Функциялары

1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;

4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан

Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына

енгізу және трансферттеу;

5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникаға

дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;

6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге қатысу;

7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да қызметтерді

көрсету;

8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;

10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды орындау

мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен

қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай

отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

Ескерту. _________11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара

іс-қимыл

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік

органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік

органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да

ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан

мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау

мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан

мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері

жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.

3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын

үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: