Анастезиология и реанимация

КазНМУ 03_07_қаз

$$$001

Гиповолемиялық шок патогенезіндегі негізгі үрдіс не болып табылады?

+А) Күштеме алдылық төмендеу

В) Күштеме алдылық жоғарылау

C) Күштеме артылық төмендеу

D) Айналымдағы қан көлемінің (АҚК) жоғарылауы

E) Қанның минуттық көлемінің жоғарылауы

$$$002

ҮРДС кезінде өкпе ісінуінің жетекші үрдісі болып табылады:

А) Сол жақ жүрекшеде қысымның жоғарлауы

В) Өкпе артериясында қысымның жоғарлауы

С) Плевраішілік қысымның жоғарлауы

D) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

+Е) Альвеолярля-капиллярлы мембрана өткізгіштігінің жоғарлауы

$$$003

Қабылдау бөлімшесіне 48 жасар әйел барлық іш аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, құсуға, дене қызуының 38ºС дейін көтерілуіне,апта бойына үлкен дәретінің болмауына шағымданып түсті.Обьективті: тері жабындысы бозарған, тынысы беткей ТАЖ 28 рет минутына, гипотония, тахикардия, тілі құрғақ, іші кепкен, перистальтикасы жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Анамнезінен: 2 апта бойында ауырған, миокард инфарктісін өткерген, артериальды гипертензия және қант диабетімен сырқаттанады. Науқасқа өмірлік көрсеткіштер бойынша отаға дайындалуда. Жалпы анестезия өткізуге қауіп қатерді бағалауда қандай жіктелу дұрыс болып табылады?

А) ASA

В) SAPS

С) APACHE

+D) Рябов

E) SOFA

$$$004

Отадан кейінгі кезеңде ер кісіде электролит алмасуының бұзылуы нәтижесінде ішектің салдануы дамыды, метиоризм, қуық салдануы байқалды. Электролит алмасуы бұзылысының қай түрі дамыған?

А) Гипернатриемия

В) Гипонатриемия

+С) Гипокалиемия

D) Гиперкалиемия

E) Гиперкальциемия

$$$005

Зертханалық көрсеткіштердің қандай өзгерістері ағзадағы изотониялық дегидратацияға тән?

А) Су ↓ және электролит ↑

+В) Су ↓ жәнеэлектролит ↓

С) Су және электролит қалыпты

D) Су ↑ және электролит ↓

Е) Су ↑ және электролит ↑

$$$006

Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі гиперкальциемияны жедел қалыптастырудың неғұрлым нәтижелі және қауіпсіз әдісі болып табылады?

А) Салуретиктер енгізу

В) 5 %-дық глюкоза енгізу

С) Форсирленген диурез

+D) Гемодиализ

Е) Каллий нитратын енгізу

$$$007

Анестезиолог дәрігер қабылдау бөлімшесіне шақырылды: 20 жасар жасөспірім құрсақ қуысына көптеген тығылып – кесілген жараларымен жеткізілді, есі шатасқан, тері түсі бозғылт, дем алысы беткей, гипотония, тахикардия, тахипноэ, ТАЖ 24 рет мин, SРO2 85 %, Т 36,0º С. Зертханалық мәліметтерден: эр 2,8 х 10 12/л, Hb 70 г/л, Ht 25%, тромбоциттер 140 х 109/л, лейкоциттер 10х 109/л, глюкоза 7,5 ммоль/л, Протромбинді индекс (ПТИ) 72%, фибриноген 5,2 г/л, фибриноген В оң (+++), Сухарев бойынша қанның ұюы 5 мин. Науқастың жағдайының ауырлық дәрежесін бағалаңыз? Ең дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Плевропульмональды шок

В) Жарақаттық шок

С) Гиповолемиялық шок

D) Кардиогенді шок

+Е) Геморрагиялық шок

$$$008

68 жастағы ер кісіге: Қуық үсті безі аденомасы, 2 дәрежесі. ИККС (ПИКС). ЖМҚБ-нан (ОНМК) салдарынан кейінгі диагнозымен шұғыл түрде ота жасау болжамданады. Анестезияның қай түрін пайдаланған мүмкінірек?

+А) Эпидуральды анестезия

В) К/і + ӨЖЖ+ НЛА (Нейролепаналгезия)

С) К/і + ӨЖЖ(өкпені жасанды желдендіру)

D) Көктамыр ішілік анестезия

Е) Жұлындық анестезия

$$$009

65 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен аденомэктомия- отасы кезінде қуықтан диффузды қан кету байқалды, ЖМП-ны (СЗП) 2л –ға дейін құю – нәтижесіз. Аталған жағдайда қан ұю бұзылысының қай түрі мүмкінірек?

А) Антитромбин III жеткіліксіздігі

+В) VIII фактор жеткіліксіздігі

С) IX фактор жеткіліксіздігі

D) VII факторының шектен тыс бөлінуі

Е) X фактор жеткіліксіздігі

$$$010

22 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен аппендэктомия- отасы соңында бронхоспазм көріністері пайда болды. Аталған жағдайда интраоперациялық асқынуы немен байланысты? Ең дұрыс жауапты таңдаңыз.

А) Гиповолемия

В) Адекватты емес ауырсыну сезімін басу

С) Гиперволемия

+D) Анафилаксия

Е) ӨЖЖ аппаратының техникалық ақауы

$$$011

Артериальды гипертониямен ауыратын 67 жастағы әйел кісіге жалпы наркозбен холецистэктомия- операция кезінде АҚҚ 80/40 мм с.б. дейін төмендеуі байқалды, тамыр соғысы 100 рет мин., SРO2 100%, дене қызуы 36,5 С. Интраоперациялық гипотония немен байланысты? Дұрыс жауапты таңдаңыз.

+А) Гиповолемия

В) Гиперволемия

С) Адекватсыз ауырсыздандыру

D) Кардиогенді шок

Е) ӨЖЖ аппаратының техникалық ақауы

$$$012

23 жастағы ер кісіге жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан оң жамбас остеосинтезі отасы кезінде кенеттен жүрек қызметінің тоқтауы болды. Аталған жағдайда қандай диагноз неғұрлым мүмкінірек?

А) Жедел коронарлы синдром

+В) Майлы эмболия

С) Ауырсыну шогы

D) Жарақаттық шок

Е) Ауа эмболиясы

$$$013

48 жастағы әйел адамға жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан гастротомия отасы кезінде қатерлі (басылмайтын) артериальды гипертензия анықталды. Қандай диагноз неғұрлым мүмкінірек?

А) Адекватсыз анестезия

В) Гипертониялық криз

С) Бас миының ісігі

+D) Феохромоцитома

Е) Анестетиктермен улану

$$$014

48 жастағы әйел адамға жалпы наркозбен (ӨЖЖ) өткізіліп жатқан гастротомия отасы кезінде қатерлі (басылмайтын) артериальды гипертензия анықталды. Қандай ем әдісі дұрыс?

А) Анестетиктерді енгізуді ұлғайту

В) Нитраттарды енгізу

+С) Ганглиоблокаторларды енгізу

D) β-блокаторларды енгізу

Е) Анестетиктерді енгізуді азайту

$$$015

Пневмотороксы бар науқасты ұзақ тасымалдау кезінде жағдайы күрт нашарлай бастады, жүрек –қан тамыр жеткіліксіздігі белгілері пайда болып және жұтыну кезіндегі ауру сезімі байқалды. Сөзі күңгірлеп шығып, көкірекорта ағзаларының айқын ығысуы байқалмайды. Тыныс қарама−қарсы жағында жақсы естіледі. Қандай асқыну болуы мүмкін:

+А) Эндоторакальды эмфизема

В) Орталықтық флегмона

С) Мойын флегмонасы

D) Күштемелі пневмоторакс

Е) Спонтанды пневмоторакс

$$$016

Хирургиялық отадан кейін науқасқа қандай жағдайда энтеральды тамақтануды тағайындамайды. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) Ішектің салдануы болмаған жағдайда

В) Бірінші тәулікте

+С) Ішектің салдануы кезінде

D) Гепато-ренальды синдромның болуы

Е) Гипергликемия

$$$017

Өт тас ауруы бар науқаста су-тұз алмасуының бұзылысын реттеу үшін қолданылатын инфузионды ем қандай. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

+А) Кристаллоидты ертінділер

В) Қан құю

С) Инфузионды еммен шектелу

D) 4% глюкоза ертіндісі

Е) 6% рефортан

$$$018

Глаукомасы және өт тас ауруы бар68 жасар әйел жоспарлы отаға дайындалуда. Жансыздандыру кезінде қандай препарат қолданылмайды. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) Натрий тиопенталы

В) Пропафол

+С) Кентамин

D) Натрий оксибутираты

Е) Севоран

$$$019

Гепатопанкреатодуоденалды аймақта болған жоспарлы отадан кейін жиі кездесетін асқыну:

+А) Отадан кейінгі жедел панкреатит

В) Перитонит

С) Қан кету

D) Ішек түйілуі

Е) Ішектің салдануы

$$$020

Өтті, дуоденальды сөлді, ащы ішек бөліндісін шектен тыс жоғалтқанда, ішектік жыланкөз, диарея кезінде дамыған асқыну. Ең дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) Гипертоникалық дегидратация, метаболикалық ацидоз

+В) Гипотоникалық дегидратация, метаболикалық ацидоз

С) Изотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

D) Гипотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

Е) Гипертоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз

$$$021

Интубациялық наркоз арқылы өткізіліп жатқан ота уақытында тыныс алу кезіндегі қарсыластық, тыныс шығарудың соңындағы оң қысым, аускультативті екі жақта тыныстың күрт әлсізденуі, кеуде торы көлемінің ұлғаюы байқалды. Осы жағдайдың дамуы мүмкін себебі неде:

А) Бронхиолоспазм

В) Пневмоторакс

С) Ателектаз

D) Манжеттің бүтінділігінің бұзылуы

+Е) ӨЖЖ аппаратының ақауы – тынысты шығарудың жоқтығы

$$$022

Сепсис кезінде антибиотиктерді алмастырудағы дұрыс деп табылған сипатбелгісі қандай?

А) Гемодинамикалық ауытқулар

В) Науқастың есінің бұзылуы

С) Микроциркуляция бұзылысының белгілерінің сақталуы

+D) 24 сағат бойында клиникалық нәтижелілігінің жоқтығы

Е) Токсикалық әсерінің төмендігі

МАУ 03_07_ ­каз

Астана

$$$001

Науқасты ЖӨВ-на ауыстыруға көрсеткіш?

А) артериалды қандағы оттегі кернеуі120 ммсын.бағ.

+В) артериалды қандағы оттегі кернеуі60 ммсын.бағ.

С) артериалды қандағы көмірқышқыл газдың кернеуі35 ммсын.бағ.

Д) өкпенің өмірлік сыйымдылығы 80%

Е) гемоглобиннің оттегіге қанығуы 90%

$$$002

Жедел қан кетуде бірнеше минут ішінде?

+А) интерстициалды сұйықтық тамыр қуысына палазманың тұрақты көлемін қамтамасыз ету үшін ауысады

B) гематокрит азаюмен гемодилюциядамиды

C) гематокритөзгермейді

D) гематокрит көбеюменгемоконцентрациядамиды

E) өзгеріс болмайды

$$$003

Гипертониялық дегидратацияны емдеу үшін қолдану қажет

A) 0,9% NaCl ерітіндісі

+B) 5% глюкозаерітіндісі

C) 5% фруктозаерітіндісі

D) лактасол

E) 4% натрий гидрокарбонатыерітіндісі

$$$004

Емханаға дейінгі кезеңде наркотикалық анальгетиктерді келесіге күдіктенгенде қолдануға болмайды:

+A) бассүйек ми жарақаты, ішкі мүшелер жарақаты

B) асқазан ішек жолынан қан кету

C) жамбас сүйегі сынуы

D) сан сүйегі сынуы

E) омыртқа сынуы

$$$005

Өкпеден қан кетуге тән клиникалық симптом:

А) «кофе қоюы» тәрізді құсық

B) қошқыл-қоңыр қақырық

+С) қан түкіру, көпіршікті қақырық

D) «таңқурай желесі» тәрізді бөлініс

Е) қошқыл вена қаны болуы

$$$006

Операциядан кейінгі ерте кезең асқынуы:

+А) қан кету

B)анастомоздың тыртықты тарылуы

С) ісік рецидиві

D)операциялық жара іріңдеуі

Е) іш қату

$$$007

Пневматоракс кезінде қай қабырға аралықта пункция жасалады:

А) жауырын сызығы бойынша 7 қабырғааралық

B) орта сызық бойынша 5 қабырғааралық

С) артқы қолтықасты сызық бойынша3 қабырғааралық

D) орта қолтықасты сызық бойынша7 қабырғааралық

+Е) бұғанаорта сызығы бойынша2 қабырғааралық

$$$008

Бұғана асты венасын катетеризациялаудың ең жиі асқынуы:

+А) пневмоторакс

B) дисфагия

С) дизартрия

D) энофтальм

Е) птоз

$$$009

Хирургиядағы экстрокорпоралды детоксикацияға көрсеткіш:

А) қан кету

B) перитонит

+С) сарғаю, азот қалдықтары көбею

D) ауырсыну синдромы

Е) пневмоторакс

$$$010

Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде қолданылатын препараттар:

+А) адреналин, атропин, амиодарон

B) адреналин, магний сульфаты, кордиамин

С) адреналин, калий хлориді

D) эпинефрин, мезатон

Е) кордиамин, мезатон, магний сульфаты

$$$011

Қосымша артериалды гипотониясы бар қарт науқасқа көктамырлық анестезиологиялық көмектің ең оптималды түрі:

+А) кетамин

B) профол

С) диазепам

D) дитилин

Е) жергілікті анестезия

$$$012

Аллергияны алдын алу үшін премедикацияда қолданатын дәріні көрсет:

A) седуксен

B) аминазин

+C) тавегил

D) промедол

E) гексенал

$$$013

Анафилактикалық шокта гипотензия не есебінен дамиды:

+A) тамыр өткіздігіштігінің жоғарлауынан және тамыр ішілік сұйықтықты жоғалтудан

B)симпатиқалық тонустың жоғалуынан

C)простагландиндердің босауынан

D)брадикардия

E) тахикардия

$$$014

Оталық күйзеліс дегеніміз не?

A)хирургиялық жарақатқабиологиялық жауабы

+B) әр түрлі ықпалдаркешені қосындысының биологиялық жауабы: қорқу, қозу,ауырсыну, наркоз, теріде жараның және жарақатың болуы.

C) ауырсынудыңбиологиялық қорғанысы. Жансыздандыру күйзеліс факторы болмайды

D) биологиялық қорғаныс - күйзеліс–ота басталғанда дамып ота аяқталғанда басылады

E)жарақат және қан жоғалтуға биологиялық қорғаныс

$$$015

Ерте реанимация алды кезеңге тесілі:

A)метаболикалық алкалоз

+B)метаболикалық ацидоз

C)респираторлы алкалоз

D)респираторлы ацидоз

E) аралас алкалоз

$$$016

Анестезия кезінде бронхиолалардың тарылуы:

A)жалғасатынфорсирленген тыныс шығарумен

B)жалғасатын тыныс алумен

C) жалғасатын тыныс алумен және жалғасатынфорсирленген тыныс шығарумен

D) әлсіреген тыныс алумен және әлсіреген тыныс шығару

+E) қысқа тыныс алумен және пролонгирленгентыныс шығару

$$$017

Жіті бүйрек жетімсіздігінің информативі көрсеткіші болады?

A)плазмадағыэлектролиттердің концентрациясы

+B)сағат бойынша диурез

C)ОКҚ

D) зәрдің тығыздығы

E) қан плазмасындағы кортикостероидтардың құрлымы

$$$018

Егер ота және наркоз жүректің тоқтауы(асистолия) болса, ЖӨР қандай кезекпен орындалады?

A) отаны тоқтату, наркоза дозасын көбейту, жүрек ішіне адреналин енгізу, жүрекке ткелей емес массаж жасау

+B)отаны тоқтату,жараға таңғыш салу, анестетик енгізуді тоқтату,науқасты гипервентиляция режимінде100% O2мен желдету,жүрекке ткелей емес массаж жасау

C) наркозды жалғастыру оттегінің фракциондыконцентрациясын жоғарлату 100%, отаны тоқтату және реанимациялық бригаданы шақыру

D) отаны тоқтату, жүрекке ткелей емес массаж жасау,жүрек ішіне адреналин ингізу, оттегімен ингаляция жасау наркотикалық анестетиктерсіз, электродефибрилляция жасау

E) отаны тоқтату, наркозды тоқтату, "АМБУ" қабымен желдету, электродефибрилляция жасау және одан кейін жүрекке ткелей емес массаж жасау

$$$019

Интубация кезінде көмей мен жұтқыншақтың рефлекторлы шетін тітіркендіргенде рефлекторлы жүректің тоқтауы болды. қандай дәріні бірінші реанимация кезінде қан айналымға енгізеді?

A) эуфиллин

B) промедол

+C) атропин

D) пипольфен

E) листенон

$$$020

Лечение олигурии при геморрагиялық шокта олигурия емі?

+A) АҚК толтыру

B) тамыр ішінеманит енгізу

C)тамыр ішіне лазикс енгізу

D)тамыр ішіне эуфиллина енгізу

E) гемодиализ жасау

$$$021

Созылмалы обструктивті өкпе ауруымен ауыратын ентігуі бар науқасқа жоспарлы амбулаторлы ота жасалады. Қауіп факторын анықтауға және жансыздандыруға пайдалы тестерге кіреді:

A) азотпен жууға сынама

B) дыхательный ответ на ингаляцию 100%ды отегіге тыныс жауабы

+C)спирометрия(FEV1, FVC)

D)калориялық сынама

E) эргометрия

$$$022

Премедикация мақсаты: седацияжәненейровегетативті тежеу, потенцирлеушіәсер, жағымсыз рефлекторлы, вагусты әсерді алдын алу және болдырмау. Төменде көрсетілген қосарланған дәрілердің арасынан еі тиімдісін көрсет:

A) промедол 2% - 1,0 мл, атропин 0,1% - 1,0 мл, димедрол 1% - 0,8-1,0 мл

B) диазепам 0,14 мг/кг, дроперидол 2,5% - 5,0 мг, атропин 0,1%-0,5 мг

C) аминазин 1,0 мл, седуксен 20 мг, димедрол 1% - 1,0 мл

D) анальгин 50% 2,0 мл, сульфокамфокаин 2,0 мл, клофелин 1,0 мл

+E) диазепам 0,14 мг/кг, атропин 0,1% - 0,5 мг, димедрол 1% - 1,0


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: