Тексерген: Матаева А. Ш

ПОРТФОЛИО

Тақырыбы:

Тіс техникалық материалтану.

Орындаған:201КСО топ білім алушысы:

Сағатов Т

Тексерген: Матаева А. Ш.

ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы: «Ортопедиялық стоматология туралы түсінік»

Орындаған: 201КСО топ білім алушысы:

Сағатов Т

Тексерген: Матаева А. Ш.

ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану мәселесі. Ғылыми ортопедияның негізін салушы француз хирургы Николя Анри. Оның 1741 жылы жарық көрген «Ортопедия немесе жас балалар денесінің деформациясын түзету және алдыналу» туралы кітабы кеңінен таралған. Ортопедия термині гректің екі сөзінен шығады: «orthos» - (тура) және «paideia» - (тәрбиелеу). Анри бұл терминді енгізгенде жас балалардың тәрбиесін есепке алған. Қазіргі заманда ортопедтер жас балалар мен ересек адамдар тірек-қимыл аппараты ауруларын функционалды, аппаратуралық, хирургиялық, протездеу әдістерін қолданып емдейді.

Ортопедиялық стоматологияда тіс протездерін жасау техникасы ең маңызды қызмет атқарады. Тіс протездерін жасау келесі кезеңдерден тұрады: дәрігер-стоматолог-ортопедтің клинкасында және тіс протездері лабораториясында жасалынатын бірнеше кезеңдер.

Тіс техникалық лаборатория. Тіс техникалық лабораторияда барлық бөлмелер екі топқа бөлінеді: Бірінші негізгісі –жұмыс жүргізілетін дайындаушы бөлме. Бұл бөлмедетіс протезін жасаудың негізгі жұмыстары атқарылады және тістің техникалық лабораториясындағы ауаны ластайтын жұмыстар атқарылатын арнайы бөлімдер бар, ол бірнеше бөлмелерге бөлінеді: гипстеуші, жылтыратушы, полимерлеуші, құйма бөлмелері, сондай-ақ бағалы металлдармен жұмыс жасау үшін арнайы бөлмелер де қажет.

Негізгі бөлме. Бұл бөлмелерде тіс, бет-жақ протездері мен ортодонтиялық аппараттар дайындалады. Бөлмеде тіс технигіне арналған үстел мен орындықтар, сонымен қатар Самсон аппараты, жасанды сауытты штаптауға арналған құралдар орналастырылады.

Гипстеуші бөлме. Бұл бөлмеде мүсіндерді құю, кюветаға гипстеу, мүсіндерді окклюдаторға және артикуляторға гипстеуді жүргізіледі. Сонымен қатар бұл бөлмеде полимерлеуден кейінгі пластмассалы протездерді гипстен босатады, гипстеу бөлмесінде гипсті сақтауға арналған бункерлер, пресс-аппараты тұрады.

Полимерлеу процесі жүретін бөлме. Бұл бөлмеде пластмассадан протездер дайындау, яғни пластмассаны пішіндеу, престеу, полимерлеу жұмыстары жүргізіледі.

Жылтыратқыш бөлме. Бұл бөлмеде дайын болған тіс протездерін, бет-жақ аппараттары мен ортодонтиялық аппараттарды өңдеу және жылтырату жүргізіледі.

Дәнекерлеуші бөлме. Бұл бөлмеде протездің металл бөліктерін дәнекерлеу жүргізіледі.

Сөздік

Негізгі материалдар – олар тіс протездерін, аппараттарын жасауда пайдаланылады.

Қосалқы материалдар – қалып алуға арналған материалдар, мүсін жасауға арналған материалдар.

Клиникалық материалдар – стоматологиялық клиникада дәрігердің пайдаланылатын материалдар.

Балауыз – химиялық құрамы жағынан жоғарғы шектелген көмірсутектердің майлы қатарының бір атомды спирт және бір негізді қышқылдары. Балауыздар бензинде, хлорофромда, бензолда, эфир майларында, жақсы ериді.

Түрпілік материал –протезді өңдеу және жылтырату үшін, әртүрлі ұсақ түйіршікті материал.

Металл – атомдарды геометриялық тәртіппен дұрыс орналасқан кристалды дене.

Құйма – екі немесе одан да көп элементтерді балқытып, ерітіп алынған заттар.

Пластмасса – табиғи материалдан химиялық жолмен немесе төменгі молекулярлы заттардан химиялық синтездеу арқылы алынатын жоғарғы молекулярлы қосылыстардың улкен тобын құраушы полимерлер.

Гипс – ортопедиялық стоматологияда қолданылатынқосалқы материалдың ішінде ең маңызды орын алады.

Балауыздар
Табиғи
Синтетикалық
Минералды
Өсімдіктер балауызы
Жануарлар балауызы
Канифоль


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: