Жол берілмейді

4. Адамның эмбрионын коммерциялық, әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін алуға болмайды.

5. Қазақстан Республикасында адамды клондауға - генетикалық жағынан бірдей түрлерді

өрбітіп-өсіруге тыйым салынады.

100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек

1. Суррогат ана болу суррогат ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп

жеткізетін әйел) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша бала көтеруді және мерзімінен бұрын

босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.

2. Медициналық-генетикалық зерттеп-қарау нәтижелерін қоса алғанда, психикалық, соматикалық

және ұрпақты болу денсаулығының қанағаттанарлық жай-күйі туралы медициналық қорытынды алған

жиырма жастан отыз бес жасқа дейінгі әйелдер суррогат ана бола алады.

3. Суррогат ананың, ықтимал ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, баланың құқықтары және

келісімшарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

заңнамасымен реттеледі.

101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау

1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық

зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың донорлары болуға құқығы бар.

2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа

құқығы жоқ.

3. Донорлықты жүргізудің және жыныстық жасушаларды сақтаудың тәртібі мен шарттарын

уәкілетті орган бекітеді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: