In the same way as it typed here

LABEL; // соңғы жол

Алғашқы жолда ашу идентификаторынан (LABEL) соң ешнәрсе жазылмайды.

Соңғы жолда тек жабылу идентификаторы (LABEL) ғана тұруы тиіс. Бұл жолда басқа ешқандай таңба тұрмайды (босорын таңбасы да), тек соңына нүктелі үтір қойылады.

Heredoc тіркесі қостырнақшаға алынған сөз тіркесі сияқты орындалады. Тіркес ішінде айнымалыларды да қолдануға болады.

Мысалы: <?php // SOZ - идентификатор

$str = <<<SOZ

Бұл жолдарға бiрнеше жолдардан тұратын сөз тіркестерін жазуға болады SOZ;

$name = "Бекзат";

$name2="Азат";

echo <<<EOT

Оның аты $name, басқасы $name2.

EOT;

// Нәтижесі: "Оның аты Бекзат, басқасы Азат".

44. PHP тіліндегі Константаларды пайдалану тәсілдері. Алдын ала анықталған константалар. PHP тіліндегі Стандартты математикалық функцияларды пайдалану.

Константалар. Сценарий орындалуы барысында өзгермейтін мәндерді беру үшін константаларды қолдануға болады. Айнымалылар тәрізді константаларды да сценарийдің кез келген жерде анықтап, қолдана беруге болады. Бірақ олардың бірсыпыра ерекшеліктері бар:

Константалардың доллар ($) белгісі түріндегі префиксі болмайды;

Константаларға мән меншіктеуге болмайды, оларды define() функциясын шақырып анықтауға болады;

Константаларды алғаш жариялағаннан кейін олар қайта анықталмайды да немесе жойылмайды да.

Константаларды бас әріптермен жазу қалыптасқан!

Мысалы

<?php

define ('PI', 3.14);
$index = 10 * PI; // Дұрыс
fine("CONSTANT", "Сәлем, әлем!<br>");
echo CONSTANT; // "Сәлем, әлем!" тіркесі шығады
echo Constant;

$name = "Азат";

echo "Аты: $name"; // Аты: Азат сөзі шығады
?>

Константаны тіркеспен бір жолға шығару үшін оларды жеке-жеке жолдарға echo арқылы жазу керек. Немесе, оларды үтірлермен бөле отырып бір жолға жазу қажет. echo "Аты: ",USER,<br>"; // Аты: Марат Берікұлы сөзі шығады.

Алдын ала анықталған константалар

PHP ортасында алдын ала анықталған бірсыпыра константалар бар. Олардың кең таралғандары:

_ _FILE_ _ - РНР коды жазылған ағымдағы файлдың аты

_ _LINE_ _ - Орындалып жатқа ағымдағы жол нөмірі

_ _FUNCTION_ _ - Ағымдағы функция аты

PHP_OS - РНР орындалып жатқан операциялық жүйе

PHP_VERSION - PHP интерпретаторының нұсқасы нөмірі

TRUE - ақиқат

FALSE -жалған

Стандартты математикалық функциялар

sin($x), cos($x), tan($x) – стандартты математикалық функциялар, аргументтері радианмен беріледі.

asin($x), acos($x), atan($x) – кері тригонометриялық функциялар, аргументтері радианмен беріледі.

exp($x) – экспонента.

log($x) – натурал логарифм.

pow($x,$n) – санды дәрежелеу, х-тің n дәрежесі.

sqrt($x) – $х-тің квадрат түбірі.

abs($x) – санның абсолюттік мәні.

ceil($x) – $x санының үлкен бүтінге дөңгелектенуі.

floor($x) – $x санының кіші бүтінге дөңгелектенуі.

max(<үтірмен бөлінген сандар тізбегі>) – тізімнің ең үлкен мәні.

min(<үтірмен бөлінген сандар тізбегі>) – тізімнің ең кіші мәні.

rand($x1,$x2) – $x1, $x2 сандары арасынан кездейсоқ бүтін сан береді.

mt_rand($x1,$x2) – $x1, $x2 сандары арасынан кездейсоқ бүтін сан береді.

Стандартты функциялар. Сандар жүйесін түрлендіру

base_convert(<Сан>,<Санау жүйесі>,<Жаңа санау жүйесі>) – санды бір

санау жүйесінен екіншісіне түрлендіреді. echo base_convert(9,10,2); // 1001

bindec() – екілік санды ондық санға түрлендіреді:

echo bindec("1001"); // 9 шығарады

decbin() – екілік санды ондық санға түрлендіреді:

echo decbin("9"); // 1001 шығарады

bindec() – екілік санды ондық санға түрлендіреді:

echo bindec("1001"); // 9 шығарады

hexdec($x,$n) – оналтылық санды ондық санға түрлендіреді:

echo hexdec("1В"); // 27 шығарады

dechex($x,$n) – ондық санды оналтылық санға түрлендіреді:

echo dechex("27"); // 27 шығарады

octdec($x,$n) – сегіздік санды ондық санға түрлендіреді:

echo octdec("37"); // 31 шығарады

decoct($x,$n) – ондық санды сегіздік санға түрлендіреді:

echo decoct("31"); // 37 шығарады

45. PHP тіліндегі даталармен (күн, ай мерзімінен) және уақытпен жұмыс істейтін date() функциясы. Оның параметрлерінің белгіленуі.

time() – 1970 ж. 1-қаңтардан бері неше секунд өткенін береді.

echo time(); // 1384276784 санын берді (12 қараша 2013 ж. сағ. 23-00)

date(<дата/уақыт форматы тіркесі>,[<берілген дата>]) – дата (күн-ай мерзімі) мен уақытты береді. Формат тіркесі бірсыпыра параметрлер-ден тұрады.

Параметрлердің белгіленуі:

U – 1970 ж. 1-қаңтардан бері неше секунд өткенін береді.

Y – 4 цифрдан тұратын жылды береді.

y – 2 цифрдан тұратын жылды береді.

z – жыл басынан бері өткен күндер саны (0-мен 365 арасында)

F – ағылшынша ай аты.

m – 0-мен толықтырылған ай нөмірі (01-ден 12-ге дейін)

n – 0-мен толықтырылмаған ай нөмірі (1-ден 12-ге дейін)

M – ағылшынша қысқаша жазылған ай аты.

d – 0-мен толықтырылған күн нөмірі (01-ден 31-ге дейін)

j – 0-мен толықтырылмаған күн нөмірі (1-ден 31-ге дейін)

l – ағылшынша апта күнінің аты (кіші L әрпі).

w – апта күнінің нөмірі (0-жексенбі,..., 6-сенбі).

D – ағылшынша апта күнінің қысқаша аты (3 әріп).

A – уақыт: “АМ” (түске дейін), “РМ” (түстен кейін)

a – уақыт: “am” (түске дейін), “pm” (түстен кейін)

H – сағаттар (24-сағаттық форматта – 00-ден 23-ке дейін)

h – сағаттар (12-сағаттық форматта – 00-ден 23-ке дейін)

i – минуттар (00-ден 59-ға дейін)

s – cекундтар (00-ден 59-ға дейін)

“Бүгін: АПТА КҮНІ, ДАТА. Қазіргі уақыт: УАҚЫТ” форматында алайық:

<?

$day_of_the_week = date("l");

$date = date("d. F Y");

$time = date("H:i");

echo "Бүгін: $day_of_the_week, $date. <br> ";

echo "Қазіргі уақыт: $time. <br> ";

?>

Енді switch() операторын пайдаланып, апта күні аттары мен ай аттарын қазақшалайық:

<?

$day_of_the_week = date("l");

switch ($day_of_the_week) {

case "Monday": $day_of_the_week = "Дүйсенбі"; break;

case "Tuesday": $day_of_the_week = "Cейсенбі"; break;

case "Wednesday": $day_of_the_week = "Сәрсенбі"; break;

case "Thursday": $day_of_the_week = "Бейсенбі"; break;

case "Friday": $day_of_the_week = "Жұма"; break;

case "Saturday": $day_of_the_week = "Сенбі"; break;

case "Sunday": $day_of_the_week = "Жексенбі"; break;

};

$month = date("F");

switch ($month) {

case "January": $month = "Қаңтар"; break;

case "February": $month = "Ақпан"; break;

case "March": $month = "Наурыз"; break;

case "April": $month = "Көкек"; break;

case "May": $month = "Мамыр"; break;

case "June": $month = "Маусым"; break;

case "July": $month = "Шілде"; break;

case "August": $month = "Тамыз"; break;

case "September": $month = "Қыркүйек"; break;

case "October": $month = "Қазан"; break;

case "November": $month = "Қараша"; break;

case "December": $month = "Желтоқсан"; break;

};

$date = date("d"). " - $month ".date("Y");

$time = date("H:i");

echo "Бүгін: $day_of_the_week, $date. <br> ";

echo "Қазіргі уақыт: $time. <br> ";

?>

Нәтижесі:

Бүгін:Дүйсенбі 3 Қаңтар 2013

Қазіргі уақыт: 10:30


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: