Инсулин енгізу ережелері

1. Инсулиннің енгізу дозасын, сағатын және жиілігін қатаң сақтау.

2. Енгізер алдында флаконды жақсылап сілку және 25-30 0 С дейін жылыту.

3. Бір шприцте инсулиннің бірнеше түрін араластырып алуға болмайды.

4. Инъекция орнын спиртпен өңдегеннен кейін оның кебуін күту.

5. Инсулин енгізу орындарын 6-7 күнде бір рет ауыстырып отыру (липодистрофияның алдын алу).

6. Инсулин іштің алдың бөлігінен тез сіңеді.

7. Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.

8. Инсулин салғаннан кейін аурудың 15-20 мин көлемінде тамақтануын қадағалау қажет.

9. Инсулинді тоңазытқышта +4+60 С сақтау қажет.

ЗӘРДЕГІ АЦЕТОНДЫ АНЫҚТАУДЫҢ ЭКСПРЕСС – ӘДІСІНІҢ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелерді (ацетон) сапалы анықтау.

Керекті құралдар:

- экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар;

- сүзгіш қағаз;

- пациенттің зәрі.

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату.

3. Резеңке қолғап кию.

4. Құрамында:

- нитропруссид;

- күкірт қышқыл алюминий бар таблетка алынады.

5. Таблетка сүзгіш қағаздың бөлшегіне орналастырылады.

6. Таза горшокқа жиналған баланың зәрінің 2-3 тамшысы қосылады.

7. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді. Түстік шкаламен салыстырылады.

8. Сынаманы бағалау:

- таблетканың түсі ақшыл қызыл - әлсіз оң (+);

- қызыл-қоңыр түске боялса – оң (++);

- шие түстес болса – күрт оң (+++).

9. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу.

10. Қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

2. Таблетка болмаған жағдайда препарат дайындалады:

- натрий нитропруссид - 10 г;

- аммоний сульфат -20 г;

- сусыз натрий карбонат -20г.

Барлығы мұқият араластырылады, ақ түсті бір келкі зат пайда болғанға дейін үгітіледі.

ҚАУІПСІЗ ИММУНОПРОФИЛАКТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Иммунопрофилактика қағидалары Қағидаларды жүзеге асыру
1. Иммунизация алатын баланың толық денінің сау болу принципі - Иммунизация алдында баланың даму тарихында (ф112) оның денінің саулығы және белгілі бір егуге рұқсат берілгені туралы жазудың барлығын тексеру  
2. Санитарлы-гигиеналық нормаларды бұлжытпау орындау принципі -Егу жұмысына тек дені сау мед.қызметкерлер жіберіледі (қолдарында азғантай да жарақаттары, тері және шырыш қабаттарында іріңді зақымданулар болмау керек) -Вакцинацияның алдында: а) егу бөлмесінде: еденді, қабырғаларды, жиһаздарды дезерітіндімен сүрту; үстелдерді, кушеткаларды стерильді жаймалармен жабу; б) вакцина жасаушы істеу міндетті: тырнағын қысқалап қиюға; таза халат, қалпақ киюге; сақиналарын, білезіктерін шешуге; қолдарын мұқият сабынмен жуып, саусақтарының ұштарын спиртпен сүртуге -БЦЖ вакцинациясына және туберкулинодиагностика-сына арналған барлық керекті заттарды бөлек сақтау  
3.Вакциналық препарат-тарды дұрыс сақтау принципі -Вакциналарды тоңазытқышта сақтау -Егер аннотациясы бойынша рұқсат етілсе, ашылған ампуладағы вакцинаны дәке салфеткасының астында, тоңазытқышта (және БЦЖ, кызылша, «тримовакс» вакциналары үшін жарықтан сақтайтын конуста) ұсталған жағдайда тек алғашқы 2-4 сағатта ғана қолдану  
4. Вакцинаны қолдану алдында тексеру принципі -Вакцинаны салу алдында тексеру: жарамдылық мерзімін, вакцинаның қорабындағы және ампуладағы (флакондағы) атын; ампуланың жағдайын (жарылуы, сынуы); вакциналық препараттың жағдайын (түсі, әр түрлі қоспалардың болуы және т.б.)
5. Вакцина салу әдісін қатаң сақтау принципі · БЦЖ тері ішіне салынады · АКДС-вакцина – бұлшық етке · АДС, АД-анатоксиндері – бұлшық етке немесе тері астына · Полиомиелит (сал) – ауыз арқылы (per os) · Паротит, корь (мысқыл, қызылша) моновакцинасы – бұлшық етке · «Энджерикс» (гепатит В қарсы) – бұлшық етке «Хаврикс» (гепатит А қарсы) – бұлшық етке
6. Жасалған вакцинацияны анық тіркеу принципі Жасалынған егу туралы мәліметті; (иммунизация жасалған күнді, вакциналық препараттың атын, салу әдісін, препараттың дозасы мен сериясын) профилактикалық егу журналына, егу сертификатына, баланың даму тарихына (ф112), проф.егу кртасына (ф63) енгізу керек  
7. Вакцинациядан кейінгі асқынуларды қатаң түрде тіркеу принципі -Егілгендерді бақылау: - егу өткізілгенне кейін 1 сағат көлемінде; - тірі вакциналардан кейін 5,6 және 10,11 күндері үй жағдайында; - тірі емес вакциналардан кейін келесі 3 күн бойы (ата-аналар мен туысқандарына егу өткізілгені туралы ескерту) -Вакцинациядан кейін реакция болған жағдайда тез арада дәрігерге хабарлау

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: