PHP коды

</script>

l Қысқаша стиль:
<? PHP коды?>

48. PHP тіліндегі for, foreach операторын пайдалану тәсілдері. PHP тіліндегі басқаруды беру break және continue операторлары.

Циклдер операторлар тізбегін бірнеше рет қайталап орындау үшін қолданылады.

For циклі

for циклінде санауыштың бастапқы, соңғы мәндері және де оның өзгеру қадамы көрсетіледі. Санауыш мәні өсуі де немесе кемуі де мүмкін. Әрекеттер санауыш мәні көрсетілген қадаммен өзінің бастапқы мәнінен соңғы мәніне жеткенше қайталанып орындалады.

for(басы;соңы;қадам){ for ($i = 1; $i <= 5; $i++){

әрекет; $sum += $i;

... echo $sum;

} }

foreach – берілген кодты жиымның әрбір элементі үшін қайталайтын цикл.

Жиымдармен жұмыс істеуге ыңғайлы цикл. Көрсетілген әрекеттер $array жиымының әрбір элементі үшін орындалады, мұндағы $key — $array жиымы элементінің нөмірі, $value — сол элементтің мәні.

foreach ($array as [ $key => ] $value){

әрекет;

...

}

break операторы цикл жұмысын тоқтатады. Мұнан соң циклден кейін тұрған жолдар орындалады.

continue операторы циклдің орындалып жатқан қадамын аяқтайды. Мұнан соң циклдің келесі қадамы (итерациясы) орындалады.

break операторын қолдану мысалы:

<?php

$i=1;

while ($i) {

$n = rand(1,10); // 1 мен 10 арасынан кездейсоқ сан алу

echo "$i:$n "; // итерация нөмірі мен кездейсоқ санды шығару

if ($n==5) break; /* Егер 5 саны шығарылса, цикл аяқталады.

Мұндайда циклдің қалған жолдары орындалмайды */

echo "Цикл жұмыс істеп тұр <br>"; $i++;

}

echo "<br> Цикл итерацияларының саны $i ";

?>

continue операторын қолдану мысалы:

<?php

$i=1;

while ($i<4) {

$n = rand(1,10); // 1 мен 10 арасындағы кездейсоқ сан алу

echo "$i:$n "; // итерация нөмірі мен кездейсоқ санды шығару if ($n==5) {

echo "Жаңа итерация ";

continue; /* Егер 5 саны алынған болса, циклдің жаңа

итерациясын бастаймыз, $i айнымалысы өзгертілмейді */

} echo "Цикл жұмыс істеп тұр <br>";

$i++;

}

echo "<br> Цикл итерацияларының саны $i ";

?>

49. PHP тіліндегі сандық жиымдарды (массивтерді) құру, инициалдау жолдары. Жиымдарды жою (өшіру), сұрыптау функциялары. Көпөлшемді жиымдар құру

Жиымды құру бірнеше тәсілмен орындалады.

□ әр элементінің индексі мен мәнін көрсету арқылы

$mass[0] = "Азат";

$mass[1] = "Алтын";

$mass[2] = "Айым";

$mass[3] = "Берік“;

□ array() функциясы бойынша скалярлық жиымды қолдану

$mass = array("Нөл", "Бір", "Екі", "Үш");

$mass = array($val1, $val2, $val3); // алдын ала мән берілуі тиіс

□ array() функциясы бойынша ассоциативті жиымды қолдану

$mass2 = array($key1 => $val1, $key2 => $val2, $key3 => $val3);

array() функциясы параметрлер ретінде үтірлермен бөлінген кілт => мәні жұбын қабылдайды. => символы жиым кілті мен мәні арасындағы сәйкестікті көрсетеді. Кілт сан да, тіркес те бола береді. Кілт сан болғанда, кәдімгі индексті жиым болып табылады. Ал кілт тіркес болса, ол ассоциативті жиым деген сөз.Мысал:

<?php

$mass = array("Нөл", "Бір", "Екі", "Үш");

for($i=0;$i<4;$i++) echo $mass[$i]. " ";

echo "<br><br>";

$val1=5.6; $val2=9.2; $val3=15.1;

$mass1 = array($val1, $val2, $val3);

for($i=0;$i<3;$i++) echo $mass1[$i]. " ";

?>

Жиымды инициалдау бірнеше тәсілмен жүреді.

□ әр элементі бойынша

$Mass[0] = "Рая";

$Mass[1] = "Айым";

$Mass[2] = "Гүлім";

$Mass[3] = "Роза";

□ индексті көрсетпей, жиымның соңына элемент қосу арқылы

$Mass[] = "Нөл";

$Mass[] = "Бір";

$Mass[] = "Екі";

$Mass[] = "Үш";

□ Жиымның барлық элементтерін бірден көрсету арқылы.

$mas = array("Нөл", "Бір", "Екі", "Үш"); // 4 элементі бар

$jyim1 = array(45, 65, -24, 38, -79, 97); // 6 элементі бар

unset() функциясы жиым элементтерін өшіреді (жояды).

Мысал:

<?php

$books = array("php" => "PHP users guide",12 => true);

echo $books["php"]; // “PHP users guide” шығарады

echo "<br>".$books[12]; // 1-ді шығарады

$books[ ] = "Book about Perl"; // индексі 13 болатын элемент енгіздік

echo "<br>".$books[13];

$books[ "lisp"] = 123456; // кілті "lisp“ мәні 123456 болатын

// жаңа элемент енгіздік

echo "<br>".$books["lisp"];

unset($books[ 12]); // кілті (индексі) 12 элементті жою

unset($books); // жиымды толығымен жою

?>

Көп өлшемді жиымдарда кесте түрінде берілген мәліметтер қарастырылады. Мұнда алдымен жол нөмірі, сонан соң бағана нөмірі көрсетіледі. Мысалы, екі өлшемді жиым элементтерін төмендегідей түрде бере аламыз:

$n[1][1] = 12;

$n[1][2] = -4;

$n[2][1] = 7;

$n[2][2] = 0;

Көп өлшемді жиымда да array() функциясын пайдалану мүмкіндігі бар:

$k=array(array(1, -41), array(3, 10));

Мұнда $k[0][0]-ден $k[1][1]-ге дейінгі элементтері бар екі өлшемді жиым құрылады. Бұл мысалдан көп өлшемді жиым - жиымдар жиымы екенін айтуға болады. Мысалы:

$Mass[0] = array(1,2,3,4);

Енді екі индексін көрсету арқылы жиым элементінің мәнін алуға болады.

$var = $Mass[0][2]; // $var айнымалысының мәні 3 болады

50. PHP тіліндегі ассоциативті жиымдар түсінігі, ассоциативті жиымдарды құру және инициалдау, қолдану.

Ассоциативті жиым индексі сан емес сөз тіркесі (тіркес) болады.

Оның индекстерін кілт деп атайды.

$mass ["бағлан"] = 1;

$mass ["елік"] = 2;

$mass ["ешкі"] = 3;

$mass ["қой"] = 4;

echo $mass["бағлан"]; // 1 шығарады

Ассоциативті жиым құру үшін array() нұсқауы да пайдаланылады.

$mass = array("Ая" =>1, "Рая" =>2, "Сая" =>3, "Мая" =>4);

echo $mass["Рая"]; // 2 шығарады

array() нұсқауын көпөлшемді ассоциативті жиым құру үшін қолданған ыңғайлы.

$mass ["Бақытұлы"] = array("аты" => "Азат", "әкесінің аты" => "Ғани", "туған жылы" =>1993);

$mass ["Беріков"] = array("аты" => "Ерік", "әкесінің аты" => "Серік", "туған жылы" =>1994);

Басқаша да істеуге болады:

$mass = array(

"Бақытұлы" => array("аты" => "Азат", "әкесінің аты" => "Ғани", "туған жылы" =>1993),

"Беріков" => array("аты" => "Ерік", "әкесінің аты" => "Серік", "туған жылы" =>1994));

Бұндай жиым элементін пайдалану үшін екі кілтті көрсету керек:

echo $mass["Бақытұлы" ]["туған жылы" ]; // 1994 шығады

array_keys() және array_values() функциялары ассоциативті жиымның сәйкесінше барлық кілттерін және барлық мәндерін алуға мүмкіндік береді.

Мысалы:

$mass ["бір"] = 1;

$mass ["екі"] = 2;

$mass ["үш"] = 3;

$mass ["төрт"] = 4;

$mass2 = array_keys($mass);

for($i=0; $i<count($mass2); $i++) {

echo "$mass2[$i] <br> "; // бір, екі, үш, төрт

}

$mass3 = array_values($mass);

for($i=0; $i<count($mass3); $i++) {

echo "$mass3[$i] <br> "; // 1, 2, 3, 4 шығады

}

Бір

Екі

Үш

Төрт

array_unique(<жиым>) функциясы көрсетілген ассоциативті жиымның бірегей мәндерінен тұратын ассоциативті жиымды қайтарады.

each() функциясы жиымның ағымдағы элементін қайтарады.

Мысалы:

$mass = array("бір" =>1, "екі" =>2, "бір" =>1, "үш" =>3, "төрт" =>4);

$mass2 = array_unique($mass);

while(list($key, $value) = each($mass2)) {

echo "$key => $value <br>";

}

Бұл программа мыналарды шығарады:

бір => 1

екі => 2

үш =>3

төрт => 4

51. PHP тіліндегі ассоциативті жиымдарды біріктіру,сұрыптау,жою(өшіру) тәсілдері.

Ассоциативті жиым индексі сан емес сөз тіркесі (тіркес) болады.Оның индекстерін кілт деп атайды.

Екі ассоциативті жиымдарды біріктіру үшін + операторы қолданылады.

Мысалы:

$mass1 ["бір"] = 1;

$mass1 ["екі"] = 2;

$mass2 ["үш"] = 3;

$mass2 ["төрт"] = 4;

$mass3 = $mass1 + $mass2;

Мұнда $mass3 жиымы $mass1 және $mass2 жиым элементтерінен тұратын болады, яғни оның құрамы:

"бір" => 1, "екі" => 2, "үш" => 3, "төрт" => 4;

Екі индексті жиымды құру үшін + операторы қолданылмайды, мұнда

array_merge() функциясы қолданылады.

$mass1 [] = "бір";

$mass1 [] = "екі";

$mass2 [] = "үш";

$mass2 [] = "төрт";

$mass3 = array_merge($mass1, $mass2);

Енді $mass3 жиымы $mass1 және $mass2 жиым элементтерінен тұратын болады, яғни оның құрамы:

"бір", "екі", "үш", "төрт“;

sort() функциясы берілген жиымды алфавит (өсуі) бойынша сұрыптап шығады. Ассоциативті жиымдарда қолданылмайды, өйткені кілт пен мән арасындағы байланыс бұзылады. Мысалы:

$mass = array("жылқы", "есек", "сиыр", "түйе");

sort($mass);

for($i=0; $i<count($mass); $i++) {

echo " $mass[$i] <br>"; // есек, жылқы, сиыр, түйе шығады

}

rsort() функциясы берілген жиымды алфавитке кері бағытта (кемуі) бойынша сұрыптап шығады. Ассоциативті жиымдарда қолданылмайды. Мысалы:

$mass = array("жылқы", "есек", "сиыр", "түйе");

sort($mass);

for($i=0; $i<count($mass); $i++) {

echo " $mass[$i] <br>"; // түйе, сиыр, жылқы, есек шығады

}

Енді сандық жиым элементтерін өсуі бойынша сұрыптайық. Мысалы:

<?php

$jyim = array(56,45,36,12,11,02,16,78,89,69);

sort($jyim);

for($i=0; $i<count($jyim); $i++) {

echo $jyim [$i]. " "; }?>

Ассоциативті жиым элементтерін кілттері бойынша немесе мәндері бойынша сұрыптауға болады. Ол үшін келесі функциялар қолданылады.

asort() – жиым мәндерін алфавит (өсуі) бойынша сұрыптау. Мысалы:

$mass ["бір"] = 1;

$mass ["екі"] = 2;

$mass ["үш"] = 3;

$mass ["төрт"] = 4;

asort($mass);

while(list($key, $value) = each($mass)) {

echo "$key => $value <br>"; }

compact() функциясы айнымалыларды ассоциативті жиымға түрлендіреді. Мұнда айнымалы аттары кілтке айналады да, айнымалы мәндері жиым мәндеріне түрленеді.

$var1 = 1;

$var2 = 2;

$var3 = 3;

$mass = compact("$var1","$var2","$var3");

while(list($key, $value) = each($mass)) {

echo "$key => $value <br>";

} // Нәтижесі: var1 => 1, var2 => 2, var3 => 3

extract() функциясы ассоциативті жиымды айнымалыға түрлендіреді. Мұнда кілт айнымалы аттарына айналады да, жиым мән-дері айнымалы мәндеріне түрленеді. extract() функциясының жазылу форматы:

extract(<жиым>,[<тәсіл>], [<префикс>]);

<жиым> – берілген ассоциативті жиым.

<тәсіл> – келеңсіз жағдайларды өңдеу тәсілі. Ол бірнеше мәндер қабылдай алады:

EXTRACT_OVERWRITE – егер айнымалы бар болса, оның мәні көшіріліп жазылып шығады (келісім бойынша мәні);

EXTRACT_SKIP – егер айнымалы бар болса, онда жиым мәні қойылмайды;

EXTRACT_PREFIX_SAME – егер айнымалы бар болса, онда сол айнымалы аты алдына <префикс> параметрінде көрсетілген префикс қойылады;

EXTRACT_PREFIX_ALL – барлық айнымалылар аттары алдына <префикс> параметрінде көрсетілген префикс қойылады;

EXTR_IF_EXISTS – тек скрипте бар айнымалылар мәндерін алады;

EXTR_REFS – айнымалыларды сілтеме түрінде алады.

52. PHP тілінде қолданушы функцияларын жазу және пайдалану жолдары. Рекурсия ұғымы.

Қолданушы функциясы — бұл өзіндік аты бар, белгілі бір әрекеттерді орындап, программаға нәтижелік мән қайтаратын код бөлігі.

PHP функциясын ашып жазу реттілігі:

барлық функциялар "function()" түйінді сөзінен басталады;

функция аты – функцияның жұмысына сәйкес қойылған атау;

{ – ашылған жүйелік жақшадан басталатын функция коды;

функция коды;

} – жабылған жүйелік жақша функция кодын аяқтайды.

function <функция_аты> ([<параметрлері>]) {

<функция коды>

return <мән>

}

Адамның атын экранға шығару функциясын жазу мысалы:

function PrintName ($name) { echo $name; }

$boy = 'Jack';

PrintName($boy); // «Jack» сөзін шығарады

PrintName('Sally'); // «Sally» сөзін шығарады

PrintName('Aзат'); // «Азат» сөзін шығарады

Мысал: Көлденең сызықтар сызатын параметрсіз line() функцияcын қолдану.

<?


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: