Сұрақ мәліметі бар терезе шығарады. Ішінде – 2 батырма:

ОК және Отмена. Функция нәтижесі:

- true, егер ОК басылса;

- false, егер Отмена басылса.

Мысал:

var d = window.confirm("Қымыз ішесіз бе?");

if (d) alert("Қымыз бітіп кетті!");

else alert("Қымыз бәрі бір жоқ!");

Тәсіл түрі – prompt(мәлімет). Берілген мәліметі мен енгізу өрісі бар терезе шығарады. Ішінде – 2 батырма:

ОК және Отмена. Функция нәтижесі:

- енгізу өрісі мәні, егер ОК басылса;

- null, егер Отмена немесе <Esc> басылса.

Мысал:

var d = window.prompt("Атыңыз кім?","Азат");

if (d==null) alert("Менің сізбен танысқым

келеді!");

else alert(d+" мырза,"+"!\nқыздардан неге қашасыз?");

34. JavaScript. Window объектісінде жаңа терезелер ашу. Терезе параметрін сипаттау.

Көбінесе тұтынушыға бір нәрсе көрсету үшін бұрынғы терезе ашық тұрғанда, жаңа терезе ашуға тура келеді. Жаңа терезе ашу үшін window объектісінің open тәсілін қолданамыз. Оны мына тәсілдердің бірімен аша аламыз:

var айнымалы = open();

var айнымалы = open(файл);

var айнымалы = open(файл,терезе_аты);

var айнымалы = open(файл,терезе_аты,

(файл,терезе_параметрлері);

мұндағы:

· айнымалы — айнымалы, ол ашылатын терезеге нұсқауыш;

· файл — сөз тіркесі (строка). Ашылған терезеде көрсетілетін файл аты. Бұл параметр берілмесе, бос терезе ашылады;

· терезе_аты — сөз тіркесі. Терезе аты сол терезеге мәлімет шығару үшін керек (window объектісінің name қасиетінің мәні);

· терезе_параметрлері — сөз тіркесі. Терезе қасиеттерін сипаттау. Егер параметр берілмесе, келісім бойынша қасиеттер қолданылады (по умолчанию).

Параметрлер арасындағы үтірден соң, бос орын қоймаған дұрыс, браузерлер онсыз да жұмыс істей береді.

35. JavaScript. Document объектісі және оның тәсілдерін пайдалану.

Document объектісі (ол document объектісі қасиеттері болып табылады) <html>...</html> блоктарында орналасқан тәгтерді модельдейтін объектілер үшін қажет.

Document объектісінің кең тараған тәсілі — write тәсілі. Бұл тәсіл құжат терезесіне мәлімет жазу үшін керек. Write тәсілін қолдану алдында жазба ашу керек (open тәсілі), ал шығарған соң, оны жабу керек (close тәсілі).

Open тәсілі форматы:

айнымалы.document.open();

мұндағы: айнымалы — бұл мәлімет жазылатын терезеге нұсқауыш. Write тәсілі форматы:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: