Пәннің мақсаты мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасыуна мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игертіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.
Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
· орта көлемді және көлемді мәтінді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;
· тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп оқу;
· монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, танысырылым (презентация, баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;
· жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;
· қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытыныды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктілерін жетілдіре дамыту;
· әлеуметтік және кәсіби мыңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Пәннің әдіс-тәсілдері: «Қазақ тілі» пәнін жүргізу барысында тіл үйретудің әлемдік деңгейде танылған заманауи үлгілері, Отанды және шетелдік ғалымдардың авторлық озық әдіс-тәсілдері басшылыққа алынады. Жұмыс барсыныда уақыт көлемі, тақырып ерекшелігі, тіл үйренушінің қабілет-қарымы, оқытушының шеберлігі сияқты т.б. маңызды факторлар есепке алынып, соған сәйкес ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі сияқты т.б. әдіс түрлері мақсат міндетке сәйкес қолданылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Грамматикалық тақырыптар пәннің өзіндік ерекшеліктері мен мақсат, міндеттеріне сәйкес іріктеледі. Тіл үйренушінің грамматикалық дағдыларын қалыптастырудың тиімділігін арттыру мақсатында жиі қолданылатын грамматикалық, лексика-грамматикалық үлгілер ұсынылады. Грамматикалық дағдылармен қатар орфографиялық дағдылардың қалыптасуына назар аударылады. Грамматикалық тақырыптар біртіндеп күрделенеді. Ұсынылған функционалдық-грамматикалық минимум лексикалық тақырыптарды меңгеру барысында нәтиже көрсеткіші ретінде қолданылады. Грамматикалық тақырыптарды оқып үйрету барысында тақырыптар мен тақырыпшалардың мазмұнына, жаттығу, тапсырмалардың түріне, санына және олардың көлеміне назар аударылады.
(В1, В2 деңгейі)
Жай сөйлем. Жай сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орын тәртібі, оның қалыпты, ауыспалы, тұрақты, жылжымалы, типтері. Интонация және оның хабарлау, сұрау, бұйыру, түсіндіру, шақыру, қуану, ренжу, таңырқау түрлері.
Сұрау мәнді сөйлем. Сұрақтардың ашық сұрақ, жабық сұрақ, альтернативті сұрақ, күмәнді сұрақ сияқты мағыналық түрлерінің жасалу жолдары.
Бөгде сөз. Бөгде сөздің түрлері. Төл сөз. Төл сөздің қолданылу жолдары. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру амалдары. Деу көмекші етістігінің қызметі. Төлеу сөздің етістік+ғандығын (-гендігін, -қандығын, -кендігі, - атындығын, -етіндігін, -йтындығын, -йтіндігін) тіркесі арқылы жасалуы.
Болымсыздық категориясы. Болымсыздық мәннің арнайы қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) және емес, жоқ сөздері арқылы жасалу ерекшеліктері. Болымсыздық есімдіктерінің (ешкім, ешнәрсе, ешбір және т.б.) болымсыздық мәнді айқындауы.
Сан-мөлшер категориясы. Көптік жалғауларының қолданылу ерекшеліктері. Көптік мағына білдіретін барлық, барша, күллі, бірнеше, біраз, көп, көптеген, талай және т.б. сөздер қолданысы. Көптік ұғымның сан есімдер арқылы берілуі.
Анықтауыштық қатынас. Сапалық анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігінің рөлі.
Көмекші есімдер қызметі. Көмекші сөздердің изафеттік байланыста қолданылуы. Көмекші есімдердің мезгілдік, мекендік және т.б. мәнде жұмсалуы.
Меншік мәнді сөйлем. Изафеттік тіркес және –нікі, -тікі, -дікі қосымшалары арқылыменшік мәнді сөйлемнің жасалуы.
Қимыл есімдердің қызметі. Қимыл есімдерінің жасалуы. Септелуі. Тәуелденуі. Придикаттық мәнде қолданылуы. –уға (-уге) баптау, -ға (-уге) тырысу, -уға (-уге) кірісу сияқты және т.б. тіркестер қолданысы.
Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем. Маған... етістік+у керек (қажет), Менің... етістік+у+ТЖ керек (қажет), Мен... етістік+БС+тиісті+ЖЖ тіркестерінің 3 жақта түрленіп қолданылуы.
Тыйым мәнді сөйлем. –(у)ға (-(у)ге, -қа, -ке) болады (болмайды) лексика-грамматикалық тіркесінің түрленуі.
Етістік жіктелуі. Етістіктің түбір тұлғасы. Етістіктің шақ категориясы. Шақ жұрнақтарына жіктік жалғауларының қысқа және толық түрде жалғану ерекшіліктері. Түбір етістік+ШЖ+ЖЖ моделі. Субъектілі-предикаттық қатынас. Қалып етістіктерінің функционалдық ерекшеліктері.
Есімше категориясы. Есімше категориясының функционалдық қызметі. Есімшенің тәуелденуі. Есімщенің оңаша түрде тәуелденуі. Еімшенің ортақ түрде тәуелденуі. Орыс тіліндегі күрделі сөйлемдердің қазақ тіліне есімше тұлғасы арқылы жай сөйлем түрінде аударылуы.
Етіс категориясы. Етістің түрлері. Етістің жұрнақтары және олардың функционалдық қызметі.
Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрі. Көмекші етістіктердің негізгі етістіктерімен тіркесіп қимыл фазаларын (кезеңдерін) немесе өту сипатын білдіруі. Түбір етістік +а (-е, -й) бастау, түбір етістік +а (-е, -й) бару, түбір етістік +ып (-іп, -п) қою, түбір етістік +ып (-іп, -п) алу, түбір етістік +ып (-іп, -п) шығу, түбір етістік +ып (-іп, -п) болу және т.б. тіркестер арқылы жасалуы.
Көсемше категориясы. Көсемшенің жұрнақтары. Қызметі. Түрі. Кейіпті көсемшенің немқұрайлық, созылыңқылық, кенеттік және т.б. мәнде қоданылуы. Түбір етістік +а (-е, -й) салу, түбір етістік +ып (-іп, -п) тұру, түбір етісік +ып (-іп, -п) қалу және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.
Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы жасалуы. –шы (-ші) жұрнақтары және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік+айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Шарт мәнді сөйлем. Егер... етістік+са (-се)+ЖЖ, онда... лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолдану ерекшілігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖ тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Білік, дағды мәнді сөйлем. Етістік+а (-е, -й) алу лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.
Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ғы (-гі, -қы, -кі)+ТЖ келу, етістік+ған (-ген, -қан, -кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.
Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері,септік шылаулары ,-ғанда, -генде, -кенде, -қанда және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
Ниет мәнді сөйлем. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалараның қызметі.... – айын (-ейін, -айық, -ейік) деп...,... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәілдер арқылы жасалуы.
Болжау мәнді сөйлем. – ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімидер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік+ған(-ген,-қан,-кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) шығар+ЖЖ, етістік+ған (-ген, қан, -кен, -атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты+ЖЖ тіркестері және т.б тәсілдер арқылы жасалуы.
Мақсат мәнді сөйлем.... +у үшін тіркесі және қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Бұйрық мәнді сөйлем. Етістіктің бұйрық райының жекеше, көпше, сыпайы, қалыпты түрдегі тұлғалары арқылы, - шы (-ші) жұрнақтары және т.б тәсілдері арқылы жасалуы.
Қарсы мәнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Себеп-салдар мәнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті) және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
(С1, С2 деңгейі)
С1, С2 деңгейлерінде тіл үйренушіден мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы талап етіледі.
Айтылған ой, ақпаратты тез түсіну. Ғылыми бағытта жазылған мәтндерді оқып, мазмұнын баяндай алу. Мәжіліс, семинар, конференцияларда қажетті ақпарат пен мәліметтерді жазу. Мамандық аясында пікір айтып, кеңес бере алу. Ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып оны қорғау. Ғылыми еңбек негізінде эссе, жоспар, пікір, түйіндеме жазу.
Тыңдалым.
· Мамандық бойынша бейтаныс мәтін мазмұнын жақсы түсіну;
· Мамандық бойынша монолог мазмұнын еркін түсіну;
· Ресми-іскери кездесулерде диалог, полилог жүргізу.
Оқылым әрекетібойынша мәтінді оқып, тіл үйренушіден:
· Мәтіннің негізгі мазмұнын, оның жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық байланысты түсіне білу;
· Оқылған ақпарат, дереккөздер бойынша түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу;
· Қойылған сұрақтарға жауап бере білу талап етіледі.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын, шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білгені жөн.
Студент сонымен қатар:
· Мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
· Ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу тиіс;
Нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағым мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармане мақалаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме пікір жаза алады.
Сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған тақырып бойынша дербес пікір айту, ойды қорыту сияқты тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Ұсынылған тақырып бойынша қандай да бір атау (ұғым, түсінік) таңдап алып, оған қарапайым анықтама немесе түсіндірме береді. Алдын ала берілген атаулар бойынша өз бетінше жұмыс істейді.
Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығысжайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минутболуы тиіс. Диалогтік сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-18 сөз.
Диалогтік сөйлеуде студент:
· Айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
· Мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;
· Естіген ақпарат жайында өз тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
Студент мағынаның түрлі реңктерін дәл беретіндей тыныс белгілермен дауыс ырғағын ұтымды қолдана отырып, тез және ешқандай қиындықсыз хабарлама жасай алады. Күрделі тақырыпты талабына сай мейлінше жеңілдетіп, түсінікті дәл жеткізе алады. Аудиторияда берілген кез-келген сұраққа жауап береді.
Идиомалық және ауызекі оралымдарды, нақыл сөз, мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсініп қолдана алады. Мағыналық реңктерді дәл бере алады. Пайда болған қиындықтар мен жіберілген қателерді тез тауып, түзей алады.
С1, С2 деңгейлерінде өтілетін граммтикалық тақырыптар арнайы берілмегенімен, құрмалас сөйлемнің түрлері негізінде В1, В2 деңгейлерінде меңгерілген лексика-грамматикалық тіркестерді қажеттілігіне қарай пысықтап отыруға болады.
С1, С2 деңгейлерінде ұсынылатын
жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар бойынша
лексикалық тақырыптар
Лексикалық тақырыптарға топталған мәтіндердің мазмұны бай, тақырыбы қызықты, ғылыми құндылығы жоғары, тың және танымдық мәні терең кәсіби бағыт-бағдар бере алатын кәсіби жағдаяттаркөрініс тапқаны материал болғаны абзал. Бұл ретте тілдік тұлғаның талап-тіліктерімен қызығушылықтары ескеріледі. Мәтін мазмұны ұсынылған тақырыпқа сай және нақты коммуникативті міндетті шешуге бағытталады. Қазақ тілін үйретуде оның әлеуметтік-мәдени аспектісіне ерекше мән беріліп, лингвоелтанымдық және елтанымдық (қазақ елінің тарихи және мәдени даму кезеңдері, сөйлеу әдебі, тұрмысы мен дәстүрі, ұлттық болмысы, мінез-құлқы) білімнің берілуіне басты назар аударылады. Мәтін таңдауда студенттердің коммуникативтік және когнитивтік қажеттіліктері ескеріледі. Мәтіннің көлемі қазақ тілін меңгеру деңгейіне сай беріледі. Жанр мен стиль ерекшеліктеріне де назар аударылады. Оқып тыңдауға арналған мәтіндер ақпараттық (хабарлама, хабарландыру, жарнама, түйіндеме, хат, нұсқаулық, сұхбат, репортаж, теле, радио, жаңалық, бағдарлама және т.б.), публицистикалық (эссе, газет, журнал басылымдары, сұхбат, сайт материалдары және т.б.), көркем шығарма (өлең, жыр, әңгіме, роман үзінділері және т.б.), ғылыми-көпшілік (баяндама, автореферат, энциклопедия, оқулық, жинақ, оқулық, монография және т.б. алынған үзінді), өндірістік-техникалық (құрал-аьдықтар туралы аннотация және оларды пайдалануға арналған нұсқаулықтар және т.б.) бағыттағы материалдар негіінде өзгеріссіз дайын күйінде немесе мақсатқа, деңгей ерекшеліктеріне сәйкес ықшамдалып, ұсынылады.
Мәтін мазмұны бойынша оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын жетілдіретін сөйлеу әрекеттері жеңілден күрделене түсетін жатығу-тапсырмалар түрінде беріледі. Жаңа сөз, сөз тіркесі, сала терминдерінің ұғымы қазақ тілінде синонимдік тақырыптардың ретін ауыстырып қолдануға болады.
Кәсіби сала. Кәсіби сала бойынша мамандық, лауазым. Белгілі сала мамандарының өмірбаяны, қызметтікжолы. | |
Кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордалары. | |
Кәсіби сала субъектілері. Мекеме. Кәсіпорын. Серіктестік. | |
Кәсіби сала қызметінмемлекеттікреттеу. Кәсіби сала қызметінреттейтіннегізгізаңжәненормативтізаңактілері. | |
Кәсіби сала қызметібойыншашетелдікресмижәнересмиемесұйымдарменәріптестікқарым-қатынас. | |
Кәсіби сала қызметіндеқолданылатынқұрал-жабдықтар. Сипаттамасы. Жасалутарихы. | |
Кәсіби сала бойыншаөндірілетінөнімтүрлері. Өнімсапасы. Экспорт. Импорт. | |
Кәсіби сала бойыншажетістіктер. Авторлыққұқық. Патент. Лицензия. | |
Кәсіби сала мамандарыныңқұқықтары мен міндеттері. Еңбектәртібі. | |
Кәсібимереке.Салақызметкерінеарналған награда, сыйлық, грант. | |
Кәсіби сала қызметінеарналғанотандық (шетелдік) басылымдар. | |
Кәсіби сала қызметібойыншаотандық (шетелдік) радио, телебағдарламалар. | |
Кәсіби сала қызметібойыншаотандық (шетелдік) интернет сайттары. | |
Кәсіби сала қызметініңөзге сала қызметіменбайланысы. | |
Кәсіби сала қызметіжәне экология жәнет.б. |
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ұсынылған лексика-грамматикалық тақырыптар аясында төмендегідей жұмыс түрлерін ауызша және жазбаша орындауға болады:
· Сөздік
· Эссе
· Резюме
· Аннотация
· Жоспар
· Реферат
· Мақала
· Жарнама
· Пресс релиз
· Анықтамалық
· Нұсқаулық
· Шолу
· Сұхбат
· Сауалнама
· Бейнебаян
· Таныстырылым
· Комментарий
· Дөңгелек үстел
· Баспасөз конференциясы
және т.б.
АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Кредиттік технология бойынша балдық жүйе студенттің білім деңгейін бағалауда маңызды рөл атқарады. Студент біліміне қойылатын қорытынды баға бақылау түрлеріне қойылған, бөлінген балл көрсеткіштері мен емтихан қорытындысы және оқу кезеңіндегі студенттің жалпы жинаған балдық көрсеткішімен анықталады.
Бақылаудың 3 түрі жүргізіледі. Олар:
1. Ағымдық (апта сайын, не модуль соңында)
2. Аралық (кесте бойынша 7, 14-апталар)
3. Қорытынды (курс соңында)
Әр аптада сұрақ-жауап, тест және т.б. түрінде ағымдық бақылау алынады.
Аралық бақылау кестеге сәйкес 1 кезеңде 2 рет өткізіледі. Ол 7 апта бойы өтілген материалдарды қайталау, пысықтау, бекіту мақсатында ауызша, жазбаша тест түрінде немесе аралас түрде өткізіледі.
Қорытынды бақылау (емтихан) оқу кезеңі соңында өткізіледі. Емтихан сұрақтары алдын ала беріледі. Сұрақтар курс бағдарламасының мазмұнына сәйкес жасалып, жалпы саны 60-90 сұрақ аралығында болады. Билет сұрақтары, тест дистракторларының жалпы саны және дұрыс жауаптардың саны алдын ала келісіліп, кафедра мәжілісінде бекітіледі.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1,Бектұров Ш., Бектұрова А. Казахский язык для всех. – Алматы, 2004.
2,Ерназарова З. Ш. және т.б. Қазақ тілі. Елтану. – Алматы, 2005.
3,Кубаева И. Казахский язык. Просто о невероятно сложном. – Алматы, 2007
4,Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2009.
5,Күзекова З. С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ., Жолшаева М. С. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
6.Күзекова З. С., Аяпова Т. Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
7. Күзекова З. С., Аяпова Т.Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ., Жолшаева М. С. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, - Астана, 2011.
8.Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар (бес деңгей бойынша). – Астана, 2012.
8Қазақ тілінің функционалды грамматикасы.Жалпы ред. басқарған:Әлкебаева Д. А. – Алматы, 2013.
9Қарабаева Қ. Қазақ тілі. (ЖОО студенттері үшін тіл ұстартуға арналған оқу құралы). – Алматы, 2004.
10Қасым Б., Молдасанов Е. Қазақ тілі. – Алматы, 2003.
11Оралбай Н., Құрманәлиев Қ. А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
12Сүлейменова Э. Д., Қадашева Қ., Аханова Д. Тіл ұстарту. – Астана, 2007.
13Оразбаева Ф. Ш.,Сағидолла Г.,Қасым Б.,Қобыланова А.,Есенова Қ., Исабекова Ұ., Қасабек Қ., Балтабаева Ж., Мұхамади Қ., Рахметова Р., Көпбаева Ж.. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005.
14Типтік оқу бағдарламасы. Қазақ тілі. Авт: Салқынбай А., Иманұлова С. – Алматы, 2012.
15Типтік оөу бағдарламасы. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы. Бакалавриат. Авт.: Ерназарова З. Ш., Қасым Б., Жақсылықова К., Иманғалиева Ғ., Егіншібаева Н. А. – Алматы, 2007. ооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо
1семестр | ||
Мемлекет әлеуметтік-геог рафиялық орны, ерекшелігі. | ||
.Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар. | ||
Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. | ||
Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі | ||
Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнершеберлері.. | ||
Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар... | ||
Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар. | ||
Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет | Кезектес мәнді сөйлем. | |
. Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы | Бұйрық мәнді сөйлем | |
Ұлттық салт-дәстүрлер Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер. | Өтініш, тілек мәнді сөйлем | |
. Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар. | Шарт мәнді сөйлем | |
Ұлтты қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары | Сұрау мәнді сөйлем. | |
. Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар | Қарсылық мәнді сөйлем. | |
Қорықтар мен ұлттық парктер Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Қызыл кітапҚарлыға Ж,6-12 | Себеп-салдар мәнді сөйлем. | |
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары. | ||
грамматика | 2 семестр лексика | |
Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта. | ||
. Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы. | ||
Экономика.Ішкі және сыртқы сауда.. т | ||
Көлік тасымалы - логистика. Байланыс. | ||
Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес.Іскер адамдар | ||
Сәулетжәне құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер. | ||
Табиғи ресурстар. Су ресурсы.Қазба байлық ресурстары. | ||
Туризм индустриясы. Қонақүй бизнесі. | ||
Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар. | ||
Ел басқаружүйесі. Президент. Парламент.Үкімет. Сот. | ||
Ғарышәлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер. | ||
Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі. | ||
Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек. | ||
. Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар | ||
Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі. | ||
8-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдниет. Грамматика. Кезектес мәнді сөйлем.
І Сабақтың мақсаты:
1) Денсаулық, салауатты өмір сүру салты туралы түсініктерін молайту;
2) Лексикалық тақырып арқылы сөздік қорын молайту, жазылым, оқылым тілдесім, әдістерін пайдаланып, мемлекеттік тілде ойын жеткізе білуге дағдыландыру;
3) Студенттердің қатысымдық және лингвомәдени құзыреттілігін дамыту.
1. Сабақтан алған ақпаратты күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету;
2. Салауатты өмір сүру салты туралы монологтық, диалогтық сөйлей білуге үйрету, өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру;
3. Тақырып бойынша алған білімін қорытындылау.
4 Тірек сөздер: салауатты өмір, күтім, жан, денсаулық, тазалық, денсаулықты нығайту, тамақтану, салауатты өмір салты, спорт түрлері, науқас, дәрігер, қан қысымы, суық тию, тексерілу, демалыс орындары.
Денсаулық – Ауру-сырқаудан аман болушылық, есен-саулық.
Салауат – І. Шүкір, қанағат.
Салауат жасады – қоштасты.
Салауат күтіп тұр – ұлықсат күтіп тұр.
Салауат – ІІ. Көне. Текке, босқа: салауат кетті.
Салауатты – парасатты, байыпты: Салауатты пікір.
Салауаттылық – парасаттылық, байыптылық: Оның байсалды сөзінде салауаттылық мол.
Жан – І. 1. Жан-жануарларға тіршілік беретін рух, өмір: Балық жаны суда (Мақал) 2. Адамның ішкі сарайы, ой-санасы: Адам жанының инженері. 3. Ауыс. Қадірлеу, құрметтеу ретінде айтылатын сөз: Жаным десе, жан семіреді (Мақал).
Жан – ІІ. 1. Адам, кісі: Сізден артық жан тумас, Туса туар, артылмас (Абай). 2. Тірі адам, пенде: Бөлмеде жан тұрмайды, жан шықпады алдынан, далада жан жоқ.
1– тапсырма. Жер-ана туралы экологиялық қанатты сөздерді жадыңызда сақтаңыз!
1. Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқар таулары – біздің басты байлығымыз. Ы. Алтынсарин.
2. Жер туралы көрген зорлық көп. Жер десе дірілдемей болмайды. Сонда да жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс. Әлихан Бөкейхан
3. Мен үшін қазақ жерінің, Жаманы мен жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің, «Ана»-дан басқа аты жоқ.
Жұбан Молдағалиев. 4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Тұғырына саңғыған
Сұңқар оңбас,
6. Үйірінен қаңғыған
Тұлпар оңбас.
7. Елінен безген ер оңбас.
Көлінен безген қаз оңбас.
3– тапсырма. Мәтінді пайдаланып, біресе, бірде, кейде деген жалғаулықтар арқылы өзіңіз сөйлем құрыңыз, өз ойыңызды баяндаңыз
.
Адам және табиғат
Ортаның ластануынан адамға және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне орасан зор шығындар келеді. Өндіріс процесі мен адам қоғамының тұтынуы барысында пайда болатын қыруар қалдықтарды табиғатқа қайтару мөлшері 1970 жылы 1млрд. тонна, ХХ ғасырдың соңында 100 млрд. тоннаға дейін өсті.
Қазіргі кезде адамдар да, ғалымдар да жер табиғатын таза ұстау, оны күту, аялау үшін күресуде. Экологиялық мәселелер – мәселелердің мәселесі. Республиканың барлық аймақтарында, облыстарда, аудандарда экологияны қорғау орталықтары құрылуда.
Жер – адамзат үйі, оны күтіп аялауымыз керек.
4-тапсырма. Мәтінді кезек-кезек оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.