Майлы радиаторды есептеу

Майлы радиатор қозғалтқыш жүйесінде айналатын майды салқындатуға арналған жылу алмасу аппараты болып келеді. Радиатордың екі түрін ажыратады: ауамен салқындатқыш ауа-май және сумен салқындатқыш су-май. Төменде су-май радиаторының есебі көрсетілген.

 

13. Судың радиатордан алып кететін жылу мөлшері:

мұндағы: КМ- майдан суға жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

ҒМ су-май радиаторының салқындатқыш беті, м2;

ТМ.СР радиатордағы майдың орташа температурасы, К;

ТВОД.СР радиатордағы судың орташа температурасы, К.

14. Майдан суға жылуды беру коэффиценті, [Вт/(м2·К)]

мұндағы: α1 майдан радиатор қабырғасына жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

δ – радиатор қабырғасының қалыңдығы, м;

λтеп қабырғаның жылуөткізгіштік коэффиценті, Вт/(м·К);

α2 радиатор қабырғасынан суға жылуды беру коэффиценті, Вт/(м2·К);

α1, λтеп, α2 көбеюі мен δ азаюы салдарынан КМ шамасы артады. α1, λтеп және α2 мәндерін аналитикалық анықтаудың күрделілігі салдарынан, мәндердін сынақ мәліметтерінен қабылдайды.

α1 шамасы негізінен майдың қозғалыс жылдамдығына тәуелді. Тіке тегіс түтіктер үшін ωм=0,1 – 0,5 м/с, ал коэффицент α1=100 – 500 Вт/(м2·К); түтікте құйын болғанда wM=0,5 — 1,0 м/с, ал коэффициент α1 = 800 — 1400 Кт/(м2 · К).

λтеп, шамасы Вт/(м - К), радиатор материалына тәуелді:

Алюминий құймасындағы жез үшін............80 —123

Даттанбайтын болат үшін............................10 — 20

α2 шамасы2300 — 4100 Вт/(м2 К) аралықта өзгереді. Км жылуды берудің толық коэффиценті:

Тіке тегіс түтік үшін.........................................115 —350

Құйыны бар түтік үшін...................................815 — 1160

15. Майдың қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшері (Дж/с):

мұндағы: см майдың орташа жылусыйымдылығы, кДж/(кг · К);

ры майдың тығыздылығы, кг/м3;

Vц майдың айналмалы шығыны, м3/с;

Т м.вх.және Т м.вых. майдың радиаторға кірген және шыққан мезетіндегі температурасы, К.

16. Май радиаторға кіргенде және шыққан мезетіндегі температурасы, К:

17. Сумен жуылатын майлы радиатордың салқындатқыш беті

К— радиатордағы майдың орташа температурасы; К — радиатордағы судың орташа температурасы

Майлы радиаторды есептеу мысалы.
Карбюратор қозғалтқышының су-май радиаторының салқындатқыш бетін анықтау. Майдың қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшері QM =4670 Дж/с.

Майдың радиатор қабырғасына жылуды беру коэффиценті α1 = 250 Вт/(м2К).

Радиатор қбырғасының қалыңдығы δ = 0,2 мм = 0,0002 м.

Қабырғаның жылуөткізгіштік коэффиценті λтеп = 100Вт/(мК).

Радиатор қабырғасынан суға жылуды беру коэффиценті α2= 3200Вт/(м2К).

Майдан суға жылуды беру коэффиценті

Радиатордағы майдың орташа температурасы =358 К.

Радиатордағы судың орташа температурасы =348 К.

Сумен жуылатын майлы радиатордың салқындатқыш беті

м2

№15 практикалық жұмыс.

Салқындату жүйесінің элементтерін есептеу.

Мақсаты: су радиаторы мен оның салқындатқыш бетінің негізгі конструкторлық өлшемдерін анықтау.

 

Қозғалтқышты салқындату қозғалтқыштың оңтайлы жылулық күйі мен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қызған бөлшектерден жылуды мәжбүрлеп алып кету мақсатында қолданылады. Алып кетілетін жылудың көп бөлігі салқындату жүйесіне, аз бөлігі майлау жүйесі мен қоршаған ортаға беріледі.

Салқындату жүйесі негізгі конструктивті элементтерін қозғалтқыштан уақыт бірлігінде алып кетілетін жылу мөлшеріне байланысты есептейді.

 

1. Сұйықпен салқындатқанда алып кетілетін жылудың мөлшері (Дж/с)

мұндағы: GЖ жүйеде айналып тұрған сұйықтық мөлшері, кг/с;

сж=4187 — сұйықтың жылусыйымдылығы, Дж/(кг · К);

Т ж.вх.және Т ж.вых қозғалтқышқа кіретін және шығатын сұйықтың, К.

2. Ауамен салқындататын жүйенің қозғалтқыштан алып кететін жылу мөлшерді (Дж/с) келесі теңдеуден анықтайды

мұндағы: Gвозд салқындатқыш ауаның шығыны, кг/с

cвозд= 1000 — ауаның орташа жылусыйымдылығы, Дж/(кг · К);

Твозд.вх және Твозд.вых. қабырғааралық кеңістікке кіретін және шығатын ауаның температурасы, К.

Есепте цилиндр қабырғасынан жалпы жылу мөлшерінің 25 — 40%, қалғаны қозғалтқыш басынан алып кетіледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: