Глоссарий 2 страница

1) жалпы әлеуметтік қағида;

2) арнайы әлеуметтік қағида;

3) нақты әлеуметтік зерттеу (эмпирикалық зерттеу) — бұл әлеуметтік білімнің эмпирикалық деңгейін белгілейді. Бұл деңгейлер әлеуметтік білімнің вертикальды білім срезін құрайды. Көлденең срезі қоғамның жеке өмір әрекет салаларын зерттейтін, салалық әлеуметтанудың саның құрайды.

Мұндай оқу жолын 20-шы жүзжылдықтың 60 жылдары американ социологы Р.Мертон ұсынды және әлеуметтік білімнің 3 деңгейін құрастырды: әлеуметтік қағиданың кең деңгейі, орташа ранг қағидасы және соңғысы күнделікті зерттеулерден пайда болатын кіші жұмыс гипотезасы. Мертон бойынша, «орташа деңгей” қағидасы жалғыз жүзеге асатын және көңіл бөлуге тұрарлық қағида. Бұл қағида негізгі анализ дәрежесі ретінде Мертон үшін, индивид пен қоғамдық құрылым арқылы жүзеге асатын, әлеуметтік топ болып шықты. Мертонның әртүрлі қағидасының анализі мен мұқият сипаттауы нәтижиесінде, 60-70-шы жылдары үш деңгейлі білім концепциясы құрастырылды. Бұл концепцияның дамуы негізінде өз кезекте әлеуметтік ғылымның екінші деңгейі жөнінде көрініс толықтырыла бастады.

Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді.

Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады.

Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:

1) қағидалық;

2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:

1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін) зерттейді;

2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер — әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар;

3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы — әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;

4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін — басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;

5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.

Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі келесі сатыларға бөлінеді:

а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;

ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;

б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;

Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді:

1) қағидалық әлеуметтану

2) қолданбалық әлеуметтану

3) әлеуметтік инженерия

1.5 Әлеуметтану функциялары

Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:

1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;

2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға — барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын — саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану — әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.

Лекция № 2. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары (1 сағат)

 
  1.Әлеументтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациялануы. О.Конт - әлеуметтанудың негізін салушы. 2.Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы. XX ғ. әлеуметтануы. А.Тойнбидің өркениет пен өмірлік циклдар теориясы. В.Паретоның циклдық өзгерістер теориялары. 3. П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон). М.Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы "веберлік ренессанс". Жаңа тарихи өлеуметтану. " Р.Мертон, Н.Смелзер және т.б. еңбектеріндегі нақты тарихи мәселелер мен оларды әлеуметтанулық талдау. 4.Ресейдегі әлеуметтанулық ойлаудың дамуы. ХІХ-ХХ ғғ. қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары: Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов және т.б. қазақстандағы әлеуметтанулық ойдың институционализациясы Негізгі ұғымдар: әлеуметтану ғылымының классикалық кезеңі, қазіргі заманғы ілімдер, теологиялық саты, метофизикалық саты, эволюция, позитивизм, «объективті» әдіс,әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика.   Қоғам өмірі адам баласын ежелден қызықтырды. Оның теориялық тұжырымдамаларын жасауға ежелгі грек ойшылдары Платон (б. з. д. 427-347) мен Аристотель (б. з. д. 384-322) үлкен үлес қосты. Антикалық алғашқы әлеуметтанушыларды әлеуметтік философтар деп атайды. Олар қазіргі әлеуметтанушылар сияқты салт – дәстүрді, адамдар арасындағы қарым–қатынасты зерттеді, фактілерді жинақтап қорытты, тұжырымдар жасады, бәрі –бәрі қоғамды қалай жетілдіру керектігі жөніндегі практикалық нұсқаулармен аяқталады. Антикалық дәуірде «қоғам» мен «мемлекет» ұғымдары ажыратылмай, синонимдер ретінде қолданылады. Платон. Жалпы әлеуметтану мәселелеріне арналған алғашқы еңбек Платонның «Мемлекеті». Ол еңбек бөлінісінің ерекше рөлін баса көрсетіп, бірінші болып стратификация теориясының негізін қалады. Оның теориясы бойынша қоғам үш топқа (кастаға) бөлінеді: 1) Жоғарғы мемлекет басшылары, даналар, аристократтар; 2) орта,тәртіпсіздік пен бүлікшіліктерді басатын әскерлер; 3) Төменгі, қолөнершілер мен шаруалар кіреді. Жоғарғы топ үлкен артықшылықтарға ие, олар қашанда билікті теріс пайдаланылады. Мұндай жағдай болмас үшін, ақсүйектерді жекеменшіктен айыру керек, өйткені Платон түсінігінде жекеменшік ар-ожданнан бездіреді. Қоғамды басқаруға 50 жасқа толған жоғары білімді, талантты адамдарды жіберу керек. Олар бұл дүниенің қызығынан бас тартып, тіршілік арбауына түспей, өзіне шек қоя біледі. Аристотель. Әлеуметтанулық ой жүйесінде Аристотельдің орны ерекше. Оның ілімінде қоғамдағы тәртіптің тірегі – орта топ. Одан басқа қоғамды екі топ бай – плутократия және меншігі жоқ - пролетариат бар. Мемлекет мынадай жағдайда жақсы басқарылады, егер кедейлер тобы мемлекетті басқарудан шеттетілмесе; 2) байлардың мүдделілік өзімшілдігі шектелсе; 3) Орта топ көпшілікті құрап қоғамда тұрақтылық қалыптасады. Қоғамды жетілдіру адамдарды теңестіру емес моральдық жағынан елді көтеру керек деп үйретеді Аристотель. Әкімдер жалпыға ортақ теңдікке ұмтылмай, тек мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз етуі керек. Ол жеке меншікті жақтайды. Өйткені, адамдар өзіне қатысты заттарға көп қамқорлық жасайды да, таза, адал мүдде қалыптастырады. Меншік ортақ болған жерде оған олар ерекше ынта бөлмейді, енжарлық танытады, ықыласын кемітеді. Екінші жағынан, мемлекет үшін адамдар арасындағы теңсіздіктің шектен шығуы - қауіпті. Аристотель орта топ көпшілікті құраған қоғамды алға тартады. Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде (орта ғасырларда қайта өрлеу дәуірінде де), қоғамдық өмір жайлы жан-жақты пікірлер болды, бірақ, оларды толық әлеуметтанулық ілім деп айтуға болмайтын еді. Өйткені, олар тек әлеуметтік ойлар философиясы немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар ғана бола алады. 2.Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуын француз философы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен байланыстырады, ол ғылыми айналысқа алғаш рет «әлеуметтану» деген терминді енгізді. Конт нақты ғылым мен білімді үгіттеуші болды және әлеуметтанушыларды қоғамды қатаң ғылыми негізінде зерттеуге шақырады. Алайда, бәрі бірдей оған бір ауыздан үн қата алмады. Сондықтан да кейінірек қоғамтануда екі бәсекелестік бағыт қалыптасты, ол: позитивизм және антипозитивизм. «Конттың 1830 жылдары «Позитивті философияның негізгі курстары» атты еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде негізгі ойлары айтылады. Конт негізін қалаған позитивзмнің (Латын тілінде positivus-жағымды) негізгі мәні мынада, әлеуметтану субъективті пікір мен абстрактілі дәлелсіз философиялыққа салынбауы керек. Ол қоғамды зерттейді, қоғам тірі табиғат сияқты «организм». Табиғат заңдары сияқты, оның дамуын объективті заңдар басқарады. Сондықтан да ол әлеуметтану, биология, анатомия және т.б. жаратылыстану ғылымдары үлгісіндегі нақты ғылымдар жүйесіне кіреді, ол нәтижесін тексеріп білуге болатын дәлелді ғылым. Мұндай «түсіндіруші әлеуметтану», олардың ойынша, қандай да болсын идеология мен жеке адамдардың пікіріне тәуелді болмауы керек. Антипозитивизм мен «ұғындырушы әлеуметтану» қоғам туралы ғылымда басқаша көзқарас қалыптастырады. Бұл бағыттың негізгі өкілі әлеуметтанушы, философ, және тарихшы М. Вебер (1864-1920) болды. Ол және оның ізбасарлары әлеуметтік өмірді зерттеудің негізі ретінде оны ұғынуды алды және оған субъективті баға берудің мүмкіндігін айтты. Олар ғылымды унификациялауға қарсы шықты, яғни жаратылыстану ғылымы мен қоғам туралы ғылымды ортақ жүйеге келтіруге болмайды деді. Әлеуметтану ерекше таным теориясын жасап, қолдануы керек. Табиғат құбылыстары объективті, ол адамның санасы мен еркінен тыс өмір сүреді. Оларды ғылыми тәсілдер арқылы дәл өлшеп, оны тәжірибе жүзінде қайталауға болады. Қоғам-адам әрекетінің нәтижесінде мәдениет желісі бойынша оны өзгертіп, және жетілдіріп отырады. Қоғам қайталанбас тұлғалардан тұрады, сондықтан индивидуализациялық тәсілмен шын ықыласпен ұғынуды талап етеді. Сонымен бірге, осы ұғыну арқылы алынған нәтижелерді тәжірибе жүзінде тексеруге болады. Мысалы, суретшінің салған кенептігі суретінің бояуын табиғи-ғылыми тәсіл арқылы, оған физикалық-химиялық талдау жасауға болады. Алайда, бұл тәсіл суретшінің бейнелеген суретінің мәдени мәні мен идеясы туралы ештеңе айта алмайды. Тағы бір мысал, жолаушы және бомбалаушы ұшақ ғылыми көзқарас тұрғысынан құрылымы бірдей, алайда әлеуметтік қызметі әр түрлі. Мұны тек «ұғынушы әлеуметтану» ғана анықтайды. Конт пен Веберден басқа әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасып дамуына неміс ойшылы К.Маркс (1818-1883), ағылшын философы әрі әлеуметтанушысы Г.Спенсер (1820-1903) және француз әлеуметтанушысы Э.Дюргейм (1859-1917) үлкен үлес қосты. Бұл ойшылдар қоғамтанулық мәселелерге жауап іздеді, ол: қоғам дамуының жолдары қандай; ондағы қатынастарды қалай реттеу керек, адамның әлеуметтік мінез - құлқын не анықтайды және т.б. Олардың әрқайсысының зерттеу тәсілі мен теориялық тұжырымы болды. К.Маркстің ерекшелігі, оның дүниені танып, білу ғана емес оны өзгертуге үндеуі. Өзгерістің негізгі тәсілі революция-қоғам өміріне күшпен өзгеріс енгізу. Тек бір таптық (пролетариаттық), екінші тапты (бұржуазияны) жоюуы, қоғамдағы қарама-қайшылықты шешеді. Бұған қарама - қарсы Г.Спенсердің қоғамды өзгертуге негізгі идеясы-эволюция. Ол табиғаттың тірі организмдердің мыңдаған жылдар бойына қалыптасқаны сияқты, адамзат қоғамында биологиялық организм сияқты, қоғам жәй формадан күрделі формаға қарай дамитынын айтады. Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858—1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол кептеген ғылыми еңбектер жазды, солардың арасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» (1893), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Өзіне-өзі қол салу» (1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) жатады. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез - құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады. Ол әзінің әлеуметтік реализм теориясында коғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретіндегі коғам адамдардың мінез - құлқында, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар. Дюркгейм «социологизмінің» басты принципі мен ерекшелігі — оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді. Бұның мәні — кұндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің тұтқасына айналуында. Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминация адамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмпирик алық өмірдің екі жағына айналады. Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді. Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және құнды бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінді: егер де сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, коғамның адамгершілік беделіне, адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса, әлеуметтік нормалар да соғұрлым тиімді болады. Э. Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне дейінгілер дің негізінен алғанда коғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға кеп көңіл бөлгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды колға алады. Оның пікірінше, әлеуметтану — әлеуметтік факторлар туралы ғылым. Бұл дегеніміз - адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен кұндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен кұндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік. Адамдардың күнделікті өмірде іске асыратын идеялары мен рухани құндылықтарын әлеуметтік құбылыстардың соңғы себептері ретінде қарастырады. Олардан кез келген әлеуметтік эволюцияның қайнар көзін көреді. Әңгіме ұжымдық сананың көрінісі ретіндегі идеялар мен рухани құндылықтар туралы болып отыр. Жеке адамдарға қатысты әлеуметтік нормалар, құндылықтар және өзге де коғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. Әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, кұндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік әмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. Әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананың көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады. Дюркгейм қоғамдық болмыс формасы немесе қоғам құрылымы мен жеке «материалдық» бөлімінің формасын қарастыратын әлеуметтік морфология деп аталатын фактіні ұжымдық сана немесе түсінікке қарсы қойды. Морфологиялық фактілер — «материалдықты» коғамның сандық аспектісін, оның субстратын, ал ұжымдық сана рухани, саналы аспекті болып саналатын «ұжымдық түсінікті» құрайды. Сөйтіп, Дюркгеймнің әлеуметтік фактілер жөніндегі ілімінде коғам мен тұлғаның өзара әрекетін түсінуге мүмкіндік беретін қажетті, маңызды ережелер қалыптасқан, топтық, ұжымдық сананың рөлі көрсетілген. Осының бәрі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі шынайы пәні болып саналады. Дюркгеймнің коғамда болатын Қалыптылық пен патологияның өзгешеліктері туралы, әлеуметтік аурулар және оларды жоюдың жолдары жөніндегі ілімдері аса маңызды. Қалыпты және патология коғамдағы келеңсіз құбылыстарды, соның ішінде қылмыстарды, дағдарыстарды, т.б. интерпретациялауда қолданылған. Дюркгеймнің пікірі бойынша, нормалды - бұл әлеуметтік организм ретіндегі қалыпты өмір сүру жағдайынан келіп шығады. Қылмыс және басқа да әлеуметтік аурулар коғамға зиян келтіріп, жат қылыққа ұшыратса да, қалыпты болып саналады, өйткені олар белгілі бір қоғамдық жағдайда ірге тепкен және пайдалы да қажетті қоғамдық қатынастарды қолдап отырады. Өзі кең түрде қолданып келген оның қалыпты түсінігі Дюркгеймді күтпеген қорытынды жасауға, кейде релятивизмге әкеп соқтырды. Мысалы, кез келген коғамда кездесетін қылмысты ол қалыпты құбылыс ретінде қарастырды. Керісінше, XIX ғасырдың соңында өзін-өзі өлтірушілердің санының артуы және экономикалық дағдарыстың кейбір типтері патологиялық деп сипатталады. Коғамның қалыпты қалпын жоспарлы экономиканың дамуы және еңбек қатынастарын нормативпен реттеуден туады деп түсіндірді. Сонымен катар әлеуметтік саулық, Дюркгеймнің пікірі бойынша, индивидтің, ұжымның немесе коғамның өмірлік күштерінің қалыпты дамуында, Олардың орта жағдайларына бейімделу қабілеттерінде, оларды өз дамуларына қолдана білуінде. Коғамның дамуына және адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал ететіндердің бәрі пайдалы және қажетті деп танылуы керек. Коғамның ауруы оның кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Егер коғам тұтастай ауру болса, оны әмбебап емдеу қажет. Дюркгейм коғамның моральдық және саяси сауығуына үлкен маңыз береді. Коғамның қалыпты емес қалпына аномия жатады, бұл — индивидтердің мінез - құлқын нақты моральдық реттеу әдісінің болмауынан қалыптасатын қоғамдық жағдай. Дюркгейм аномияны түсіндіруді әлеуметтік функциялардың арасын реттеп отыратын ережелердің әзірленуінен іздестірді. Ол реттеуге көнбейтін бәсекелестіктің, таптық шиеленістердің, ескішіл енбектің және жұмысшы күштерінің деградациясының болуын өндіріс пен еңбек бөлінісінің жедел түрде асқынатын сырқаты ретінде анықтады. «Қалыпты емес формаларды» жоюда Дюркгейм шиеленістерді бейбіт жолмен шешуді, күрес пен бәсекелестікті көңілге сыйымды мөлшерде бәсеңдетуді, таптар қатынастарын қатаң реттеуші ережелер жинағын шығаруды, әділеттілікті және тендікті енгізуді ұсынды. Дюркгейм қоғамдық құбылыстарды зерттеуде, әлеуметтік фактілерді түсіндіруде себептік және функционалдық талдауды әлеуметтанулық зерттеудің маңызды әдісі етіп қарастырады. Себептік түсіндірудің мәні - әлеуметтік құбылыстың әлеуметтік ортаға тәуелділігіне талдау жасауда. Функция ұғымын Дюркгейм биологиядан алады, ол бойынша физиологиялық процесс мәліметтері мен организм қажеттілігінің арасында сайма-сай келетін қатынастар бар. Осы ережені ол әлеуметтік терминге айналдырып, әлеуметтік құбылыстың немесе институттың функциясы — институт пен коғамның кейбір қажеттіліктерінің арасындағы сәйкестіктерді жөнге салу, деп түсіндіреді. Дюркгейм социологизмінің айқын көрінісінің бірі - оның дін тұжырымдамасы. Діннің шығу көздерін ол коғамнан іздеуді ұсынды. Австралия тотемизмін зерттеген ол діннің шығуын алғашқы қауымдық құрылыммен, оның әлеуметтік ұйымымен байланыстырады. «Дін әлеуметтік ортаның жемісі» деген тұжырым жасап, коғамның одан басымдылығын мойындайды. Алғашқы қауымдық дінді зерттеп, одан казіргі «күрделі» қоғамның бейнесін көрген Дюркгейм тотемизмнің ерекшеліктерін қазіргі діндерге көшірді және діни жүйенің басты элементі ретінде құдай идеясын жоққа шығарды. Оның пікірінше, сенушілердің құдайы тек «коғамның фигуралы көрінісі», ал бұған керісінше құдіретті принцип — «қоғам басқаларға қарағанда гипостазданған және басқа түрге айналғыш». Осыдан келіп мәдениетке, тұлғаға, сонымен қатар адамзат ойлауының негізгі заңдылықтарына діннің шексіз ықпалы жасалады. Қоғам діни сенім мен догматтардың авторы және пәні, ол дінді жасайды және дінге табынуға итереді, коғам — бір мезгілде құдай және табынушы. Дюркгейм дінге символдық жүйе ретінде де қарайды. Алғашқы қауымдық төтем алғашқы адамдардың қандай топқа жататынын анықтаушы символ ретінде түсіндірілді. Материалдық мәдениеттің өзге заттары белгілер ретінде карастырылды, солардың көмегімен белгілі бір тарихи дәуірдегі ұжымдық санаға үңілуге мүмкіндік туды. Әлеуметтанулық сараптама бұл жүйенің базисі кызметін атқаратын реалдықты, яғни коғамды керуге тиісті еді. Дін символдық белгілер жиынтығы ретінде карастырылды. Сол белгілердің көмегімен діннің қоғамдық интеграл орлығы мәдениетті таратушы кызметтерді жүзеге асырып отырды. Діннің басты компоненті, Дюркгеймнің пікірінше, оның догматтық бөлімі емес, жораларды атқарудағы ұжымдықтан көрінетін діннің практикалық кызметі. Белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді білдіре отырып, дін қажетті қоғамдық міндеттерді атқарады. Дюркгейм табыну практикасындағы негізгі әлеуметтік кызметтерді атап көрсетті: тәртіпке шақыру, немесе мәжбүр ету және бақылау қызметі, соның негізінде әлеуметтік бірлік нығайып, бекиді; жаңадан өндіру міндеті, бұл жаңа ұрпаққа әлеуметтік-мәдени мұраларды берудің және оның жандануының көмегімен іске асады; эйфориялық міндет, бұл әлеуметтік аман-есендік қуаныш сезімін қалыптастырудан тұрады. Діни ырымдар, ғұрыптар маңызды әлеуметтік міндеттер атқарады, қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға кызмет етеді, ал индивидуалдық деңгейде адамның әз күшіне сенімін арттырады. Дюркгейм дін ұғымын діннің басты компоненттерінен, яғни құдай, т.б. айырып, дінді кез келген әлеуметтік объектіге қатысы бар наным мен ырымдардың жүйесі ретінде кеңірек көлемде түсіндіреді. Түптеп келгенде, дінді уақыттан тыс тұрған, мәңгі сипатталған, кез-келген коғамдық типте ұқсастығымен көрінетін абстрактілі идеологиямен теңестірді. Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі мораль болды. Оның табиғатын, шығуы мен атқаратын кызметтерін баяндауда Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылыққа алды. Моралды өзінің ерекшелігіне орай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылымнан туындатты. Дюркгейм моралды мінез - құлықтың объективтік ережелерінің жүйесі ретінде қарастырып, жеке индивидтің мойындамасқа лажы қалмайтын олардың императивті, мәжбүр ету сияқты айрықша белгілерін де көрсетті. Моральдың басты белгісі ретінде борышты (парыз) атады, оны қолдау адамның морладық қасиетін арттырады. Бұдан кейін Дюркгеймді қызықтырған моральдық еріктілік мәселесі, қажеттік, тартқыштық және моральдық кұндылықтарға адамның мүдделі болу белгілері де оның назарынан тыс қалмады. Моралдың әлеуметтік мәнін атап көрсеткен Дюркгейм, оның дін сияқты «құдіретті сипатын» ашып, индивидтен өзінің күшімен, беделімен асып тұратын коғам моралдың қайнар көзі және объектісі екенін баяндады. Моралды коғамдық жағдаймен байланыстырса да, Дюркгейм әлеуметтік құрылымды түбегейлі өзгертетін қоғамдық идеалды қажет емес деп санады. Әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерге коғамдық идеалды сәйкестендірсе жеткілікті деп есептеді. Сол кездегі коғамдағы табиғаты жағынан моральдық саналған дағдарыстың негізіне жалпы адамдар санасының сипаты мен мазмұнының өзгеруін алды. Нормалар мен құндылықтарды тез өзгерту қоғамда бұрын қалыптасқан тәртіпті жояды, соның салдарынан коғамды морладық жүгенсіздікке (хаоска) әкеліп соқтырады. Дағдарыстан шығудың жолы — ол моралды ретке келтіруді күшейту. Дюркгейм тұжырымдамаларында «ұжымдық ақыл» мен ұжымдық мүдделердің қорғаушысы міндетін коғамның бұдан басқа да мәселелерін «ойлайтын және әрекет ететін» мемлекет атқарады. Либерализм рухында мемлекеттің рөлін баяндаған ол өкімет билігінің асыра күшеюі мүмкіндігін алдын ала көре білді. Мемлекеттің асыра бақылауынан тыс индивидті «екіншілік» немесе аралық әлеуметтік топтар — діни, өндірістік, т.б. қорғау кызметін атқаруға тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм белгілі топтардың өкілдері ретінде индивидтердің мінез - құлқын реттеуші ерекше партикулярлық моральдық кодекстер идеясын ұсынды. Солай дегенмен де, Дюркгейм коғамдық маңыздылығы дәрежесі бойынша моральдық ережелердің қатаң иерархиясын орнатуды талап етті. Отбасы, кәсіби және азаматтық мораль иерархиялық құрылымды кұрады, оның биік шыңында мемлекеттен көрініс табатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдар орналасты. Мораль проблемаларын баян етуде Дюркгейм адамның екі жақты табиғатын пайымдаған антропологиялық теорияға сүйенді. Адамның биологиялық табиғаты (қабілеті, биологиялық функциясы, импульстері, құмарлығы) оның тәрбие жолымен (нормалар, кұндылықтар, идеалдар) қалыптасқан әлеуметтік табиғатымен қарама-қайшылықта болады. Бұл қайшылықтарды тудыратын тоқтаусыз ішкі мазасыздық, шиеленіс сезімі мен үрейлену, бұлар тек коғамның әрекетімен ғана шешіледі. Ол адамның биологиялық табиғатына бақылау жасайды, құмарлығын және тәбетін шектейді, оларды белгілі бір шеңберде ұстайды. Егер коғам индивидтерге өзінің бақылауын әлсіретсе, аномиялы жағдай қалыптасады, яғни коғам мен индивид дезинтеграцияланады, теріс моральдық тәртіпке, ретсіздікке, бақылаусыздыққа әкеп соғады. Бұдан барып өзіндік бір моральдық кеңістік пайда болады, соның салдарынан бұрынғы нормалар мен құндылықтар бұдан әрі ез рөлдерін орындамайды, ал олардың жаңалары әлі нығайып үлгермеген болатын. Түптеп келгенде, Э. Дюркгейм қарастырған проблемалардың және оларды шешу тұжырымдамаларының теориялық әлеуметтанудың іргелі проблемаларының қатарына жататыны даусыз, олар бүгінгі күнде де өз кұндылығын жойған емес, әлі де пікір сайыстарын туғызып келеді. Әлеуметтанудың дамуына он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басында маңызды үлес қосқан неміс ойшылы Макс Вебер (1864—1920) болды. Оның әлеуметтануы казіргі кезде кайта өркендеуде. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының кептеген жақтары қайтадан ой елегінен өткізіліп, пайымдалуда. Оның дайындаған әлеуметтік таным методологиясы, түсіну тұжырымдамасы, идеалды типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері әмірде қолданылып отыр. М. Вебердің әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына түрлі бағыт ұстаған көрнекті ойшылдар ықпал етті. Солардың арасында Г. Риккерт, К. Маркс, Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницще және басқалары болды. Вебердің өзі көптеген ғылыми еңбектер жазды, солардың ішінде «Протестанттық этика және капитализм рухы», «Шаруашылық және коғам», «Әлеуметтік - ғылымилық және әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» туындыларын атап айтуға болады. М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Алайда, олардың кез келген мінез - құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні, біріншіден, адамның және адам топтарының мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізген ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады. Егер де әрекет езге адамдар тарапынан жауап реакция алуға есептелмесе, айталық, машиналар немесе табиғат тарапынан болатын жауапты Вебер әлеуметтік деп санауға болмайды дейді. Сонымен бірге еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет қатарына жатпайды. Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды - мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды - ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) эффектісі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттіңтүрі1. Әйтседе, М. Вебер осы типтердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік мағынаға ие болады. Сөйтіп, М. Вебер әрекеттің мотивін, мақсатын ұғынуды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір міндеті деп түсіндіреді. Өйткені коғамдық қатынастар жеке адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінен құралады. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша, адамның немесе адам топ - тарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін, осыдан келіп олар түсінуші әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды. Мәселенің мәні мынада: егер де адамның әрекеті ойластырылған және іштей бірдемеге бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен катар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін кере білуі тиіс. Субъектінің осы кызметтегі мотиві, басшылыққа алған рухани құндылықтары есепке алынады. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік әрекет субъектісінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап, түсіну қажет. Осы рөлде әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады. М. Вебер түсінуші әлеуметтану тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұғынып, түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез - құлқында қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды. Субъектілерінің әлеуметтік әрекеттерін және олардың ішкі жан дүниесін түсіндіру түсінуші әлеуметтануда логикалық тұрғыдан болуы мүмкін, яғни ұғымдардың көмегімен пайымдалған және таза эмоционалды болуы ықтимал. Бұл жағдайда әлеуметтанушының түсінуіне «сезімдік», әлеуметтік әрекет субъектісінің ішкі жан-дүниесіне «төселу» арқылы қол жетеді. М. Вебер бұл процесті өз бойынан өткізу деп атаған. Адамдардың қоғамдық әмірі қалыптасатын әлеуметтік әрекеттерді қайсы бір деңгейде түсіну өз рөлін атқарады. Бірақ, Вебердің ойынша, әлеуметтік процестерді логикалық түсіну, оларды ғылыми деңгейде пайымдау өте маңызды. Олардың «сезімдік» деңгейде қол жеткен табысын М. Вебер зерттеудің қосымша әдісі ретінде сипаттады. М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында кұндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни кұндылықтар мәселелерінен айналып ете алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр. Өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез - құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды. Сонымен бірге әлеуметтанушы да белгілі бір құндылықтар жүйесін басшылыққа алады. Бұл оның зерттеуінің барысына және нәтижесіне сөзсіз әсер етеді. М. Вебер құндылықтар проблемасын шешудің жолдарын ұсынды. Неокантшылдар аталмыш құндылықтарды тарихтан да бұрын болды деп қарастырды. М. Вебер құндылықты қайсыбір тарихи дәуірдің қалыптасуы ретінде, дәуірге тән мүдделердің бағыттары ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарихтан бұрынғы деп жүрген құндылықтар тарихқа қайтарылды. Кұндылықтарды осылайша қарастыру — адамдардың санасын, олардың мінез - құлқы мен қызметінің шындығын түсіндіру үшін аса маңызды. Бұл М. Вебердің әлеуметтік әрекет теориясын дамытуда маңызды рөл атқарады. М. Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы - идеалды типтер. Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның әмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалды типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да кұндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез - құлық және кызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, сонымен катар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін. Идеалды типтер коғамдық күйдің бүкіл мәнін — өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осынын арқасында олар өзіндік ерекше критерийлерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухани, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип коғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама - айшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да кұндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен катар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды. М. Вебер тарихи процесс барысында әлеуметтік әрекеттің ұтымдылық дәрежесі артады, бұл әсіресе капитализмнің дамуынан айқын көрінеді, ұтымдылықтың жүзеге асуы құқықтық мемлекет тұсында болады, құқықтық мемлекеттің өмір сүруі азаматтардың мүдделерінің өзара әрекеті, ол ұтымдылықпен толық байланысқан, олар заңға, сондай-ақ бәріне ортақ саяси және моральдық кұндылықтарға бағынады, құқықтық мемлекет басқарушылар мен басқарылатындардың мақсатты - ұтымды және құнды - ұтымды әрекеттері негізінде дамиды, алайда, бұл әрекеттер тек мол пайда табу мотивінен туындап, қалған нәрсенің бәрін соған бағындырады, деп талдап көрсетті. Мұндай ұтымдылықты М. Вебер протестант дінін ұстаушылардың «шаруашылық этикасына» негізделген дей келіп, оны ерекше капиталистік рухпен байланыстырады. Діннің бәрі де белгілі бір «шаруашылық этикасын» ұстайды, өрі адамдар тіршілігіне қажетті мақсаттарды да белгілейді. Алайда, осыған қарамастан, діни аскетизмнің формалары әлі де әр түрлі болып келеді. Шығыс діндерінде - енжарлыққа еліктіру, о дүниелік аскетизм басым. Мұндай дін, әлбетте, капитализмге тән саналы да белсенді кызмет етуге мүмкіндік бермейді дей келіп, М. Вебер христиан, т.б. діндерге белсенділік, «ішкі дүние» аскетизмі тән, сондықтан олар құдайдың ырқына сәйкес адамдарды жерде тіршілік етуге бағыттайды деген тұжырымға келеді. Капитализмдегі ұтымдылық идеясын М. Вебер ұтымды бюрократия тұжырымдамасымен ұштастырады. Бюрократия - капиталистік ұтымдылықты іске асырушы. Ұтымды бюрократияның болуының өзі капиталистік ұтымдылықтың ең жоғары көрінісі деп бағалайды М. Вебер. Қоғамның әлеуметтік кұрылымын зерттеуде М. Вебертаптарда болатын объективтік өзгешеліктерді мойындайды. Бірақ ол таптар ұғымын адамдардың экономикалық қауымдастығы тұрғысында қарап, өмір стиліне, жалпы намыс, бедел, т.с.с. жәйттерге негізделген статус, жай - жағдай ұғымына оны қарсы қояды. Дегенмен, коғамда материалдық жағдайымен ғана ерекшеленіп қана қоймай, басқа да, айталық, өмір стилі, мәдениеті, санасы, т.б. белгілерімен ерекшеленетін әлеуметтік топтардың өмір сүретіні мәлім. Осыған орай бұл өзгешеліктерді түбегейлі алып қарастырсақ, онда олардың экономикалық ерекшеліктермен салыстырғанда екінші қатардағы ерекшеліктер екеніне көз жеткізуге болады. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, ешқандай қатысы жоқ, тәуелсіз етіп көрсетеді. Нәтижесінде таптар мәселесі, күрделілігі мәз емес екінші қатарға қойылған. Жалпы бұл идея казіргі батыс елдері әлеуметтануында кең тараған. М. Вебер өз еңбектерінде өкімет билігі жөніндегі көзқарасын анықтап тұжырымдады, негіздеді. Сөйтіп, ол өкімет билігін үш түрге бөлді: 1) заңды өкімет билігі; 2) дәстүрлі билік; 3) харизматиқалық билік (харизматикалық ұғымы гректің «hopio», яғни құдай берген қабілет деген түсінігін білдіреді)1. Заңдастырылған өкімет билігі — коғамда қалыптасып, өмірде басшылыққа алынып отырған тәртіптің заңдылығын мойындау негізінде құрылған биліктің түрі. Ал заңды биліктің таза түрі етіп бюрократиялық билікті алған. Бұл жағдайда чиновник жеке адам ретінде қарастырылмайды, керісінше, оны белгілі бір саяси функцияны атқарушы ғана ретінде қарастырады. Сондықтан адамдар чиновникке тұлға ретінде бағынбайды да, оны тек нормаларды іске асырушы ретінде ғана мойындайды. Дәстүрлі билік - ежелгі дәстүрлер, адамдардың заңды жәйттеріне, қасиетті деген сенімдерге сүйенген, сол дәстүрлердің негізінде іске асатын билік. Мысалы, патриархалдық билікте дәстүр бойынша билік ер адамның қолына шоғырланады. Харизматикалық билік — тұлғаның, көсемнің барлық адамдарда болмайтын ерекше сапаларына сенуден туындаған биліктің түрі. Бұған дәлел ретінде М. Вебер көріпкелдерді, балгерлерді, бақсыларды, соғыс батырларын, т.б. келтіреді. Міне, М. Вебердің қысқаша әлеуметтанулық көзқарастары осылар. ХХ ғасырда әлеуметтану ғылымы АҚШ-да жемісті дамыды. Егер Еуропада әлеуметтану жеке ғылымдардың ынта жігері арқылы дамыса, америкада басынан жақсы ұйымдастырылып, қаржы бөлініп, университеттік білімнің ажырамас бөліміне айналды. Математика, статистика, модельдеу тәсілдері мен экспериментті кең қолдану әлеуметтануды нақты ғылым ретінде қалыптастырды. Америка ғалымдарының негізгі күші практикалық мәселелерді шешуге бағытталған, яғни, адамдар мінез - құлқының себептері қандай, әлеуметтік бақылау мен басқаруды қалай жетілдіруге болады, өндірісті адамдардың ынтымақтастық рухын, еңбек өнімділігін арттыруды, халықтың әл-ауқатын көтеруді қалай қамтамасыз ету керек деген секілді мәселелер. Тейлор системасы немесе тейлоризм бағытын американ инженері және зерттеушісі Фредерик Тейлор (1856-1915) қалыптастырды. Өндірісті терең талдай отырып, Тейлор мынадай қорытындыға келді. Өндіріс жеткілікті өнімді емес, себебі жұмысшылар енжарлық танытып, жұмысқа салқын қарайды. Жағдайды түзету үшін зерттеуші алғаш рет еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен өндірісті рационалды басқаруды зерттеп енгізді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру еңбек операцияларын жан-жақты талдауды, артық және ыңғайсыз әрекеттерді жоюды, еңбекке қабылдаудың қолайлы түрін анықтау мен олардың іс-әрекетін автоматтандыру, еңбек уақытын қатаң реттеп, жұмыс пен демалысты үйлестіру т.б. Рационалды басқару өз кезегінде: а) өндірісте қатаң тәртіп және бақылауды; б) мамандарды дұрыс таңдап өз орнына қоюды; в) мамандықты жетілдіру жүйесі мен жұмысшылардың қызмет бабын көтеру; г) өндірісте материялдық ынталандыру принципін еңбек нәтижесі мен басқа да өлшемдерді алға тартып еңбек ақыны диференциалау (әртүрлі дәрежеде қалыптастыру). Өндірісті ұйымдастыру жүйесінде, Тейлордың айтуынша, филонтропияға (грек сөзі phileo-сүю, anthopos-адам, адамгершілік) жол берілмеуі керек. Әр адам өз жетістігіне өзі жауап береді. Еңбек процесі жоғары рационалдандырылып, өнім өндіру жоғары болуы қажет. Кім өнімді аз өндірсе, басқалардан жалақыны төмен алады. Жалақы жұмысшының өндіріске сіңірген жеке үлесіне сай келуі тиіс. XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. басындағы Америка әлеуметтануының негізгі бағыттарының бірі бихевиоризм, қалыптасты. «Бихевиоризм» ағылшынның «behavior» - мінез-құлық туралы ғылым деген мағынаны берді. Бұл бағыттың негізін қалаған американ психологы Эдуард Торндаик (1874-1949) пен Джордж Уотсон (1878-1858) және олардың шәкірттері шын мәнінде адамның «мінез-құлық технологиясын» жасауға ұмтылды. Мұнда мінез-құлықты «Стимул-реакция» қарапайым формуласы арқылы анықтады. Стимул – адамдарды әрекет етуге итермелейтін әсер, ал реакция – оған қарсы әрекет. Мысалы, жаңбырдың басталуы (стимул), қолшатырды қолдануымыз (реакция). Бірқатар «мінез-құлық схемалары» адамға туа біткен (дем алу, тамақ ішу, жөтелу т.б.), ал басқа реакцияларды тыңғылықты үйрету арқылы автоматтандырып, адам мінез-құлқын реттеп, қоғамда үйлесімділік орнатуға болады деп тұжырымдайды. Ә.Бөкейханов жер мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-экономикалық сырын ашып, қазақ халқына тигізетін оның ауыр салдарын әшкерелеп отырды. Егіншілікке көшудің қазақтар үшін жағымды жақтарын жоққа шығармады. Бұл процестің эволюциялық жолмен жүруін қолдады. Ол өзінің осы көзқарасын былайша түсіндірді: “бізді&#

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow