Кіріспе

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

Жетімдік. Жетімдер туралы теория

2.2 Статистикалық көрсеткіштер

2.3 Шетелге асқан жетімдер

2.4 Жетімдердің қоғамдағы орны

2.5 Бала асырап алудағы құқықтар мен міндеттер

III. Қорытынды

Кіріспе

Бүгінгі таңда Қазақстандағы және ТМД елдерінің құрамына енетін көптеген республикалардағы аса көкейкесті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, денсаулығы, қоршаған ортаның баланың өміріне белсенді қатынасуы, өздеріне және әлеуметке оңды қатынасы және оларды құқықтық жағынан қорғау. Бұл мәселелердің оңтайлы бір шешімі жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды дамытуға, тәрбиелеуге, оқытуға қатысты, теориялық және практикалық педагогикалық, психологиялық негіздерді айқындаумен байланысты. Бұл әлемдегі бірінші орында тұрған мәселе. Дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қоғамдық жобалар арқылы шешіліп келеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында баланы асырап алған адамдар немесе оған қамқорлық көрсеткен мекемелерге мемлекет және қоғам қолғабыс көрсетеді. Швецияда бала асырап алған отбасыларға қосымша қаржы беріліп, кеңес беретін психологтардың жұмысы тегін көрсетіледі. Еліміздегі мемлекеттік емес ұйым өкілдері тастанды немесе жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар үшін жастар үйлерін ашуды ұсынған болатын. Енді бірі балалар үйлерін жанұя түріндегі үйлерге ауыстыру керектігін айтады. Оның себебін балалар үйінен бала асырап алғандардың көбісінің баланы кері қайтарып жатқанымен түсіндіреді. Жетім балалар саны артқан сайын Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы да арта түседі.

Жетімдік. Жалпы мәлімет

Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Қазақтың ата заңы «Жеті Жарғыда» жесір дауына жеке бір тарау арнауында үлкен мән бар. Мәселе, рулық қауымның жесір әйелді әмеңгерлік жолмен күйеуінің туысына қосуда емес, оның астарында әкесінен айырылған балаларды жетімдік азабынан құтқару, ағайынның қамқорлығына алу идеясы жатыр. Сонымен бірге, екі елді татуластыру, жұртынан алшақтамау, туыстықты жаңарту мақсатында бала алмасу, ол баланы өз балаларынан кем көрмей өсіру жағдайлары түркі халықтарында көптеп кезіккен. Қазақ халқының туысшылдығы соншалық, баласы жоққа өз баласын беру, ұлы не қызы жоққа өзіндегі екінің бірін беру, ал алған жақ балаға жан-жақты қамқорлық жасағаны, есейгенде туғандарына қызғануы, не керісінше, туған ұясына қосуы ата-әкелеріміздің екеуінің бірі басынан кешірген жай. Әрине, талаған салт-дәстүрлердің өзіндік оңды және теріс жақтары болғаны белгілі, сондықтан бірі осы күнге дейін ерекшеленітін қазақ қауымының қамқоршысынан айырылған балаға ата-аналық жылулық сезінетіндей жағдайлар жасап тұрының өзі ертеңгі ұрпағының өсіп-өнуін, келешек болашағын көрегендікпен ойлауында жатыр.

Х - XX ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Жетімдер туралы теория және Отбасы

Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ. Демек, біз жетім балаларға ұсынып отырған жобамыздың барысында жаңа мүмкіндіктер сыйлаймыз. Ол Отбасы үлгісіндегі балалар үйі, ондағы шиеленістерді реттейтін және әр балаға жаңа отбасын сыйлайтын делдалдық ұйым. Демек, асырап алғысы келген азаматтарға жағдай жасаймыз. Баланың өзін қоршаған объективті нақтылықта өзін-өзі танытуы үшін тек отбасылық орта ғана мүмкіндік бере алады. Сондықтанда бұл мәселе өте өзекті. Басқа балалар қалай отбасында тұрса, жетім, тастанды балаларымызда отбасы үлгісіндегі үйлерінде тұруы қажет, сонымен қатар өздерінің отбасы махабатын сезіне алмаған жетім балаларымызға сол ыстық отбасы махабатын сезіндіру. Онысыз да тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, ата-анасының безбүйрек, қатыкез болғаны үшін, өз отаны бұйыртпаған махаббатты жат елдерден тауып жатқандар да бар. Жат елге барып Қазақстанды қорғау үшін тәрбие алмайды. Қазақстанымыздың атын шығаратын да сөндіретін де осы балаларымыз. Ұлттық рухымызды қалыптастыратын да, ұлттық мүддемізді көтеретін де осы асыл қазыналарымыз. Тәрбиені бала тұлғасының әлеуметтенуінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігі ретінде санау тұжырымдамасы (О.С.Гребенюк, А.В.Мудрик, М.И.Рожков); әлеуметтік ортаны баланың тұлғалық қалыптасуындағы өте маңызды детерминант ретінде қабылдауға бағытталған педагогикадағы әлеуметтік-рөлдік тұжырымдама (Н.М.Таланчук, В.П.Созонов); жетім балаларды өмірге бейімдеуде қолданылатын әлеуметтік-психо-логиялық қолдауды ұйымдастырудың басты психологиялық жағдайларының әдістемелік негіздерінде әзірленген әлеуметтік-психологиялық қолдау мен жәрдем теориясы (Л.И.Аксенова, А.В.Мудрик, Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева), интегративті тұлғалық құры-лым ретінде көрінетін әлеуметтік-психологиялық жұмысқа ұстаздардың кәсіби жеке дайындығы тұ-жырымдамасы (Г.Ж.Меңлібекова) мазмұндап отыр. Жұмыс аясында зерттеу мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау, тұлғалық бағыттаушы сипатты технологиялық үлгіні қолдана отырып, балалар үйіндегі әлеуметтік-психология-лық қолдауды ұйымдастыру жүйесінің тәжірибесін оқып-үйрену, балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтенуін әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламаларын жобалау, әлеуметтік-психологиялық диагностика (сауалнама, бақылау, тестілеу, әңгімелесу), психологиялық тәжірибелік эксперимент әдістері қолданылды.

Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін сөз еткенде, Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” повесін мысалға алуға болады Бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы тәрбие алу рәсімдерін осы кітапты талдау барысында көреміз. Баланы өмірге бейімдеуде жетімдер үйінің, тәрбиешілердің да орны бөлек. Олай дейтін себебіміз, бала бір жақта тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйіткені баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: тәрбиешісіне, ата-анаға, бірге жүрген құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты. Отбасы- өмірге адам әкелу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан-жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт. Отбасы “дербес мектеп, әлеуметтік институт” деп қарастыратын болсақ, әке-шеше-сол орданың ұстаздары, ал ата-әже-профессорлар іспеттес. Сол сияқты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (XIY) қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 қыркүйегінде күшіне енген “Бала құқықтары туралы Конвенцияда” бала өмірі мен денсаулығы, білім алуы мен тәрбиесі жан-жақты қаралған. Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Сол ияқты отбасы үлгісінде тәрбиеленетін балаларымызды да осылай тәрбиелеу. Осы аталған міндеттерді қазақ отбасында қалай жүзеге асырудың жүйесін жасауда бірізділік болмағанымен, ғалымдарымыз өздерінің зерттеу нысанасы тұрғысында қарастырып келеді. Әрине, қазақ отбасындағы өзіндік ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі, ұстанатын қағидалары, сүйенетін тағылымдары бар. Т.Рысқұлов кездерінде отбасы үлгісінде тәрбиелену теория жүзінде пайда болғанымен іске аспады. Кейіннен заңдары да қабылданып бірте-бірте отбасы үлгісіндегі үйлер пайда болып, тастанды, жетім балаларға арналған арнайы үйлер де салынып, іске аса батады. Бұл мәселеге өзіміздің Тұрар Рысқұловтың тигізген үлесі өте зор. Тіпті осы балаларға арналған кереметтей заңдарымыз да бар. А Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000жыл 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттiлiк, адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. Ата-ана қамқорлығынан айырылған әрбір бала - отбасында тәрбиеленуге тиісті. Себебі: олар міндетті түрде ата-аналарының өмірін қайталап немесе қайталайтын болса болашақта олардың саны екі есе көп болмақ.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы қадам. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан баланың дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасына тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбек тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: отбасы қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай. Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоцианалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады. Бұл балаға жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы. Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата - аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі - патранаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиеның жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдардың тұрақты түрде қарым - қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Мемлекет қарамағындағы жетім балаларға отбасылық тәрбие беру тәжірибесі жүйелі жолға қойылуда. Солардың бірі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу. Бұл ретте елімізде көптеген отбасылар жетімін жылатпаған ел екенімізді дәлілдеп, мектеп-интернаттардан бауырларына бала басуға құлышынып отырғандары да баршылық. Патронаттық тәрбие – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға берілетін қорғаншылық және қамқоршылық тәсілдерінің бірі.

Статистикалық көрсеткіштері

Ресми ақпараттарға сүйенсек Республикамызда 75000 жетім бала ар екен, олардың 660 интернат ұйымдарында тәрбиеленуде, олардың ішінде: жалпы және санаторий түріндегі мектеп-интернаттарда - 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда - 15 096 бала, балалар үйлері мен жетім балаларға және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп–интернаттарда - 12 574 бала, кемтар балаларға арналған түзеу мекемелерінде - 12 599 бала, ерекше тәрбиелену жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге, мінез құлқы девиантты балаларға арналған мектеп-интернаттарда - 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерде тәрбиеленуде. Жетім қалған балалардың негізгі бөлігі білім беру және әлеуметтік қорғау органдарының интернат мекемелерінде тәрбиеленуде. Мұндай мекемелерде бала, бірінші кезекте, ата-анасының қамқорлығына зәру, бұл оның табиғи дамуына кері әсер етіп, нәтижесінде ауыр психологиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Балалар еркін қоғамдағы жауапты өмірге дайын болуға тиіс. Ал жетім бала балалар үйінен түлек болып шыққаннан кейін күн сайын ересектердің көмегінсіз бастан кешіруіне тура келетін түрлі проблемаларды шешуге қауқары жоқ. Балалар үйлері түлектерінің ішінде олардың қатарластарына қарағанда, қылмысқа қатысушылар немесе қылмыс құрбандары неғұрлым жиі ұшырасады, жұмысынан немесе тұрғын үйінен неғұрлым жиі айрылады, ал өз отбасын әрең құрса, оның нашақорлық немесе маскүнемдік жолға түсуі тіпті оңай, сонымен қатар олардың арасында суицид құрбандары да жиі кездеседі. Бұл - олардың жеке-дара өмірге енуінің үлкен қиындықтармен ұштасып, әр уақытта табысты жүрмейтінінің белгісі

Шетелге асқан жетімдер саны және рөлі

Әлемдегі жерінің үлкендігімен танымал 10 мемлекеттің санатына енетін Қазақстанды сырт мемлекеттердің көбі құрметтейді. Қара басымызды емес, қазынамыз үшін әрине. Мұнайды көп сататын ел ретінде ғана емес, адамды да көп сататын ел ретінде әлемге танымалмыз.

1993 жылдың 10 мамырында Гаагада қабылданған «балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенцияға қол қойылғаннан кейін, біздің Конституцияда мынадай тармақтар дүниеге келді. «Неке және отбасы» заңының 76-бабының 2-тармағында «Балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана, шетелдіктерге азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін».

Бұл мүмкін ғана емес қып-қызыл шындыққа айналды. Кейін мұны халық қалаулылары атанған ат төбеліндей аз топ 2002 жылғы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында талқыға салды. Олардың «сәбилерді шетелдіктерге бергенше, ең жақын туыстарына беру керек» деген ұсынысын Қазақстан үкіметі қолдамай тастады. Сөйтіп,1999 жылдан бастап шет елден бала асырап алушылар елімізге лек-легімен келе бастады.

Шетелдіктер біздің балаларды не үшін сатып алады, оларға сәбилердің (тірі тауардың) қаншалықты пайдасы бар, соны барынша жіліктеп көрелік:

– біріншіден, батыс елдерінде баланы асырап алушының ата-анасы қаңғыбас, мейлі ішімдікке салынған маскүнем болса да кез-келген уақытта тастанды баланы асырап алуға құқысы бар.

– екіншіден, баланы асырап алушыға салық мемлекет тарапынан барынша жеңілдетілген.

– үшіншіден, «трансплантация» латын тілінен аударғанда бір адамның ағзаларын басқа бір адамға келісімі арқылы ауыстыру.

Осы саламен айналысатындардың дені қандықол қылмыскерлер екендігі белгілі. Оған жарқын мысал ретінде Бразилиядағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін айтуға болады. Олар тұрмыс тапшылығынан қиындық көрген кедей-кепшіктердің бір бүйрегін 10 мың доллорға сатып алып, оны Оңтүстік Африка елдеріндегі сырқат байларға 120 мың доллорға сатып отырған.

Қазақстан шет елге жетім бала сатудан Азияда алдына қара салмай келеді. Қырықтан астам жасырын ұйымның жұмысы қарқын алып тұр. Жыл сайын мың сан баланы көздерін жәутеңдетіп шекара асырады. Жасына сәйкес әр сәбиге тұрақты баға да қойылған. Мысалы, 6 айлық шақалақ – 12 500 доллар болса, 6 жастан асқандар арзандап, 5000 долларға ғана сатылады. Осындай «арзан жетімдер» біздің елде ғана бар. Соның нәтижесінде, қазір қазақстандық асыранды балалардың жеті мыңнан астамы шетел мектептерінде білім алатын көрінеді.

Бала сату әлемнің көптеген елдерінде болғанымен, біз сияқты жетімін кім-көрінгенге жетектетіп жібермейді. Мәселен, Германия мен Англияда баланы жалғыз басты адамдарға бермейтін қатаң заң бар. Латвия мен Литваның балаларын тек сол мемлекеттен қоныс аударған шетелдіктерге ғана асырап ала алады. Израиль мен Армения да баланы тек өз ұлтының өкілдеріне ғана береді.

1999 жылдан бері шетелдік азаматтар 8169 қазақстандық баланы бауырына басыпты. Бұл – асырап алынған (37 450 бала) балалардың жалпы санының 21,7 пайызы. Ал соңғы он жылда 28 829 (77,1 пайыз) баланы қазақстандықтар және 452 (1,2 пайыз) баланы олардың шетелдердегі туыстары асырап алыпты. «Өткен жылы 3 мыңнан астам жетімдер өзінің жаңа отбасын тапса, тағы да 1 мыңнан астам адам бала асырап алғысы келетіндердің кезегінде тұр», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Айғақ болатын тағы бірер сандарды келтірелік. Он жыл ішінде жәудіркөз жетімдер әлемнің 30 еліне әкетілген. Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші орында – АҚШ (6406 бала), екінші орында – Испания (600), үшінші орында Бельгия (343) тұр. Одан әріде немістер – 173, канадалықтар – 167, ирландықтар – 140, француздар 131 жетімімізді асырап алған. Енді мынадай бір қызық дерекке назар аударалық. Шетел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар (45,9 пайыз), 4057-сі – орыстар (49,7 пайыз) және 360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен. Онда да басқа ұлттардың арасында өзбек, тәжік, түрiкмен, қырғыз ұлтының бірде-бір баласы жоқ. Неміс, украин, белорус, татар, поляк, молдован, грек, корей, грузин, шешен, армян және ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар.

Қоғамдағы орны

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. Мұндағы тәрбиелену-шілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар.Оларды әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділік-терінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-ріндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

Бала асырап алудағы құқықтар мен міндеттер

1. Баланы асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығы, дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуы жөнінде қамқорлық етуге міндетті. 2. Бала асырап алушы баланың пікірін және уәкілетті қорғаншы және қамқоршы органдардың нұсқамасын ескере отырып, өз бетінше тәрбие беруге құқылы әрине заңға қайшы боласа. 3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, оның міндетті орта білім алғанға дейін білім беру мекемесін және баланы оқыту нысанын таңдауға құқығы бар және баланың міндетті түрде орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. 4. Шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне және консулдық мекемелеріне асырап алған баланың денсаулық жағдайы туралы есеп береді. Баланы асырап алу тәртібі. 5. Шетелдік азаматтардың, соның ішінде балалардың туысқандары болып табылатын адамдардың, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды асырап алуы туралы істері аудандық (қалалық) соттарда қаралады. Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Қорытынды

«Балалы үй- базар, баласыз үй- қумазар». Қазақ бауыр етін қастерлеп - әлпештейтін періште жандардың қазіргі тағдыры алаңдатып барады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесі – қашан және қай уақытта болмасын әрбір мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Сөз жоқ, бұл балаларға еліміздің тарапынан қаншалықты жағдай жасалып жатқанымен де, ата-ананың аялы алақаны мен мейірімі жеткіліксіз. Ата-ананың махаббатын көрмеген баладан қандай болашақ кутеміз? Сондықтан да, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алып, отбасындағы жылы қарым-қатынасты көріп, ата-ана жылуын сезінуіне көмектессек игі еді. Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді. «Жетім дегеніміз – балалық шағында тәрбие көрмеген адам»- деген екен бір ғұлама. Ендеше, жетім балалардың жауапкершілігі жоқ ата-ананың құрбаны екендін ұмытпайық.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: