Белгілейді

Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

12-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ

57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама

1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз

етудің құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай түрлері:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;

2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;

3) әскери-дәрігерлік сараптама;

4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;

5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;

6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама;

7) ғылыми-медициналық сараптама жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде

дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы

қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті

лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиісті куәлік негізінде жүзеге асырады.

58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар ұсынатын

медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін медициналық

қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін

бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және

практикалық іс-шаралар жиынтығы.

2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып

бөлінеді.

3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда ішкі бақылау (аудит) қызметі

құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтер

көлеміне қарай бекітеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді

ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібін және стандарттарды бұзу

фактілерінің анықталуына, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттер жолданымдарының бес күннен

аспайтын мерзімде қаралуына ағымдағы талдау жүргізеді.

Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша көрсетілетін медициналық

қызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде медициналық

ұйым басшысына ұсыныстар енгізеді.

4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және (немесе)

тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен

жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама

1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын ресми тану

және оны ауыру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату мақсатында жүргізіледі.

2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізудің, сондай-ақ еңбекке уақытша

жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа

енгізіледі) Заңымен.

60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама

1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы

Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы

мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы

қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi –

әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты

белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік және құқық

қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен)

байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi –

мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.

2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:

1) мыналарды:

шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және

әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн

азаматтарды;

әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның

iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;

әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;

арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;

әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының

курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;

радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны

компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және

қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер қызметшiлерiн), арнаулы

мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);

мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;

әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы

мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы

азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;

2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға

психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;

3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау

органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар

қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау

кезiнде;

4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы

қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы

мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;

5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери

жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі кезеңiнде не әскери

қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау

органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери

жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды)

өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi

байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.

3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде,

басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және iшкi iстер

органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.

Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк

органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.

4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi

мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер және мемлекеттiк

авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер

саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы

орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.

Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және

сот-наркологиялық сараптамалар

1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды тағайындау мен

жүргізудің процесстік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде,

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік

құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.

2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама зерттеулерін

жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасында


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: