Тапсырмалар

Тапсырмалар

Тапсырма 1. Тұлғаның функционалды сауаттылығы саласындағы ғылыми зерттеулерге талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үрдіс нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.

Тапсырма 3. Тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту жолдарын көрсетіңіз.

Тапсырма 4. Оқу-тәрбиелік үрдісінде функционалды сауаттылықты қалыптастырудың негізін атаңыз.

№15 семинар тақырыбы. 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту

Сұрақнама

1.12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктерінің мәні.

2.12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында оның құрылымы.

3. Кәсіптік оқыту мазмұнының жүйесі.

Тапсырмалар

Тапсырма 1. 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Тапсырма 2. 12 жылдық білім берудің басым бағыты неде деп ойлайсыздар, ойыңызды дәлелдеңіз.

Тапсырма 3. Жоғары сынып оқушыларын кәсіби-бейіндеп оқытудағы білім мазмұнының сабақтастық моделін ашыңыз.

Тапсырма 4. Мектепте кәсіптік-бағдарлы оқытудың теориялық ережелеріне талдау жасаңыз.

8. Лабораториялық сабақ жоспары – бағдарлама бойынша қарастырылмаған

9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік нұсқаулар

Тақырыптарды меңгеру реті оқу үдерісін құру логикасына сәйкестендірілген.

Лекция сабақтарын тыңдау барысында педагогика теория негіздерін оқып, ұйымдстыру және өткізу сұрақтарына, «педагогика» пәні бағдарламасының меңгеруге, ал практикалық сабақтар барысында әдістер арқылы өткізу қажет.

Студенттерге берілетін тапсырмаларды орындау тек нақты оқу материалын меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу жұмысын меңгертуден де тұрады. Тапсырмаларды орындау үшін студенттер әр тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер қарастыруы және дәріс мазмұндарын қайталау қажет.

Сонымен қатар пәнді меңгеру барысында педагогикалық сөздіктерге, анықтамалықтарға, энциклопедияларға көңіл аудару қажет.

10. Курстық жобаларын (жұмыстардың), зертханалық

жұмыстарын, есептік – графикалық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Лабораториялық жұмыстар, курстық жұмыстар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған

11.Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тақырып №1: Ежелгі Египеттегі мектеп және тәрбие. Израиль – иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Ежелгі грек философтарының еңбектерінен тәрбие мен оқыту туралы пікірлерге қысқаша шолу жасаңыз.

Тапсырма 2. Конфуций ілімінің мазмұнын ашып, баяндама жасаңыз

Тапсырма 3. М.Ф.Квитиллиан шешендік өнер шебері, “Шешендерге нақыл сөз” еңбегін оқып, талдаңыз, қазіргі айтыс өнерімен сабақтастырыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: дөңгелек үстел

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау барысында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білім, білік, дағлыларыңызды шыңдауға болады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1, 4-8, 11-12, 32, 36, 39, 50, 52, 59].

Тақырып №2: Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен тәрбиесінің негізі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Ә.Нысанбаев “Қазақстан” Ұлттық энцклопедиядан және «Қазақ энциклопедиясы» «Яса» ұғымының анықтамасын жазыңыз және басқа қосымша әдебиеттерден мәліметпен толықтырыңыз

Тапсырма 2. Ұлы жасақ - Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.

Ұлы жасақтың кейбір баптары: қалған баптармен толықтырыңыз.

1. Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.

2. Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.

3. Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.

4. Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.

5. Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.

6. Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.

7. Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.

8. Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.

9. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.

10. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.

Тапсырма 3. Шыңғысханның Ұлы – «Жасақ» - қоғамның заңдар жинағы мен толық танысып, тәрбиелік жағына сипаттама беріңіз

СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұлы жасақ - Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексін, Ұлы жасақтың кейбір баптарын ғаламтордан алып толықтыру мүмкіндіктеріңіз бар және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білім, білік, дағлыларыңызды шыңдауға болады

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 4-8, 11-12, 32, 36, 39].

Тақырып №3: Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистервег және т.б.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» еңбегін оқып үйрену, сізге ұнаған тарауын конспектілеу.

Тапсырма 2. Я.А.Коменскийдің еңбегін басшылыққа алып төмендегі кестені толтырыңыз.

Я.А.Коменский білім беру жүйесі

Жас шамасы Атауы Даму сипаты Мектептер жүйесі
0-6      
6-12      
12-18      
18-24      

Тапсырма 3. Педагогика тарихы оқулығынан И.Г.Песталоцци «Бастауыш оқыту әдістемесі» бойынша төмендегі кестегі бос орындарды толтырып, түсініктеме беріңіз.

И.Г.Песталоццидің оқыту әдістемесі

Пән атауы И.Г.Песталоцци әдістемесі Міндеттері
Ана тілі ? Сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорды байыту
? Әріптің түзу және қисық элеметтерін жазу ?
Геометрия ? Өлшеуге үйрету
? Бірден бастап сандарды үйрену, ондық, жүздік т.б. ?
    Түсініктерді үйрену, жер бедері, карта, тұрғылықты жер
     

Тапсырма 4. А.Дистервегтің бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесі туралы ақпарат дайындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. 1,2,3 тапсырмаларды орындау үшін С.Қ.Абильдинаның Педагогика тарихы: Оқу құралы. «Гласир», 2009. -336 б. қарастырыңыз. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен танысуға және ақпараттық желілер арқылы білімдеріңізді толықтыруға болады.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39, 49-52].

Тақырып №4: Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері – В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин және т.б. аты жөні, жылдары, еңбектері, негізгі ой пікірлері туралы кестедегі бос орындарды толтыру және жалғастырыңыз.

Рет саны Аты-жөндері Жылдары Еңбектері Ой-пікірлері
1. В.Ф.Шаталов,      
2.   5 қараша 1923 жыл. Сухуми қаласы,   Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет теориясының авторы
3.     Здравствуйте, дети!; В школу - с шести лет, Как живете, дети?  
  Е.Н.Ильин     Әдебиетті оқыту әдістемесінің тұжырымдамасы.
4. Лысенкова Софья Николаевна      

Тапсырма 2. Т.И.Гончарованың педагогикалық көзқарасы, жаңашыл идеяларына сипаттама беріңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: миға шабуыл

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу әдістемелік кешенде берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылықа алып тапсырмаларды орындауға болады. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің № 9 корпустың кітапханадағы материалдармен жұмыс істеуге және ғаламтор, ақпараттық желілер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, мерзімді педагогикалық басылымдардан да оқып танысуға болады.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып № 5: Жәңгір хан (1841) мен «Мамания» (1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. “Мамания“ мектебінде оқытылған пәндерге сипатта беріңіз.

Тапсырма 2. 1801-1845 жылдары өмір сүрген Жәңгір ханның халыққа бағыштаған ізгі істеріне кесте құрастырыңыз.

Тапсырма 3. 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада (ставкада) ашылған мектептің мұсылман мектептері мен медреслерден айырмашылығын көрсетіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: пікір-талас

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер тізімін мен дәріс мәтіндерін пайдалана отырып берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сай құрастырылуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 26, 30. 32, 36, 39,45-52].

Тақырып №6:Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Отбасының әлеуметтендіру қызметіне әсер ететін факторлардың сипаттамасын беріңіз.

Тапсырма 2. Мектеп пен отбасының байланысын қандай бағыттар арқылы іске асыруға болатынын айқындаңыз.

Тапсырма 3. Мектеп пен отбасының тәрбиелік әрекеттестігін қалай қамтамасыз етуге болатынын аныңтаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жаттығулар

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Ұсынылған әдебиеттер тізімін мен дәріс мәтіндерін пайдалана отырып берілген тапсырмалар қойылған талаптарға сай құрастырылуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 31-32, 36, 39, 41-44, 55-62].

Тақырып №7:Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңдерін сипаттаңыз.

Тапсырма 2. Ю.А.Львованың мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстарын талдаңыз.

Тапсырма 3. “Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы – оның педагогикалық құзыртетілігін жетілдірудің негізі» эссе жазыңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: пікір-талас

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Оқу материалын еркін баяндауға педагогикалық басылымдардан мәліметтер жинақтау және сабақта қолдану қажет. Эссе жазуда қойылатын талаптар міндетті түрде ескерілу қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 14, 16, 18-20, 28, 32, 36-44].

Тақырып №8:Дүниетаным – қалыптасушы тұлғаның өзегі

Тапсырма 1. Дүниетанымның мәні проблемасы туралы ғылыми көзқарастар кестесін құрастырыңыз.

Тапсырма 2. Дүниеге көзқарас қандай қоғамдық функцияларды атқарады.

Тапсырма 3. Оқушыны тұлғалық әлеуметтендіру мен дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның бірлескен іс-әрекетін айқындаңыз.

Тапсырма 4. Оқушыларға әлемді түсінуін қалыптастырудағы көзқарасы мен қазіргі әлеуметтік жағдаяттарға талдау жасаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: жазбаша жұмыс

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: мерзімді баспасөз құралдарын және озық педагогикалық тәжірибені, практикадан мысалдарды қолдана отырып оқу материалын еркін мегеруді қамтамасыз ету.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,55-62].

Тақырып №9:Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі мен мазмұнына талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Мектептегі тәрбие жүйесінің үлгісін құрастыру.

Тапсырма 3. Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесінің құрылымына талдау жасаңыз (жалпы білім беретін орта мектептер, гимназия, лицей, Назарбаев зияткерлік мектебі).

Тапсырма 4. “ Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері” тақырыбын талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас, сұрақ-жауап.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды орындау кезінде тақырыпқа арналған мемлекеттік құжаттарды, баспасөз беттеріндегі басылымдарды, озық педагогикалық тәжірибені, практикадан мысалдарды қолдана отырып оқу материалын іріктеп, оқу-әдістемелік кешенде берілген әдебиеттер тізіміне сүйеніңіз. Үлгіні құрастыруда берілген тапсырманы меңгеруі қажет мазмұн ретінде мұқият және жан-жақты зерттеуге қол жетерлікгей жасау керек. Тақырып бойынша пікіріңіз, өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [5-8, 11-14, 16-20, 27, 32, 36-55].

Тақырып №10:Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Сынып жетекшінің негізгі қызметіне сипаттама беріңіз.

Тапсырма 2. Сынып жетекші қызметі жайында әдебиет тізімі бойынша картотека дайындаңыз (7-10 карточка/аннотация)

Тапсырма 3. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекетіне мультимедиялық көрсетілім дайындау.

Тапсырма 4. ХХІ-ғасыр сынып жетекшісінің моделін құрастыру.

СОӨЖ өткізу түрі: әңгіме, сұрақ-жауап.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: т апсырманы орындау барысында тақырып бойынша оқу-әдістемелік кешенде берілген әдебиеттер тізіміне сүйеніңіз және Интернет ресурстары бойынша материалдар жинақтап алған жөн. Жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет. Библиографиялық тізім құрастыру үшін катологтарды, электронды каталогтарды, интернет материалдарын, облыстық, қалалық және университет кітапханаларындағы материалдарды қолдану қажет.

Презентация дайындау бірнеше сатыдан тұрады: тақырып таңдау, түпнұсқа мәтінін игеру, оның негізгі мәселелерін анықтау, мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауаптар жазу, түпнұсқа мәтіні бойынша тест тапсырмаларын дайындау. Мультимедиялық көрсетілімдер дайындағанда - Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдтар саны – 10 болуы қажет.

Пайдалануға ұ сынылған әдебиеттер: [1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34,42-48].

Тақырып №11:Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Инклюзивті білім беру ұғымына талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні және оны жетілдіру жолдарын, маңыздылығын ашу.

Тапсырма 3. “Инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың жаңа тұғырлары» тақырыбына баяндама дайындау.

Тапсырма 4. “ Инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында кәсіби педагог мамандардың үлесі» тақырыбын талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі: дөңгелек үстел, сұрақтарды ұжымдық талқылау.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы орындау барысында тақырып бойынша интернет пен кітапхана ресурстарынан, ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, материалдар жинақтап алған жөн. Мақалалар мен жинақталған материалдар бойынша тапсырманы орындай отырып, ұсынылып отырған тақырыпты еркін меңгеру қажет.Баяндама жазу-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Тақырыпты талқылауда өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-14, 16-20, 27, 32, 36-44].

Тақырып №12:Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесінің мүмкіндіктеріне талдау жасау.

Тапсырма 2. Мектептегі электрондық оқыту жүйесінің артықшылығы мен кемшіліктерін сызба түрінде беру.

Тапсырма 3. Электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы ережелерге талдау жасаңыз.

Тапсырма 4. “ Электрондық оқыту-заман талабы» тақырыбына баяндама дайындау.

СОӨЖ өткізу түрі: пікірталас,сұрақтарды ұжымдық талқылау.

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ мерзімдік басылымдар залындағы тақырыпқа байланысты газет-журнал материалдарына сүйеніңіз. Сонымен қатар мерзімдік басылымдарға да талдау жасау қажет. Баяндама жазғанда берілген тақырып бойынша жоспар құрылады. Қажетті әдебиеттер іріктеледі. Әдебиеттермен жұмыс жасауда алынған мәліметтерді жүйелеп, тұжырым жасалынады. Баяндама мазмұнының компоненттеріне көңіл бөлу керек:1) жұмыстың жоспары; 2) ғылыми мәліметтердің жүйесі; 3) қорытындылар мен талдаулар.

Пайдалануға ұ сынылған әдебиеттер: [3-7, 15, 17, 29-32, 34,45-59].

Тақырып №13:Құзіреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бақылау және бағалаудың формалары:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: