Тексерген: Матаева А. Ш

ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

Металл
Металл дегеніміз – атомдарды геометриялық тәртәппен дұрыс орналасқан кристалды дене.

1. Темір металдар 2. Қиын балқитын металдар 3. Уранды металдар 4. Сирек кездесетін металдар
Қара металдар
Түсті металдар


Металлдардың құрылысы: металлдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық түрде болады. Оны металлдың бет қабатын мұқият жылтыратып, содан соң активті химиялық заттармен улай отырып микроскоппен қарағанда, оның құрылысының кристалды екенін көруге болады.

Құйма деп екі немесе одан да көп элементтерді балқытып, ерітіп алынған заттарды айтамыз. Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттердің бір-бірімен өзара әрекетке түсуін:

- Механикалық қосылыс;

- Қатты ерітінді;

- Химиялық қосылыс деп үш түрге бөлінеді.

Сөздік

Соғу- материалды қысыммен кез-келген үлгіде өңдеу.Оның өңдеуге икемді болуы және бұл кезде материал күштінің әсерінен өзінің тұтастығын жоймай жаңа мөлшер мен көлемге ие болу қасиеті.Соғу негізінен тек материалдарда болады.

Аққыштық- материалдың еріген сұйық күйінде құйма пішіндер мен қысымдау пішіндерінің ұяларды толтыру қасиеті.

Отыру- материалдың құйылғанынан соң қатқан кезінде көлемнің кішіреюі.Тіс протездерін дайындаған кезде материалдың отыруын есепке ала отырып құю керек.

Химиялық қасиет- деп материалдың басқа химиялық заттарға қатынасын әр түрлі ортадағы қышқылдығы негіздегі ауадағы судағы жағдайын айтады.Ортопедиялық стоматологияда қолданатын материаклдың химиялық қасиетін міндетті түрде болу керек.Себебі тіс протезі әр түрлі химиялық белсенді заттармен ұдайы қатынаста болады.Ауыз қуысында бағалы металл құймалары м ен аркилды пластмассалардың химиялық тұрақтылығв жоқ

Металдардың тотығуы -(латынша corrodre-бұзу)-металдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекетке түсу нәтижесінде бастапқы өз қасиетін жоғалтуы және бұзылуы.Тотығу кезінде металдан жасалған бұйымдар өздерінің көптеген технологиялық қасиеттерін жоғалтады.Осы жағдайларға байланысты стоматологиялық материалдарға ерекше талап қойылады.Оның негізгісі-тамақ шайнау кезінде ауыз қуысында бөлініп шығатын сұйықтықтарға тұрақтылығы.Тотығушылық бұзылыстар біркелкі жергілікті және интеркресталитті болып бөлінеді.

Біркелкі тотығу- басқа тотығуларға қарағанда қауіпсіздеу.Бұл кезде қолданылған материалдың қалыңддығы жеткілікті болса онда ол механикалық өзгеріске көп ұшырамайды,себебі тотығуға бұйымның беткі қабаты ғана ұшырайды.Бұған мыс металынан жасалған кейбір бұйым бейім келеді.

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын металдар тот баспайтын болаттар,супер металл,(супер –КМ),ХКҚ-хром-кобальт құймасы,КПҚ-күміс-палладий құймасы,АПҚ-алтын-платина құймасы.

Тот баспайтын болат.Тот баспайтын болаттарға атмосферада,өзен және теңіз суларында тотығуға тұрақты болаттар жатады.Тот баспайтын болаттың коррозияға тұрақтлығы олардың физикалық-химиялық жағдайына байланысты болады. Тот баспайтын болаттын стоматология тәжірибиесінің өндірісіне енуіне 1930 жылдардағы Д.Н. Цйтириннің зерттеулері негіз болған.

Стоматологияда ең көп тараған тот баспайтын болаттың маркасына 1Х18Н9Е – түрі жатады. Оның 72%-ын темір, 18%-ын хром, 9% никель, 0.14%-коміртегі және 1%-титан құрайды.

Құрамында 1.7%-дан 4.5%-ға дейін көміртегі бар темір құймасын шойыр деп атаса, ал 0.1%-дан 1.7%-ға дейін коміртегі болса, онда оны болат деп атайды.

Тот баспайтын болаттын құрамындағы хром құймаға тотығуғу тұрақтылық береді, ал никель иілімділік қасиет береді. Сондай ақ құйманы 450-850 градус температурада өңделсе хром көміртегімен химиялық байланысқа түседі де, хром карбиттерін түзеді, олардың молекулалары кристалды элементтердің шекаралық деңгейінде орналасады. Бұл сол жердегі хромның азаюына әкеледі де, кристалл аралық тотығуының дамуына әкеліп соғады. Осыған байланысты хром карбидінің түзілуінің алдын алу үшін құйманың құрамына титан енгізеді. Олар коміртегімен байланысып титан карбидтерін түзеді де, хром карбидтерінің түзілуін жойып, кристаларалық тотығудың алдын алады. Сонымен бірге болаттың аққыштығы мен ыстыққа тұрақтылығын арттыру үшін 2.5% кремний қосады (ЭИ-95 құймасы).

Тот баспайтын болаттан дайын стандартты металл кауыздар және жасанды құйма тістер, ортодонтиялық сымдар шығарады. Тот баспайтын болаттан, негізінен, штампталып дайындалатын сауыттар дайындайды. Бұл құймада сауыттарды құйып дайындамайды, себебі, олардың құю кезіндегі отыруы көп, 3%-ға дейін жетеді. Тотбаспайтын болаттын балқу температурасы 1450 градус.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: