Баллдар щкаласы

90-94 А – 3,67 Үздік (өте жақсы)
85-89 В + 3,33 Жақсы
80-84 В 3,0
75-79 В – 2,67
70-74 С + 2,33 Қанағаттанарлық
65-69 С 2,0
60-64 С – 1,67
55-59 D + 1,33
50-54 D 1,0
0-49 F –   Қанағаттанарлықсыз

8.2 Студенттердің / магистранттардың тәртіп саясаты және процедурасы

- Сабаққа кешікпеу, оқытушының рұқсатынсыз қоңырау соққанша аудиториядан шықпау;

- Сабақ кезінде сөйлеспеу, басқа әдебиетті оқымау;

- Телефон арқылы сөлеспеу, ұялы телефонды өшіріп тастау;

- Бақылау жұмысы жүріп жатқанда дәріс конспектілерін қолданбау, көшірмеу

- Сабаққа сыртқы киіммен, бас киіммен кірмеу;

- Ұқыпты болу, қоқыс тастамау, жиһазды бүлдірмеу;

- Себепсіз сабаққа қатыспаған жағдайда құқықты анықтама көрсету;

- Сабаққа қатыспай қалған жағдайда оқытушыны алдын ала ескерту

- Жіберіп алған сабақтарды оқытушы анықтаған уақытта қайта тапсыру

- Оқытушы мен студенттерге / магистранттарға сыпайылық таныту

- Оқу процесіне белсенді қатысу, әр сабаққа дайындалу

- Сабақта кері байланысты ұстану

- Уақытында келіп, міндетті болу

- Аудиторияда темекі шекпеу, ішімдік ішпеу, балағат сөз айтпау

- Аппаратурамен пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін орындау, әдебиетті, көрнекі құралдарды орынды пайдалану

4.9.4 «Туризм» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамассыздандыру картасы

  №   Жұмыстың атауы Жұмыс түрі Орын- дау ұзақ тығы, сағ Бақы-лау түрі Тапсыру уақыты (апта)
  Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы Реферат   Реферат тексеру 1-2
  Туризмдегі сервистік инфрақұрлым. Презен-тация   Бағалау  
  Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары Реферат   тексеру 4-5
  Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру Реферат   тексеру  
  Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері Реферат   тексеру 7-8
  Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы Презен-тация   Бағалау 9-10
  Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру Презен-тация   Бағалау  
  Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым. реферат   тексеру  
  Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы Презен-тация   Бағалау  
  Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі Презен- тация   Бағалау 14-15
  Барлығы        

4.9.5 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет

Атауы Барлығы
кітап ханада Кафед-рада Оқыту-шыда
  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы,1999.   - -
  Данияров, Т. Ә. Туризм инфрақұрылымы: оқу-әдістемелік құрал / Т. Ә. Данияров. - Шымкент: 0ҚМУ, 2009. - 106 с      
  Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.      
  С. К. Сұрағанова, Б. О. Сабатаева Туризм инфрақұрылымы:оқулық.-Алматы:Дәуір,2012.-288 б. I -    
  Егембердиева, К. Б. Туризмді дамытудың негізі ретіндегі Қазақстандық Каспий маңы аймағының табиғи-рекреациялық ресурстары [Текст]: автореферат дис.. геогр. ғылым. канд.: 25.00.23: қорғалды 22.12.2010 / Егембердиева Камшат Баратовна; География ин-ті. - Алматы, 2010. - 16 б. -    
  Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.      
  Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.      
  Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.      

Қосымша әдебиет

Атауы Барлығы
кітап ханада кафед-рада Оқыту-шыда
  Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М.: Профиздат, 1993.   - -
  Жукова М.А. Менеджмент в туристском бизнесе: учебное пособие.-3-е изд., перераб. и доп. -М.: КНОРУС, 2008. -192 с.      
  Морозова Е.Я., Тихонова Э.Д. Экономика и организация предприятий социально-культурной сферы: Учеб. пособ. - СПб.: Из-во Михайлова В.А., 2002.-318 с.      
  Папирян Г.А. Международные экономические отношения: Экономика туризма. - М.: Финансы и статистика, 2000. - 208 с.: ил.      
  Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебник. - Алматы: Нурпресс, 2006. - 220 с.      

Электрондық оқулықтар мен құралдар

Атауы Барлығы
кітапханада кафедрада оқытушыда
  ОӘК     +

4.9.6. «Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша дәрістік кешен

№   Тақырып атауы
  Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы
  Туризмдегі сервистік инфрақұрлым.
  Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары
  Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру
  Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері
  Туризм инфрақұрлымы ретінде көлiк қызметінің дамуы
  Туристік маршруттарда сауда саттық (ұлттық үлгілерді насихаттайтын) қызметін ұыймдастыру
  Туризмдегі өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
  Туризм инфрақұрлымы ретінде ақпараттық технологиялардың дамуы
  Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму деңгеиі

ДӘРІС 1

Туризм инфрақұрылымының түсінігі, мәні, маңызы

Жоспары (4 сағат)

1. Туризм инфрақұрылымның түсінігі, мазмұны, алар орны

2.Туризм индустриясында инфрақұрылымның алар орны

Дәріс тезисі

Туристік қызмет аясындағы экономикалық әрекеттер, туристік қызметтің ұсынылуы мен айырбасы, оның құндылығы және теориялық тұрғыдан маңызды басқа да құбылыстар «әдеттегі» тауарлардан ерекше түрде қалыптасады. Мұндағы осылайша қалыптасатын рыноктық қатынастардың ерекшеленуі көрсетілетін қызметтердің затсыздығына ғана байланысты емес, ең алдымен экономикалық субъектілердің туристік қызметті ұсынуы мен тұтынуындағы ара-қатынастарының тазалай жекеше сипат алуымен байланысты.

Туристік қызметтің табиғаты, өзінің техника-ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттамасы жағынан материалдық игіліктен ғана емес, басқада көптеген қызметтерден түбегейлі ерекшеленеді. Қызметтердің осы секторынан туристік қызметті мынадай біркатар ерекшеліктері оқшаулайды:

· пәндік нысан туристік қызметке тән сипат емес және ол материалдық өнім құнына айналмайды, сатып алушы тұрғысынан туристік тұтыну - бұл туристік елес. Туристік қызметтің осы сипаттамасы туризмнің қалған барлық өзіндік ерекшеліктерін және оның экономикасын қалыптастырады.

қызметтердің барлық түріне сезілмейтіндігі, ұсталынбайтындағы мен бейматериалдық сипаттамалары тән және ол туристік қызмет үшін айрықша көріністе болады. Тұтынушыға өзінің не сатып алып жатқанын қарастыруы, бағалауы өте қиын, ол сатушыға жай ғана сеніп, үміт артады. Осындай қиыншылық сатушының өзінде де туады, себебі ол алдын-ала туристік қызметтің пайдалы әсерін тұтыну касиеттері туралы беймәлім болады. Туристік оператор мен туристік агент саяхатшы мен туристің көңіл - күйіне байланысты болатын армандарды сатады. Туристік кызметтің қасиетін басқа тұтынушылардың пікірі негізінде және жарнаманың көмегімен бағалауға болады. Тұтынушы қызметтің осы түрін сатып алғаннан кейін, өзінің қажеттілігінің қанағаттандырылу дәрежесін заттай дәлелдей алмайды, тек өзінің субъективті ойлауына сүйенеді, яғни алған әсерімен, сезімімен, білімімен шектеледі. Туристік қызметтің тап осы сезілмейтіндік қасиеті оны стандарттау мен пайдалы әсерін өлшеу мәселесін шешуді күрделендіре түседі, демек сәйкесінше туристік қызметтің сапасын бақылауда да біршама қиындықтар туғызады

Туризм инфрақұрылымы. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер қалашықтары) - 5.

2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды.

Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.

Туризм дамуында инфрақұрылымның алатын ролі өте үлкен. Туризм и нфрақұрылым өндірістік және өндірістік емес салаларды ықпалдайды. Инфрақұрылым экономикадағы байланыстырушы беріліс бөлімі болып табылады, оның мақсаты кез келген өзге бөлімдікі сынды адамзат қоғамының күн санап өсіп келе жатқан рухани және материалды қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Инфрақұрылым өндірістік, әлеуметтік, институционалды инфрақұрылымдық элементтердің жиынтығынан тұрады.

Туризм инфрақұрылым өндірістік еңбек жағдайын жасауға жағдай тудырады. Дайын өнімді тиімді пайдалануға ықпал ететін инфрақұрылым элементтері мен өнімді алуға ықпал ететін өндірістік инфрақұрылымның элементтері ретінде дамуы өте маңызды. Өндірістік инфрақұрылым инженерлік, көлікті, коммуникациялық инфрақұрылыммен тығыз байланыста.

Қазіргі күні инфрақұлымның даму қарқыны заманға сай емес, сондықтан да инфрақұрылымның жеткіліксіз дамығандығы экономиканың, оның ішінде туризмің дамуын тежелейтін негізгі фактор болып тұр. Инфрақұрылымды есепке алмау кейін терең әлеуметтік – экономикалық мәселелерге соқтырады. Егер инфрақұрылым бүгінгі күнгідей жағдайда қала берсе, онда отандық өндіріс ешқашан өзге елдермен бәсекелстік жағдайына жете алмайды. Оның үстіне, Дүниежүзілік Туристік Ұйымға және алдағы он жыл ішінде дамыған елу елдің қатарына енуді стратегиялық түрде жоспарлап отырған болсақ, бұл мәселені шешпейінше мақсаттарымыздың орындалуы мүмкін емес. Әлеуметтік – экономикалық қарым-қатынастар облысында күрделі құрылымдық өзгерістер қажет.

Бағдарламаларда айтылып өткендей, туристік қызметті мемлекеттік реттеу туризм индустриясын дамыту саясаты мен инвестицияларды анықтау арқылы; туристік қызметті жетілдіруге бағытталған нормативті құқықтық актілерді қабылдау арқылы; туристік қызметті стандарттау;

Қазақстан Республикасының лицензиялау және техникалық реттеу заңнамасына сәйкес туристік қызметті лицензиялау; бюджетті заңнамаға сәйкес туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жасау және іске асыруға бөлінетін қаржылық бөлулер; туристік индустрия инвестицияларына қолайлы жағдай жасау; салықтық және кедендік реттеу;

жеңілдікті несиелер ұсыну; Қазақстан Республикасы территориясында турисік іс – әрекетпен айналысатын және шетелдік туристерді қызықтыратын туроператорлар мен турагенттерге кедендік және салықтық жеңілдіктер жасау;

туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу; отандық туристердің, туроператорлардың және турагенттердің, олардың бірлестіктерінің халықаралық бағдарламаларда қатысуын қамтамасыз ету;

ішкі және халықаралық туристік нарықта туристік өнімді жылжытуға септігін тигізу;

туристік индустрия саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту, елдің туристік қорларын рационалды және тиімді пайдалануды қорғау және есептеу арқылы жүзеге асады.

Бақылау сұрақтары

1. Туристік бизнес инфрақұрылымының негіздері, қалыптасу бағыттары

2. Туристік бизнестің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

3. Туризмның тиiмдiлiгiне қандай факторлар ықпал етедi?

4. Мультипликатор түсінігі, мәні, маңызы

5. Акселератор түсінігі

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Каленова С.А. Туризм экономикасы. – Алматы: «Ценные бумаги», 2011 ж. – 164 б.

2. Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма: Учеб. пособ. для студентов высших учеб. заведений. - М.: «Академия», 2005. -192 с.

3. Быстров С.А., Воронцова М.Г. Туризм: макроэкономика и
микроэкономика. - СПб.: «Издательский Дом «Герда», 2007. - 464 с.

4. Здоров А.Б. Экономика туризма: учебник. - М.: Финансы и статистика, 2004.-272 с.:ил.

5. Темный Ю.В., Темная Л.Р. Экономика туризма: Учебник. - М.: «Советский спорт», 2003. - 416 с.

6. Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: Учеб. пособ, 4-е изд., перераб., и допол. - М.: Издательство РДЛ, 2007. - 480 с.

ДӘРІС 2

Туризмдегі сервистік инфрақұрлым.

Жоспары (2 сағат)

1. Қонақ үй индустриясы және сервисі

2. Орналастыру әдістерінің секторы

Мақсаты: Туризм индустриясын белгілі бір компоненттерден тұратын, күрделі салааралық халық шаруашылық кешен ретінде көрсету.

Дәріс тезисі

Қонақжай индустриясына қандай да бір анықтама беру қиынға соғады, себебі оның саласының құраушылары өте көп. Қонақжай ндустриясы кешенді болып табылады. Ол түрлі кәсіпқой шешімдерді және жағдайларды игере білудегі тәсілдердің жиынтығы. Индустриялы кәсіпорын әртүрлі қызметтерді орындайды (мысалы, клубтар, қонақ үйлер, пансионаттар) және олар өзара байланысты. Қонақжай индустриясын зерттеуде ол өзіне әртүрлі салаларды және секторларды қосатынын білу керек, ара қатынас жүйесін ұғыну, яғни бұл жерде қонақжай индустриясын басқа индустриясының арақатынасы.

Қонақжай индустриясы фирмадағы және ұйымдағы қызметкерлердің бірігіп, олардың әрқайсысы қонақтардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған арнайы өздеріне лайық функциясын көрсетеді. Қонақжай индустрияның негізгі секторына тоқталайық.

Орналастыру әдістерінің секторы. Туристерді орналастыру құралы кез-келген обьект, яғни түнеу орны, сонымен қатар тамақтану, ойын-сауық болып табылады. ВТО ұсынысы бойынша орналастыру әдістерін 2 категорияға бөлді — ұжымдық және жеке.

Ұжымдық туристерді орналастыру әдістерінің құрамына қонақ үйлер және аналитикалық мекемелер, арнайы мекемелер және басқа да орналастыру әдістері кіреді.

Ұжымдық орналастыру әдісінің жайғасатыны әртүрлі және әр категориядан тұратын гостиница номерлеріне мысалы: Сочидегі Жемчужина комплексті қонақ үйінің номерлері келесі категорияларынана тұрады:

Қонақ үйдің туризм саласында алатын орны ерекше. Себебі келген туристтер қонақ үй индустриясын пайдаланады. Халықаралық экономикада туристік индустрияның жалпы ұлттық өнімге қосқан үлесі 3,8 %, ал жанама әсер ететін функциясы 10 %.

Туризм индустриясы:

· Туроператорлық; Турагенттік; Туристік одақтар мен ассосация; Жәрмеңке, көрме, конференциялар ұйымдастыру; Ұлттық және аймақтық туристік ұйымдар; Орналастыру құралдары; Тамақтандыру; Сауда; Транспорт; Спорт және ойын – сауық;

Туризммен қонақжайлылық арасындағы байланыс.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның берген анықтамасы бойынша қонақ үй – туристтердің тоқтауына ыңғайлы жабдықталған объект.

Қонақжайлылық және туризм индустриясының құрылымы

Туризм индустриясы ↔ Қонақжайлылық индустриясы

Қонақжайлылық индустриясы:

· Орналастыру құралдары; Тамақтандыру; Сауда; Транспорт; Спорт және ойын – сауық;

Туристiк индустрияның негiзгi компоненттерi – туризм субъектiсi, туризм объектiсi, орналастыру құралдары, тамақтандыру қонақ үй индустриясындағы кәсіпорындары, ойын-сауық және бос уақытты өткізу саласы, сонымен бiрге мейрамхана бизнесi. Туристiк индустрияға мамандану, кооперация және өндiрiстiң шоғырлану процестерi тән.

Бақылау сұрақтары

1. Қонақ үйдің кіре беріс есігінде кезекшілікте тұрады. Қонақтарды ең бірінші қарсы алады, есік ашады, олар қонақ үйдің негізгі персоналы болып табылады, олар кімдер?

2. Бөлім қызметкері төлем құжаттарын қабылдап, оларды жаңартып және күнделікті есеп дайындау жұмыстарын атқарады, олар кімдер?

3. Қонақ үй нөмірлеріне жүкті жеткізіп берумен айналысады және хатты (посылканы), заттарды және т.б. Нәрселерді жеткізіп береді, олар кімдер?

4. Бұл бөлім қызметі қонақтарға жеке қызмет көрсетуші қызметкерлер бөлімі. Бұл бөлім қызметкерлері арнайы киім (униформа) киеді, олар кімдер?

5. Бұл бөлім қызметкелері қонақ үйге тапсырыс берген барлық мәліметтерді өңдеп, күнделікті есеп жасап, соны қадағалаумен айналысады, олар кімдер?

Әдебиеттер

1. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Экономика туризма - Финансы и статистика, М., 2009 г.

2. Гуляев В.Г.: Организация туристской деятельности. –М., 2006 г.

3. Как сделать туризм в Росии доходным? // Туризм: практика, проблемы, перспективы. – 2008. –№3

4. Квартальнов В.А., Туризм - Финансы и статистика, М., 2000 г.

5. Квартальнов В.А., Международный туризм: политика развития - Советский спорт, М., 2008 г.

6. Организация туризма: Учеб. Пособие / А.П. Дурович, Н.И. Кабушкин, Т.М. Сергеева и др; Под общ. Ред. Н.И. Кабушкина и др. – Мн.: Новое знание, 2003. – 632 с.

7. Папирян Г.А., Экономика туризма - Финансы и стасистика, М., 2008 г.

8. Пузакова Е.П., Честникова В.А. Международный туристский бизнес. –М., 2007 г.

9. Сапрунова В.Б., Туризм - Ось-89, М., 2007 г.

10. Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. М., 2007 г.

11. Сенин В.С., Организация международного туризма - Финансы и статистика, М., 2009 г.

12. Туризм в 2020 году. // Туризм: практика, проблемы, перспективы. 2008 г. –№1

13. Фомичев В.И. Международная торговля. М., 2008 г.

14. Чеботарь Ю.М., Туристический бизнес - Мир деловой книги, М., 2007 г.

ДӘРІС 3

Туризм инфрақұрлымы ретінде қонақ үй қызметінің даму бағыттары

Жоспар (4 сағат)

1.Қонақ үй қызметінің сипаты мен ерекшелігі

2. Орналастыру құралдарының классификациясы

Негізгі түсініктер: туризм индустриясы, туризм инфрақұрылымы, туризмнiң материалдық-техникалық базасы, қонақжайлық, мейрамхана, таверна.

Дәріс тезисі

Қонақ үй индустриясы – бұл экономикалық іс - әрекеттің негізгі бір бөлігі болып есептелінеді. Қонақжайлылық индустриясының дамыған көрінісі ретінде қонақ үйлерде, мотельдерде, кемпингтер мен пансионаттарды әртүрлі мөлшерде төлем төлеп тұру болып есептеледі.

Орналастыру құралдары болып адамдардың уақытша тоқтауына мүмкіндік жасалған барлық объектілер саналады. Ал қонақ үй тұтынушылардың уақытша тоқтайтын, тамақтанатын және бос уақыттарын өткізетін объект болып саналады және ең кемінде 10 нөмір болу керек.

Қонақ үй қонақ үй индустриясындағы кәсіпорындарын мына критерийлер бойынша классификациялауға болады.

1) Нөмірлік қордың саны бойынша:

- шағын қонақ үйлер (150 орын);

- орта қонақ үйлер (150 – 299 орын);

- үлкен қонақ үйлер (300 – 600 орын);

- мегаотельдер (600 – ден жоғары);

Туристтерді орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы

Категория Разрядтар Топтар
1) Туристтерді орналастыру құралдарының ұжымдық түрі 1.1. қонақ үйлер және орналастыру құралдарының соған сәйкес құралдары 1.2.мамандандырылған орналастыру құралдары 1.3. басқа да ұжымдық орналастыру құралдары Қонақ үйлер, мотельдер, жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және қонақ бөлмелері Еңбек және демалыс лагерлері Денсаулық түзу мекемелері, қоғамдық көлік құралдары – ботель, флотель, ротель Конгресс орталықтары Демалуға арналған үйлер Кемпинг алаңдары Басқа да ұжымдық мекемелер
2) Туристтерді орналастыру құралдарының жеке түрлері 2.1. жекелеген түрі Жеке меншік үй, жанұялық демалыс орындарында жалға берілетін бөлме-лер,жеке кәсіпкерлер мен агентствалардан жалға алынатын үй немесе бөлме Таныстар және туыстардың үйінде тоқтау, және т.б.

2) Нарықтағы қолданысына қарай:

- бизнес отель;

- әуежайдағы қонақ үйлер;

- сьют отель;

- апарт отельдер;

- резиденттік отельдер;

- easy hotels;

- курорттық отельдер;

- B&B;

- Казино отельдер;

- Конгресс отельдер;

- Таймшерлік отельдер;

- Мотельдер;

- Флотельдер;

- Ботельдер;

- Ротельдер;

- Флайтельдер;

- Кемпингтер, паркингтер;

3) Жайлылық деңгейі бойынша:

- Жұлдыздар жүйесі бойынша (Франция, Австрия, Египет, ТМД);

- Әріптер жүйесі бойынша (Греция - А, В, С, Д – 4*,3*, 2*, De - Luxe);

- Тәж немесе кілт жүйесі (Англия – 4 тәж - 3*);

- Деңгейлік жүйесі (Италия – категория – 4*);

Халықаралық туризмде қонақжайлық индустриясы негізгі орынды алады. Туристiк ағымдар туризм индустриясының осы секторының көлеміне және ұсынылатын орындар сапасына тікелей байланысты.

Қонақ үй шаруашылығының мәселелерi (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмге экономикалық талдау жасаудың негiзi болып табылады. Қонақ үй секторының экономикалық талдауы тартылған инвестицияның тиiмдiлiгiн талдауында негiзделген.

Қазiргi таңда әлемде 30000 астам әртүрлi деңгейдегi қонақ үйлер бар. Мұндағы нөмерлер (бөлмелер) саны 12 млн асып түседi. Нөмерлер саны бойынша бiрiншi орында Еуропа, екiншi орында Америка, үшiншi орында Шығыс Азия.

Әлемде қонақ үй индустриясының дамуы маманданған қонақ үйлік кәсiпорындардың санының көбеюiмен орын алуда. Қызмет түрлерi кең дәстүрлi қонақ үйлер, қарапайым және маманданған қонақ үйлер ұсынылуда.

Америка - нөмерлiк қор саны бойынша лидер болып саналады, 215 жуық лидер қонақ үйлік желiлер бар.

Қонақ үйлік кәсiпорындардың жiктелу жүйесi.

Туристiк қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi – туристердi орналастыру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерiмен байланысты көптеген сұрақтарды шешу. Қазiргi кезде қонақ үй жүйесi кез-келген туристiң талғамын қанағаттандырады. Әртүрлi мемлекеттерде қонақ үйлерді жіктеуде 30 жуық жүйенi қолданады. Әлемде қонақ үйлерді бiртектi жіктеуге кедергi болатын факторлар: мемлекеттiң мәдени-тарихи дамуы; ұлттық ерекшелiктер; қызмет көрсету деңгейiн бағалауда критерилердiң әр түрлiлiгi;

Ең таралған жіктемелер:

- жұлдыздар жүйесi * – францияның ұлттық топтастыру (Ресей, Австралия, Венгрия, Италия);

- Грекияда әрiптер жүйесi;

- Ұлыбринанияда тәж / кiлт жүйесi қолданады;

- разрядтар жүйесi (Испания, Италия, Израиль);

- баллдар жүйесi.

5* қонақ үй - жоғарғы категория, 1* қонақ үй - төменгi, мотельдерде 4* қонақ үй - жоғарғы, ал 1* қонақ үй - төмен.

5* және 4* қонақ үйлер қосымша қызмет түрлерi мен жоғарғы қызмет көрсету деңгейiмен ерекшелiнедi.

Египтте (Мысыр) қонақ үйлерді бағалауда * қолданылады, бiрақ Еуропалық жүйемен салыстырғанда ол 1/2* жоғары.

Грек қонақ үйлері 4 категорияға бөлiнедi: А, В, С, Д.

А - категориялы қонақ үйлер – 4*, В – 3*, С – 2*, ал жоғарғы кластарға «де люкс»категориясы берiледi.

Ұлыбританияда қонақ үйлерді топтастыру күрделi, себебi тәжден жұлдызша * жүйесiне аударғанда, тәждің жалпы санынан 1 санын алып тастау керек.

Британдық турагенттерінің ассоциациясыұсынған жіктемесі дұрыс деп саналады:

- бюджеттiк қонақ үйлер (1*). Қаланың орталығында орналасқан жәнеыңғайлығы төмен;

- туристiк кластағы қонақ үйлер (2*). Өзiнiң мейрамханасы мен бары бар;

- орташа класты қонақ үйлер (3*). Қызмет көрсету деңгейi жоғары;

- 1 класты қонақ үйлер (4*). Қызмет көрсету деңгейi жоғары сапалы;

- жоғары категориялы қонақ үйлер (5*). Қызмет көрсету деңгейi экстра-класс.

Италияда қабылданған нормалар үшiн үш категориялы отельдердi бөлiп көрсетедi:

1 – категория - 4* деңгей;

2 - категория – 3* деңгей;

3 - категория – 2* деңгей.

Орналастыру құралдарының қолдану аясына байланысты жіктелуі

Орналастыру құралдары:

Ø Тұрақты тұруға байланысты;

Ø Уақытша тұруына байланысты:

· Транзиттік:

ü Темір жол;

ü Әуе жолы;

ü Автотұрақ;

ü Порт тар – ғы;

· Мақсатына байланысты:

ü Іскерлік;

ü Демалу:

§ Туристтік:

Туристтік – экскурсиялық;

Мамандандырылған;

Туристтік – спорттық;

§ Курорттық;

§ Станционарлық;

Bed & Breakfast

1. Homestay- жанұяда тұру, қаланың және ауылдың жерлерінде жеке үйлермен көп бөлмелі пәтерлерде тұру. Басқарушылар және иеленушілер- міндетті түрде жанұялық. Қонақтар- жанұямен басқа да қонақтармен бірге. Қызмет түрі- стандарттық. Мерзімі-туристер 5-7 күн.

2. Farmstay- ауылдық жанұямен бірге тұру. Қонақтар- қонақтар. Қызмет түрі стандарттық. Мерзімі-5-7 күнге және одан да көп.

3. InnS- қалалық және ауылдық жерлердегі жеке үйлер немесе көп бөлмелі пәтер. Басқарушылар- жалдамалы жұмысшылар. Қонақтар - жанұямен бірге немесе жеке туристер.Қызмет түрі-стандарттық. Мерзімі1-5 күн арасында туристер, бизнесмендер.

4. Farm Vocation - жеке үй, фермалар, шаруа қожалықтар. Басқарушылар- шаруа қожалықтар.Қонақтар- снмья және туристер. Қызмет түрі- стандарттыұ. Мерзімі-5-7-аңшылық, балық аулау, емдік шөп жинау.

5. Cottage -жеке үйлер курорттарға демалу коттедждары. Жеке және отбасылық кәсіпкелер. Қонақтар- жанұямен бірге туристар және емдеушілер. Мерзімі-5-7одан да көп.

Apartments - жеке үйлер көп бөлмелі пәтерлер, коттедждер. Мерзімі – 10күннен жоғары

Бақылау сұрақтары

1. Бір – біріне жақын орналасқан нөмірлер қандай бөлмеге тән?

2. Келген қонақтарды, клиенттерді қабылдап, қалаған бөлмелеріне орналастырып, оларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету функцияларын кім атқарады

3. Қабылдау және орналастыру бөлімінің функциялары қандай

4 Бұл қызметкер қонақтарды қарсы алып, тіркеп, төлем құжаттарын дайындап, қонақтардың барлық мәселелерін шешеді, яғни бағыт-бағдар береді, олар кімдер?

5. Нөмірлік қордың санитарлық, гигиеналық жағдайына жауап береді, химиялық тазарту, киім жуу, жөндеу жұмыстарымен және т.б. Жұмыстарымен айналысады олар кімдер?

6. Қонақтарға көлік берумен және оған қоса жүргізуші берумен айналысады, олар кімдер?

Қолданылатын әдебиет

1. Пузакова Е.П. Международный туристский и гостиничный бизнес. –М., 2007 г.

2. Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. М., 2007 г.

3. Туризм в 2020 году. // Туризм: практика, проблемы, перспективы. 2008 г. –№1

4. Фомичев В.И. Международная торговля. М., 2008 г.

Дәріс 4.

Туризмдегі қонақ үй шаруашылығында тамақтану процесін ұйымдастыру

Жоспары (2 сағат)

1. Тамақтану процессінклассификациясы.

2. Тамақтану процесін ұйымдастыру

3. Тамақтану кәсіпорны ұсынатын қызмет.

4. Банкеттің түрлері

Мақсаты: қонақ үй қонақ үй индустриясындағы кәсіпорынының басқару жүйесінің түрлері мен қонақ үй бизнесіндегі базалық логистикалық жүйесін ашып көрсету

Негізгі ұғымдар: қонақ үй индустриясындағы кәсіпорынның меншік формасы, қолданыстағы ресурстар тізбесі, маркетингтік саясат жүргізу тәсілі, топ менеджмент құрылымы, адам ресурстарын басқару стилі, сапа жүйесі, басқару жүйесінің түрлері, шетелдік менеджментті пайдлану арқылы басқару, әкімшілік қонақ үйлер, жеке меншік қонақ үйлер.

Дәріс тезисі

Соңғы уақытта бұл сектор қарқынды даму үстінде, себебі бұл қызмет түрін тек қана турситер емес, сонымен қатар кең ауқымды басқада тұтынушылар пайдаланады. Кәсіпорын тамақтану классификациясы үш қызметтен тұрады:

- белгілі бір қызмет түріне қатысты;

- формалық қатысуда негізгі қызмет;

- кулинарлық азық-түліктерді өндірудегі рөлі.

Дайындау және өнімді өткізу кәсіпорын тамақтандыруының негізгі қызметі болып табылады. Отырған клиенттерге комфортты жағдайды жасау үшін әдістерімен музыканттарды шақырады.

Кәсіпорын басқаруындағы байланыс, біріккен және кәсіпорында өздігінше жұмыс жасайтындар болып бөлінеді. Ассортимент кәсіпорында комплексті, универсалды және мамандандырылған болып бөлінеді.

Кәсіпорын тамақтандыру группаланып, мына жағдайларға тәуелді болады: қызмет көрсету әдісіне, техникалық циклдің толықтығын, қызметтің көлемі және мағынасына, тамақтану түріне, жұмыс режиміне кәсіпорындардың тамақтану негізгі түріне қатысады: өндіріс кәсіпорындардағы мейрамдар, мейрамхана-клубтар, тақырыптық мейрамдар, кафе, кафетерия, кәсіпорындардағы жылдам қызмет көрсету және т.б. Ресторандық бизнестің даму талпынысы мейрамханалар арасындағы бәсекелесті күшейтіп жібереді. Оның нәтижесінде клиент үшін күрес мейрамхананың негізгі мәзірі тағамдарының төмендеп кетуіне соғады.

Тамақтану кәсіпорындарының типтері. Өнеркәсіп кәсіпорындары:

- көлемі: жұмысшылар санымен мекем-ң көлеміне байл.

- орналасқан жері:ірі кәсіпорынның бір бөлігінде

- қызмет көрсету түрі:кофетерий, закусочная

- бағасы: орташа кешендік баға

- тұтынушы: кәсіпор. жұмысшылар

- меню:кешендік түскі ас және циклдық

- басқару:контракт бойынша маман-ған басқару

Клубтардағы тамақтану:

- -көлемі:50-300 орын

- -орн жері:ғимараттың бір бөлігі

- -қызм.көр,түрі: ресми қабылд.банкеттер бардағы қызмет

- -бағасы: нарыққа сай

- -тұтынушы:клуб мүшелері және ол-дың қонақтары

- -меню:кең асс-ті

- -басқару:клуб мүшесінің немесе басқару

Кейтеринг:

- бағасы: ас мәзіріне байланысты

- тұтынушы:ірі іс шаралардың қатысушлары

- меню: алдын-ала таңд-ған толық ассортимент

- басқару: жеке немесе заңды тұлғалар басқарады

- Номерларда қызмет көрсету:

- көлемі: отельдің көлеміне байл.

- орн жері: номерға немесе кв ға жеткізіп беру

- қызм.көр,түрі: клиенттің қалауынша, тағамдар арнайы ыдыстарда жетк—және уақыты шектелмеген

- бағасы: 20%-ке көп

- тұтынушы: жеке қалғысы келетін клиент

- меню: тағам –мен сусындар толық асс-тті

- басқару: қоғ-дық тамақ-ну орынд-ң бпсқару директорлары

Толық қызмет көрсету:

- көлемі:75-200

- орн жері:қала іші және қала маңындағы транспорттық разв-лар

- қызм.көр,түрі: француздық сервис

- бағасы: жоғары

- тұтынушы: арнайы шақырылған және комм-лық іс-шаралар

- меню: тағамдар мен сусындардың толық асс-ті

- басқару: мейрамхана жел-ң мүшесіне тәуелсіз басшы

Тақырыптық тамақтану орындары:

- көлемі: 100-400 орын

- орналасқан жері:үлкен сауда орталығында

- қызмет көрсету түрі: столда қызмет көрсету

- бағасы:орташа, жоғары

- тұтынушы:демалушы топтар және жеке клиенттер

- меню: ас мәзірі ұлттық тағамдар

- басқару:толық мүшесі немесе франш лық кел.шарт бойынша

Банкет:

- көлемі 100-500орын

- орналасқан жері қонақ үй, жеке ғимараттар

- қызмет көрсету түрі ғимаратта қызмет көрсету

- бағасы: орташа

- тұтынушы: арнайы шақырылған қонақтар

- меню:алд ала тапсырыс берілген

- басқару: директор

Тамақтану процесін ұйымдастыру- қонақ үй шаруашылығының табыс көзінің 40% құрайды. Атқаратын функциялары түрлеріне қарай әртүрлі:

1.Өндірілетін қызметіне байланысты

1) мейрамхана- бұл тамақтандыру шар-да тамақ түрлері көп және сервис жоғ.деңгейде және қосымша қызм-мен ойын-сауық ұсынады

2) дәмхана-толық ассорт-ті шектеулі, сервис деңгейі орташа қосымша қызмет

3) бар - мамнданданған тамақтандыру кәсіпорыны ерекшелігі – бар тұрғысында қызмет көрсетіледі, әртүрлі сусындар ұсынылады.

4) закусочная- жеңіл тамақ-мен сусындар ұсынылады

5) асхана- қоғ-дық тамақтану орны.

2.Орналасу деңгейіне байланысты:

- сауда- әкімш-лік аймақта орн-қан тамақтану кәсіпорны

- демалыс орындармен ойынханаларда орналасқан тамақтандыру кәсіп ны

- вокзвал ішіндегі немесе маңындағы орналасқан тамақтану кәсіп-ны

- жолдағы тамақт-ну кәсіпорн.

- жылжымалы транспорттағы тамақтану орындары

- мекемедегі тамақ-ну орындары

3. Клиенттердің контингентіне байланысты:

- қоғамдық тамақ-ну кәсіпорны

- арнайы клиенттерге арналған.

4.Басқарылу типіне байл:

- тәуелсіз тамақтану кәсіпорны

- желіге біріктірілген кәс-р белгілі бір тауарлық марк-к басқ.тамақтану ор-ры.

5.Ассортиментіне байл:

- толық серв. кәсіп-ры

- маманданған тамақтану кәс-р

6.Қызмет көрсету әдісіне байланысты:

- толық даяршылар қызм.көрс—н тамақтану кәсіп.

- өзіне—өзі қызмет көрс-н тамақтану кәс-ны

- аралас қызм.көрс-н тамақ.кәсіп-дар.

7.Қызмет жасау уақытына байлан:

- әрдайым жұмыс жас-тын

- белгілі уақыттажұм. жас-н кәсіп-р

Қоғамдық тамақтану қызметінің функциялары

Азық-түлiк сервисi үйден қашық жерде азық-түлiкпен және сусындармен, дайын тағамдармен қамтамасыз етеді. Бакалеяның дүкендерiнен және азық-түлiктердi сататын қоймалардан, азық-түлiк сервисiнiң қызметiнен айырмашылығы әдетте мыналар:

- азық-түлiктерді әзiрлеу, даярлау, жеткiзу немесе жылыту және жинақтау;

- қойылатын өнiмдердiң стандарттарының жеке бақылауының болуы;

- жеткiзудiң жанында өнiмдердiң дербес қызмет көрсетуге және тұтынуы;

Азық-түлiк сервисiнің бұл мiнездемелері дәл емес, өйткенi сұраныс өлкеге не уақытқа сәйкестiң улкен өзгерiсте болады.Бір жағынан сатылған бұйымдар мен тез қоректенетін бөлiмдерi жоғары стандарттаған және негiзiнен үлкен көлемді сатуға және жеткiзуге кеткен шығындар үлкен мәнді білдіреді. Басқа жағынан - азық-түлiк сервисi қашық жатқан обьектілерге қызмет көрсету үшін үлкен масштабта даярланатын орталықтандырылған өндiрiске өз ықпалын тигізеді.

Тамақтану кәсіпорны ұсынатын қызмет.

Қонақ үй кәсіпорнының құрылымында бірнеше мейрамханалар немесе бірде бір мейрамхана болмауы мүмкін. Мейрамханамен қатар әртүрлі деңгейдегі кафелар болуы мүмкін. Жалпы, барлық қон үйлерде бірнеше бар болуы керек. Олар:

- лобби бары. Ол қонақ үйдің вестибюлінде орналасады

- мейрамхана бары. Ол мейрамхана залында орналасады

- бассейн жанындағы бар

- мини бар

- көмекші барлар. Олар барлық қабаттарда орналасады.

Мейрамханада тамақтану қызметінің бірнеше варианты бар:

- Толық пансион. Үш мезгілді тамақтану. Full Board

- Жартылай пансион.Half Board. Екі түрді таңдау

- Таңғы ас.Bed and Breakfast. Тек таңғы ас.

- барлығы қосылған. All inclusive. Барлығы кіреді.

Фуршет,банкет,клубтық демалыс. Таңғы астын ұйымдастырылуы.

- континенталдық таңғы ас:чай, кофе, какао, нан өнімдері, бал, джем,май

- ағылшын таңғы ас: континенталды таңғы ас, жұмыртқа, балық, астық, бидай өнімдері

- швед столы— еркін бірнеше асты таңдау

- завтрак с шампанским-шампанское, алкагольды сусындар, салаттар, чай,кофе

- салт дәстүрге байл таңғы ас

Қонақ үйлеріндегі банкет қызметі.

Банкеттің түрлері

Банкеттің түрлері Іс-шаралар мінездемесі Қонақтарды орналастыру Қызмет көрсету ерекшелігі
Даяшылардың толық қызмет көрсетуімен өтетін үстел үстіндегі банкет   Ресми мінезде-мелік жиындар (келісім шартқа отырған кезде, т.б. конференциялар, ВИП қонақтары келгенде) Қонақтарды орналас-тыру даяшының көме-гімен алдын ала жа-салған тізім б-ша ку-верттік карточка, көр-сетілген аты-жөніне сәйкес отырғызылады Банкет таңғы аста, түскі аста н/се кешкі аста берілуі мүмкін. Столдар мен залды рәсімдеу ерекшелігі және даяшының қызмет көрсету процедуралары протоколмен анықталған. Барлық тағамдар мне сусындар 6-8 қонаққа 2 даяшы арқылы беріледі. Ас мәзірі толық
Даяшылардың бөлшектенген үстел үстіндегі қызмет көрсе-тетін банкет Ресми емес(жанұялық жиындар, тойлар т.б.) Қонақтар тізімге сәйкес н/се өз еркімен отырады Столдар мен сервировка ережеге сейкес жүргізіледі, 12-15 қонаққа 1 даяшы қызмет көрсетеді, ас мәзірінде таңдалған тағамдар ұсынылады
Банкет-фуршет Іскерлік жиындарда және ресми емес отырыстарда ұйымдастырылады Қонақтар еркін өз қалауымен орнала-сады. Столдарды қою және сервировка тапсырысқа сәйкес жасалады. Столдардың қою ерекшелігі П,Т,Ш әріптеріне сәйкес болады. Қонақтар саны аз болса, сопақ н/се домалақ столдар қойылады. 15-20 қонаққа 1 даяшы. Ас мәзірі алдын ала тапсырылған тапсырыс б-ша жасалады
Банкет коктейл Іскерлік отырыстарда ұйымдастырылады Қонақтарды орналастыру тәртібі еркін Кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында ұйымдастырылады. Өткізу уақыты 2 сағат, стол қойылмайды, жеңіл тамақтар мне сусындар подностарда таратылады. 10-15 қонаққа 1 даяшы. Ас мәзірінде салқын жеңіл тамақтар,десерттер, алкогольсіз ішімдіктер,ыстық сусындар және шампанское
Банкет шай әдет-ғұрыпқа байланысты өткізілетін банкеттер еркін 16:00-дан 18:00-ге дейін өткізіледі, 1-2 сағат өтеді,шақырылған қонақтар саны 30-40 адам. 10 қонаққа 2 даяшы, сопақ және домалақ столдар зал ортасында орналасады, ас мәзірінде тәтті тағамдар, ыстық және салқын сусындар, вино, ликер, коньяк ұсынылады.
Аралас банкет Симпозиум, конфе-ренция, презинта-ция қатысушыла-рына арналып ұйымдастырылады Еркін және протоколға сәйкес Екі, үш түрлі банкет түрі бір мезгілде ұйымдастырылады. 1 залда протоколға сәйкес қонақтарға қызмет көрсетіліп, 2-ші залға өтулерін сұрайды. Ол залда кофе, тәтті тағамдар мен табак ұсынылады.
       

Қорыта келгенде логистикалық басқару жүйесінің негізгі зерттелген, дәлелденген ақпараттар мен мәліметтір, фактілердің жүйелі жиынтығы ұсынылған.

Дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Дәріс материалдарын толық меңгеру үшін студент:

1. тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалануы; әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

2. өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жүйелей білуі тиіс.

Бақылау сұрақтары

1. Қонақжайлылық индустриясы дегеніміз не?

2. Қонақ үйлер және орналастыру құралдарының соған сәйкес түрлері; мамандандырылған орналастыру құралдары; басқа да ұжымдық орналастыру құралдары дегеніміз не?

3. Туристтерді орналастыру құралдарының дара түрлері дегеніміз не?

4. Ұжымдық және жеке түрі дегеніміз не?

5. Қонақ үйлер, мотельдер, жабдықталған бөлмелер, туристік жатақханалар және қонақ бөлмелер дегеніміз не?

6. Еңбек және демалыс лагерлері; денсаулық түзу мекемелері, қоғамдық көлік құралдары – ботель, флотель, ротель; конгресс орталықтары дегеніміз не?

7. Демалуға арналған үйлер; кемпинг алаңдары; басқа да ұжымдық мекемелер дегеніміз не?

8 Жеке меншік үй, жанұялық демалыс орындарында жалға берілетін бөлмелер, жеке кәсіпкерлер мен агентствалардан жалға алынатын үй немесе бөлме; таныстар және туыстардың үйінде тоқтау дегеніміз не?

Әдебиеттер

1. Пузакова Е.П. Международный туристский и гостиничный бизнес. –М., 2007 г.

2. Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. М., 2007 г.

3. Туризм в 2020 году. // Туризм: практика, проблемы, перспективы. 2008 г. –№1

4. Фомичев В.И. Международная торговля. М., 2008 г.

ДӘРІС 5

Туризм инфрақұрлымы ретінде көңiл көтеру қызметінің даму негіздері

Жоспары (4 сағат)

1. Көңiл көтеру қызметінің процессінклассификациясы.

2. Көңiл көтеру қызметінің процесін ұйымдастыру

3. Көңiл көтеру қызметінің кәсіпорны ұсынатын қызмет.

Дәріс тезисі

Көңіл көтеру нарығының жіктелінуіне қарай көңіл көтеру шаруашылығы құрамында: боулинг-орталықтардың, бильярд, гольф-клубтарының, аттракциондар парктерінің, цирк, театр, казино, фитнес-клубтарының, теннис алаңдарының түсінігі мен уйымдастырылуы, сонымен қатар анимациялық бағдарламаларды құрастыру қызметі.

Көңіл көтеру, бос уақыт және спорт секторы. Көңіл көтеру, бос уақыт және спорт секторы қонақжай индустриясы инфрақұрылымында үлкен рөл ойнайды және әртүрлі жағдайды иеленеді (тәрбие, көңіл күйді қалыптастыру, білім, демалыс, адамдардың мәдениетінің дамуы). Адам өзінің бос уақытында көңіл көтеріп, спортпен айналысса, демалып, күшін қалпына келтіреді. Кәсіпорын және ұйым секторларында көңіл көтеру орындары: цирктер, зоопарктер, аттракциондар, ойынханалар, демалу парктері, сонымен қатар әртүрлі көру орындарына — театрлар, кионтеатрлар, концерттік залдар, филармониялар және т.б.

Мәдениетке: мұражай, библиотека, көрмелер, клубтар және т.б.

Физикалық мәдениет және спортқа: бассейндер, спорттық залдар, ойын павилондары, спорттық және фитнес клубтар және т.б.

Қона үй кәсіпорындары жоғарыда айтылған жағдайларды қамтитын кәсіпорындармен туристердің бос уақыттарын көңілді өткізуге келісімге тұрады: қонақ үйлерде анимациялық қызметтер. Қонақтардың бос уақытын жақсы өткізуге ұйымдастырып қызмет жасайды, сонымен қатар көптеген қонақүйлер жеке спорттық базалары (бассейндер, тенис алаңы, гольф алаңы, аквопарктер, су аттракциондары және т.б.).

Бақылау сұрақтары

1. Ұлттық және аймақтық туристік ұйымдар cекторлары дегеніміз не?

2. Жәрмеңке, көрме, конференциялар ұйымдастыру cекторлары дегеніміз не?

3. Спорт және ойын – сауық cекторы дегеніміз не?

4. Сауда cекторы дегеніміз не?

5. Транспорт cекторы дегеніміз не?

6. Тамақтандыру cекторы дегеніміз не?

7. Орналастыру құралдары cекторы дегеніміз не?

8. Орналастыру құралдары дегеніміз не?

9. Туристтерді орналастыру құралдарының ұжымдық түрінің деңгейлері

10. Туристтерді орналастыру құралдарының жеке түрлері дегеніміз не?

11. Туристтерді орналастыру құралдарының халықаралық классификациясының категориясы неше түрге бөлінеді

Қолданылатын әдебиет

1. Пузакова Е.П. Международный туристский и гостиничный бизнес. –М., 2007 г.

2. Сапрунова В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг. М., 2007 г.

3. Туризм в 2020 году. // Туризм: практика, проблемы, перспективы. 2008 г. –№1

4. Фомичев В.И. Международная торговля. М., 2008 г.

ДӘРІС 6

Туризм инфрақұрлым


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: