Document.close(); немесе

айнымалы.document.close();

Мұнда айнымалы — жазба шығарылмай жабылатын терезеге нұсқауыш.

document.open тәсілін қолдану міндетті емес, өйткені document.write тәсілі жабылған құжатқа мәлімет жазу кезінде оның ішіндегі ескі мәліметті өшіріп, оны жаңа жазба үшін ашады.

Мысал. Келесі суреттегі бейнені жасау программасы:

var win = open("","","width=300,height=200"); win.document.write("Мысал. Бұл парақ "); win.document.write("программалық жолмен құрылған."); win.document.close();

Терезеге мәтін шығару кезінде write

функциясы бірнеше рет қолданылғаны-

мен, оның нәтиесі бір тұтас абзац ретін-

де шығарылады.

36. PHP тілінің даму тарихы. РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. PHP тілінің даму тарихы

PHP тілін 1994 жыл аяғында Расмус Ледорф (Ras-mus Lerdorf) ұсынған болатын. Оның алғашқы нұсқалары сайтты және ондағы резюмені қанша адам көргенін қадағалау мақсатында жасалған болатын. Бұл тілдің бастапқы бір нұсқасы 1995 ж. шығып, ол Personal Home Page Tools деген атпен белгілі болады. Мұнда қонақтарға арналған мәлімет, санауыш және т.с.с. қосымшалар болған еді. 1996 ж. өзінде PHP тілі әлемдегі 15 000 веб-сайтта қолданылғаны белгілі. Ал 1997 ж. бұл көрсеткіш 50000-нан асты. 1997 ж. PHP тіліне бірсыпыра жаңалықтар қосылды. Содан бастап Расмустың жеке жобасы бірсыпыра программалаушылардың қолдауымен жақсы ұйымдасқан жұмысшы топқа айналды. Бұл тілдің синтаксистік анализаторын Зев Сураски (Zeev Suraski) мен Анди Гутманс (Andi Gutmans) қайтадан жазып шықты, осы нұсқадағы анализатор PHP 3 тілінің негізі болып қалыптасты.

PHP тілі 1998 ж. ортасында дүние жүзіндегі 150000 cайтта қолданылды. Болашақта олардың саны Интернеттегі Netscape's flagship Enterprise server ортасындағы сайттардан да асып түсті.

PHP тілі барлық ірі-ірі операциялық жүйелерге енді, ол Linux ортасында, Unix (HP-UX, Solaris және OpenBSD) нұсқаларында, Microsoft Windows, Mac OS X, RISC OS, т.б. орталарда жұмыс істей бастады. PHP тілі көптеген web-серверлерде сүйемелденетін болды. олар Apache, Microsoft Internet Information Server, Personal Web Server, Nets-cape, iPlanet-серверлер, т.с.с.

Осы серверлердің көпшілігінде PHP тілінің арнайы модульдері бар. PHP тілі суреттерді бейнелеп, PDF-файлдарды, тіпті Flash клиптерін де көрсете алатын болды.

Қазір РНР — жылдам дамып келе жатқан программа-лау ортасы, ол Интернеттегі көптеген серверлерде жұмыс істейді. РНР-де жасалған файлдар серверлердің барлығында да сақталып, өңделе береді.

РНР тілінің артықшылығы оны HTML-парақтың кез-келген жеріне қосып, түрлендіруге болады. Оған қоса тілдің синтаксисі, құрылуы, ережелері де онша қиын емес.

РHP – HTML-кодқа қосылатын, бірақ серверде орындалатын скриптер тілі. PHP-скриптерінің құжатқа енгізілуін көрсететін бір мысал қарастырайық.

1 мысал. PHP кодтарын құжатқа енгізу

<html>

<head>

<title> Listing l </title>

</head>

<body>

<?php echo "Салем! Бұл мен құрған скрипт!";?>

</body>

</html>

РНР тілінің әрбір операторы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылады. Егер ол жазылмаса, браузер қате кеткенін білдіріп, жол нөмірін көрсетеді.

*Perl типтегі тілде жазылған PHP скриптерінің CGI скриптерден негізгі айырмашылығы мынада, CGI программасында енгізілетін HTML кодты өзіңіз жазсаңыз, ал PHP пайдалана отырып өзіңіздің программаңызды дайын HTML параққа ашылып-жабылатын тәгтердің көмегімен енгізесіз. PHP тілінің JavaScript тілінен айырмашылығы - PHP скрипті серверде орындалып, клиентке жұмыстың нәтижесі беріледі, ал JavaScript коды толығымен клиенттің машинасында орналасады және тек сол жерде ғана орындалады.

Internet Information Server қызығушылары РНР -ді Active Server Pages (ASP)-ке ұқсастықтары бар деп санайды, ал Java энтузиастары РНР –ді Java Server Pages (JSP)-ке ұқсас деп санайды. Аталған үш тілдің барлығы да Web-сервердегі HTML парақтардың ішіне код енгізуге мүмкіндік береді.

РНР-де көптеген мәліметтер базасымен жұмыс істеу мүмкіндігі мәліметтер базасын пайдалану арқылы жазылған Web-қосымшалардың жазылуын жеңілдетеді және ол өте қарапайым түрде болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: