Белгілейді

Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек

1. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың

арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.

2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары

консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.

3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган және

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік

басқарудың жергілікті органдары белгілейді.

42-бап. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек диагностиканың, емдеу мен медициналық

оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган

айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.

2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін

үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан

Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек

1. Медициналық-әлеуметтік көмек - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын

әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық

көмек.

2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын

медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары

Медициналық көмек:

1) амбулаториялық-емханалық көмек:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

консультациялық-диагностикалық көмек;

2) стационарлық көмек;

3) стационарды алмастыратын көмек;

4) жедел медициналық көмек;

5) санитариялық авиация;

6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

7) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

8) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі;

9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.

45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек

1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде

көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:

1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да

кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)

іс-шараларды;

3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;

4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру

жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе

білікті медициналық көмек.

2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы

практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсетеді.

3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға

медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері

бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша

құрылады.

4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету түрлерін, көлемін, тәртібін, сондай-ақ

азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін Қазақстан

Республикасының Үкіметі белгілейді.

5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік басқару

органдары жүзеге асырады.

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек

1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын,

мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының

Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

47-бап. Стационарлық көмек

1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті,

мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.

2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті күтім

жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.

3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

48-бап. Стационарды алмастыратын көмек

1. Стационарды алмастыратын көмек - бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа

дейін медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары

мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.

2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: