Тапсырмалар

Тапсырма 1. Мектепте құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формаларының қандай түрлері қолданылады? Сипаттама беріңіз.

Тапсырма 2. Бақылауға және бағалауға қойылатын негізгі талаптарды атаңыз.

Тапсырма 3. Бақылау түрлеріне сипаттама беріңіз.

Тапсырма 4. Педагогикалық әдебиеттен берілген түсініктердің анықтамаларын тауып, жазып алыңыз:

Білімді тексеру –

Дидактикалық мәтін –

Білімді бағалау –

Үлгермеушілік –

СОӨЖ өткізу түрі: мәселелік семинар

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек Cондай-ақ педагогикалық деректерді қолданыңыз (анықтамалар, сөздіктер, газет-журналдар).

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [11-12, 18-20, 32, 36, 39, 41-53].

Тақырып №14: Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін ашып, олардың жіктемесі туралы сызба түзіңіз.

Тапсырма 2. Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама беріп және олардың дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.

Тапсырма 3. “Оқу тиімділігі – озық технологияда» эссе жазу.

Тапсырма 4. Ақпараттық және коммуникативтіктехнологияларды педагогикалық процесте қолданудың тиімділігін айқындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, тапсырмаларды дербес орындау

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттер мен дәрісбаяндарды, мерзімді басылымдарды, интернет көздерінен қажетті деректер алуға болады. Эссе жазуда есте сақтаңыз: Эссе – бұл тақырып бойынша салыстырмалы түрле еркін пікір айту, көлемі 5…7 бет. Эссе құрылымы: кіріспе (тақырыпты тұжырымдау, тақырыптың маңыздылығы, тақырыпқа қатысты пікірлердегі қайшылық, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға ауысу); автор алға шығаратын негізгі бөлім (пікірлер (дәлелдер) (2…3); пікірлерді алға шығару кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау, дәлелдер және қолдау – талқылауды қолдайтын фактілер немесе мысалдар; контрдәлелдерді немесе қарама-қарсы пікірлерді қарастыру (олардың неліктен әлсіз екендігін, ал автордың пайымдауының күшінде қалатынын көрсету қажет); қорытынды (негізгі пікірді қайталау, негізгі пікірдің қорғауға дәлеледрді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем; алға шығарылатын пікірдің қабылданбау салдарлары туралы ескерту және берілген тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды). Эссені бағалау критерийлері: онда зерделенген материалдың көрсетілу дәрежесі; проблемаға арналған амалдың өзінділігі; дәлелдеме; өз көзқарасын негізделген түрде қорғау қабілеті.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39].

Тақырып №15:Мектептегі әдістемелік қызмет. Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтерін сипаттаңыз.

Тапсырма 2. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.

Тапсырма 3. “Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім дайындаңыз.

Тапсырма 4. «Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі» тақырыбына баяндама әзірлеңіз.

Тапсырма 5. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау жұмыстары қазіргі таңда қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жүргізіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жаттығу

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды пайдалана отырып орындаңыз, 3-ші тапсырма бойынша Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдар саны – 10 болуы қажет. Баяндама (5-7 мин) тақырыпты ашатын, тәжірибелік материалдар мен теориялық қағидалардан тұратын қысқа мағлұмат. Тақырып бойынша өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,41-58].

12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып №1: Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Тапсырмалар:

1. «Педагогика тарихы – қайнар көздер» қысқаша шығарма жазыңыз.

2. Білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Әдіс, әдістеме, әдіснама ұғымдарының анықтамасын жазыңыз

3. Ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістерін конспектілеңіз

4. Архив материалдарымен жұмыс жасау әдістемесін құрыңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34].

Тақырып №2: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Тапсырмалар:

1. Тәрбие-бұл қоғамдық өмірдің құбылысы, ұрпақтар сабақтастығына сипаттама беріңіз.

2. Адамзат дамуының алғашқы сатысындағы тәрбиенің мақсаты еңбекке бағытталғанны туралы ой-пікірлерді дәлелдеңіз.

3. Ой-еңбегі мен дене еңбегін бөлу себептерін анықтаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №3: Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Тапсырмалар:

1. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту мәселесінің хронологиялық кестесін жасаңыз

2. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз

3. Ежелгі Египет мектебінің тыныс тіршілігіне сипаттама беріңіз

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1,2, 5, 7, 8, 11,15, 16, 24-35].

Тақырып №4: Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырдағы Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Тапсырмалар:

1. Орта ғасыр дәуіріне қай ғасырларды жатады және Ерте Орта ғасыр, Классикалық Орта ғасыр, Кейінгі Орта ғасыр болып бөлуінің себебін анықтап, конспектілеңіздер

2. Византиядағы білім беру жүйесінің (энкикилос пайдеусис) 3 бөліміне (элементарлық, орта және жоғары) сипаттама беріңіз.

3. «Византиядағы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау.

4.Рыцарлық мектеп, Цехтық мектеп, Гильдея мектебі, Шіркеу мектебі, Приход мектепбі, Монатыр мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісінің сабақтастығы мен ерекшеліктері туралы кесте құрастырыңыз.

5. «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

6. Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 15, 19, 20 ].

Тақырып №5: Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс және Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғ.ғ

Тапсырмалар: төменде берілген тақырыптарға конспект жазыңыз.

1. Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс педагогикалық ой-пікірлер, тәрбие мәселері.

2. Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғ.ғ.)

3. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл – Фарабидің (870-950жж.) педагогикалық тұжырымдамасы. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары

4. Осман империясы кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №6: Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер

Тапсырмалар:

1. Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері жайлы баяндама дайындаңыз.

2. Еуропадағы (XVI-XVII ғғ.) университеттердің даму жүйесін сипаттау.

3. Кафедралды немесе собор мектептері, Ирландия мен Британиядағы шіркеу мектептері бойынша ұқастықтары мен ерекшеліктері бойынша Венн диаграммасын жасаңыз.

4. Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтерін сипаттай отырып, жіктеу.

5. Қайта өрлеу (XIV-XVI) дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірлерді толықтырыңыз.

Аты-жөні Өкілдер Негізгі ой-пікірлер
Л.Бруни, Л.Валла, Л.Альберти «азаматтық ізгілік» ?
Т.Мор, Т.Кампанелла утопис-ойшылдар ?

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2, 3, 7, 9,13, 15, 19, 21-63].

Тақырып №7: Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

Тапсырмалар:

1. II Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негігі бағыттарын сипаттау және сызбанұсқа түрінде көрсету.

2. «Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық іс-әрекеттері», «К.Д.Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы» тақырыптарының біріне баяндама жазыңыз.

3. XVIIIғғ. Ресейдегі жетекші педагогтар – И.И. Бецкой, Ф.И. Янкович де Мириево, Н.И.Новиков, А.Н.Радищев т.б. еңбектеріне талдау жасаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-9, 16, 25, 28, 35, 42-58 ].

Тақырып №8: Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы

Тапсырмалар:

1. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыру.

2. «1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика» тақырыбы бойынша іздену жұмыстарын жүргізіңіз.

3. Ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің ұлттық саясатына жан-жақты талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

4. Әскери уақыт жағдайында мектеп оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктері туралы конспект жазу.

5. Ғалымдар (П.Р.Атутов, Ю.К.Бабанский, В.Е.Гмурман, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, Б.П.Есипов, В.В.Сухомлинский, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина және т.б.) ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары жайлы сызба түзіңіз.

6. 1980-1990жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы жайында хронологиялық кесте құрастырыңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №9: Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы (XV - XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы кезеңі.)

Тапсырмалар:

1. Қазақ хандығы кезіндегі білім беру, жазба және ауыз әдебиетінің дамуы туралы зерттеулерге талдау жасаңыз.

3. «Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім дайындаңыз.

4. Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік-қолданбалы және идеялық-эстетикалық мәнін ашыңыз.

5. «Билер институты және оның жастардың прогрессивті тәрбиесіне ықпалы» тақырыбына конспект жазыңыз.

6. Медресе мен діни мектептердің ағартушылық іс-әрекеттерін айқындаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер:

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51-64 ].

Тақырып №10: Қазақстанда XIX - XX ғ. білім беру мен педагогика ғылымы. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі

Тапсырмалар:

1. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама дайындау.

2. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспекті жазу.

3. Ә.И. Сембаевтың педагогикалық еңбектерінен библиография құрастыру.

4. ҚР-дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

5. Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесіндегі интеграциялық үдерістерді ашып көрсетіңіз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №11: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

Тапсырмалар:

1. Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз.

2. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық үдеріс), олардың өзара байланысын ашыңыз.

3. «Педагогика ғылымдарының қазіргі қоғамның даму жағдайындағы міндеттері» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

4. Педагогиканың төмендегі ғылымдармен байланыс формаларын көрсететін құрылымдық-логикалық схема құрыңыз:

· философия;

· психология;

· биология;

· антропология;

· медицина;

· экономика;

· социология;

· политология;

5. Төмендегі кестені толтырыңыз:

Педагогиканың функциялары

  Атауы Мәні
  Теориялық функциясы (сипаттау, диагностикалық, прогностикалық деңгейлері)  
  Технологиялық функциясы (жобалау, өзгерту, рефлексивтік деңгейлер)  
  Болжаушылық функциясы  

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [9-17, 25, 39, 49, 51, 52, 61, 64 ].

Тақырып №12: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әртүрлі жастағы топтарды көрінуі

Тапсырмалар:

1. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау.

2. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Осы типтердің сипаттамасын беру арқылы кестені толтырыңыз.

3. Әр жас оқушысына мінездеме беріңіз:

а) Бастауыш сынып оқушысы

ә) Орта буын оқушысы және оның дамуы

б) Жоғары сынып оқушысы

4. Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық туралы баяндама дайындау.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44, 51-60].

Тақырып №13: Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті - оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты

Тапсырмалар:

1. «Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық мәдениеттің бөлігі» шағын шығарма жазыңыз.

2. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметі жайлы конспект жазыңыз.

3. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің әдістерін сипаттаңыз.

4. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау.

5. Мұғалімнің инновациялық, зерттеушілік іс-әрекетінің мәнін ашыңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №14: Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары

Тапсырмалар:

1. Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастырыңыз.

2. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарасыныңызды дәлелдеңіз.

3. ТПҮ-тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44, 55-60].

Тақырып №15: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

Тапсырмалар:

1. Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие мақсаты қалай берілгенін жазып, талдап көрсетіңіз.

2. Сипаттама беріңіз:

Негізгі ұғымдар:

Тәрбие  
Мақсат  
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру  
Жеке тұлғаның даралануы  
Тәрбие әсері  

3.Тәрбие мақсатын анықтауға әсер ететін факторларды ашып көрсетіңіз.

4. Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасымен танысып, мектептегі тәрбие мақсаты мен міндеттерінің ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.

5. Жалпы білім беретін мектептің тәрбие мазмұнының тәрбие мақсаты мен міндеттері арасындағы диалектикалық байланысты нақты мысалмен дәлелдеңіз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 25-36, 42-44].

Тақырып №16: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі

Тапсырмалар:

1. Дүниетанымның әлеуметтік-аксиологиялық қызмет сипаттаңыз.

2. Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба-нұсқасын құру.

3. Педагогикалық әдебиеттерді пайдалана отырып келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: көзқарастар, принциптер, сенімдер, идеалдар.

4.Кестені толтырыңыз:

  Ортақтығы Ерекшеліктер
Дүниетаным    
Дүниені қабылдау    
Дүниені сезіну    
Дүниені көру    
Менталитет    
Дүние картасы    
Құндылық бағыттылықтар жүйесі    

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №17: Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны

Тапсырмалар:

1. Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз.

2. Тәрбие - біртұтас құбылыс екенін сипаттаңыз.

3. Тәрбиенің көпжақты процесс екеніне дәлелді мысалдар келтіріңіз.

4. 2009 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасының „Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын“ оқыңыз, талдау жасаңыз, жүзеге асырудың жобасын құрыңыз.

5. Тәрбие үрдісінің мәнін ашыңыз, тәрбиенің заңдылықтарына сипаттама беріңіз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №18: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі

Тапсырмалар:

1. Педагогикалық әдебиеттегі тәрбие әдісі түсініктерін тауып, кестеге түсіріңіз

2. Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жүйесі бойынша тәрбие әдістерін жіктеңіз.

3.Тәрбие жұмысының формалары көптүрлі болып келеді. Кестені толтыру арқылы оларға сипаттама беріңіз:

Тәрбие формалары (тәрбиеленушілер санына байланысты)
жеке топтық көпшілік
     
Тәрбие формалары (тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты)
сөздік көрнекі практикалық
     

6. Тәрбие құралдары мен әдістері калай таңдалатындығын анықтаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №19: Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі

Тапсырмалар:

1. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айқындау.

2. Кеңес педагогтары (А.В:Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский) және қазіргі кездегі педагогтардың (Т.Е.Конников, Л.И.Новикова, А.В.Мудрик, Н.Е.Щуркова) еңбектерінде ұжым теориясының дамуына тарихи шолу жасаңыз.

3. «Жеке адам мен ұжымның қарым-қатынас моделі» сызбасын жасаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №20: Сынып жетекшісі – сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы

Тапсырмалар:

1. Сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің тақырыптарының үлгісін құру (сынып таңдау бойынша).

2. Сынып оқушыларының ата-анасын педагогикалық ағарту бағдарламасын даярлау (таңдау бойынша).

3. Ата-аналар үшін (аннотациясымен) педагогикалық әдебиеттер тізімін құрыңыз.

4. Сынып жетекшілерінің сыныпты басқару және тәрбиелеу жұмыстарындағы басты ұстанымдарын айқындаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51-64 ].

Тақырып №21: Отбасы тәрбиесінің негіздері

Тапсырмалар:

1. Оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогикалық ұжым мен отбасының өзара әрекеттестік формасын сипаттау.

2. Педагогикалық әдебиеттерді пайдалана отырып отбасы тәрбиесі туралы бірнеше автордың анықтамасын табыңыз және талдаңыз.

3. Кестені толтырыңыз:

Отбасы типологиясы

Белгілері Балалар саны бойынша Құрамы бойынша Өзара қарым-қатынас бойынша Педагогикалық көзқарас тұрғысынан
         

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2, 3, 7, 9,13, 15, 19, 21-63].

Тақырып №22: Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту

Тапсырмалар:

1. Оқу мен оқытуға (сабақ беруге) сипаттама беріңіз.

2. В.Ратке, Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дидактика дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.

3. Оқыту прициптеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №23: Қазіргі мектептегі білім мазмұны

Тапсырмалар:

1. Қазіргі мектепте оқытылатын ғылымдарды таңдау критериилерін көрсететін кесте құрастырыңыз.

2. «Қазіргі даму кезеңіндегі қазақстандық мектептердің білім мазмұнының мәселелері» тақырыбына реферат дайындау.

3. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына талдау жасаңыз.

4. Оқу жоспарлары типтерінің кестесін құрастыр және жалпы орта мектептің базистік оқу жоспарына талдау жасау.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2, 3, 7, 9,13, 15, 19, 21-63].

Тақырып №24: Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары

Тапсырмалар:

1. «Оқытуды ұйымдастыру формалары», «Қазіргі сабақ», «Сабақ типтері және құрылымы» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

2. Түрлі оқыту әдістерін классификациялауға салыстырмалы баға беріңіз.

3. Нақты сабаққа мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына жазбаша талдау жасаңыз.

4. Оқыту әдістерін таңдаудың педагогтың шеберлігіне тәуелділігін дәлелдеңіз.

5. Педагогикалық әдебиетті пайдалана отырып, кестені толтырыңыз:

Белсенді әдістің аты Сипаттамасы
1. Іскерлік ойындары  
2. Сезімталдықты жаттықтыру  
3. Нақтылы жағдайлар  
4. Инцидент әдісі  

6.Кестеде түсініктердің қай категорияға жататынын «+ «белгісімен белгілеңіз:

Түсінік Оқу жұмысының формасы Оқыту әдісі Оқыту құралдары
Сабақ      
Әңгімелесу      
Жаттығу      
Телеконференция      
Компьютер      
Мектеп дәрісі      
Оқулық      
Карта      
Экскурсия      
Диспут      
Семинар      
Демонстрация      
Консультация      
Әңгіме      
Викторина      

7. «Оқытуды ұйымдастыру формаларының жіктемесі» сызбасын құрастырыңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].

Тақырып №25: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу

Тапсырмалар:

1. Гуманистік тәрбиеде неліктен бақылау емес, диагностика туралы айтылатынына талдау жасаңыз.

2. Білімді қадағалау, тексеру және бағалаудың бұқаралық түрде болуындағы кемшіліктерді көрсетіңіз.

3.«Қазіргі таңда оқушылардың білім деңгейін диагностикалаудың маңыздылығы» тақырыбына баяндама дайындау.

4.«Тестіні құрастырудағы ережелер» және «Тестілік қадағалау формалары» тақырыбына реферат жазу.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиет: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №26: Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру

Тапсырмалар:

1. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендірудің дәстүрлі және қазіргі тәсілдеріне салыстырмалы талдауды кесте түрінде беріңіз.

2. «Тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетті белсендендіру ерекшеліктері» тақырыбына баяндама дайындау.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап, ашу.

4.Тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру тақырыбына презентация дайындау.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2, 3, 7, 9,13, 15, 19, 21-63].

Тақырып №27: Білім берудегі инновациялық педагогикалық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар

Тапсырмалар:

1. «Инновация», «Педагогикалық технология» ұғымдарының анықтамаларына талдау жасау.

2. Педагогикалық технологияларды жүйелеп, кесте түрінде көрсетіңіз

3. Бiлiм беру процесiне енетiн педагогикалық инновациялар көрсеткiштерiнiң сипаттарын атаңыз.

4.Мұғалiмнiң инновациялық қызметтерiн дамытушы диагностикалық əдiстердiң мəн-мағынасына талдау жасау.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51-64 ].

Тақырып №28: Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық- әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

Тапсырмалар:

1. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқарудың ерекшеліктерін сызба түрінде беру.

2.Мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттілігінің мәнін конспектілеу.

3. «Мектеп мұғалімдерін аттестациялау» нормативті құжаттармен танысып, талдау жасау.

4. Аттестация нəтижелерi бойынша мұғалiм қызметiн қолдап, қуаттаудың формаларын көрсету.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2, 3, 7, 9,13, 15, 19, 21-57].

Тақырып №29: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау

Тапсырмалар:

1. «Тұтас педагогикалық үдерісін диагностикасы», «педагогикалық диагностика» ұғымдарыныңмәнін ашып көрсету.

2.Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалаудың жобасын дайындау.

3. Тақырып бойынша мерзімді баспа беттеріндегі берілген мақалаларға аннотация жасау.

4. Педагогикалық үдерістерді жоспарлау үлгісін сызба түрінде беріңіз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [2-15, 19, 21-63].

Тақырып №30: ҚР- да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері

Тапсырмалар:

1. ҚР- да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдерінің мәнін ашып көрсету.

2. ҚР- да 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі. Білім беруді басқаруды ұйымдастырудың әлемдік тенденциялары тақырыбына реферат дайындау.

3.ҚР- да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері тақырыбына презентация дайындау.

4.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын талдау жасаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51-64 ].

13. Жазбаша жұмыстар және курстық жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған

Рефераттар тақырыптары:

1. Адамның дамуына, қалыптасуына және тәрбиесіне биологиялық және әлеуметтік фактордың ықпалы.

2. Оқыту мен тәрбие беруді индивидуализациялау (жекелеу-даралау) және дифференциациялау проблемасы.

3. Акселерациялау, оның әлеуметтік және педагогикалық мәні.

4. Жаңашыл педагогтардың алты жастағыларды оқытуды және оларға тәрбие беру тәжірибесі.

5. Тәрбие принциптері және олардың педагогикалық психологиялық негізі.

6. Тәрбие принциптерін шығармашылықпен жүзеге асырудың тиімді жолдары мен қазіргі кездегі проблемалары.

7. Қазақтың көрнекті ағартушылары мен педагогтарының тәрбие принциптері туралы еңбектері, пікірлері

8. Балаға адамгершілік тәрбие беруде отбасының ролі.

9. Адамның жалпы мәдениеті мен оқушылардың мінез-құлық мәдениеті.

10. Өнегенің тәрбиелеудегі ролі оның тәрбиелік тиімділігін арттырудың жолдары.

11. Этикалық әңгіме өткізудің жолдары.

12. Адамгершілік тәрбиесіндегі пікірталастың алатын орны.

13. Еңбек тәрбиесінің жеке адамның жан-жақты, жарасымды дамуындағы алатын орны.

14. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбек тәрбиесі туралы мұралары.

15. Еңбекке қажеттілікті тәрбиелеудің тиімді жолдары мен проблемалары.

16. Класс жетекшісінің оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі.

17. Оқушылардың таным қызығушылығын, дарындылығын дамыту бағытындағы класс

18. жетекшілерінің тәжірибесі.

19. Жоғарғы класс оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшелігі.

20. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу әдістері.

21. Тәрбие, білім беру, оқытудың өзара байланысы және олардың мектепті демократияландыру, гуманитарландыру, интеллектуалдандыруда алатын орны.

22. Біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі кезеңде халықтық педагогиканың маңызы.

23. Қазіргі кездегі балалар тәрбиесінің өлеуметтік және педагогикалық проблемалары.

24. Қиын баланы жан-жақты зерттеудегі педагогикалық консилиумның мәні

25. Қазіргі қиын жеткіншектер мен жас өспірімдер топтарына мінездеме және олармен жүргізілетін жұмыстар.

26. Қиын оқушыны тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының бірлігі.

27. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.

28. Оқыту мен тәрбие және даму процестерінің өзара шарттылығы және оларды жүзеге асырудың принциптері.

29. Қазақстан мектебіндегі сабақ тиімділігін арттырудың озат тәжірибелері.

30. Сабақта оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары

31. Ұжымды және жеке тұлғаны қалыптастыру.

32. Сынып жетекшісінің мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік ықпалдарын реттеу іс-әрекеттері.

33. Тәрбиелік іс-әркеттерді дигностикалау.

34. Педагогикалық ынталандыру шеберлігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005.-430 б.

2. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық.-Алматы: «Nurpress», 2011.-228 с.

3. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы. Оқулық. -Алматы: Білім, 2008.-414б.

4. Педагогика тарихы. Оқулық- Қаз. Мем. Қыз. ПУ-Алматы, 2009.-398 б.

5. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы: оқу құралы.-Алматы: Print-S, 2005.-140 б.

6. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. –Астана: Фолиант, 2009. -336б.

7. Джуринский А.Н. История педагогики и образования: учебник для бакалавров, 2-е изд.- Юрайт, 2011.- 675с.

8. Загвязинский В.И. Общая педагогика.Гриф УМО МО РФ: Учебное пособие.- Изд. Высшая школа, 2008.- 391с.

9. История педагогики и образования: Учебное пособие для пед. уч. зав./ Под ред. акад.РАО А.И. Пискунова – ТЦ «СФЕРА», 2001.-512 с.

10. Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС, 2010.- 744с.

11. Педагогика: Учебник. – Алматы: Print-S, 2005.-364 с.

12. Подласый И.П. Педагогика.Учебник для бакалавров. Гриф УМО: Юрайт, 2012.- 574с.

13. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: учебное пособие. - Алматы, КазНПУ им.Абая, 2008. – 176 с.

14. Школьная педагогика: Учебник / Под ред. Г.Т.Хайруллина.- Алматы: изд. «МИР», 2012.- 640с.

14. Баға туралы ақпарат.

Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала

Рейтинг Балдар
Ағымдық 50-100
аралық 50-100
Қорытынды 50-100
Барлығы: 50-100

Білім бағалау критерийлері

Баға (әріптік эквивалент, пайыздық өлшем Критерийлер
Қанағаттанарлықсы з F (0-49) D (50-54) D+ (55-59) Егер студент пән бағдарламасын меңгермесе, ОӘК-де қарастырылған тапсырмаларды орындамаса, сонымен қатар бірікпеген жүйесіз білімі болса, сұрақтарға жауапта маңызды қателер жіберсе.
Қанағаттанарлық С- (60-64) С (65-69) С+ (70-74) Егер студент негізгі оқу материалының білімін көрсетсе, тапсырманы 50% төмен емес орындаса, бірақ оны толық емес және кейде нақты баяндай алмаса; ОӘК-де қарастырылған тапсырмаларды орындауда маңызды қателер жіберсе.
Жақсы В- (75-79) В (80-84) В+ (85-89) Егер студент оқу материалын толық меңгерсе, оқылған материалға бағдар жасай алады және білімін саналы қолданса; жауабын сауатты баяндай алса, бірақ жауаптың мазмұны мен формасында кейбір нақтылық жоқ, маңызды қателер жібермей ОӘК-де қарастырылған тапсырмаларды уақытында орындаса
Үздік А- (90-94) А (95-100) Егер студент оқу материалын толық меңгерсе, жауапта қандайда-бір қателер мен дәлсіздік жібермесе; аналитикалық және сыни ойлау дағдыларын көрсете отырып, ОӘК-де қарастырылған тапсырмаларды уақытында және дұрыс орындаса

15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Педагогика ғылымының зерттеу пәні

A) жеке тұлғаның даму процесі

B) мемлекеттің білім беру жүйесі

C) оқушылар ұжымы

D) қоршаған педагогикалық шындық

E) арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс

2. Әр елдердің білім беру жүйелерінің қызметтерін және дамуын зерттейтін педагогика ғылымы саласы

A) салыстырмалы педагогика

B) этнопедагогика

C) педагогика тарихы

D) логопедия

E) мектеп педагогикасы

3. Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары

A) тәрбие әдісі

B) тәрбие формасы

C) тәрбие құралы

D) тәрбие тәсілі

E) дамуға басшылық жасау

4. Педагогикалық процестің компоненттері

A) педагогтер, оқушылар

B) бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары

C) мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже

D) оқыту, тәрбиелеу, дамыту

E) оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары

5. Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал-

сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс

A) теориялық анализ

B) индуктивтік әдіс

C) дедуктивтік әдіс

D) статистикалық әдіс

E) тест

6. Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын,

педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе

A) бақылау

B) эксперимент

C) тәжірибені зерттеу

D) педагогикалық процесс

E) экспертиза

7. Педагогикадағы табиғи эксперимент

A) оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру

B) зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру

C) гипотезасы жалпы тексеру

D) педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру

E) қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру

8. Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі

A) табиғи эксперимент

B) қалыптастыру эксперименті

C) констатациялық эксперимент

D) лабораториялық эксперимент

E) ойша эксперимент

9. Сауал-сұрақ әдісі

A) анкета жүргізу

B) мектеп құжаттарын тексеру

C) бақылау

D) теориялық талдау

E) эксперттік бағалар беру

10. Дидактика

A) тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым

B) тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым

C) өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың бөлімі

D) білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі

E) тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым.

11. Ғылыми білімдерді, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгертетін, танымдық қабілеттерін дамытатын және жалпы мәдениетті қалыптастыратын, қоғамдық реттелетін процесс

A) білім беру

В) тәрбие

C) оқыту

D) әлеуметтену

E) қалыыптастыру

12. Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі

A) тәрбие

B) білім беру мазмұны

C) оқыту

D) оқыту тәсілдері

E) білімі

13. Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту

A) іскерлік

B) білімі

C) дағды

D) тәжірбие

E) білім беру

14. Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау

A) бақылау түрлері

B) бақылау формалары

C) бақылау міндеттері

D) бақылау әдістері

E) бақылау құралдары

15. Бақылау формалары

A) ауызша бақылау, жазбаша бақылау

B) практикалық жұмыстар, машиналы бақылау

C) жеке, топтап және фронтальды

D) ағымдық, аралық және қорытынды

E) дидактикалық тест

16. Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау

A) бақылау

B) жүйелеу

C) оқыту

D) диагностика

E) тәрбиелеу

17. Бағалау -

А) тексеру процесі

B) тексеру нәтижесі

C) бақылау әдісі

D) бақылау құрылымы

E) қарама-қарсы байланыс

18. Оқыту процесіндегі бақылау функциясы жатпайды

A) ынталандыру

B) диагностикалық

C) білім беру

D) тәрбиелеу

E) кіріктіру.

19. Педагогикалық кеңестің төрағасы

A) мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары

B) мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

C) мектеп директоры

D) ата-аналар көмитетінің төрағасы

E) ең беделді педагог

20. Пәндік әдістемелік бірлестік

A) бір мектептегі кез келген пән мұғалімдерінен құралады

B) бір немесе бірнеше мектептің бір пән мұғалімдерінен құралады

C) мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен тұрады

D) ата-аналармен мектеп ұжымы өкілдерінен құралады

E) мектеп басшыларынан

Дұрыс жауаптың кілті

Сұрақ номері Жауабы (А, В, С, Д, Е) Сұрақ номері Жауабы (А, В, С, Д, Е)
  E   A
  E   B
  A   B
  C   A
  D   C
  B   D
  A   A
  B   E
  A   C
  C   B

16. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы, әдістері.

2. Таяу және Қиыр Шығыстың ежелгі өркениет елдеріндегі тәрбие ерекшеліктері. Ескі жазбалардағы тәрбиелік идеялар.

3. Афрасиаб, Анахарсис және Аттила мұраларындағы тәрбие туралы тұжырымдық идеялар.

4. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар.

5. Ежелгі римдіктердің көрнекті өкілдері - Цицерон, Сенека, Квинтилиан және т.б. Олардың педагогикалық көзқарастары.

6. Византядағы педагогикалық ойлар.

7. Ерте ортағасырдағы ежелгі түрік ойшылдарының педагогикалық мұралары.

8. Алтын Орда мен Осман империясы дәуіріндегі ойшылдар тұлғаның тәрбиесі жөнінде (Рабгузи, Жамал Карши, Ибн Рушд, Газали. Дж. Руми, Хамза, Низами және т.б.).

9. Дала философтары, ақындары мен жыраулары мұраларындағы тұлға тәрбиесі жөніндегі концептуалды идеялар.

10. Еуропадағы Қайта Өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойлар. «Азаматтық ізгілік» өкілдері тәрбие туралы.

11. I Петр мен II Екатерина кезіндегі ағартушылық реформалар.

12. Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары.

13. Қазақстандағы (XVIII – XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер.

14. Алаш-Ордалықтардың педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттері.

15. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері.

16. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі даму үрдісі.

17. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары.

18. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.

19. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

20. Педагогикалық ғылымдар әдістері.

21. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұны.

22. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің технологиясы.

23. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік

24. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту факторлары

25. Әлеуметтендіру педагогикалық құбылыс ретінде

26. Балалардың жас және жеке ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбиелеу процесінде есепке алу

27. Тұтас педагогикалық процесс - мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі.

28. Тұтас педагогикалық процестің мәні, оның құрылымы, компоненттері.

29. Тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштері

30. Тұтас педагогикалық процесстің заңдылықтары мен принциптері.

31. Тәрбие мақсаты түсінігі

32. Қоғамдық мәдениеттi игеру - тәрбие мақсатының әдiснамалық негiзi.

<

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: