Кіріспе

I Бейнелеу өнерінің түрлері

1.1. Бейнелеу өнерінің түрлеріне сипаттама...................................................... 3-6

1.2. Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай бейнелеу өнері түрлеріне үйретудің әдістемесі............................................................................................................6-18 II. Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнеленуі

2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың затқа қарап бейнелеу сабақтарын өткізу әдістемесі...............................................................................................18-23

2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерін талдау........................23-25

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланған әдебиет.......................................................................................... 27

Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н.А. Назарбаев 2010жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында:2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатылып өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнелену қабілеттерін дамыту.Бейнелеу өнерінде натура – тікелей бақылау кезінде бейнеленетін заттты немесе құбылысты айтады.Натурамен жұмыс істеу затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандайболса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Натурадан сурет салудың бұл ерекшелігі сабақ үрдісіндегі өзіне тән қабылдау негізгі орын алады, оның үстінде жазықтықта (сурет, апликация) бейнелеген кезде зат тек бір жағынан ғана қабылданады, мүсін жасағанда және конструкция лағанда балалардың натураны айналдыруға, ауқымды пішінді әр жағынан талдауға мүмкіндігі болуға тиіс.

Затты оның сапаларының жиынтығында қабылдау қабілеті мектепке дейінгі кішкентай балалардың өзіне тән. Алайда затты натурадан бейнелеу қажеттілігі бөлшектердің ара қатынасын, олардың кеңістікте орналасуын талдай білуді көздейді. Психологтар мектепке дейінігі жастағы бала дұрыс педа-гогикалық басшылық жағдайында ғана осындай аналитикалық синтездік қабылдауға қабілетті деп есептейді.

Сонымен, үйрету әдісі ретіде натураны пайдалану бүкіл бейнелеу үрдісін қамтиды: затты бастапқы талдауды бейненің пішіні, орналасуы жағдайы, түсі жағынан натурамен салыстыруды, сурет пен натураны салыстыру жолымен жұмыс нәтижелерін бағалауды қамтиды.

Натура сияқты,үлгіде үйрету әдісі және жекелген тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. Айналадағыны қабылдаудан алынған әсерлерді орнықтыруы басты мақсат болып табылмайды, ал бейнелеу іс әрекет жекелеген сәттерін дамыту жөнінде міндеттер қойылатын бейнелеу іс-әрекеті түрінде үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.

Жекелеген затты суретте сауатты, нақты бейнелей алу үшін, сол заттың өзіне ғана тәнпішіні мен детальдарын, ондағы бөліктердің пропорция лық сәйкестігін, перспективадағы өзгерістерін, көлемін, қозғалысын, түсін бере білуді қажет етеді. Біздер енді мектеп жасына дейінгі балаларға осынау міндеттердің қандай жағдайда, қай мөлшерде шешілгенде түсінікті болатынын қарастыратын боламыз [4.15-16б.].

Зерттеудің мақсаты: Балалардың ересектер еңбегін бейнелеп, суреттей алу қабілеттерін дамыту.

Зерттеудің міндеті: Балаларды нақты затқа қарап бейнелей алуын қалыптастыру.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнеленуі.

Зерттеудің пәні: Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі

1 Бейнелеу өнерінің түрлері

1.1. Бейнелеу өнерінің түрлеріне сипаттама

Сурет салу. Балабақшада сурет сабағы балаларды бейнелеу өнеріне үйретуде жетекші орын алады. Ол сурет салудың: жекелеген заттарды бейне-леу, сюжетті (оқиғалы),декоративті сурет деп аталатын үш түрін қамтиды. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері болады, мұның өзі тақырыптық материал мен жүргізілетін жұмыстың мазмұнын айқындайды. Сурет салуға үйретудің негізгі мақсаты — балалардың айнала қоршаған тіршілікті тануына көмектесу, олардың аңғарымпаздығын дамыту, сұлулықты сезінуге тәрбиелеу және бейнелеу тәсілдеріне үйрету.Сонымен бірге балалардың бейнелеу іс-әрекетінің басты міндеті — олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін бейнелеу қүралдарының көмегімен әр түрлі заттардың анық, айқын бейнесін жасау үстіндегі шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру да жүзеге асады.

Жекелегсн заттардың суретін салуга үйрету әр түрлі жастағы топтардың бәріне ортақ жалпы міндеттер төмендегідей болып келеді:

- заттың пішіні мен құрылысын бейнелеуге, бөліктердің өзара қарым қатысын және жай қозғалғандағы өзгерістерді бере білуге үйрету керек;

- суреттің айкындылығын, бейнелілігін көрсететіндей сол зат­тың тек өзіне ғана тән кейбір даралаушы детальдарын бейнелей білуге үйрету керек;

- заттың түсін өзінің мазмұнына және мінезіне лайық етіп беру қажет;

- сурет салу үстінде қаламмен, бояумен, өзге материалдармен жұмыс істей алатын техиикалық дағдыны дамыту керек.

Бұл міндеттер жас мөлшері әр түрлі топтарға лайықталған программа материалдарында анықталып, нақтылана түседі.Тақырыптағы материал тоқсан бойынша бөлініп қамтылған материалды түгел өтуге және қажетті жаңа міндеттерді шешуге, бекітуге бөлінген уақытты ұтымды, тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады [8].

Аппликация (латынша applicatio — үстіне қою, салу)—негізгі түске декоративтік немесе тақырыптық пішіндердегі қиындыларды жапсыру аркылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т.с.с.) көркем безендіру үшін колданылатын қолөнерінің бір түрі.

Апиликацияның өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу техникасына байланысты.

Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне карағанда аппликациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Аппликацияға ешқандай детальдарсыз жалпылама пішіндер тән. Көбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстеп өзгеше ерекшеленеді [9].

Аппликацияны орындау процесі екі кезеңнсн тұрады: жеке пішіндерді кесу және оларды негізгі түске жапсыру.

Аппликация көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиім-ділігін тудырады. Кесілген пішіндер кейде әp түрлі үй-жай орындарын безендіруге қолданылады (мысалы, кағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге, ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік безендіруге қолданылады). Мата, жүн және теріден кесілген аппликациялық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар жасауга қолданылады.

Кейде кесілген бөлшектер түске толық, жапсырылмайды, сондықтан, аппликация жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана ортаға жапсырып, олар­дың соңғы ұштары негізгі түстен қалып кояды. Бұл бейнеге үлкен мәнерлілік берді.

Аппликацияның орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар шығармашылығы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге боялған дайын пішіндерді қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін, сюжеттік бейнелер т.с.с.кесу арқылы композициялар құруларына болады. Сонымен, аппликациямен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен дағдының қалыптасуына, екінші жағынан шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді [3].

Конструкциялау іс-әрскеті сөзінің мағынасы латынша conslrnctio құру деген сөзден шыққан.

Балаларды конструкциялау іс-әрекетіне олардың әр түрлі материалдар дан (қағаздан, картоннан, ағаштан, арнайы құрылысқа арналган конструк торлық жапырақтардан) түрлі ойындық ұсақ-түйектер (ойыншық тар, құрылыстар) жасауы жатады.

Конструкциялау балалар үшін әрекеттердің аса қиын түрлерінің бірі болып табылады. Одан біз ересектердің көркемөнер, конструкторлық техиикалық әрекеттерімен байланысты екенін байқаймыз.

Ересектердің конструкциялық-техникалык, іс-әрекеттері үшін конс трукциялауды, құрылыстарды іс жүзінде қолдану тән нәрсе. Конструкциялау ды орындағанда ересек адам алдын ала ойланады, жоспар жасайды, қолдану шараларын, жұмыс техникасын, сыртқы безендірулерді ескере отырып материал таңдайды, әрекеттің орындалуы жүйелілігін белгілейді.

Бұл бөлшектердің барлығы балалар конструкциясында көзделінеді. Осы жерде сонымен қатар конструкциялық міндеттер шешіледі.Балалар конструкциясының нәтижелері, әдетте, ойында іске асырылуы үшін пайдаланылады.

А.С.Макаренко баланың ойыншық матерналдары мен ойындары «бәрінен бұрын адамның қалыпты іс-әрекетіне жақын тұра­ды, материалдардан адам құндылық пен мәдениетті туғызады»— деп атап көрсетті.

Сөйтіп, балалардың конструкциялық іс-әрекеті ересектердің конструкциялык-техиикалык, іс-әрекетіне ұқсас болады. Бала іс-әрекеті нәтижесінің әлі қоғамдық мәні болмайды, бала қоғамға материалдық, не мәдениет байлықтарынан жаңа ешнәрсе қоса коймайды. Дегенмен ересектердің балалар іс-әрекетіне басшылық етуі мектеп жасына дейінгі балалардың ең бек тәрбиесіне ең игілікті әсерін тигізеді.

Балалар конструкциясы бейнелеу және техиикалық болып бөлінуі мүмкін. Егер ересектердің конструкциялық-техиикалык әрекеттерінің өнімі негізінен әркашанда іс жүзінде колданатын болса (театр, ма­газин және т. б. үшін үйлер тұрғызу), ал балалар құрастырулары іс жүзінде пайдалнуға әрқашанда қолданыла бермейді. Мәселен балалар алғашқыда ынталылықпен зоопарк тұрғызады, бірақ қалай ол жасалып бітісімен-ақ құрылыстың олар үшін ешқандай кызығы болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың конструкциялык іс-әрекеті ойында басты сипат алады: құрылысты немесе конструкциялауды жасау барысында балалар ойын катынастарына түседі — әркімнің міндеттерін жай ғана белгілеп қоймай, әр түрлі рольдерді, мыса­лы бригадир, құрылысшы, шебер және т. с. с. рольдерін орындай­ды. Сол себептен балалардың конструкциялық іс-әрекетін кейде құрылыс ойыны деп те атайды [6].

Мүсіндеу. Мүсіндеу—бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнердің өзге салаларындағы тәрізді суреткер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын, өзгеше пішіндегі бейнелер жасау арқылы білдіреді. Мүсіндеу туындылары үнемі көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын саз балшық, пластилин тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді қатты материалдар бойынша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты материалдардап жасалуып қашау деп атайды:

Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнынан және айтар ойын жеткізу құралдарынан айкын көрінеді.

Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып табылады. Жануарлар әлемі де мүсіндеудің объектісі болуы мүмкін. Мысалы, мүсінші аннмалист В.А.Ватагин өз шығармашылығын жануарлар дүниесін бейнелеуге арнады.

Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған? Осынау тірі организмдер пішіні көлемімен, мәнерімен, үйлесімділігімен, сондай-ақ сан алуап түрлі қозғалыс-қимылымен сипатталады. Сондықтан да мүсіндеудің өзгешелігі сол пішіннің барлық ерекшеліктерін әр алуан кырынан көрсету мүмкіндігі болып табылады. Адамды қоршаған ортаны, жансыз табғатты мүсіндеуде, пластикада өте сирек ұшырасады. Өсімдіктер, әр түрлі заттар кейде мүсіндегі негізгі бейнені толықтыратын деталь немесе декоративті элемент ретінде пайдаланылады. Жансыз заттарды, әсіресе, тетігі қозғалмайтын, белдігі айналмайтын машиналарды мүсідеу үнемі тиімсіз болып келеді. Мүсіндеу өнері үшін, керісінше осы машиналарды басқаратын адамдардың ішкі жан дүниесін бейнелеу маңызды.

Мүсінші де, суретші де заттардың көлемін бейнелейді. Сурет­те бұл екі өлшемі бар жазықтықта жүзеге асады. Суретші осының арқасында ғана көлемді беру үшін шартты құралдарды пайдаланады. Үш өлшемді иллюзия оған жарық пеп көлеңкені дұрыс пайдалануға көмектеседі.

Мүсіндеу туындылары тек кеңістікте орналасатыпдықтан нақты көлемге ие болып келеді. Оның осы ерекшелігі көрерменнің қабылдауына да әсер етеді. Мүсінді әр қырынан қарап шыққан ол, сол өнер туындысын әр түрлі позициядан қабылдай алады; немесе сол мүсінді тек бір түрғыдан қарап шығар болса, онда ол өзі өнер туындысын тұтастай қабылдай алмас еді. Мүсіндеу бейненің жан-жақты ашыла түсуі үшін дина­мика үлкен роль атқарады. Мұның өзі қаһарманның психологиялык, көңіл күйін бере білуге көп септігін тигізеді. Қимыл-әрекет ка­рапайым болуға тиіс, бірақ ол өзінің өң бойында терең ішкі мазмұнға ие болуға тиіс. Мүсіндеудегі бейненің мәнерлігі үшін киімнің бейнеленуі үлкен мән алады.

1.2. Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай бейнелеу өнері түрлеріне үйретудің әдістемесі

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай сурет салуға үйретудің әдістемесі.

Кішкентайлар тобы. Үш жастағы балалар өзіңің физикалық және психикалық дамуына қарай сурет салудың ең бір қарапайым дағдыларын үйренуге қабілетті. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың бейнелеудегі әрекетін зерттеген зерттеулер бойынша сәбилер екі жасар кезінде-ақ (әрине, тек үйреткен жағдайда) қаламды, қылқаламды дұрыс ұстай алады; олардың сурет салудағы қозғалысы, әрекеті осы жастағы интенсивті дамитын қозғалыстардың жалпы ырғағына сәйкес келіп жатады. Алайда, бұл әрекеттер көп жағдайда әлі еріктен тыс болады да, жүргізілген сызықтар көзбен бақыланбайды.

Екі жастағы баланы бейнелеудің қарапайым дағдыларына ар­найы үйретуге мүмкіндік бар, өйткені, ол тәрбиеші түсіндіріп жасаған қимылдарды сол қалпында қайталауға ұмтылады. Екі жасар балаларға сурет салуды үйрету міндеттері қойылған кезде, олардың тәжірибесінің аздығы, білімі мен икемділігінің жоқтығы, қолдарының оралымды қимылға әлі икемсіздігі: ескеріледі. Сондықтан, сурет салуға үйретудің негізгі міндеттері тәрбиенің балаларға тигізетін жалпы әсеріне байланысты. Сонымен, бірінші кішкентайлар тобындағыларды үйретудің міндеттері төмендегідей:

- сурет салу үрдісінде белгілі бір нәтижесі бар әрекет ретінде қызығушылық тудыра білу;

- сурет салуға керекті материалдармен (қаламдар, бояулар) және соларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру;

- ересектер салған суретті белгілі бір заттың бейнесі деп түсінуге үйрету;

- түзу,дөңгеленген сызықтарды және тұйықталған пішіндерді жүргізе білуге үйрету.

Осы топқа арналған тақырыптардың өзге жастағы топтарға арналған тақырыптан құрылымдык, айырмашылығы сол, мұндағы материалдар тоқсан бойынша бөлінбейді. Балалардың белгілі бір дағдыларын бекіту, үйрету барысында жыл бойына жүргізіледі. Сурет салуға үйретудің ең алғашқы сабағы қағаз, қарындашпен таныстырудан басталады. Тәрбиеші бұл материалдардың балаларға бұрыннан таныс, ойыншықтар мен әр алуан заттардан өзгеше екендігін түсіндіреді. Мәселен,қаламмен қағаз бетінде әр түрлі әрекеттер жасауға болады. Мысалы, қаламның ұшталған жа­ры кағаз бетінде із қалдырса, ал ұшталмаған жағы олай ете алмайды. Егер болар болмас басса, кағаз бетінде із калмайды ал сәл каттырақ басса, қағаз жыртылып калады. Балаларға осылайша түсіндіре отырып, көрнекі түрінде корсету олардың сурет салуға деген ынтасын аударады, осылай бола тұра, қаламның қағаз бетінде қалдырған ізі бір нәрсені білдіре қояды деген ойдан аулақ. Тәрбиеші баланың материалға деген қызығушылығын пайдалануға тиіс және сонымен бірге бүлдіршіндердің қаламдарды ұзақ қызықтап, ойнап кететінін (қатарластырып қою немесе тықылдатып) ескеруі керек.

Т.Г.Казакова мен Н. Я. Шибанованың мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды сурет салуға үйрету саласында жүргізген зерттеулері сәбилердің назарын бейнелеудің дағдыларына аударғаннан гөрі, оларды 0 бастан-ақ жекелеген заттың нақты бейнесін бере білуге үйреткен абзал. Бала үшін сурет салудың барлық үрдісінде бейнені бастау жетекші сипат алуы қажет.

Бейнелеу амалдарып игеру, әуелде түзу, не вертикаль, не гори­зонталь сызықтарды (шардың жібі, гүлдің сабағы және т. б.) тәрбиеші салған суретке жалғастырудан басталады. Заттың салынып біткен бөлігі ұзындығы әр қилы болып келетін сызықтардың бағытын айқындайды. Содан соң әр түрлі заттарды өздерінше қабылдаған балаларга сызықтарды көрсетілген бағытта өз қалауынша дербес жүргізу ұсынылады. Жоғарыдағыға қарағанда дөңгеленген сызықтар мен тұйықталған пішіндерді салу әлдеқайда күрделі болып келеді. Бұларды сала білу үшін қолдың дәл қозғалуы және көздің қырағы бакылауы қажет, өйткені, сызықтардың соңы бастапқы ұшымен түйісуге тиіс. Дөңгеленген пішіндерді бейнелеуде, яғии доптың немесе шардың суретін салып отырған балалардан дөңгелекті айнытпай бере білу талап етілмейді. Осындай жағдайда дөңгеленген пішін ретінде, дөңгелекке жобасы келетін (мысалы, овал немесе бұрыштары жоқ, бірақ тұйық сызыктардан пайда болған пішіні белгісіздеу нәрселер) бейненің өзін ғана түсінеміз.

Тақырыпта қаламды, қылқаламды дұрыс ұстау, ұқыпты пайдалану, бояуға қылқаламнын ұшын ғана батыру тәрізді техиикалық дағдыларды меңгеруді қарастырады.

Бала сурет салуға үйретудің алғашқы кезеңінде-ақ, кез келген матерналды белгілі бір ережелерге сүйеніп пайдалануды ұғынып алуы тиіс. Тәрбиеші тарапынан материалдарды дұрыс пайдалану женінде талап койылмаудың салдары, өздігінен техника іздестіруге, болашақта күрделі суреттерді орындау үстінде кедергі келтіретін қате дағдылардың сіңіп қалуына соқтырады. Міне, балалар ашық жәнс қанық бояулардың. әр түрлі реңктерін пайдалана отырып, қарапайым бейнелеу пішінін сызуды меңгереді, осының нәтижесінде олар өздері салған бейне мен ай­нала қоршаған өмірдегі әр түрлі заттар арасындағы ұқсастықты табуға үйренеді, сондай-ақ материалдардың бейнелеу мүмкіндіктерін және өзге заттарды бейнелеу үстіндегі икемділігінің дербестігін де ұғына бастайды.

Естиярлар тобы. Бұл топтағы балаларды сурет салуға үйретудегі міндеттер төмендегідей:

- дөңгелектеген және тік мен мазмұны бұрышты пішіндегі заттардың және солардың құрылысын, негізгі бөліктері мен детальдарын бейнелей білуге үйрету;

- түсті бояуларды көркемдіктің айқын құралдары ретінде пайдалана білуге үйрету;

- жекелеген заттарды қағаздың нақ ортасына орналастыра алатын композициялық икемділікті дамыта түсу;

- суретті түсті қаламдармен, бояулармен бояу үстіндс қажет техникалық дағдыларды меңгеруді жетілдіру;

Бірінші тоқсанда қарастырылған суреттердің тақырыбы (доп, алма, жалау салу) камтылға тақырыптағы материалдарын күрделендіру негізінен пішіндерді (овал немесс дөңгслек) мүмкіндігінше дәл беру және калған бейнелерді барынша ұқыпты бояу түрғысынап көрінетін болады.Бұл міндеттерді шешу, дөңгеленген нобайы бар, бірақ ұзындығы мен ені жөнінен бір-біріне ұқсамайтын пішіндердің ерекшеліктерін даралай және салыстыра алатын жетілген қабілетті кажст етеді.

Балаларды заттарды бейнелеуге үйретудсгі жаңа сипат, жаңа саты, оларды сол заттардың құрылысын, бөліктеріп ара қашықтығы бір деңгейде (жоғары төмен, бірінші жағынан болмаса екінші жағынан), сонымен қатар, кейбір бөліктердің өзара пропорциялық сәйкестігін бере білуден де көрінетін болады. Мұның өзі жекелеген бөліктсрді талдауға, өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Мыса­лы, балалар екінші тоқсанда пішіні әр түрлі дөңгелектердсн тұратын аққаланы, бір-бірінен қашықтығы бірдей орналасқан бұтақтары бар шырша (ёлка) ағашын салатын болады.

Бір топта алғаш рет адам тәрізді күрделі объектінің бейнесін салу жұмысы жүргізіледі. Олар адамды бейнелеуден бұрын, аққала және жатпайтын қуыршақтардың, материалдардың кейбір бөліктері мен пішіндері біршама ауытқып, сәйкес келмей жатқанына қарамастан,солардың қарапайым пішіндерін салып үйренуден бастайды.

Ересектер тобы. Ересектер тобындағы балаларды сурет салуға үйретудің мақсаты—бейнелеудегі икемділік пен міндеттері дағдыларды жетілдіре түсуге және бейнелеудің әр алуан құралдарын пайдалана отырып, айқын бейнелер жасау қабілетін дамытуға бағытталады. Сабақ үстіндегі міндеттер төмендегідей:

- заттың пішінін, белгілерін және ондағы бөліктсрдің салыстырмалы түрдегі көлемі мен орналасуын дәл бере білуге үйрету;

- суретте карапайым козғалыстарды бере білуге үйрету;

- түсті сезіну қабілетін дамыта және жетілдіре түсу;

- қылқаламмен (штрихтар жүргізу тәсілі) және қылқаламмен (әр түрлі әрекеттер тәсілі) жұмыс істеу барысындағы техникалық дағдыларды жетілдіре түсу керек;

- түрлі түсті бормен, көмірмен, сангинамен, акварель бояуларымен жұмыс істей білу тәсілдеріне үйрену керек.

Жаттығу тапсырмаларының күрделене түсуі балалардың дамуына негізделеді.Олардың тәжірибесі айнала коршаған өмірді бақылаудың, көркем әдебиет туындыларын оқығанның, ересектердің әңгімелерінің нәтижесінде анағүрлым арта түседі. Олар үшін өздерінің қабылдау түйсігінен өтпеген әрі соған тікелей қатысы жоқ тақырыптарда (мысалы, ертегі-аңыз кейіпкерлерін) және өздері ешқашан көрмеген объектілер бойынша (мысалы, климаты ыстық елдердің жануарлары) сурет салу мүмкіндігі пайда болады.

Бұл жастағы балалар өздері салған суретте біртектес заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын табуға және соны бере білуге үйренеді. Мәселен, олар бірінші токсанда жемістерді, көкөністерді, гүлдерді табиғи қалпына (натураға) қарап салу үстінде олар­дың өздеріне той ерекшеліктерін (мысалы, пішіні мен түсі жөнінен бір-біріне ұқсамайтын алмалардың екі түрлі сортын, көкөністерге тән дөңгеленген пішіндегі қызылша мен шалқанның) беруге дағдыланады.

Ересектер тобындағы балалар заттардың өзіне тән түсін жеткілікті түрде бере білуі үшін, ондағы гүлдердің құрамы ұдайы көбсйтіліп отырады. Бұл топтағы мектеп жасына дейінгі балалар бояу спектрлерінің негізгі түрімен танысады және олардың әдемі үйлесімен суретте пайдалануды үйренеді. Ерсеектер тобындағы балалар түрлі түсті қылқаламдардан басқа заттың негізгі бөліктерін алдын ала белгілеп алу үшін жай карындашты да пайдаланады. Ересек топтағы мектеп жасына дейінгі балалар өздері салған суретте адамның кейбір дене мүшелерінің: жоғары көтерілген қол, тізеден бүгілген аяқ тәрізді қимылын («Петрушка би билеп жүр», «Балалар дене шынықтыру жасап жатыр» деген тақырыптарды) дұрыс түсініп бере алады. Бұл тақырыптардағы бейненің ай­қындылығы солардың өздеріне тән кейбір даралаушы детальдарын (Петрушкапың, Қызыл телпектің, Аяз атаның киімдерін) бейнелеуден немесе олардың бет-пішініне тон белгілерді (Буратнноның ұзын мұрнын, Аяз атапың аппақ сақалын және т.т.) бейнелеуден көрінеді.

Бұл жастағы балалардың айқын бейне жасаудағы икемділігі заттардың өзіне ғана тән даралаушы белгілерін тап баса білетін, сезінетін қабілетінін, дамуына байланысты (мысалы,бұтақтарды бүршіктерімен, жапырақтарымен, немесе бәйшешектерді табиғи қалпына (натураға) қарап салу, ал жаз кезінде қозықұйрықтардың, жеміс-жидектердің, гүлдердің, көбелектердің алуан түрін са­лу). Егер естиярлар тобының натурадан қарап салу үшін бөліктері симметриялы орналасқан заттар іріктелініп алынатын болса, ал ересектер тобында оларға қарағанда әлдеқайда күрделі заттар, кейде тіпті, бөліктерінің симметриясы жоқ заттар да алынады.

Мектепке даярлық тобы. Бұл топта мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеудегі икемділік пен дағдыларға үйрету аяқталады.Балалар мектепке заттарды табиғи қалпыпа (натураға) қарап немесе есте калған күйінде сала алатындай тырнақ алды икемді кабілетпен және айнала қоршаған өмірдегі кездесетін әр алуан түрлі пішіндерді, бояуларды, заттардың кеңістіктегі орналасуын көре алатын алғырлықпен келуге тиіс.

Мектепке даярлык тобындағыларды сурет салуға үйретудегі міндеттер төмендегідей болып келеді:

- заттың құрылысын, мөлшерін, пропорциясын, өзіне тән белгілерін натура бойынша және елестету арқылы бейнелеуге үйрету;

- пішін мен бояулардың әр алуан байлығын бере білуге, мәнерлі бейне жасай білуге үйрету;

- композициялық икемділікті (заттың мөлшері мен пішініне тән нәрселерді ескере отырып қағаз бетіне түсіруді көздеуді) да­мыту;

- түсті сезіне білітіп қабілтті (бір ғана түстің әр түрлі құбылатын реңктерін бере білуді) дамыту;

техникалық дағдыларды (бояуларды араластыру нәтижесінде әр түрлі түсті және олардың реңктерін ала білуді меңгеруді; қаламдармен штрихтар немесе қылқаламның бояу сүйкеу арқылы заттың пішінін келтіруді) дамыту.

Алты жастағы балалардың аналитикалык ойлау жүйес тәп-тәуір дамыған болып келеді. Олар бір топқа жататын заттардың жал­пы белгісін де, сондайақ, солардың өзара біріне-бірі ұқсамайтын дapa ерекшеліктерін де айыра алады.Бұл міндеттер бірінші тоқсаннан бастап-ақ жүзсге аса бастайды. Мысалы, балалар бұл кезде әр түрлі ағаштарды бейнелейтін болады. Әрбір ағаштың тік тартылған діңі бар, жуанды-жіңішкелі бұтақтары, жапырақтары бар, мұның бәрі келіп ағаштың ұшар басын құрайды. Мұндай белгілерді ерссектер тобындағы балалар да өз суретінде көрсете алады. Мектепке даярлық тобындағыларды енді ағаштардың әp түрін көріп, ажыратып, сала білуге үйретеді.

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай мүсіндеуге үйретудің әдістемесі.

Кішкентайлар тобы. Балаларды мүсіндеуге үйрету сабақтарында алғашқы кезде оларды 5-6-дан топтастырған абзал. Тәрбиеші балалардың қасына отырады да, саз балшықтан не істеу керектігін асықпай, баяу, қызықтыра не істеп жатқанын түсіндіреді. Мүсіндеу сабақтары балалар үшін қызғылықты өтуі тиіс. Бұл сабаққа балалар құлшынып тұрмаса, онда оларды еркінен тыс күштеп көндірмеу керск. Сонда да тәрбиеші балаға эмоциялы әсер жасап байқауы керек. Баланың көзінше саз балшықтан ойыншық жасай салса, болмаса саз балшықтан қалай үзіп алуды, сонан соң қалай жабыстыруды және қайтадан оларды біріктіруді көрсету керек.

Алғашкы сабактар әрбір топпен 5-8 минут аралығында өткізіледі.Балалар калайда мүмкіндігінше материалмен танысады, олардың пайдалануын үйренеді, содан кейін барлық топпен жалпы сабаққа өтуге болады. Мүсіндеуге үйрету тәсілдері көрнекі әрекетті сипатта болады. Балалар әуелде пішін тудыратын қозғалыстарын кайталап тәрбиешінің іс-әрекеттеріне еліктейді.

Балалар өздері мүсіндейтін заттың пішіні мен оны алу жолындағы ісәрекеттің нақты байланысты екендігін о бастан-ақ айқын аңғарулары керек. Сондыктан да тәрбиеші мүсіндеуді қолмен көрсетіп қана коймай, сонымен бірге ауызша да түсіндіреді. Мыса­лы: «Шарды бір алақаныма саламын да, екінші алақаныммен жабамын. Сонан соң кысып калғанымда жалпаяды. Тағы да қайталайды. Шар саз балшыкты алаканмен домалактап қысқанда тағы да жалпаяды».Осылайша түсіндірулер әрбір сабақ сайын кажет, балалар өздерінін үйренген кейбір іс-әрекеттерін тек үш жастан бастап қана өздігінше пайдалана алады. Әрбір сабақ тартымды өтілуі тиіс. Екі-екі жарым жастағы сәбилерге тәрбиешінің қолындағы жұмбақ саз балшықтың сылдырмақа, қозықүйрықа, балапанға, матрешкаға, қызға, кожекке айналып кеткенін бакылау қызық көрінеді. Сәбилер оларды бірден біле қояды да дереу атын атайды, бөліктерінің бейнесін анықтайды. Мұндай сабақтар 10-12 минутқа қана созылуға тиіс, өйткені, олар­дың тағы бір затты мүсіндеуге ынтасы қалу керек. Тәрбиеші әр сабақта 2-3 затты мүсіндеуі керек. Мұндай сабақтар топтағы балалардың бәрін де қамтиды. Тәрбиеші стол басында отырады да, балалар сол тәрбисшіні жартылай қоршай орналасып мүсіндсу жұмысын бақылайтын болады. Бұл жастағы балаларды мүсіндеуге үйретуді тікелей өздері бейнелемек болған заттың өзінен бастау керек. Мәселен, сәбилерге ша­рикті оинауға беріп, саз балшыкты алақандарына салын жұмырлату керек. Мұның өзі олардың шар тәрізді пішіннің сипатып жақсырақ, сонымен бірге мүсіндеуге қажет әрекетті түсінуі үшін жасалады.

Естиярлар тобы. Жыл басында балалар өткен материалдарды тақырып бойынша пысықтайды. Мәселен мүсіндеумен, пішін жасаумен шұғылданады. Тәрбиеші балалармен серуендеу кезінде табиғи материалдарды көрнекі құрал есебінде пайдаланады. Мысалы, балалар қыс мезгілінде тәрбиешінің басшылығымен аққаланы мүсіндейді және бір мезгілде соның пішіні мен бөлшектерін анықтауды қабат жүргізеді. Балалар қардан көжекті, тән киген және тағы басқаларды мүсіндей алады.

Балалар мүсіндеуге кіріспес бұрын, тәрбиеші оларға құстарды, шөжектерді бейнелейтін ойыншықтарды көрсетеді. Ол балалардын назарын ең алдымен тұтас затқа, сонан соң тұлғаның пішініне, басына, құйрығына аударады, заттарды қалай зерттеуді көрсетеді: әуелі пішіндердің бөліктерін анықтайды, сонан соң майда-шүйде бөлшектерін саусақпенен қалай жасауды және осы әрекетті бала­лардың жасауын қарастырады. Тәрбиеші сабақтарда әр түрлі бөліктерін таяқшамен жүргізе және балаларға өз бетінше олардың пропорциясы мен орналасуын, пішінін анықтауды ұсына отырып, тек көзбен бақылауына бола­ды.

Мүсіндеудің алдында қарау үшін бір түсті әдемі, көркем жасалған ойыншықтар мен мүсіндер іріктелініп алынады.Ал мұндай мүмкіндіктер жоқ кезде қолайлы заттарды таңдауға немесе балалар мүсіндейтін заттардың көлемінен әлдеқайда үлкен келетін үлгілерді пайдалауға болады. Мұндай үлгілер әдетте балалардың жақсы танысып алуы үшін алдын ала беріледі әрі бұл үлгі мүсіндеу жұмысы аяқталғанша олардың алдында тұрады.

Естиярлар тобындағы балалар шар, цилиндр, диск тәрізді піішіндерді бейнелеумен таныс.Тәрбиеші алгашқы сабақтарда осы пішіндерді бейнелеудің жолдарын ескере түсіреді, жұмыс істеу кезіндегі қолдың орнын анықтап және саусақтың ұшымен пішінді қалай дол жасауды көрсетеді.

Естиярлар тобында пропорцияларды дұрыс бере білуге көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта тәрбнеші оқтын-оқтын белгілі бір бөліктердің жеткілікті мөлшерде шығуы үшін жұмбақ саз балшыкты бөле білуді және олардың ұзындығын қалай тексеруді көрсетіп отырады.

Ересектер тобы. Тәрбиеші бұл топтағы балаларға тақырыпты таңдауға алдын ала ойластыруға және соны өз бетімен орындап шығуға мүмкіндікті көп береді. Балалардың өз жұмыстарын жоспарлауды бақылау кезінде, әдеби шығармаларды оқудың алдында үйретуге болады. Бұл үшін тек оларға өздері суреттерден көріп немесе сол туралы оларға оқып тұрған затты мүсіндейтінін алдын ала ескерту қажет. Мұның өзі балаларды алдағы сабаққа кұлшындыра түседі де, оларға заттың ерекшеліктерін айкын қабылдауына және оның бейнесін белгілі бір дәрежеде ойластыруына мүмкіндік береді. Егер бала өзінің нені мүсіндсйтінін анық білетін болса, онда бұл жағдай оның мүсіндеу жұмысын барынша мақсатты және нық жүргізу мүмкіндігін арттыра түседі. Мүсіндеу кезінде балалардың бейнелейтін затының характерен түсінуге және бере білуге үйренгені маңызды. Тәрбиеші бұл үшін сипаттары барынша айқын көрініп тұратын заттарды іріктеп алуға тиіс.

Бұл топтағы балалар алдыңғы топтағы балалар тәрізді мұнда да заттарды алдын ала карастырады. Кейде алдағы уакытта өздері мүсіндентін ойыншықтармен ойнатуға да болады. Бірақ ойын затты жоспарлы түрде қарастырып зерттеуге мүмкіндік бере алмайды.

Негізінен бейнелеу іс-әрекеттсрі үшін балалардың алған білімі мен тәжірибе негізінде айнала қоршаған ортаны көзбен қабылдауын дамыту шарт. Тәрбиеші көзбен талдауды мұнда да алдыңғы топтағыдай жүргізеді. Балалар мүсіндеу кезінде заттың барлық жақтарын біркелкі дұрыс шығару үшін, олар сол затты сабақтың басында жан-жақты қарастырады.

Балаларға үлгі ретінде көрсетілетін заттың қарсы бетін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұдан кейін зат бұрынғы қалпына кайта қойылады.­

Мектепке даярлау тобы. Бұл топтағы балаларды мүсіндеуге үйретуде тәрбиеші олардың өз жұмыстарын жоспарлауға, заттың пішіні мен динамикасын бейнелеуді алдын ала ойластыруға көп көңіл бөледі. Бұл балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қажет. Ересектер тобындағы тәрізді мұнда да мүсіндеудің мазмұнын, бейнелеудің кейбір тәсілдерін, тіпті материалдың өзін де сабаққа дейін алдын ала ойластыру қарастырылады. Мысалы, балаларға өз калауы бо­йынша зоопарктегі кез келген хайуанатты мүсіндеуді ұсынады. Тәрбиеші балаларға бейнелейтін затының мазмұнын, пропорцияларының пішінін, орналасуын, сондай-ақ қаңқалардың ұзындығын, қанша саз балшык, қажеттігін таңдау және ойлас-тыру жөнінде тапсырма береді. Балалар міне, осылардан соң барып мүсіндеуге кіріседі.

Балалардың көзбен қабылдауын қалыптастыру үшін, тәрбиеші оларға адамдарды, жануарларды бейнелейтін ойыншықтарды, ертегілер мен әңгімелердегі жекелеген заттар мен эпизодтарды таныстыратын суретті кітапшаларды көрсетеді.

Балалардың заттардың ерекше белгісін көре білуге, оларды таңдап алуға үйренгені өте маңызды, ол үшін оларды мүмкіндігінше есте жеңіл сақталатып мәнерлі бейнелерімен піл, бегемот тәрізді және иттердің кейбір тұқымдарымен (боксер, овчарка, такса) тапыстыру кажет. Балалар сонымен қа­тар, мыстан кемпір, Емсля, Акшакар, Патша-қурбақа, Василиса ару тәрізді ертегі ксйіпкерлерін де қызыға қарастыратын болады. Даралаушы белгілері балалардың есінде тез сақталады, сопдықтан да оларды бейнелеу көбіне жеңіл келеді. Мысалы, бала жирафтың ұзын мойнын мүсіндей отырып, бейнені бірден мәнерлі орі ұқсас етіп шығарады. Бірақ, жұмыс мұнымен аяқтала қоймайды. Ең керегі, жирафтың сирақтарына тән өзгеше пропорцияны бейнелеу керек, сонан соң тәрбнеші бірнеше ерекше белгілерін бөліп алады.

Мектеп жасына дейінгі балалар осымен катар, затты белгілі бір қалыпта немесе қозғалыста бейнеліеуді бір мезгілде меңгергені маңызды.

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай аппликацияға үйретудің әдістемесі

Аппликацяны үйрету, бейнелеу әрекетініі басқа да түрлеріне үйреткендегідей, балалардың түйсіктерін дамытуға негізделеді. Олардың пішін, көлем, түс, айналадағы заттардың әр түрлі өзара арақатынастары туралы түсініктерінің кеңейе түсуі сабақ кезінде ой мен киялдың жұмыс істеуіне көмектеседі. Балабақшада әр түрлі заттардағы балалар топтарына аппликация сабағын жүргізгенде үйретудің тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін карайық.

Кішкентайлар тобы. Кішкентай жастағы балалар үшін жұмыс материалдары мен үйрету үрдісін ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Аппликация жасайтын материалдың түсі өте ашық болса балалардың зейінін өздеріне аударып, тәрбиешінің айтқандарына құлақ аспай қоюлары мүмкін. Сондық-тан, кішкентайлар тобында әсіресе алғашқы кездері, жапсыруға арналған дайын пішіндерді әрбір балаға сабақты түсіндіріп болғаннан кейін арнаулы пакеттерде таратып береді. Жал­пы материалдарды бұл топтағы балалар қолдана алмайды, өйткені әлі жапсыратын пішіндерді, түс элементтерін айыра алмайды.Тәрбиеші, әдеттегідей, үйрету кезінде ең алдымен баланың түсі-нігіне тікелей сүйенуі керек. Заттарды әр қилы қырынан бағалау ап­пликация сабақтарында мектеп жасына дейінгі балалардың пішін ерекшеліктері, заттардың түстері туралы т.с.с. түсініктерін ояту үшін қолданылады.

Кішкентайлар тобын үйретудің негізгі мақсаты балаларды әp түрлі пішіндермен және жапсыру тәсілдерімеп жапыстыру болғандықтан, үлгіні көбінесе дәлме-дәл қайталау үшін керсетеді. Соны­мен бірге кейбір тапсырмаларды кайталау сабағында балаларды өз беттерімен шешімге келуді үйрету керек.

Тәрбиешінің жұмыс тәсілдерін көрсетуі балалардың іскерлігінің дұрыс қалыптасуы үшін қажет.Тіпті кейбір күрделі тәсілдерді балалар әбден меңгеріп, өз беттерімен жұмыста қолдана алғанша көрсетуге тура келеді.

Естиярлар тобы. Бұл топта мектеп жасына дейінгі балалар апплкацияны дайынбейнелерді қолданып жасайды, тақырып талабының күрделене түсуі бейнелейтін заттарды жете білуді кажет етеді. Балалардың жалпылама пішін мен түсімен бірге заттардың көлемі мен бөліктерінің саны да өзіне көңілін аударады. Айталық, заттың натурасына анализ жасау процесінде (жатпайтын қуыршақ) балалар бұл пішіннің — үлкен, орта жә­не екі кішкентай шардан тұратындығын атайды. Miнe, осыған бай­ланысты балалар жалпы подностың ішінен аппликация түзеуге керекті әр түрлі көлемдегі дөңгелектерді таңдап алады.

Балалардың білімін тексеру үшін өздеріне керектілерін таңдап алута әр түрлі түстердегі пішіндерді қолданады. Аса күрделі тапсырмаларда естияр топтың балаларына материалды жеке-жеке таратып береді. Мысалы, үйді жапсыру кезінде көлемдері қабырғаларына, шатырына және терезелеріне тура келетін түсті қағаздарды беру керек.

Естиярлар тобында натураны карап бағалау әр уакытта үлгі көрсетумен қатар өткізілмейді. Айталық, жатпайтын қуыршақтың апплика циясын жасағанда сол ойыншықтың өзіне жете талдау жасаса болғаны. Бұл жастағы балаларға қағаздан жасаған дөңгелек пішін шардың пішіні іспетті әсер қалдырады. Естиярлар тобында үлгілерді балалар дәлме-дәл қайталамайтыдай да тапсырмалар болуы мүмкін. Естиярлар тобында тапсырманы орындау тәсілдерін жартылай көрсетіп беру жолы жиі қолданылады. Мысалы, үйді қырқып, жап­сыру кезінде үйдің шатырын бейнелейтін үшбұрыштар кырқа білу балалар үшін жаңалық болады.

Сабақ соңында тәрбиеші балалармен бірге апплпкацпяның дұрыс жасал-ғандығына (затқа ұқсай ма, ұқсамай ма), пішіндердің ұкыпты жапсырылғанына (түс таза ма, желім жағалдары көрінбей ме) талдау жасайды. Балалар жұмыстарға талдау жасауға әр уақытта қызу қатысады.

Ересектер тобы. Алты жасқа шыққан балаларға аппликацияны үйретудің негізгі міндеті—кесудің әр түрлі тәсілдерін игеру.Сабақ үстінде мектеп жа-сына дейінгі балалар сан алуан кескінді, симметриялы және симметриясыз пішіндерді, статикалық немесе оңайлатылған қозғалыс жағдайында салады.

Балалардың түсініктеріне сүйене отырып және натураны (неме­се оның суретін) қолданып, тәрбиеші, заттың құрылысы мен жеке бөліктерін мүшелей көрсетіп олардың пішіндерін суреттеп, сондай-ақ, бір-біріне қатынасын атай отырып, талдау жүргізеді.

Бұл жастағы балалар майда бөлшектерді жасай алмайтын болғандықтан, қарапайым пішіндегі, ашық, түстердегі, детальда­ры аз натураны таңдап алу ұсынылады. Бұл жұмысқа плюштсн жасалған аю, ағаштап жонылып жасал-ған ойыншықтар дұрыс келеді. Мектеп жасына дейінгі балалар затты бірінші per бейнелегенде ғана ересектер тобында үлгіні пайдаланылады. Бірақ осы жердің өзінде де балаларға өз еріктерімен түстерді, пішіндердің көлемі мен қағаз бетіне орналасу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беру керек.

Егер балаларға тапсырма ретінде бейнелеу үшін кейбір таныс детальдары бар заттар беріле, онда үлгіні натураға немесе суретке ауыстыруға болады (мысалы, жай ғана үйді бейнелеп қоймай, ертегідегі үйді бейнелеу).

Ересек топтарда, ал, содан кейін мектепке даярлық топтарда әр түрлі композициялардың мүмкіндіктерін көрсету үшін көбінесе бірнеше үлгілерді пайдалану ұсынылады. Бұл тапсырманы орындауда балалардың шығармашылық нициативасы қалыптасады. Мысалы, балалар екі қабат қағазды кырқу аркылы Петрушка костюмінің екі жартысын жасау тәсілімен танысады. Әдетте, мектеп жасына дейінгі ересек балалар жаңа тәсілдерді тәрбиешінің көрсетуімен игереді.

Мектепке даярлық тобы. Бұл топта силуэттік қырқу тақырыптық материалдағы жаңалық болып табылады. Осыған байланысты үйретудің әр түрлі тәсілдерін қолдану сипаты өзгереді.

Натураны анализ жасағанда тәрбиеші зат контурының ерекшелігіне, оны саусағымен айналдыра көрсетіп, балалардың зейінін аударады. Дәл осыны балалардың өздеріне ұсынуға болады. Қарапайым заттарды (көк-өніс, жеміс) балалар ересек топта-ақ қырқып үйренген. Мектепке даярлық, тобында контуры әлдебір детальдардан тұратып (балықтың канаттары, кірпінің инелері т.с.с.) заттар аппликациясын орындау қарастырылған. Мектеп жасына дейінгі балаларға жалпы контурды жасау мен майда детальдарды кырқуға катар көңіл тоқтату киып болғандықтан оларға екі кезеңненен тұратын әдісті көрсету керек: алдымен алдын ала дайындалып қойылған қағаздың бөлігінен тиісті аумақты жалпы пішінді қырқып алу, содан кейін осы пішіннің шетіне керекті детальдарды (кірпінің инелері мен аяқтарын, балықтың кұйрығы мен қапаттарын) кырқады.

Мектепке даярлық тобының балалары екі бүктелген кағазды қырқудың күрделірек тәсілдерімен танысады. Алдымен, ересек топ­та үйренген екі бүктелген кағаздан пішіндер қырқу шеберлігін бекіте түседі. Тапсырма ретінде аса күрделі симметриялық пішіндер — ёлка, мал, адам ұсынылады. Қырқудың аса күрделі тәсілі — қағазды бірнеше рет бүктеп, салфетка, қар бейнесін, гүлдер жасауда қолданылады. Тәрбиеші кағаз жапырағын бірнеше рет (3-4) квадрат пішінінде бүктеуді, ортаның айналасына орналасқан бір немесе бірнеше бөліктерді жасалып жатқан заттың контурына байланысты қалай қырқуды көрсетеді. Қиылған детальды ашқан кезде 6-8 рет қайталапады. Ары қарай мектеп жасына дейінгі балалар бұл тәсілді өз беттерімен жұмыстарға қолдана алады. Бұл топта үлгіні көшіріп алу үшін алға қойған тапсырма­ны түсіндіру үшін колданады. Сондықтан, ол толық, бейнені көрсетпей-ақ, сызба нұсқа түрінде болса болғаны.

Мектепке даярлык, тобында сюжеттік аппликация бойынша сабақтар жалғаса түседі. Балалар үшін жаңалық — бұл пішіндерді орналастыру мен жапсыру ретін сақтау. Заттың кеңістікте орналасу реті әр түрлі бола беретін суреттен аппликацияның айырмашылығы — пішіндерді орналастыру мен жапсыру реті аппликацияда әр уакытта дәлме-дәл анықталған болады: алдымен жалпы түс (аспан, жер), содан кейіи алые, жақын пландағы заттар.

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға заттар бір-бірін калқалап туратындығы түсінікті, сондықтап аппликацияда олардың бір шеті ішінара көрініп турады. Үлгі бұл кезде тек түсіндіру тәсілі үшін ғана керек, ал тапсырманы орындау үлгісіз, балалардыц түйсіктерінін негізінде бітеді.

Балабакшада аппликация сабақдары барлық, әр түрлі жастағы топтарда балалардың өздерінің ойлағанындай болып өткізіледі [3].

Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай конструкцияға үйретудің әдістемесі

Кішкентайлар тобы. Балалар үш жасқа аяқ басканда үлкен ой күшін талап ететін ұзаққа созылған сабақтарға төзімді, қабілетті келеді, өйткені олардың психикалық әрекетінде елеулі өзгерістер болады.

Үш жасқа жақындаған шақта олар нені тұрғызатынын атайтын болады және өз бетімен әрекет етуге қабілетті келеді, таныс оқиғалардың барысын өзгерте отырып қайсыбір әрскеттерді ересектердің көмегінсіз-ақ орындайтын болады. Таныс оқигаларды өзерте отырып, осы арқылы ересектерге деген өздерінің қатынасын білдіреді.

Конструкциялық әрекеттің бағдарламасы бұл топта тек құрылыс материалынан құрастыруды көздейді. Олар құрылыстарды бұрынғы топта пайдаланылған құрылыс жиынтықтарының сол бір бөлшектерінен құрастырады: кубиктер, кірпіштер, пластилиндер, призмалар (үш қырлы). Оларды сыртқы түрлері мен көлемі бойынша ажыратуға, бұл пішіндерді стол үстіне қалай орналасуына қарамастан танып-білуге (тұрып, жатып балаға қысқа немсее ұзын жағымен орналасқан), орнықтылықтың тұратын орынға байланысты екенін түсінугс үйретеді. Балалар құрылыс материалдары заттарың (кубик, кірпіш) дұрыс атауға, сөздерді (үлкен-кіші; ұзын-қысқа, биік-төмен, кең-тар) түсінуге және дұрыс қолдануға; сөздік көрсеткіштерді дұрыс орындауға үйренеді. Тәрбиеші сабаққа балаларды 4-6, 6-8 адамнан тұратын топтарға ұйымдастырады. 1-2 айдан кейін бір уақытта шұғылдана-тын балалардың саны 10-12-ге жетеді, жылдың екінші жартысында бүкіл топпен сабақ өткізуге болады.

2-3 жаста бала кұрылыс материалымен жұмыс істеудің келесі техникалық әдістерін меңгереді: кірпіштерді, пластиндерді көлденеңінен орналастырады (жол, поезд), 4-6 кубиктерді немесе кірпіштсрді бірінің үстіне бірін қояды. Балдырғандарға бір құрылыстың өзін әр түрлі жолдармен орындатуға тырысқап жөн: кереуетті кубиктерден және екі немесе үш кірпіштен жасауға болады. Балалардың құрылыстары түстері бойынша айрықшалануы мүмкін. Бұлай ету балада өз бетімен жұмыс істеуде керекті бөлшектерді оңай таба алушылықты дамытады.

Естиярлар тобы. Төрт жастағы балалардың құрылыс ойындарына қызығушылығы әжептәуір тұрақты болып келеді. Олар құрылыс материалының кейбір бөлшектерімен жақсы таныс келеді, олардың неге пайдаланатынын біледі. Балалар бұрын алған конструкциялаудың тәжірибесі, оларға біраз техникалык дағдыларды бойларына сіңіруіне, күрделі емес құрылыстарды жасаудын жолдарын еске сактауларына мүмкіншілік береді. Бұл құрылыс-тарды олар өз ойындарында оңай жасай алатын болады.

Егер бұрынғы топтарда жүрген кезде бала негізінен тәрбиешінің әрекеттеріне еліктеген болса, тек кейбір бөлшектерді өзі қоса
отырып, тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша құрылыстарды жа
сап шығаратын болса, ал ересек топта ол енді жасайтып құрылысының тақырыбын атайтын болады, ойға алгандарын аяғына дейін
орындауға қабілетті келеді. Бірақ такырыптар сырткы жағдайлардың әсерімен жиі ауысады және кейде тәрбиешінің көмегімен ғана
іске асуы мүмкін.Тәрбиеші ойыншыққа қалайша үлкен мәнерлілік беру керектігін түсіндіреді және осы арқылы балалардың қиялдау белсенділігін арттырады.

Балаларға табиғи материалдан (карағай қабықтарынан, талшыннан, емен жаңғағынан) ертегілік бейнелер орындауды ұсынуға болады. Жазғы кезеңде бұны таза ауада жасаған жөн.

Бұларды ойын барысында, күнделікті өмірде (әсемдік, сыйлыққа арналған зат ретінде және т.б.) пайдалана білген жөн.

Ересектер тобы. 5-6 жастағы балалардың конструкциялауға құрылыс ойындарына деген құштарлығы артады. Балалар бар ынтасымен құрылыстар жасап, ойыншықтар істейді. Олар енді өз бетімен көп нәрсені істей алатын болады.

Ересектер тобындағы балалар ойыны қызықтылығымен, әp түрлілігімен айрықшаланады. Балалардың айналадағы дүниені тікелей байқауынан, радио, теледидар мәліметтерінен, кітаптар мен ересектердің әңгімелерінен алған ауқымды білімдері енді осы ойындар барысында білінеді. Болмыс балалар ойынында анағүрлым толық көрінеді. Ойлауды айқындауда және сюжетті дамытуда көбінесе өз бетімен әрекет етушілік пайда болады.

Олардың алдында ой іскерлігін талап ететін белгілі бір тап­сырманы ұсынған кезде олар үлкен құштарлықпен кұрастырады. Тапсырманың ойдағыдай орындалуы оларды ерекше канағаттандырады және қуанышқа бөлейді.Тәрбиеші балаларға ойларын дұрыс және тура айта алуға көмектеседі. Бұл топтың программасы конструкция


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: