Диалоги на первые 8 вопросов

№1-билет «Қазақ тілін зерттеген ғалымдар» тақырыбына диалог құрастыру.

-Қазак тілін зертгеген ғалымдарды ата.

-Қазақ тілін зертгеген ғалымдар В.В.Радлов, В.В. Бартольд, Нығмет Сауранбаев, Ғұбайдолла Айдаров.

-Олар нені зерттеді?

-Олар Орта Азия халықарының тілі мен әдебиетін зерттеді.

-В.В.Радлов туралы не білесің?

-В.В.Радлов Берлинде туған, кейін Ресейге келіп, осы жакта қалып қойған.

-Ол қандай еңбек жазды?

-Төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.

-В.В.Радлов өзінің саналы өмірін неге арнаған?

-Ғалым өзінің санала өмірін Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиетін зерттеуге арнаған.

-Ол кімнің өлеңдерін жазып алған?

-Ол Жиренше шешеннің әңгімелерін, Доспамбет сияқты ақындардың өлеңдерін жазып алған.

-Ғалым қандай тілдерді зерттеген?

-В.В.Радлов қазақ, өзбек, қыпшақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерін зертгеген.

-Қандай ескерткіштерді зертгеген?

-Ол Енисей мен Орхон өзендерінің бойындағы ескерткіштерді зерттеп, Орхон-көне түрік жазуының сырын ашады.

№2-билет «Әйгілі ғалымдар» тақырыбына диалог құрастыру.

-Қазақ тілін зерттеген әйгілі ғалымдарды ата.

-Қазақ тілін зерттеген әйгілі ғалымдар В.В.Радлов, В.В. Бартольд, Нығмет Сауранбаев, Ғұбайдолла Айдаров, Ахмет Байтұрсынов, т.б…

-Олар нені зерттеді?

-Олар Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиетін зерттеді.

-В.В.Радлов туралы не білесің?

-В.В.Радлов Берлинде туған, кейін Ресейге келіп, осы жақта қалып қойған.

-Ол қандай еңбек жазды?

-Төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» кұрастырды.

-В.В.Бартольд кім?

-В.В.Бартольд-академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі.

-Ол нені зерттеді?

-Ол Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеді.

-Ахмет Байтұрсынов кім?

-Ахмет Байтұрсынов - көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы және оқу кұралдарының авторы.

№3-билет «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына диалог құрастыру.

-Қазақстан сенің неменең?

-Қазакстан менің-Отаным.

-Отан дегеніміз не?

-Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.

-Сен Отаныңды сүйесің бе?

-Мен Отанымды сүйемін.

-Адамның жақсы өмір сүруі неге байланысты?

-Адамның жақсы өмір сүруі Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

-Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз мемелекет болды?

-Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіз мемелекет болды.

-Қазақстан Республкасының мемлекеттік рэміздерін атаңыз?

-Қазақстан Республикасының мемлекетгік рәміздері: әнұран, елтаңба, ту.

-Қазақстан Республикасы қай жылы мемлекетік рәміздерді бекітті?

-Қазақстан Республнкасы 1992 жылы мемлекетік рәміздерді бекітті.

-Қазақстан Республикасының әнұранының авторларын атаңыз?

-ҚР-ның әнұранының авторлары Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Шэмші Қалдаяқов.

-Қазакстан Республикасының мемлекеттік туының түсі (түрі) қандай?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсі көгілдір.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторларын атаңыз?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасынын авторларын атаңыз?

-ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторлары Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

-ҚР мемлекеттік елтаңбасында нелер бейнеленген?

-КР мемлекеттік елтаңбасында шаңырақ, қанатты пырақтар, жұлдыз бейнеленген.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі.

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шектеседі?

-Қазақстан Республикасы Ресеймен, Өзбекстанмен, Қыргызстанмен, Түркіменстанмен, Қытаймен, Монғол халық республикасымен, Әзірбайжанмен шектеседі.

-Қазақстан Республикасының астанасын ата -Қазақстан Республикасының астанасы-Астана каласы.

4-билет «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» тақырыбына диалог кұрастыру.

-Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

-Қазақстанда 130-дан астам ұлт екілдері тұрады.

-Мемлекеттік тіл қай тіл?

-Мемлекеттік тіл қазақ тілі.

-Тіл мерекесі тойлана ма?

-Иә. Тіл мерекесі-22қыркүйек.

-Тағы қандай тілдер бар?

-Орыс, корей, ұйғыр, татар, өзбек, қыргыз, еврей, неміс, агылшын тілдері бар.

-Осы тіддерде газет, журналдар шы ғ а ма?

-Осы тілдерде 11 газет- журнал шы ғады. ҚР барлык ұлт т ар тату тұрады, бір-бірінің тід д ерін құрметтейді. Тілге құрмет-елге құрмет.

5-билет «Қазақ хаидары» тақырыбына диалог құрастыру.

-Хан деп кімді-айтады?

-Хан деп ең жоғарғы билеушіні айтады.

-Ханнын қолында не болды?

-Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасау да ханның қолында болды.

-Қандай қазак хандарын білесің?

-Тәуке хан, Есім хан, Жәңгір хан, Қасым хан, Абылай хан.

-Тәуке хан қазақ елі үшін не істеді?

-Тәуке хан "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасады.

-Қасым хан не істеді?

-Қасым хан Қазақ хандыгын күшті мемлекетке айналдырды.

-Абылай хан не істеді?

-Абылай хан қазак жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етті.

-Ханнан кейінгі билік кімде болған?

-Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болған.

-Сұлтандар деп кімдерді атаған?

-Шьщгысханнан тараған ер адамдарды атаған.

-Олар қандай құқықты пайдаланған?

-Біріншіден, олар хан тағына сайланатын болған; екіншіден билер оларды соттай алмайтын еді; үшіншіден, әрбір сұлтан бір-бір ұлысты басқарған.

6-билет «Тарихи қайраткерлер» тақырыбына диалог кұрастыру.

-Тарихи қайраткерлер кімдер?

-Тарихи қайраткерлер хандар, билер, сұлтандар,ғалымдар, ақындар т.б.

-Ең жоғарғы билік кімде болған?

-Ең жоғарғы билік ханда болған.

-Ханнан кейінгі билік кімде болған?

-Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болған.

-Сұлтандар деп кімдерді атаған?

-Шыңгысханнан тараған ер адамдарды атаған.

-Олар қандай құқықты пайдаланған?

-Біріншіден, олар хан тағына сайланатын болған; екіншіден билер оларды соттай алмайтын еді; үшіншіден, эрбір сұлтан бір-бір ұлысты басқарған.

7-билет «Ежелгі қалалар» тақырыбына диалог құрастыру.

-Қазақ жерінде ежелгі нелер көп?

-Қазақ жерінде ежелгі қалалар көп.

-Олар қалай пайда болған?

-Шағын елді мекендерде тұрған халықтың саны көбейіп, қалаларға айналган.

-Қалалардың көбі қандай жерлерге салынған?

-Қалалардың көбі өзендердің жағасына, ауа райы жылы жерлерге салынған.

-Қазақстанда ең алғашқы қалалар қашан пайда болған?

-Ең алғашқы қалалар осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда бола бастаған.

-Ертедегі қалалардың сыр-сипатын кімдер ашып берді?

-Біздің тарихшы ғалымдарымыз бен қазба жұмысын жүргізетін археологтеріміз ашып берді.

-Ежелгі қалаларымыз қазір бар ма?

-Көбі жоқ... Сақталган қалалар: Түркістан және Тараз.

8-билет «Болашақтағы қала» тақырыбына диалог кұрастыру.

-Болашақ қала қай жерде орналасады?

-Болашақ қала Сарыарқада орналасады.

-Болашақ қалада нелер болады?

-Бұл қалада жаңа типті мектептер, әсем гимараттар, зауыттар, фабрикалар, дүкендер, т.б. болады.

-Бұл қалада гимараттар қалай орналасады?

-Бұл қалада гимараттар ықшам аудандарда орналасады.

-Олардың түрі, көрінісі қандай?

-Олардың түрі, көрінісі адамнын ойына келмеген, түсіне кірмеген таңгажайып болады.

-Балабақшалар мен спорт алаңдары қайда орналасады?

-Әрбір ықшам ауданда өзінің балабақшасы мен спорт аландары болады.

-Көлік және жаяу жүргіншілер жолдары қандай болмақ?

-Көлік және жаяу жүргіншілер жолдары кең, тап-таза, екі жағында гүлдер мен агаштар болмақ.

-Көліктің кандай түрлері болғаны жөн?

-Көлік электр энергиясымен жүреді, ауаны ластамайды.

-Өнеркәсіп орындары қайда орналасады?

-Өнеркэсіп орындары қаланың сыртьшда орналасады.

-Болашақ қаланьщ тұргьшдары қандай болады?

-Болашақ қаланың тұргындары өте мәдениетті, мейірімді, білімді болады.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: