Жол берiлмейдi

Ескерту. 95-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

17-тарау. АДАМНЫҢ ҰРПАҚТЫ БОЛУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау

саласындағы құқықтары мен міндеттері

1. Азаматтардың:

1) ұрпақты болуды еркін таңдауға;

2) ұрпақты болу денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау жөнінде көрсетілетін қызметтерді

алуға;

3) өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен емделуге, оның ішінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілген, ұрпақты

болудың қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

5) жыныстық жасушалар донорлығына;

6) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

7) хирургиялық стерилизациялануға;

8) жүктілікті жасанды түрде үзуге;

9) өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғауға;

10) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз тууының уақытына, туу

аралығындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралық жиілікке қатысты шешімді

ерікті түрде қабылдауға;

11) жыныстық жасушаларды сақтауға құқығы бар.

2. Кәмелетке толмаған адамдардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауға, сондай-ақ

имандылық-жыныстық тәрбие алуға құқығы бар.

3. Азаматтар өздерінің ұрпақты болу құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа азаматтардың

құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан

кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау

1. Әйелдің жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананы

тірі туудың және өлі туудың халықаралық критерийлерімен айқындалатын мерзімінен бұрын

босанғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып,

денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.

2. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарында

медициналық, консультациялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде

ұсынылады.

3. Жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның

заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың

(шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық

араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: