Слияние/ конфлуенция/

Гештальттерапия.

 

 

 

Гештальт неміс сөзі, «форма» деп аударылады.

Гештальт етістігі «көрініс беру, белгілі бір құрылымды енгізу» деген мағынаны білдіреді.

Негізін салған – Фредерик Соломон Перлз/1893-1970/.

 

Гештальттерапевтер ұстанымы:

«Мен менмін, Сен сенсің! Мен өзімдікін жасаймын. Сен өзіңдікін жасайсың. Мен бұл өмірде сенің ойлағаныңа сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқпын. Сен менің ойлағаныма сәйкес келу үшін өмір сүріп жатқан жоқсың. Мен менмін, ал сен сенсің. Егер біздер бір-бірімізді таба алсақ – өте тамаша! Болмаса, бұған көмектесу мүмкін емес!»

Мастер-класс бағдарламасы.

Гештальт-терапия.

Негізін салған – Фредерик Соломон Перлз/1893-1970/.ФредерикПерлз Германияда орта еврей семьясында дүниеге келген. Тәртіпті оқушы болған. Медициналық институтты бітіріп, отбасы жағдайы өзінен жоғары қызға үйленіп, жаңа бағыт – психоанализге оқығандығы туралы өзінің автобиографиялық «Внутри и вне помойного ведра» деген кітабында жазылған. Германияда, Голландияда еткен орасан зор психотерапевтік еңбегі сәтті бола қоймады. Перлздің психотерапевт-психоаналитиктік еңбегі Оңтүстік Африкада үлкен жетістікке жетті. Өз тәжірибесін жинақтап, ірі психоаналитикалық конгресске баяндама дайындаған. Конгрессте ұстазы Зигмунд Фрейдпен болған кездесуден кейін, Перлз өз бағытын ұстанды. Сол кезде дайындаған баяндама тұңғыш кітабы «Эго, голод, агрессия» үшін егілген дән еді...«Эго, голод, агрессия»«Эго, голод, агрессия»

Гештальт ұғымы 1942-жылы Перлздің Оңтүстік Африкада жарық көрген алғашқы «Эго, голод, агрессия» деген еңбегімен байланысты.

Гештальт неміс сөзі, «форма» деп аударылады.

Гештальт етістігі «көрініс беру, белгілі бір құрылымды енгізу» деген мағынаны білдіреді.

Гештальт толық мағынадағы құрылымдық көрініс. Мысалы, үстел үстінде кітаптың жатқанына, жапқыштың жабылғанына, үстінде гүл салатын вазаның тұрғанына қарай әр түрлі мағынаны білдіреді. Демек, гештальт- көрініс өзгеріп отырады.

Теориядан мағлұмат. «Гештальт» - неміс сөзі, аудармасы «образ», «фигура». Ал етістік ретінде көрініс беру, белгілі бір құрылымды енгізу деген мағынаны береді. Гештальттың негізін салған Ф. Перлз болған. Гештальт ұғымы 1942-жылғы Перлздің Оңтүстік Африкада жарық көрген алғашқы еңбегімен байланысты. Гештальт әр түрлі шығыс философиясының, психоанализдің, дене терапиясының, психодраманың, феноменологиялық және экистенциялық белгілердің тоғысуы болып табылады. Гештальт «қазір, осы жерде» деген принциппен маңызды мәселеге ерекше мән береді. Оның қорытындысы толық мағыналы құрылымдық көрініс, ал гештальт-көрініс өзгеріп отырады. Мұнда организм, орта деген ұғым бар...Орта адамға қалай әсер етсе, адам да ортаға солай әсер етеді.

Гештальттерапия адам мен оның ортасының қарым-қатынасындағы оның қажеттілігі мен сол қажеттілігін қанағаттандыратын тұтас бір құрылым б.т. Тұтас деп қабылданған нәрсе гештальт болуы мүмкін. Тұлға тұтастық болуы да, кейде оның бір бөлігі болуы да мүмкін. Мысалы, отбасының бір бөлігі. Ал тұтас болғанда, гештальт-қоғамдастығы не гештальт-группа болуы мүмкін.

Гештальтерапияның ең маңызды негізгі бөліктері:

· Теория поля. Қоршаған орта теориясы. Мұнда Организм және қоршаған орта деген ұғым бар.

 

 

· Феноменмен жұмыс. Қасымда отырған адамның/клиенттің/ не істеп отырғанын көріп, оған сипаттама беру. Анықтама/интерпретация/ емес, сипаттама беру.

 

 

· Диалог. Клиент өткені, қазіргісі, болашағы туралы айтып отырғанда, дәл «қазіргі жағдайға ерекше мән беру» маңызды.

Гештальттың негізі – танып-түсіну/осознание/. Ол процесс ретінде қарастырылады: өзі арқылы өткізу\проживание\. Уайымдау\переживание\.

Танып-түсіну – өз сезімін, денедегі сезінулерді, уайымын, өткені мен болашағын, ойларын түсіну б.т.

 

Әдістеме. Тәжірибе. 1. «Мен міндеттімін» /Я должна/

2. «Мен солай істеуім керек»/ Мне надо, нужно

так делать/

3. «Мен қалаймын» /Я хочу/

 

Нұсқау: әр қатысушы әрқайсысына он-оннан мысал жазады. Жұппен жұмыс істеп, талқылайды.

 

Қорытынды. Әрқайсысын оқығандағы сезімдері мен сезінулерін

айтады.

 

Теория. Гештальттерапевтің ұстанымы: Мен менмін, сен сенсің...

Қалпына келтіру. Жұп болып, бір-біріне қарама-қарсы отырып, дәл қазір, осы жерде қандай қажеттілігі бар екенін айту, қарым-қатынасқа түсу.

 

Гештальттерапияда өз қажеттілігін танып-түсіну және оны қанағаттандыру маңызды. Ең маңызды қажеттілік – фигура, ал қалғандары – фон болады. Мысалы, бір кезде тамақтану маңызды қажеттілік болса, тамақ ішіп, оны қанағаттандарып болған соң, тамақ ішу фонға айналады да, фигура басқа нәрсе болып өзгереді. Осылайша өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып, адам өмірі алға жылжи береді. Ал егер де қажеттілігін ұзақ уақыт қанағаттандыра алмаса, гештальттың орындалу кезеңдері бұзылады да, адам қиналады. Сөйтіп, гештальттерапия маманына жүгінеді. Ол тақырыптар: ішкі қақтығыстар, психосоматикалық өзгерістер, психологиялық жайсыздық, өзінің ішкі дүниесін, сезімдерін, уайымдарын түсінбеу, өзін және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің қиындығы. Кейде бірнәрсе қайталана береді де, адам бір тұңғиықтан шыға алмай қиналады. Өзгерткісі келгенмен, өзгерте алмайды. Сондай қиналыстың негізі қоршаған ортамен қарым-қатынаста тепе-теңдіктің болмауы, организмнің өзін бақылау мен басқарудағы бұзылыстар, қоршаған ортадағы өзгерістерді қабылдай алмау мен бейімделе алмау б.т.

 

Сол кезде адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасты бұзу не бөлу механизмі болады. Оны «қарсылық көрсету механизмі» деп те атайды. Олар:

Слияние/ конфлуенция/,

Интроекция,

Проекция,

Ретрофлексия,

Дефлексия,

Эготизм.

 

Слияние/ конфлуенция/ -- адамдар арасында және өзін қоршаған орта арасында шекараның болмауы, Фигура мен фонның арасында да шекараның болмауы. Қажеттілік фигурасының пайда болмауы.

+Сау конфлуенция – нәресте мен ана арасындағы, ғашықтар, ерлі-зайыптылар арасындағы, жеңіске жеткісі келетін команда арасындағы қарым-қатынас.

-Ал 30-ға келген «баласы» анасынсыз шешім қабылдай алмаса, бұл – патология. Тәуелділік конфлуенциясы – өзгенің талабы мен қажеттілігін қанағаттандыру, өз қажеттілігін түсінбеу болып табылады.

 

Интроекция.

+Оқу материалдары, көркем әдебиет, өнер, әдет-ғұрып, заңдар мен ережелердің бәрі де – интроект. Адамды тұлға ретінде өсіріп, дамытатын және өшіріп, төмендететін интроекттер болады.

- «Үлкендерге қарсы сөйлеуге болмайды», «Жігіттерге жылауға болмайды!», «Көп ақша жақсылық әкелмейді!», «Міндетті түрде осылай болу керек!» деген сөздер психосоматикаға алып келеді, өзін көп жерде шектейді.

 

Проекция.

- Өзіндегі сезім, ой, мәселе, уайымдарды өзге адамдікі дептүсіну.Мысалы: «қазіргі жастар тәрбиесіз», «дәрігерлер білімсіз» т.б.

 

Ретрофлексия.

Өзінің сезім, сөз, әрекет, қажеттіліктерін тоқтату механизмі.

-Айналасындағыларға шығарудың орнына, үнсіз қалып, сезімін іште

сақтау не тоқтату. Біреуге айтылуға тиіс жағымсыз сезімнің өзіне

бағытталуы.

+ Бөпесі қатты жылап жатқан ананың сабырлы күйі, басшының сын-

ескертпесінде өзін сабырлы ұстау, қақтығыс кезінде эмоциясын

басқара білу.

Дефлексия.

Дефлексия – нақты қарым-қатынастан, өз қажеттілігінен ауытқу, қашу. Ондай адамдар нақты қазіргі жағдайға мән бермей, бір тақырыптан екіншісіне ауысады. Есіне түскен естеліктерді айтып, жалпылама ойлар мен әзілдер айтады.

 

Эготизм.

- Эготизм – жеке шекарасы құлыптаулы, болып жатқан жағдайға толық кіріп кете алмайды.

Өзінің ойы, сезім, әдеттеріне ерекше мән беру. «Өзгелерге қалай көрінемін» деген ойдың мазалауы. «Ішкі сыншының» болуы. Бұл – шындықтан, онымен қарым-қатынастан қашу, өзін шектеу. Чеховтың «Футлярдағы адамы» сияқты.

+ Қалыпты рефлексия жасау, өзіне-өзі талдау жасау.

 

 

Профлексия.

Профлексия – проекция мен ретрофлексияның араласқан түрі. Біреуге бірнәрсе жасағанда, сол адам өзіне сол нәрсені жасаса екен дейді. Мысалы, біреуге сыйлық не қандай да бір жақсылық жасаса, өзі соның қайтарымын күтеді.

 

Девалидизация – өзін жоққа шығару. Мысалы, өз жетістігіне мақтануға, өз еңбегін, қосқан үлесін қабылдауға ұялады. Уайым-қайғы сияқты жағымсыз сезімдерден «өзінен-өзі шешіледі» деп, қашады.

Бұл қорғаныс механизмдері бірінен кейін бірі кезекпен келе береді.

 

Гештальттерапевт «шекара және қарым-қатынас» деген түсінік бойынша жұмыс істейді. Бұл – екі адамның бір-бірі туралы мәлімет алуы, тілектері мен қажеттіліктерін айтып, кездесетін орын сияқты. Шекара екі феноменнің өзгеріп отыруы: идентификация және отчуждения. Егер де бір адам өзінің шекарасын нақты біліп, сезетін болса, онда ол қасындағы адамның шекарасын да көре отырып, жақындау мен алыстауды сезе алады.

Ал қарым-қатынаста шекараны білмесе, дене, эмоция, интеллектуалды тұрғыдан сезбесе, онда мәселе шешілмей қала береді. Адамның өткен өміріндегі аяқталмай қалған, шешімін таппаған жағдайлар осылайша жалғаса береді. Гештальттерапевттің мақсаты: осындай аяқталмаған мәселелерді аяқтауға көмектесу.

Терапевт пен клиенттің арасындағы болып жатқан жағдай клиенттің күнделікті үйреншікті әдетін көрсетеді.

 

Жаттығу.«Кептіргіш/сушилка/». Нұсқау: екі адам бір-біріне қарама-қарсы отырып, кептірілген заттарды екі жақтағы киім салғыш корзинаға салады. Өз ойларына, кім туралы ойлағанына және қайсысы көп екендігіне ерекше мән беру. Не деп ойлағаны да маңызды.

 

Қорытындылау. «Сен» деп не «Ол» деп ойлау.

Кері байланыс. Қорытындылау.

Арт-терапияның қолданылуы.

Арт-терапия өнер түрлерін қолдана отырып, емделу жолдарын қарастыратын психотерапиялық әдіс. Бұл «өнер арқылы емделу» деген мағынаны білдіреді. Мұны тұңғыш рет өкпе ауруын емдейтін санаторийде 1938-жылы суретші Адриан Хилл емдеу ісіне пайдаланған. Бұл әдіс АҚШ-да Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік лагерьлерден әкелінген балаларға қолданған. Арт-терапия З.Фрейд пен К.Юнгтің психоаналитикалық көзқарасын дамытатын бағыт болды. Арт-терапияның қай бағыты болса да, адамның өзі біле бермейтін психикалық процесстер екені анық. 1960-жылы Америкада Америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды.

Өнердің түрі қаншалықты көп болса, адамға берер пайдасы мен көмегі де соншалықты терең. Атап айтқанда, хат жазу, жыр жолдарын құрастыру, сурет салу, мүсін жасау, құмды пайдалану, сазды әуен, ертегі құрастыру, мандала, маска, би өнері, драмалық қойылым қою, құрақ құрау т.б. көптеген өнер түрлері ересектер үшін де, кішкентайлар үшін де жұмыс істеуге қолайлы әдіс.

Бағдарлама.

1. Сәлемдесу. Танысу. Күтілетін нәтижені айту, жазу.

2. Жаттығу. «Жеміс салаты». Нұсқау: қатысушылар әр түрлі жемістерге бөлінеді. Мысалы: апельсин, мандарин, банан, киви, ананас т.б. Жүргізуші қай жемісті атаса, солар орын ауыстырады да, орынсыз қалған қатысушы ірмен қарай жүргізуші болады.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды. Сезімдерін, ойларын айту-20мин.

3. Тәжірибе. Жаттығу. «Маған қайсысы ұнайды?». Әр түрлі рольде болу: 3 жасар бала балабақшада, 7 жасар оқушылар ән сабағында, жеткіншек жастағы алғашқы жақсы көру сезімі, /музыка/ би алаңында, мектеп бітіргеннен кейінгі 10жылдан кейінгі кездесу-20мин

Қорытынды. Дебрифинг. Сезімдерін айту-10мин.

Теория. Арт-терапияның тарихы мен түрлері туралы- 15мин.

Арт-терапия өнер түрлерін қолдана отырып, емделу жолдарын қарастыратын психотерапиялық әдіс. Бұл «өнер арқылы емделу» деген мағынаны білдіреді. Өнердің түрі қаншалықты көп болса, адамға берер пайдасы мен көмегі де соншалықты терең. Атап айтқанда, хат жазу, жыр жолдарын құрастыру, сурет салу, сазбалшық т.б. заттардан мүсін жасау, құмды пайдалану, сазды әуен, денеге сурет салу, ертегі құрастыру, мандала, маска, би өнері, драмалық қойылым қою, құрақ құрау т.б. көптеген өнер түрлері ересектер үшін де, кішкентайлар үшін де жұмыс істеуге қолайлы әдіс.

4. Қалпына келтіру. Әдістеме. «Менен белгісіз жанға хат». Нұсқау: ақ параққа өз ойыңызға келген қандай да бір ойыңызды, сырыңызды хат күйінде жазуыңызға болады. Жұп болып жұмыс істеу. Әркім жазған хатын өзі оқиды да, содан кейінгі сезім, ой қорытындыларымен бөліседі.Кері байланыс. Қорытындылау-40мин.

Үзіліс.

Жаттығу. «Жауыннан кейінгі сезім». Дөңгелене шеңбер құрған қатысушылар кезегімен жүргізушінің белгісімен тапсырманы орындайды. Алдымен алақандарын ысқылау, дыбыс шығару, иықты, санды ұрғылау, аяқпен тарсылдату және керісінше жасау. Сезімдерін айту.

Әдістеме. «Сезімнің ғажайып әлемі». Нұсқау: сегіз түсті қарындашты таңдау және сегіз сезім жазылған парақша таратылады. Аттары жазылған парақты жүргізуші жинап алады. Жаттығу орындалады. Адам сұлбасы бар суретті сол сегіз түсті қарындашпен бояйды. Талдау: адам денесінің бес бөлікке бөлінетіндігі: бас – ой, кеуде – сезім, қол – қарым-қатынас, бел - сексуалдық жағдай не шығармашылық, аяқ – тірек.

Жұп болып жұмыс істеу. Қорытындылау.

 

 

 

Соның ішінде, сурет салу арқылы адамдар өздерін мазалап жүрген көптеген мәселенің шешімін таба алады. Өзі үшін беймәлім дүниенің есігін ашқандай болады. Көкейінде жүрген көп сұрақтың жауабын табуға мүмкіндігі болады. Сурет сала отырып, әр адам өз бойындағы қорқыныш, сенімсіздік, ұялшақтық т.б. жағымсыздықтардың психологиялық себебін біле отырып, оны өзгерте алады. Отбасындағы қарым-қатынасты да анықтап, үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндігі болады.

Өнердің түрі қаншалықты көп болса, адамға берер пайдасы мен көмегі де соншалықты терең. Атап айтқанда, хат жазу, жыр жолдарын құрастыру, сурет салу, мүсін жасау, құмды пайдалану, сазды әуен, ертегі құрастыру, мандала, маска, би өнері, драмалық қойылым қою, құрақ құрау т.б. көптеген өнер түрлері ересектер үшін де, кішкентайлар үшін де жұмыс істеуге қолайлы әдіс. Соның ішінде, ертегінің алатын орны ерекше. Ертегіні құрастыра отырып, әр қатысушы өзінің өмірдегі орнын, өзін-өзі бағалауын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының қандай екенін біле алады және қажетіне қарай өзгерткісі келсе, ішкі күшін, өз ресурсын тауып, өзгертеді. Ертегі-терапиясы адамның бойындағы өзі де білмейтін жасырын жатқан мүмкіндіктері мен тың күштерін ашуға көмектеседі.

“Марионетка” әдісінің диагностикалық және психотерапиялық тиімділігі. Марионетка – «қуыршақ» деген француз сөзі. Бұл- балалық шақпен байланыс. Қуыршақты жасау, оны басқару, бейімдеу, қойылым қою арқылы адам өзінің ішкі сырларын, өзіне не қажет екенін біле алады.

«Мандала» әдісінің психотерапиялық ерекшелігі. Мандала санскриттен аударған “дөңгелек” дегенді білдіреді. Ол жаратылысты, бүкіл өмірді тұтастық деп қарастырады. Мандала буддизмде діни өрнек, медитация, сауығу құралы ретінде қолданылады. Адамның ішкі және сыртқы жағдайының үйлесімді байланысын қалыптастырады. Мандаланы жасау үшін әр түрлі заттар қолданылады: түрлі-түсті құм, күріш, жүн, мата, бояулар т.б.

Драматерапияда адам өзінің денесіне, ойларына, сезімдеріне мән беруді үйренеді. Драма адамның өзіне деген сенімін арттырып, өзіндік бағаны табуға, оны көрсете білуге, таба алмай жүрген жақсы нәрсені табуға жәрдемдесетін құрал іспеттес. Адамның өзін қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Ол үшін көру, есту, дәмді, иісті сезу, сонымен қатар ым-ишара, ой-өріс қабілеттері іске қосылады және дамиды.

Драма арқылы сахнада қойылым қойып, жауабын таба алмай жүрген мәселенің жауабын тауып, өзгерткіңіз келген нәрсені өзгертуіңізге болады. Қажетіне қарай, қойылым қойғанда анаңыздың, әкеңіздің, туысыңыздың, сүйіктіңіздің рөлінде бола отырып, өмірдегі өз орныңызды танып, олармен қарым-қатынасыңыздың қандай екенін біліп, қажеттілігіңізді анықтай аласыз.

Арт-терапиядағы дене қозғалысы арқылы адамның ресурсты жағдайын табуға болады. Адам қимылының музыка өнерімен байланысы қарастырылады. Би-қозғалыс терапиясы. Сазды әуен ырғағымен билей отырып, денедегі қысымды түсіру, босаңсу арқылы, бидегі өз ырғағын табудың психотерапиялық тиімділігі ерекше. Маска – адамның қоғамдағы қорғаныс түрі. Өмірдің қай кезеңінде масканың қай түрін қолданатынын, қай кезде қайсысының қолайлы екенін біле отырып, мағлұмат алуға болады. Өзі қолдан жасаған маска арқылы адам өзінің бетпердесін ашып, шынайы кейпін көре алады.

Боди-арт – денеге сурет салу өнері. Адамның өз денесіне, денесіндегі ауру белгілеріне деген көзқарасы денеге сурет салу өнері арқылы көрінеді. Ауру белгілерін жеңілдету мақсатында арт-терапиялық сурет өнері қолданылады.

“Коллаж” әдісі. Журналдардан алынған дайын түрлі-түсті сурет қиындыларын құрастырып, бір тақырыпта жұмыс істеу арқылы психодиагностика және психокоррекция жасауға болады. «Коллаж» -- жасаған адамды қанаттандыра отырып, ойлаған мақсатына жетуге ұмтылдыратын өте тиімді әдіс.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: