Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯны 10 страница

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

4. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

5. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Науқастың терісін ұқыпты сабындап, сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

7. Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен теріге жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).

8. Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

 

 

Дәрі-дәрмектерді парентеральды жолмен енгізу

Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру

 

Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.

4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.

5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.

6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.

7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.

8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.

- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.

 

 

Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу

 

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.

2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).

5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек.

6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.

8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.

10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.

11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.

12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.

13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.

14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).

15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.

16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 


 

Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

 

1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз.

4. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.

6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз.

7. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз.

8. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз.

9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.

10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.

11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).

12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: антибиотиктерді езу: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 пункттерді жоғарыдан қараңыз.

 

7. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

8. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз.

9. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флакон ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

10. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай антибиотик толық ергенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз.

11. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, тағайындалған дозада антибиотикті сорып алыңыз.

12. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.

13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

14. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

 

Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.

Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.

1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

- 500.000 ЕД: 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

- 500.000 ЕД: 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).

2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

- 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД: 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

ол 500.000 ЕД: 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

 


 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: