double arrow

Экзаменатор

Бағалаудың қадамдық критерилері Балдары
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындамады
  Танысу және жалпы қарау 1,0 0,5  
  Анамнез жинау 1,0 0,5  
  Негізгі синдром 1,0 0,5  
  Жалпы қарау 1,0 0,5  
  Физикалды зерттеу 1,0 0,5  
  Патологиялық үрдіске ұшыраған негізгі жүйені физикалды зерттеу 1,0 0,5  
  Патологиялық үрдіске ұшыраған қосалқы жүйені физикалды зерттеу 1,0 0,5  
  Алғашқы диагноз 1,0 0,5  
  Диференциалды диагностика 1,0 0,5  
  Зерттеу жоспары      
  Міндетті лабораториялық зертеулердің интерпретациясы 1,0 0,5  
  Міндетті аспаптық зертеулердің интерпретациясы 1,0 0,5  
         
  Скринингтік зерттеулер 1,0 0,5  
  Қосымша зерттеулер 1,0 0,5  
         
         
         
  Клиникалық диагноздың негіздемесі 1,0 0,5  
  Пациентті жүргізу тактикасын айқындау 1,0 0,5  
  Емнің принциптері 1,0 0,5  
  Емнің жоспары 1,0 0,5  
  Емнің нәтижелілігінің критериі 1,0 0,5  
  Пациентпен комуникацияның нәтижелілігі 1,0 0,5  
  Қорытынды баллы      
           

 

 

Стандарттандырылған актерге (пациентке) арналған сценаридің мәтіні және оның ролінің сипаты:

Пациент майлы және ашты тағамдарды, томат, қара нан, газдалған сусындарды қабылдағанда қыжыл, кекіру күшейуіне шағымданады. Қыжыл жатқанда, алдыға еңкейгенде күшейеді. Және тамағы түйіліп, ашыну сезімі мазалайды.

Сұрақтың негізі Актерға арналған сұрақ құрастыру Жауап
Ауырсынудың орналасуын, сипатын анықтау Аурсынуының сипаты қандай: жіті, сырқырап, қызып, ұстамалы? Қай аймағы ауырады? Эпигастральды аймақпен кеуденің төменгі бөлігінде қызып ауырады
Ауырсынудың ұзақтығы Эпигастральды аймақтағы ауырсынудың ұзақтығы қандай? Тамақтан соң 20-30 минуттан кейін қызып ауырады
Ауырсынудың иррадиациясы Ауырсынудың иррадиациясы барма? Жоқ
Ауырсынудың тағам қабылдаумен және жұтынумен байланысы Тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болама? Кейде тағам жұтынғанда
«Түнгі» және «аш» ауырсынулар Түнде не аш қарынға ауырсынулар мазалайма? Жоқ
Ауырсынудың физикалық жүктемемен байланысы Физикалық жүктеме кезінде қызып ауырсыну пайда болама? Жоқ
Диспепсиялық синдром Құсу, қыжыл, кекіру мазалайма? Ия, өте қатты қыжыл мен кекіру мазалайды. Құсу жоқ.
  Диспепсиялық белгілердің тамақтанумен байланысы Қыжыл мен кекіру қай уақытта пайда болады? Қандай тағамдарды қабылдағанда қыжыл мен кекіру күшейеді? Тамақ ішкенен соң қыжыл мен кекіру күшейе бастайды, әсіресе ашты тағамдардан соң, газдалған сусындардан кейін. Және жатқанда, еңкейгенде, физикалық жүктемеден соң
Диспепсиялық синдромды және ауырсынуды тоқтату Қандай дәрмектермен жеңілдетесіз,басасыз? Алмагельмен Ренниді қабылдағанда қыжыл кетеді
Нәжістің сипаты Іш қату не өтуге бейімділік барма? Жоқ
Диетаның ерекшелігі Тағамдану рационыңызда қандай тағамдарды жиі қолданасыз? Жақсы көрем майлы еттерді, пловты, мантыны, гамбургерді, шыжғырған картопты, балықты. Күнделікті кока кола, кофе ішем.
Алкоголь Алкоголь ішесізбе? Қандай мөлшерде және қаншалықты жиі ішесіз? Ішем. 1 литр сыра 3 рет аптасына, 1-2 рет аптасына вино, кейде 2-3 бокалға дейін
Темекі Тартасызба? Қанша жыл? Күніге қанша тал сигарет? 15 жыл тартам. Күніге 1 пачка
Өзінде және туған туыстарында созылмалы аурулар Өзіңізде, туған туыстарыңызда созылмалы ас қорыту аурулары, жүрек қан тамыр аурулары барма? Жоқ
     

 

 

Ауру аамнезі: 1,5жыл бойы майлы және ашты тағамдарды, томат, қара нан, газдалған сусындарды қабылдағанда қыжыл, кекіру мазалайды. Қыжыл жатқанда, алдыға еңкейгенде күшейеді. Жиі жеген тамақпен кекіру және тамағы түйіліп, ашыну сезімі мазалайды тамақ ішкенде. Дәрігерге қаралмаған, көрсетілген симптомдар диета сақтаса кетеді. Соңғы жағдайының нашарлауы бірнеше күн болды туған күн тойынан соң. Алмагель, ренни қабылдады, қыжыл мен кекіру біраз басыладыда, қайталайды.

Өмір анамнезі:

Созылмалы асқазан ішек жолдары, бауыр, басқа созылмалы аурулармен ауырмаған. Диеталық анамнезі: Жақсы көреді майлы еттерді, пловты, мантыны, гамбургерді, шыжғырған картопты, балықты. Күнделікті кока кола, кофе ішеді. 1 литр сыра 3 рет аптасына, 1-2 рет аптасына вино, кейде 2-3 бокалға дейін ішеді. 15 жыл темекі тартады. Күніге 1 пачка

 
 

 

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене бітімі толық. Салмағы 112 кг. Бойы 176 см. Тері жамылғысы таза, түсі қалыпты. Тыныс жиілігі 16 минутына. Жүрек тондары ырғақты, жүрек соғуының жиілігі минутына 80. Артериалдық қан қысымы 120\80 мм.с.б. Тілі ылғалды, гиперемиялы. 5 кариозды тісі бар. Құрсағы жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры, көк бауыры ұлғаймаған. Үлкен дәреті таңертең болды, өзгеріссіз. Кіші дәреті өзіндік, ауырсынусыз. Ісік жоқ.

Лаораторлық зерттеулердің нәтижесі:

Жалпы қан анализі: эритроциттер 4,5х1012\л, гемоглобин131 г\л, ЦП 1,0, лейкоциттер 8,2х109 \л, с\я 64%, п\я 2%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 28%, моноциттер 5%, СОЭ-10 мм\ч. Жалпы зәр анализі: көлемі 100,0 мл, салыстырмалы тығыздығы-1023, қант, ақуыз-жок, түсі-саргыш, лейкоциттер-0-1 к\а

 

Биохимиялық анализдер:

Көрсеткіш Нәтижесі
Глюкоза 4,5 ммоль\л
Жалпы билирубин 12,7 ммоль\л
АЛТ 18 Ед\Л
АСТ 14 Ед\Л
   

 

Аспаптық зерттеулердің нәтижелері:

Кеуде торының рентгенографиясы: патологиясыз

ЭКГ:

ЭФГДС: өңеш еркін өтімді, төменгі бөлігінде шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, босаңсыған. Өңештің дистальды бөлігінде санаулы ұсақнүктелі эрозиялар, фибринмен жабылған. Кардиалды жомы гиперемияланған, ісінген, ашылған. Асқазан қатпарлары инсуффляцияда еркін жайылады. Асказаннын шырышты қабаты бозғылт-кызгылттанган. Асқазанда аздаған шырыш бар. Қақпашасы еркін өтімді, өзгеріссіз. Он екі елі ішектің баданасының шырышты қабаты бозғылт-кызгылттанган.

 

Клиникалық жағдайдың жауап эталоны

«Гастроэзофагеальды рефлюксты ауру»

Бағалаудың қадамдық критерилері
1. Дұрыс жүргізу Пациентке өзін таныстырды. Шағымын жинау дұрыс ретімен және жүйелі жүргізілді
2. Анамнезін жинау Анамнезі ретімен және анық жиналды. Ықпал етуші бәр факторлар анықталды
3. Негізгі синдром Диспепсиялық синдром
4. Дұрыс зерттеулер Артық салмақты, тілінің қызарғанын, кариозды тістерін анықтады.
5. Объективті карау Жүрек, өкпе аускультациясын ереже бойынша өткізді. Артериалдық қан қысымын ереже бойынша өлшеді, пульсты анықтады.
6. Патологиялық үрдіске ұшыраған негізгі жүйені физикалды зерттеу Құрсақтың беткей, терең пальпациясын жасады. Асқазанның шекарасын анықтады.
7. Патологиялық үрдіске ұшыраған екіншілік жүйені физикалды зерттеу Бауырдың пальпациясын жасады
8. Алғашқы диагнозды негіздеп тұжырымдау Шағым негізі: 1,5жыл бойы майлы және ашты тағамдарды, томат, қара нан, газдалған сусындарды қабылдағанда қыжылға, кекіруге, шағымданады. Қыжыл жатқанда, алдыға еңкейгенде күшейеді. Жиі жеген тамақпен кекіру және тамағы түйіліп, ашыну сезімі мазалайды тамақ ішкенен соң, диета сақтаса кетеді, алмагель, ренни қабылдаса, қыжыл мен кекіру біраз басыладыда, қайталайды. Осыларды ескере отырып алғашқы диагнозы гастроэзофагеальды рефлюксты ауруы мүмкін
9. Диференциалды диагностика ЖИА, созылмалы гастрит, пептикалық жара, бронх демікпесі, созылмалы ларингит
10. Зерттеу жоспары Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, биохимиялық анализдер: глюкоза, АЛТ, АСТ, билирубин, ЭКГ, ЭФГДС
11. Лабораторлық мәліметтердің интерпретациясы ЖҚА, ЖЗА, б\х анализдер қалыпты
12. Міндетті лаораториялық зертеулердің интерпретациясы ЭФГДС: өңештің төменгі бөлігінде қабыну белгілері, дистальды бөлігінде санаулы эрозиялар. Қорытынды: рефлюкс эзофагит бірінші дәрежесі. Он екі елі ішектің және асқазанның ойық жара ауруы, гастриттің белгілері жоқ.
13. Скринингтік зерттеілер ЭКГ: ырғағы синусты, жүрек соғысының жиілігі минутына сексен. Электірлік өсі қалыпты. Кеуде қуысының ренгенографиясы патологиялық өзгеріссіз
  Қосымша зерттеілер Өңештің шырышты қабатының биопсиясы, жирма төрт сағаттық интраэзофагеальды рН метрия, құрсақ қуысының УДЗ, велоэргометрия, протондық насос ингибиторының тесті
  Клиникалық диагнозды негіздемесі Алғашқы диагноздың негіздемесі, клиникалық зерттеулердің мәлметтеғрі-артық салмақ, тілдің қызаруы, кариоздық тістердің барлығы, ЭФГДС: өңештің төменгі бөлігінде қабыну белгілері, дистальды бөлігінде санаулы эрозиялар. Қорытынды: рефлюкс эзофагит бірінші дәрежесі. Он екі елі ішектің және асқазанның ойық жара ауруы, гастриттің белгілері жоқ. Диагнозы: Гастроэзофагеальды рефлюксты ауру, бірінші дәрежесі.
  Емнің тактикасы
  1. Диета 1.
  2. Антисекреторлық дәрмектер
  3. Прокинетиктер
  4. Антацидтер, қажеттілігі болса, егер қатты қыжыл және ауырсыну болса.
  Емнің принциптері Тамақтанғанан соң еңкеймеу, жатпау, ұйқы алдында үш сағат бұрын тағамдану. Майлы тағамдарды, алкогольді,кофейіні бар сусындарды, цитрустарды, томат, пияз, сарымсақ, қуырылған тағамдарды шектеу. Газдалған сусындардан бас тарту. Бас жақты жоғары жағдайда ұйықтау. Белдеме кимеу. Темекі тартпау. Салмағын қалыпқа келтіру.
  Пациентті жүргізу жоспары
  1. Омепразол 20 мг х 2 рет тәуліке, немесе эзомепразол 40 мг\т 4-6 апта
  2. Итоприд 50 мг 1 кап х 3 рет\т
  3. Антацидтер, қажеттілігі болса, егер қатты қыжыл және ауырсыну болса. Алмагель, маалокс, фосфалюгель 3 рет\т, тамақ алдында немесе ұйқы алдында
  Ем нәтижелілігінің критерилері Симптомдардың тұрақты жеңілдеуі-қыжыл, регургитация, дисфагия, ауырсыну
20. Професионализм Комуникасиясы нәтижелі, өзіне сенімді, пациенттің қажеттілігіне және профилактикаға, режим, диетаға көңіл аударады

 

Өткізу орны: оқу бөлмесі, ординатор бөлмесі

Симуляцияға қажет жабдықтар:

1. Студентке арналған парақ тапсырма не симуляция, сатылы бағалау критерилері

2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі

3. Биохимиялық анализдер (АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, акуыз, глюкоза)

4. ЭКГ

5. ЭФГДС

6. Тонометр, фонендоскоп

7. Актер пациент

 

Медициналық симуляция сценариі №1 Ішкі аурулар кафедра мәжілісінде гепатология курсымен бекітілді. Хаттама № 2, 18 қыркүйек 2017 ж.

КОП бекітілді, протокол №2 12 қазан 2017 жыл

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: