Асырылады

Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу

1. Көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы

белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында денсаулық сақтау субъектілері

және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

саласындағы субъектілер денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.

Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау

жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.

2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен

және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.

3. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекіткен

аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде

жүргізіледі және ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескеріледі.

4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке

тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде жүргізіледі.

Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым жүргізеді.

6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық

сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген

субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады.

Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.

Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау

1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау - денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың

жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және

олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы

бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына

ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі -

аттестатталатын адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге

асырылатын рәсімі.

2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары,

республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық

білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды

мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтауды мемлекеттік

басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары

басшыларының кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды жүргізеді.

4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары

аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында аттестаттау

комиссияларын құрады.

5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын адамдардың өздеріне

жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.

6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға

орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.

4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАР,

ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ)

СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ЖӘНЕ ЖАРНАМА

16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар

1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:

1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;

2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;

3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;

4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы

саласындағы стандарттар.

2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының заңнамасында

белгіленген тәртіппен бекітіледі.

17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың

(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)

сәйкестігін растау

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қоспағанда,

денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін

растау олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап

қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған

күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалау

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін рұқсат бар болған ретте жүзеге асырылады.

2. Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен

медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтердің) дәрілік

заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық

активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды

қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық

мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен

салыстыруды болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына,

тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен

сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау арқылы жаңылыстырмауға тиіс.

3. Мыналарға:

1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаларды, профилактика құралдарын

жарнамалауға;

2) дәрігердің рецептісі бойынша босатылатын дәрілік препараттардың үлгілерін жарнама

мақсатында таратуға;

3) балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардан басқа, дәрілік

заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарнамасына балаларды, олардың бейнесі мен дауысын

пайдалануға;

4) қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың мақсатына, пайдаланылуына және босатылуына

қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;

5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың

плакаттар, стендтер, жарықты табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және жарнаманы тұрақты

орналастырудың өзге де объектілері түрінде ұсынылған сыртқы (көзге көрінетін) жарнамасын

орналастыруға;

6) дәрілік заттар туралы және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпаратты ғылыми

немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету мақсатында тарату жағдайларын

қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті

медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;

7) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы және жарнамаға уәкілетті орган

айқындайтын тәртіппен берілетін рұқсаты болмаған кезде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға;

7-1) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензия болмаған кезде көрсетілетін

қызметтерді жарнамалауға;

8) медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ тұлғалардың көрсететін қызметтерін

жарнамалауға тыйым салынады.

4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасы

уәкілетті орган айқындаған сарапшы органның жарнама материалына алдын ала сараптамасынан кейін

уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүргізіледі.

5. Көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен

медициналық техниканың жарнамасын мамандандырылған медициналық басылымдарда, өзге де бұқаралық

ақпарат құралдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында таратуға және орналастыруға жол беріледі.

Рецепт бойынша босатылатын, оның ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды

қамтитын дәрілік заттардың жарнамасы тек медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған

мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Жарнаманы шығаруды, тарату мен орналастыруды бақылауды уәкілетті орган мен мемлекеттік

органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

5-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау

мен қадағалау

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы

заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы

құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: