Эксперименттерді жоспарлау

Жасалған модельдің зерттелетін жүйеге немесе объектке сәйкес екенін дәлелдегеннен кейін оны имитациялық модельдеуге кірісу керек. Яғни зерттеліп отырған объекттің, берілген уақыт аралығындағы жұмысын, осы мерзімнің басынан аяғына дейін бейнелеп шығу қажет. Осындай бейнелеуді келешекте имитациялық модельдеудің бір нақтыламасы деп атаймыз.

Осы бір нақтыламаның арқасында анықталған көрсеткіштердің мәні, әрине, қарастырылып отырған объекттердегі процесстің объективті сипаттамасы бола алмайды. Себебі имитациялық модельдеу әдісі, іс жүзінде кездесетін әртүрлі (станоктың сынып қалуы, жұмысшының жұмысқа кешігуі, шикі заттың жетіспеуі және т.б.) кездейсоқтықтардың бұл процесске әсерін бейнелей алатындығынан, осы көрсеткіштердің мәні де кездейсоқ шама болады. Сондықтан имитациялық модельдеудің нәтижесінде анықталатын көрсеткіштердің мағынасын бірнеше нақтыламалардың орта саны ретінде ғана қарастыру керек. Егер осы нақтыламалардың санын жеткілікті мөлшерде тағайындасақ, үлкен сандар заңына сәйкес, көрсеткіштің мағнасы тұрақты болып, оның іс жүзіндегі мәнін дәлірек сипаттайды.

Кейде имитациялық модельдеудің бір нақтыламасының нәтижесі де дәл сипаттама бере алады. Ол үшін модельденіп отырған объектегі процесстер эргодикалық қасиетке ие болуы керек.

7. Модельдеудің нәтижелерін өңдеу

Имитациялық модельдеу нақтыламаларын жүзеге асырғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеу қажет. Жоғарыда айтылғандай имитациялық модельдеу көбінесе өте күрделі жүйелерді зерттеуге қолданылады және модельдеу кезінде бір емес бірнеше нақтыламалар алынады.

Сондықтан осы жүйелердегі процесстерді толық сипаттау үшін модельдеу барысында көптеген параметрлер мен айнымалардың мағнасын қадағалап компьютердің жадында ұстау қажет. Ал осы көп деректерді өңдеу үшін біраз уақыт және күш салу керек. Өте күрделі жүйелерді модельдегенде осынша деректермен жұмыс істеу қазіргі компьютерлердің де қолынан келмейтіні анық.

Сондықтан имитациялық модельдеу барысында осы көп деректерді компьютердің жадында сақтау және өңдеу әдістерінің біраз ерекшеліктері болуы қажет.

Ең басты ерекшелік - имитациялық модельдеудің нәтижелері ең аяғында ғана емес, осы модельдеудің басынан бастап біртіндеп анықтала басталуы керек және әр көрсеткіш компьютердің жадының бір ғана бөлшегін алып, оның жаңа мәні бұрынғы мөлшерін түрлендіру арқылы қайтадан осы бөлшекте сақталуы тиісті.

Имитациялық модельдеу кезінде көптеген кездейсоқтықтардың әсерін ескергендіктен оның біраз көрсеткіштері де кездейсоқ шамалармен бейнеленуі мүмкін. Сондықтан, осы кездейсоқ шамалардың мағнасы ретінде математикалық үміттер, дисперсиялар және тағы басқа ықтималдылық сипаттамалары қолданылады.

Осы алты саты, әрине, жалғыз имитациялық модельдеу кезінде ғана емес, басқа да зерттеулерде кездеседі. Алайда, имитациялық модельдеудің кейбір сатылары басқа зерттеулердің осындай сатыларынан біраз айырмашылығымен танылады.

Осындай сатыларға математикалық модель құру, эксперименттерді жоспарлау және оның нәтижелерін өңдеу сатылары жатады. Сондықтан имитациялық модельдеудің осы айырмашылықтарымен танысуды математикалық модель құру сатысының ең басты, яғни бұл модельдерді түрлендіру арқылы модельдеуші алгоритмдерді құру ерекшелігінен бастайық.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: