Сымбаттын дурыс емес жауабы

Бекіту

- Оқулықпен жұмыс 168-170 бет.

- Өлеңдерді оқушыларға кезекпен оқыту, мазмұны бойынша әнгімелесу.

6. Қорыту:

Суретші деген кім? Қазақ халқының атақты суретшісі кім?

7. Үйге тапсырма: «Көктем» тақырыбына сурет салу

8. Бағалау, оқушыларды мадақтау.

Декоративті сурет салу

Декаративті сурет салу көмекші мектепте қол жетімді. Корекциялықұ –оқыту тапсырмасы оқыту сапасының эстетикалық тәрбиелеуге дағдыландырады.

Декаративті сурет салу қолданбалы өнері әр халықтың бұйымдарын,оқыту кестесі, суреттер балада эстетикалық талғамды қалыптастырады.

Көмекші бастауыш сыныпта Декаративті сурет салу бастапқы қарапайым шары,шеңбер өрнектерін салады. Декаративті сурет салу. Мақсаты балада бояулармен таныстыру. Сабақ барысында қыл-қалам түрлерімен жұмыс жсауды үйрету, бояу сәкестігін,орнаметтерінің ритмикалық қайталануы, ақыл есі кем балаға арналады.

Декаративті сурет салу. Тапсырмасы- балаға жұмыс ретімен орындау, мұғалімнің көрсеткен көрнекілік бейнелерін салу, дайын үлгі арқылы сызу, өзбетінше салып үйтетуді дағдыландыру. Геометриялық элементтер арқылы балаға орнамет көлеимін,түс,мөлшері байланысты құрастыру. Дайындық жұмыс алдыңғы декорактивті сурет салу, жұмыс барысында бала салыстыру мен көлем диференциясы,түс пен гоеметриялық пішін көлемін арқылы орнамет құрылымын анықтайды. Декаративті сурет салу. Уақытың көп мөлшері көрсету әдісіне қолданады. Көрнекіліктерді көрсету –түсіну нәтижес тәсілі.

Кіші мектепте тапсырманың көп бөлігі мұғалімен бірге орындалады. Толық демонстрациямен түсіндіру ретімен орнамет міндетті түрде орындалады.

Өрнек жолдары геометриялық элементетең бөлуін талап етеді. 1-2 сыныпта тең бөлу кортонды квадратармен арқылы кезекпн орнына қою ж\е бастыру арқылы тігінен сызы отырады. Алынған шаршыға өрнектер салады.

Декаративті сурет салу ақ қағазға,акварельді бояу түрлерімен, түрлі түсті қағаз бен гуашь қолданады.

Сабақтың тақырыбы: Гүлдің суретін (аппликация арқылы) бейнелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан симметриялы нәрселердің бейнесін жасауға үйрету; Оларға композиция жайлы мәлімет беру; балалардың творчестволық кабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қылқалам, әр түрлі гүлдердің суреттері, диапозитивтер, гүлдердің қатырылған нұсқаларының (гербари) жиынтығы. Көрнекті құрал-таблица, құрақ көрпе, жастық.

Сабақтың барысы: Мұғалім сабақты бастамас бұрын әрбір партаға гүлдің қатырылған немесе қолдан істеген нұсқасын таратып береді. Оқушыларға сұрақтар бере отырып, гүлдердің жылдың кай мезгілінде өсетіндігін, қандай гүлдерді білетіндіктері сұралады. Гүлдердің қандай түстерін болатындығы, симметрия ұғымы туралы түсініктер беріледі. Мұнан соң гүлді қағаздан қырқьш алу жолдары көрсетіледі

Аппликацңя аркылы гүл бейнесін жасау үшін кішкене түсті қағаз екіге бүктеледі де гүлдің жарты көрінісі сызылады. Онан соң сол сызық бойынша керек көрініс киып алынады. Алынған көріністің бүктелген қырлары жазы-лып түзетіледі. Онан соң осындай әдіспен бірнеше гүлдің суреті қиып алынып бір түзудін бойынша желімделіп жапсырылады.

Оқушылардың өз бетінше бейнелеу жұмысы кезінде дайын шаблонды пайдалану, гүл көрінісін қырқу, оны бір түзу бойына немесе белгілі бір ретпен қағаз бетіне жапсыру жұмыстары қиын соққан оқушыларға жеке жәрдем көрсетіледі. Артық қалған қиынды қағаздарды ашық жерлерге жапсыруға кеңес беріледі.

Сабақтың барысында осы көрсетілген формадағы гүлдерді пайдаланып бірнеше композициялық өрнектер құрастыру жолдары көрнекті құралдардың жәрдемімен керсетіліп, балалардың құрақ құрау өнеріне деген қызығушылығын арттырады. Халық шеберлері жасаған құрақ көрпе, жастықтардың көркемдік ерекшеліктері жайлы айтылады.

 

 

Натурамен сурет салу

1-4 сыныпта заттың жіңішке және жуан болуына қарай сурет салады. Кіші сыныптағы оқушыларға негізгі тапсырма – суреттің енін ұзындығы, бүтіндей және бөлшектей заттң суретін салу. Сонымен қоса балалардың бойындағы үнемі натурадағы сурет бөлшектерін салыстырудағы үйрету яғни дамыту керек Сонымен қоса оқушылар сурет салмастан бұрын жоспарлауын үйрету. Бірақ ақыл-есікем балаларда жоспарлау айтарлықтай баяу жүредіСонымен қатар әр сабақ сайын сурет салудағы түсіндіру яғни тақтаға бормен сурет салу. Натурамен сурет салу тек қана оброздық есте сақтау ғана емес басқа есте сақтаудың түрлерін үйретужылжымалы, эмоциональды, словесно-логикалық турлері.

Натурамен сурет салу эстетикалық тәрбиеге үйрету. Ағаш, гүл, заттың формасын салу арқылы табиғатқа қызығушылықты ояту. Мұғалім сонымен қоса бүтін мен бөлшек арасындағы қатынасты үйрету керек.

Сурет салудағы 0-1 сынып арасында 6 турлі түсті қарандаш қолданады, 2 сыныпта 12 турлі қолданады.

Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың суретін салу.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға нәрсенің өзіне қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: бұл сабақты өткізу үшін партаға екі жапырақтан таратылады. Жапырақтар түсі күзгі өсімдіктер түріне тән болған жөн. Мұғалім үшін бейненлеудің бірізділігін көрсететін таблица. Таблицада жапырақты бейнелеудің үш кезеңі көрсетіледі: а) қағаз бетіне орналастыру; б) жапырақ өлшемдерінінің қатынастарын, құрылысын салу әдісі; в) ұсақ бөлшектерін салу және бояу.

Сабақтың барысы: Сабақ негізінен ұйымдастыру, нұсқаны бейнелеу, оқушылардың бейнелеу жұмысы кезеңдеріне бөлінеді. Ұйымдастыру кезеңіне жапырақтар әрбір оқушыға бір-бірден таратып беріледі, оқушылардың сабаққа қажетті құрал-жабдықтары дайындалады, нұсқаны бейнелу жолдары көрсетілген таблица тақтаға ілініп, жапырақты бейнелеу жолдарын көрсетуге дайындық жасалады.

Нұсқаны бейнелеу жолдарын түсіндіру мынандай бағыттарды қамтиды. «Балалар табиғаттағы қандай өсімдіктер болмасын, жыл мезгілдеріне байланысты олардың түстері өзгеріп отырады. Мысалы,жапырақтарда сондай. Ағаштың жапырақтары көктемде жасыл көк түске боялса, күзде қоңыр-сары түстерге айналады. Мынау қолдарындағы жапырақтарда қоңыр-сары түстерге біріккен. Бейнелеу кезінде әрбір заттың түсін бейнелеп көрсете білу қажет. Сонда сурет әсем де, сол нәрсеге ұқсас болып шығады.

Сонымен қатар табиғаттағы заттармен адам қолымен жасалған заттар болсын белгілі формаға иеболады. Олардың белгілі өлшемдер қатынасы болуға тиіс. Мысалы, жәшік төрт бұрыш формалы - көлемді зат қатарына жатса, дәптер, жапырак жалпақ көлемсіз заттар катарына жатады. Көлемді заттарды жан-жағынан көругеболса, жалпақ заттар тек бір ғана жағынан жақсы, қызықты көріністерге тән болады. Сондай-ақ көлемді заттардың өлшемдері көп болса, көлемсіз ааттардың өлшемдері аз болады.

Мұңдай кіріспе әнгімеден соң, жапырақтың өлшемдер қатынасы салынып, тақтаға жапырақты бейнелеу жолдары көрсетіледі. Планшетке дайындалған жапырақ бейнесінен бояу жолдары тусіндіріледі: 1) жапырақтың ұзындығы мен енінің қатынастарын салу. 2) жапырақ құрылысын бейнелеу; 3) ұсақ бөлшектерін шығару және бояу.

Жапырақты бейнелеу әдістері көрсетіліп болған соң, тақтадағы суреттер өшіріліп, бейнелеу бірізділігі көрсетілген таблица жинап алынады. Себебі, егер бұл таблица ілулі тұрса балалар жапырақ көрінісін, нұсқасына қарап емес, таблицаға қарап салуға бөйімделіп кетеді.

Оқушылардың жапырақты бейнелеу кезеңі: қағаз бетіне орналастыру, өлшемдер қатынасын табу, зат формасын, ұсақ бөлшектерін салу, бояу сияқты бірізділікпен орындалады. Жапырақты қағаз бетіне орналастыру кезеңінде, бейненің өте кіші немесе үлкен болып кетпеуін оқушыларға ескер-тіп отыру қажет. Өлшемдерді табу мен бейнелеу кезінде жапырақтың ені мен ұзындығының сәйкес болуына, бейненің формасы мен жапырақ формасы ұқсас болуына басты назар аударылады.

Бейне жапыраққа ұқсас болып шыққаннан соң артық сызықтар өшіріледі де, жапырақтың түсіне сәйкес боялады. Сабақтың соңғы кезеңінде оқушы жұмыстарын аралап көріп 4-5 жақсы-жаман орындалған суреттерді мұғалім талдап көрсетеді.

35. Графиканың негізгі түрлері: станоктық суреттер, гравюралар, иллюстрациялар, плакаттар және т.б

«Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш, қаламуш, көмір, қылқалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет,Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі.Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады. Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Қазір көп ұлтты Қазақстан суретшілері өз республикасын ең айтулы деген көрмелерде сан қырынан көрсетіп жүр. Олардың өзіндік қолтаңбасымен дараланатын үлкенді-кішілі кең тынысы және камералық шығармаларының тақырыбы мен мазмұны халқымыздың, егеменді еліміздің өмірімен тығыз байланысты. Әр түрлі үлгіде орындалған, өзіндік таным-түйсігі сақталған олардың живопистік полотнолары, мүсіндері, графикалық парақтары халқымыздың өмірін, салтын, ерекшелігін, кешегі ерлікке толы жылдар мен бүгінгі ғажайып күндерді бейнелеу өнерінің барлық мүмкіндіктерімен: түр – түсі, орындалу нақышы, пластикалық формасы арқылы шынайы көрсетеді. Біздің өмір алуан қырлы, сан сырлы. Егемендігіміз суретшілердің қиялына қанат бітіреді, шабытына шабыт қосады, сегіз қырлы бір сырлы жайсаң жандар, олардың даңқты істері, күнделікті тіршілігі, мереке тойлары, табыстары мен жаңалықтары, жаңа қалалар мен мәңгі жасайтын таңғажайып табиғат – міне, осының бәрі, яғни шынайы өмірдің кез келген көрінісі, суреткер үшін қызықты тақырып. Республика бейнелеу өнерінің қайраткерлері күнделікті өмірдің әр алуан оқиғаларына мұқият зер сала отырып, өз еңбектерінде Қазақстанның қарышты қадамдарын, оның экономикада, ғылымда, мәдениетте, жаңа адамды тәрбиелеуде жеткен табыстарын шабыттана бейнелеп келеді.

Гравюра (фр. gravur – бедер сурет) – графика өнерінің бір түрі; тақтаға бедерлеп салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі. Бедерлену әдісіне қарай мысқа ойылып жасалатын гравюра, ағаштағы гравюра – ксилография, линолеумдегі гравюра – линогравюра, офорт, меццо-тинто, т.б.

Оймыш гравюра

Оймыш гравюра - гравюралау тәсілінің бір түрі. Оймыш гравюраға әдетте металл (мыс,қалайы, болат, т.б.) пластинкалар пайдаланылады. Бұл материалдарға арнаулы аспаптар арқылы бедерленген суреттердің бетіне бояу жағылады да, соның үстінен қағаз салынып, көшірме әлгі сызықтардағы бояудың қағазға сіңірілуі арқылы алынады. Оймыш гравюраның басты түрлері: бедерлі гравюра, офорт, акватина, жұмсақ лак, лавис, меццио-тинто, "құрғақ ине", "пунктирлі ырғақ", т.б. Оймыш гравюраның ағашқа бедерлеу арқылы жасалатын алғашқы нұсқалары Қытайда 6 ғасырдың аяғында, Батас Еуропада Қайта өркендеу дәуірінде, Нидерланды мен Германияда 15 ғасырда, темірге түсірілген түрлері 17 ғасырда, түрлі-түсті Оймыш гравюра 18 ғасырда (Англия, Франция), ал Қазақстанда 20 ғасырдың ортасына қарай пайда болды.

Иллюстрация ұғымын түсіндіру.

Кітаптағы суретті безендіруші адамды көркемдеуші деп атайды. Ал кітапты безендірген суреттер «иллюстрация» деп аталады.Бұл латын тілінде «жарықтандыру» деген мағынаны білдіреді. Иллюстрациялар гуашьпен, тушьпен, акварельмен, қарындашпен т.б құралдармен орындалады. Олар ақ-қара түсті немесе түрлі-түсті болады. Иллюстрациялар кітапты тартымды етіп көрсетеді. Сонымен қатар кітаптың мазмұнын, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен бейнелеріне ашуға көмектеседі.

 

Сымбаттын дурыс емес жауабы

26. Дидактикалық ойындардың кеңістік белгілері мен қарым –қатынасының қалыптасуы

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады.Диалектикалық дүниетаным мен адамгершілік тәрбиесін беру қазіргі мектептің негізгі міндеттерінің бірі. Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру, жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші принцип – ғылымилық принципі туындайды.Мұнан соң көрнекілік принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншлыдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі принципі дидактикалық принциптердің маңыздыларының бірі.Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады.Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші - заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрадыОқыту барысында біз оқушыларды аз білімнен, көпке, жұмыстың қарапайым дағдыларынан күрделі, дағдыларын меңгертуге басшылық көрсетеміз. Бұл жерде біз жүйелік пен бірізділік принциптерін басшылыққа аламыз, ал бұлар оқытудың лайықтылық принциптерімен тығыз байланысты.Сонымен мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде тәрбиелей отырып оқытушылық, ғылымилық көрнекілік, саналылық және белсенділік, меңгерген білімінің беріктігі, лайықтылық принциптерін басшылыққа алады.Енді, бейнелеу өнерін оқытуға байланысты осы принциптерді қолдану мәселелеріне байланысты қарастырамыз.Дидактика гректің “didaktikos” деген сөзінен шыққан. “Оқытамын” білдіремін деген мағынаны білдіреді. Дидактика - педагогиканың негізгі бөлімі. Бұл бөлімді оқыту теориясы деп атайды.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үрдісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.Бейнелеу өнерін оқыту принциптері – оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.Бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз - мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық - бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз - мұғалім мен оқушының арнайы ұйымдастырған, тәртіп пен режимде жүргізілетін оқулық – танымдық іс-әрекет процесі.Бейнелеу өнерін оқыту процесі – бейнелеу өнерінің негіздерін құрайтын білімдер жүйесін меңгерту мен бейнелеу икемділігі мен дағдыларын оқушыларға меңгертуге, жеке бастың жан-жақты дамуы мен ақыл-ой тәрбиесінің алдында тұрған міндеттерді шешуге арналған мұғалімнің іс-әрекеті деп түсінеміз. Бейнелеу өнерін оқыту процесі-мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің қосындысы. Оқыту процесі оқушының танымдық іс-әрекетіне бағытталған процесс.Оқыту процесі оқыту теориясына негізделеді. Оқыту теориясы өз дамуында үш негізге сүйенеді. Олар: 1) оқыту теориясының шартты заңдарының философия ғылымы негізінде дамитындығы. 2) өткен заманнан қалған педагогикалық прогресшіл ұлы мұраның осы күнгі оқыту теориясын дамыту үшін бірден-бір білімнің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатындығы; 3) мектептердегі мұғалімдердің озық тәжірибелерінің оқыту теориясының дамуына ықпалы. Оқу процесі негізінде педагогтың өзіне тән даралық қолтаңбасы мен шығармашылығы қалыптасады.Оқу процесі-ақиқат дүниені танып білу процесі. Ал танып білу ақиқат дүниенің адамның сана сезімінде бейнеленуі. Адамның сана-сезіміндегі ақиқат дүниенің бейнелену жолын мынадай формуламен көрсетуге болады: нақты пайымдаудан австрактілік ойлауға және онан практикаға көшу, ақиқатты тану обьективтік реалдық шындықты танудың диалектикалық жолы болады.Бейнелеу өнерін оқу процесі бейнелеудің практикалық икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге бағытталған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті түрінде де қарастырылады. Оқу процесі ақыл-ой тәрбиесін беруге арналған оқушы мен мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқу процесіндегі оқушылардың таным әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар атап айтқанда:

1.Оқушылар ғылымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Олар ғылымның ашылған жетістіктерін игереді.

2.Оқушылардың таным қабілеттерін дамыту үшін бейнелеу өнері пәні бойынша маңызды білімдер негіздері іріктеліп алынады.

3. Оқу процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыны игеру болып табылады.

4. Бейнелеу өнері сабағындағы таным процесі тек білім берушілік қана емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушылардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

5. Оқушылардың таным процесі олардың жастарына сай ұйымдастырылады.

6. Бейнелеу өнері сабақтарында таным процесі мұғалімнің бағыттаушылық рөлімен байланысты іс жүзінде асырылады.

Бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқытудың мақсаты міндеттеріне байланысты анықталады. Бейнелеу өнерін оқыту заттар мен құбылыстарды бейнелеуге үйрету, белгілі тақырыптар бойынша композициялық суреттер салуға, сәндік безендіру жұмыстарының икемділік пен дағдыларын меңгерту, өнер шығармаларымен таныстыру бағыттарын қамтиды.

Бейнелеу өнері мектептегі оқушыларға көркемдік білім негіздерін бейнелеудің ептіліктері мен дағдыларын меңгеруге, эстетикалық тәрбие беруге, олардың әсемдік талғамдарын, дүниетанымын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейтін оқу пәні болып табылады. Бейнелеу өнерін мектепте оқытудың нәтижелі болуы бейнелеу өнерінің мұғалімнің қызметімен сипатталады.

Ғылыми педагогтардың әдебиеттерді сараптау мен тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмыстары бейнелеу өнері мұғалімнің педагогикалық қызметке деген дайындығын жалпы педагогикалық-психологиялық, көркемдік – графикалық, өнертанымдық, әдістемелік дайындық түрлерін бөлуге болатындығын көрсетеді.

Бейнелеу өнері пәні мұғалімнің жалпы педагогикалық-психологиялық

дайындықтары, педагогика мен психология ғылымдарының теориялық білімдерін меңгергендігі мен тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастырудың іскерлік пен дағдыларын педагогикалық практикада қолдана білуімен сипатталады.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімнің көркем-графикалық дайындығы кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнерден, мүсіннен көркемдік білімдер негіздерін меңгеруімен осылар бойынша бейнелеудің іскерлік пен дағдыларын меңгеру деңгейінен көрінеді.

Бейнелеу өнері мұғалімінің дайындығы өнертанымдық бейнелеу өнерінің тарихынан, бейнелеу өнерінің сынынан, бейнелеу өнерінің даңықты шығармалары, көрнекті суретшілердің, мүсіншілер мен сәндік қолөнер шеберлерінің өмірі мен шығармашылығынан білім жүйесін меңгергендігімен сипатталады.Сонымен қатар белгілі бір өнер туындысының көркемдік ерекшеліктеріне өнер тарихы мен сыны тұрғысынан талдау жасау, өнер туындысының композициялық құрылымы, орындалу техникасы, колориті тұрғысынан талдау іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуынан көрінеді.

Бейнелеу өнері пәнінің әдістемелік дайындығы үлкен екі дайындық түрінен тұрады: біріншісі-бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесінің теориялық білімдерін меңгерумен өлшенсе; екіншісі-бейнелеу өнерін оқытудың практикалық іс-әрекеттерін меңгеру деңгейімен айқындалады.

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімнің әдістемелік дайындығының теориялық мәселелерін құрайтын білімдер жүйесі бейнелеу өнерін оқыту мазмұны, оқыту формалары, әдіс-тәсілдері, бейнелеу өнерінің сабақтарын ұйымдастыру, бейнелеу өнері сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, бейнелеу өнерін оқыту принциптері ұғымдарын біріктіреді.

Бейнелеу өнері мұғалімнің әдістемелік қызметі бірнеше бағыттарға бөлінеді.

1.Оқушылардың көркемдік білімдерінің деңгейін алғашқы бейнелеу сауаттылығын, бейнелеудің іскерлігі мен дағдыларын меңгергендігіне диагностика жасау қызметі;

2.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру мақсатындағы оқыту үрдісін жоспарлау қызметі;

3.Оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру үрдісін ұйымдастыру қызметі;

4.Оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстарына сараптау және талдау жасау;

Бейнелеу өнері мұғалімінің ең бірінші дайындық формасы, оның оқушылардың қазіргі кезеңде көркемдік білімдері, бейнелеу сауаттылығын, бейнелеу іскерліктері мен дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігін айқындау болып табылады. Оқушылардың көркемдік білімдері мен бейнелеу іс-әрекеттері меңгергендігіне диагностика жасау мұғалімге көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жұмыстарын дұрыс жоспарлап, ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Мұғалім тексеру негізінде алынған мәліметтерді сараптау нәтижесінде оқушылардың бейнелеу жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды қандай бағыттарда жүргізуге болатындығына бағдар алады. Олардың әсемдік сезімі, талғамы, қызығушылығы қандай деңгейде екендігін біліп оларды дамыту үпіін қандай іс-әрекетке бару қажеттігін айқындайды. Оқушылардың өнертанымдық түсініктерінің деңгейін біліп, олардың деңгейін арттыру үшін қандай әрекеттерге бару керектігін айқындайды. Бұл іс-әрекеттер көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиенің, оқушыны жеке түлға ретінде дамытудың, сапасын арттыруға ықпал етеді.

Өнердің адамға деген әсерін, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында қолдануға кең көлемде мүмкіндік туғызады. Біз балаларды өнерге тартуда, оларға өнердің мақсат міндеттерін, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеміз.

Бейнелеу өнері өмір құбылыстарын көркем образдар арқылы ашып көрсете отырып, өмірдегі әсемдікті танытудың сенімді құралына айналады. Адамның сезімдеріне әсер ете отырып, адам сезіміне қозғау салып, ақыл-ойын қалыптастырады, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Бейнелеу өнерінің осы қасиеттерін мұғалім оны оқу тәрбие мақсаттарына қолдануы тиіс.

Мұғалім бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарда суретшілер Ә.Қастеевтің «Колхоз тойы», Қ.Телжановтың «Жамал», В.Крыловтың «Шахтерларды майданға шығарып салу», С.Айтбаевтың «Бақыт», К.Молдашевтің «Байқоңыр» атты картиналарының иллюстрацияларын қолдану арқылы оқушыларға еліміздің ерлік жолдарын көрсетеді. Өнер туындыларын таныстыру барысында еліміздегі колхоздастыру кезеңінен, ¥лы Отан соғысындағы ерліктерін сөз ету арқылы мұғалім балаларға аға ұрпақтың отансүйгіштігін, елжандылық сезімдерін үлгі етіп көрсетеді. Бұл жерде мұғалім суретшінің өмірдегі әсемдікті тауып, нені мұрат тұтқандығын, ненің шығармашылық ойына қозғау салғандығына назар аудару маңызды.

Идеялық эстетикалық тәрбиенің ұтымды болуы оқушылардың қоршаған ортаға деген сезімдерін бейнелеп көрсетуіне байланысты. Бұл мәселе өмірдің өзі тудырған мәселе.

Мұғалім эстетикалық тәрбиемен айналыса отырып өнерге деген оң көзқарасты қалыптастырады, қоғамдағы өнердің орнын ашып көрсетеді. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту балаларға қоршаған өмір шындығын танып, өнерді олардың санасына, сезімі мен еркіне әсер етеді. Мұғалім бұл міндеттерге көңіл бөлудің маңызын түсіне білуі қажет.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принципі, оқушыларға оқудың әрбір кезеңінде, сатысында бейнелеу өнерінің ұғымдарын үйретуді талап етеді, ал осы ұғымдарды оқыту әдістері арқылы үйретіледі. Мұғалімнің оқушыларға ұсынатын білімдік материалдары осы заман ғылымының дәрежесіне сәйкес болуы керек. Ғылыми білімдердің шеңбері үнемі кеңи береді. Ал балалардың білім алу қабілеттілігі, өсіп отыратын ғылымның шеңберіндегідей кеңейе алмайды. Сондықтан ғылымның оқу мазмұны үстіндегі қажетті материалын іріктейтіндей принциптерді табу қажет.

Бейнелеу өнерінің ғылыми негіздерін жарық-көлеңке перспектива, түстану симметрия композиция заңдылықтарымен оларды бейнелеудің ережелері құрайды. Мұғалім бұл заңдылықтармен оқушыларды таныстырады. Сонымен қатар мұғалім оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын ашып көрсетеді.

Түстану түс туралы ғылым. Түстер хроматикалы және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге, түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен – ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы (ашық сүрғылт немесе қара сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді, қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын оның қанықтығы арта түседі.

Хроматикалық түстер шартты түрде жалпы түстер суық түстер болып бөлінеді.

Жылы түске түс спектірінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мүздың түсімен сипаттауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады. Басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады.

Түстік шеңбер-бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк күлгін, көк, болып жалғасып отырады. Негізгі түстер Сары, қызыл және көк түстер контраст бір-біріне қарама-қарсы түстер.

Контраст түстер – бір біріне қарама-қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл, ақ пен көк, қарамен қызыл т.б түстер контраст түстер сипатын береді.

Сурет салу негізінде біз нұсқаны бақылап қана, оның сыртқы формасын көшіріп салумен шектеліп қоймаймыз, сонымен қатар оның ішкі құрылымын түсінуге талпынамыз, заттың ішкі құрылымының скелеті көзге көрінбегенімен, ол заттың сыртқы формасын бейнелеу үшін өте маңызды. Мысалы, сурет салушы кубтың оның қабырғаларымен шектесіп жатқан қырларын және оның формасын елестетеді, куб құрылымының конструктивтік схемасын елестетеді, сонан соң барып, кубтың суретін салуға кіріседі. Біз кімге кубтың суретін сал десек те, олардың бірі жақсы бірі жаман қылып оның суретін салып береді, бірақ мүның себебі олардың зат формасы мен сипаты туралы анық елестетудің - зат құрылымы туралы білімінің болуына байланысты болып табылады.

Егер біз сурет салатын адамдарға, ол ешбір уақытта көрмеген заттың суретін салыңдар десек, олардың көпшілігі, логикалық құрылымы бар бейненің көрінісін бере алмайды. Себебі олардың саналарына ешқандай оның образы жоқ.

Бұл сурет салу кезінде, сурет салушының зат туралы дұрыс елестетуі және түсініктері пайда болады, немесе әрбір сурет салушы өз суретінде өмір шындығының елестерін білдіреді. Басқаша айтқанда өзінің санасында қалыптасқан зат образын бейнелейді. Сондықтан да үлы суреткер Микеланджело «Суретті қолмен емес, оймен салу керек» деп көрсеткен. Сонымен адам сурет сала отырып, қоршаған әлемді талдайды. Өмір шындығын тану үрдісі өнер мен ғылым арқылы тану негізі форманы шағылыстыру формаларына байланысты әр түрлі болып бөлінеді: ғылым өмір шындығын түсініп, ойлау және қорытындысын шығару формалары арқылы жүзеге асыратын болса, өнер өмір шындығын образдық түрде бейнелейді.

Оқушыны зат көрінісін дұрыс бейнелеуге үйрету үшін, мұғалім балаға ең бірінші зат құрылымының ерекшеліктерін дұрыс көре білуге үйретуі тиіс. Оқулық сурет салу барысында табиғатты бақылау мен тану маңызды роль атқарады. Мұғалім оқушылардың сурет салуды бастағаннан бастап заттың конструкциялық құрылымы, форма сипаты, пропорциялары сияқты зат құрылымының заңдылықтарын нұсқадан көре отырып түсінулеріне басшылық көрсетеді. «Зат формасын дұрыс көре білуге үйретуге болмайды» деген түсінік бар. Олар әркім әр түрлі субьективті көреді, сонан соң оларды қалай көрсе солай бейнелейді деп ойлайды. Бұл көзқарас қате. Әрбір адам затформасын дұрыс көре білуге мүмкіндігі бар екендігі ғылымда бұрыннан дәлелденген. Оқу үрдісінде әрбір оқушының нұсқаны өзінше әр түрлі етіп салуына мұғалім жол бермеуі тиіс. Ол барлық сурет салушылардан заттарды шынайы бейнелеуін, яғни көрініс бейнесінің нұсқамен сәйкес келуін талап етуі тиіс. Бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қайшы келмейді.

Керісінше бұл шығармашылық қабілеттің дамуына қажетті білім мен дағдылардың мықты фундаментін қалайды. Тек қана жақсы меңгерілген заңдылықтар мен дәстүрлерден бастау алғанда ғана адам қолөнершілікті емес жаңашылдық өнімді жасай алады.

Материалдық әлем күрделі де көпқырылы болғандықтан оны танып, оның заңдылықтарын ашуға сезімдік қабылдау жеткіліксіз. Бұл жерге таным процестерінің екінші және сонымен бірге жоғарғы сатысы болып табылатын абстрактылық ойлау келуге тиіс.Біздің ойымыз түйсік пен қабылдаудан шыға отырып, өмір шындығы тікелей бейнелеу өрісімен шектеседі. Ол қоршаған дүниені бір орталықты, жалпылауы түсінік, ойлау, ой қорытындысы формасында көрсетеді. Көре білу ептілігі санамен және ойлаумен байланысты. Адам өмір шындығының ерекшеліктері мен нәзік баяуларын көре білумен қатар қабылдаудың күрделі жүйесін меңгеруге қабілетті.

Бүркіттің көзі адамның көзіне қарағанда алыстағыны көреді, бірақ адам көзі бүркіттің көзіне қарағанда заттардағы өзгерістерді көп көретіндігі белгілі.

Таным теориясында табиғатты эстетикалық қабылдау енжар көре салу емес, қоршаған ортаны тануға оның заңдылықтарын ашуға, тануға үмтылған, өмірді тануға бағытталған шығармашылық белсенді әрекетке негізделген қарым-қатынас түрінде танылады.

Суретте өмір шындығы беріліп, ол бейне түрінде көрініс табады. Өмір шындығының суретін салу, танымдық үрдіссіз мүмкін емес. Оқушыға көргенін автоматты түрде қағаз бетіне түсіруге емес, оның санасында қалыптасқан нұсқа туралы түсініктері мен елестетуі арқылы көргенін бейнелеуге үйрету қажет. Затты әр түрлі көру нүктесінен қарау арқылы әдепкіде оны логикалық тануына қабілеті жете бермейді. Бұл кезде бірінші әсер толық болмай, түйсіктің бір-бірімен өзара логикалық нақты шешім шығаратын байланысы да болмайды.

Жаңадан сурет салуды үйреніп жүрген сурет салушы әдетте өзінің бірінші көрген әсерімен тоқтап қалып, зат туралы жартылай елестеулерін санасында бекіп қалады. Зат туралы нағыз түсінік бірізді бірқатар көру әсерлері мен логикалық ой толғанысы нәтижесінде анықталды.

Сурет салуды үйренудің негізгі нұсқаға қарап отырып сурет салу болып табылады. Бұл жағдайда, көру көргенін ой елегінен өткізу ептілігіне қарамастан көрген зат сурет салу процесінде, яғни практикада үйлестіруден өтеді. Негізгі үлгерім нәтижесі мұғалімнің әдістемелік басшылығына байланысты алынады. Оқулық суреттегі көру арқылы берілетін бағаның бірізділігін мұғалім белгілі жүйеге бағыттауы тиіс. Оқушы заттың суретін сала отырып, нұсқа туралы елестеулер мен өз әсерлері туралы мұғаліммен пікір алысады. Дұрыс жасалған әдістемелік нұсқау нәтижесінде ол нұсқа туралы әдепкі қате пікірден бас тартып, оның ақиқатын тануға келеді. Мысалы, оқушы оқу бағдарламасы бойынша гипстен жасалған вазаның суретін салды делік. Бұл кезде балалардың көбі нұсқаны механикалық түрде вазаның контур сызықтарына қарап көшірме жасауға ұмтылады бірақ, форма құрылымының ерекшеліктеріне мән бере бермейді. Бүл жағдайда педагог форма қандай бөліктерден түратындығына, оларды тұтас бір формаға қалай жиналып түрғандығына, қосымша сызықтар сызу арқылы көрсетеді.

Жазықтық бетіне бейне құрылымының шынайы көрінісін беру үшін, педагог бейнелеудің принциптері мен әдістерін ашып көрсетеді. Ол оқушыларға перспектива мен көлеңкелер теориясы облысындағы ғылыми-теориялық мәліметтерді береді, яғни педагог ғылымилық деп аталатын дидактикалық принципті практикада іс-жүзінде асырады. Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарын, ғылыми-теориялық білім алуға, олардың қасиетін сезінуге бағыттау қажет. Ол үшін мұғалім ұзақ уақыт салатын суреттермен қатар, қысқа мерзімде салатын нобайларды үйге тапсырма ретінде береді. Мұндай тапсырмалар балаларға нұсқаны мұқият бақылауға, талдауға және бейне құрылысын саналы түрде бейнелеуге үйретеді. Аталған тапсырмалар балаларға ғылыми білімді алуға ұмтылдырады.

Мұғалімнің сабақтағы негізгі міндеттерінің бірі дұрыс бақылау жасаумен ақиқат өмір шындығын танудың жолдарын көрсету болып табылады. Оқушы зат көрінісін бірінші рет салу барысында, зат формасының сыртқы белгілерін сақтай отырып, оның құрылымының ерекшелік сипатын білместен, ол тәртіпті түрде көшіріп салуға ұмтылады. Педагогтың дұрыс әдістемелік басшылығы негізінде ол жалпы форманы бақылау-форманың тұтас және жеке бөліктерінің пропорциялық қатынастарын байқау-нұсқаның көлемі мен пластикалық қасиеттерін байқау-нұсқаның конструктивтік құрылымын талдау нұсқаның жеке бөлшектерінің сипатын айқындау сияқты бақылау жүйесін қысқа уақытта меңгеруге қол жеткізеді.

Мұндай байқау мен талдау процесінде оқушы форманы мейлінше нақты бейнелеуге ұмтылады. Оның суретін салмас бұрын дөрекі қате жіберіп алмас үшін, зат құрылымын дұрыс түсінуге күш салады. Қысқа мерзімді байқау мен бақылаудың зат туралы толық елестету мүмкін емес, ол үшін үзақ мерзімді бақылау қажет. Сондықтан оқу процесінде аяқталған суретке басты назар аударылады, себебі аяқталған сурет оқушы байқауының соңғы нәтижесін көрсетеді. Аяқталған суретке қарап педагог оқушының нұсқа құрылымын қалай бере білгенін, модельдің айрықша белгілерін қалай тапқанын, модель туралы оқушы не білетінін айқындайды. Жақсы орындалған сурет зат қасиеттері туралы барынша мол мәлімет беретін-көрушіге, зат туралы ақиқат елестетуін алуға мүмкіндік туғызатын белгілер болып табылады.

Бейнелеу өнерін оқытудағы ғылымилық принцип бейнелеу әдістерін меңгерумен қатар балалардың байқампаздығы мен білімқұмарлығын дамытады. Бұл принцип қоршаған ортаның даму заңдылықтарына, қоршаған ортаны тану дүниетану белсенділіктерін арттыруға үйретеді.

Сурет салу барысындағы балалардың нұсқаны ойсыз көшіріп салуын болдырмау үшін көп еңбек етуді қажет етеді.Оқушы алдымен көру арқылы нұсқамен танысады, онан соң педагог модельдің пропорциясы, түсі және жарықтануы сияқты форма ерекшеліктеріне назар аударады. Мұндай алдын ала нұсқамен таныстыру обьектіні талдаудың негізі болады.

Мұғалім оқушылардың назарын нұсқаға аудара отырып, өз шәкірттерінің модель құрылымының ерекшеліктеріне, оларды қосалқылардан бөліп алып, форманың конструктивтік құрылымын ашып көрсетеді.

Оқушылардың заттың жеке ұсақ бөлшектеріне көңіл аударуы, олардың зерттеп отырған нұсқаның тұтастай образын байқауынан алшақтап, оның құрылымын түсінуге кедергі жасайды, бүл өз кезегінде нұсқаны дұрыс бейнелеуге кедергі келтіреді. Оқушы зерттеп отырған нысанды нақты елестету үшін, ол ең алдымен оның формасын тұтастай қамтуға, онан соң сол заттың ерекше белгілерін танып, барлығының басты бөлшектері мен өзара байланыстары мен өзара бағыныштылық қасиеттерін және осы элементтерінің өзара орналасуы мен құрылым бірлігін білуі тиіс.

Бұл үшін педагог оқушыларға тұтасты жеке бөліктерге және оларды қайтадан бір тұтастыққа біріктіру процесін, яғни талдау, жалпылау процесін бірлікте қарауға үйретеді. Әрине бүл әрбір сыныптың, оқушылардың даму деңгейіне байланысты қолдануға, және олардың білім көлемін есепке алуға сәйкес келуі тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей дидактикалық принциптерді білмейтін және сақтамайтын мұғалімдер суретті саналы меңгеруге оқытпайды. Мұндай ештеңені түсіндірмей, тек қана оқушының суретін жөндеуге жәрдемдесумен шектеліп, жұмыстың бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысумен айналысады. Сурет салуды оқытудың бүл жолы, сурет салудың тек қана механикалық дағдыларымен техникалы жұмыс тәсілдері ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оқытудың танымдық және білімдік функцияларын үмытып қалады, ал шын мәнінде нұсқаға қарап сурет салу шағын мақсатқа ықшамдалып, өзінің жалпы білім беретін пән ретіндегі педагогикалық құндылығын жоғалтады. Бұл оқушылардың үлгерімін біліміне қарай бағаланбай, тек қана техникалық жетістіктері бойынша бағалауға апарып соғады. Бүл жерде оқушының күш жігері нұсқаны оқып үйренуге емес, «ұтымды» суретті орындауға жұмылдырады.

Оқытудың ғылымилық принципі оқушыларға білім берумен шектеліп қалмай, сол білімдерді ғылыми қағидалармен бекітіп отыруды педагогқа міндеттейді. Сурет салу барысындағы әрбір жағдайлар мен шарттар ғылыми мәліметтермен бекітілуі тиіс. Яғни, қандайда бір өмір құбылыстарының заңдылықтары көрсетіліп отыруын қажет етеді.Бүл деген сөз, педагог тек қана көрсетумен шектеліп қалмай, белгілі форма бейне қандай әдіспен құралды, бұл тек қана сол әдіспен салыну керектігін дәлелдеп көрсетуді қажет етеді.

Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдіруді педагог өзінің берген кеңесі мен нұсқауының дұрыстығына,оның оқушы еңбегін әлдеқайда жеңілдететіндігіне өздері сурет салу барысында көз жеткізулері тиіс. Оқушылар өнермен айналысу барысында ғылымының өнерге жәрдемдесетіні олардың әр уақытта естерінен шықпайтындай болуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері суреттер салумен шектеліп қалмауға тиіс. Бейнелеу өнерін оқыту балаларға зат құрылысын қағаз бетінде сауатты бейнелеуге бағытталып құрылуы тиіс. Балалардың сауатты салынған суреті – перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен көлеңке түстану заңдарын сақтау, зат құрылымының ерекшеліктерін, құбылыстардың заңдылықтарын дұрыс түсіну негізінде салынған суретті айтамыз.

Өнердің сауаттылығын меңгермей бала бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктерін меңгермейді. Бейнелеу сауаттылығы оқушының шығармашылық қызмет атқару үшін қажеттілігі онанда жоғары.

Сурет салу барысында балаға қажетті білім мен дағды берілмесе, олар өзімен-өзі болып кетсе, бұл баланың онан әрі дамуына кері әсер етуі мүмкін және бұл жағдай баланың сурет салудан жеруіне әкеп соғуы да мүмкін.

Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар сурет салумен қызыға айналысады, ал бірақ олардың көбісінің жасы өскен сайын суре салуды тастап кетеді. Бастауыш сынып оқушыларды сурет салумен біреу қызықтырмаса да өз бетімен айналысады. Бесінші және алтыншы сынып оқушыларының өзіне кейде сурет салу сабағы зерігетіндей болуы байқалып қалады. Бұл адамның жасы өсіп дамыған сайын өмір туралы балалық елестетулерінің қате екендігін түсіне бастайды. Орта сыныптың оқушылары өздерін қоршаған заттарды бақылап қана қоймайды, сонымен қатар оларды өзара салыстыра бастайды, талдайды және олар туралы қарапайым қорытындылар жасайды.

Бұл жастағы оқушылар өздерінің суреттеріне қанағат түтып қана қоймай, оларды өмірдегі көріністеріне нақты ұқсатуға талпынады. Егер бұған қалай жетуді, қалай жасауды олар білмесе, оған тәжірибелі жетекші жәрдем беруге келмесе, оларда қанағттанбағанның сезімі пайда болып, соңында барып салуды тастап кетуі де мүмкін.

Ғылымдардың ғылыми - зерттеу жұмыстары балаларды реалистік сурет салуға бірінші сыныптан бастап үйретуге болатындығын, және ол қажет екендігін көрсеткен. Бейнелеу өнерінің сауаттылығын оқытуды мектепке дейінгі жастағы балаларға болатындығы туралы пікірлер айтқан. Жас балалар шығармашылық жұмыс жасау барысында үлкендердің еңбегіне таң қалады, соларға еліктейді. Бақылау нәтижелері көрсеткендей балалар шығармашылығын, яғни баланың өмірдегі дәрменсіздігін біз талант көрінісі деп бағалаймыз. Баланың қабылдауын сақтай отырып, біз балаларды көркемдік білім беруден құр алақан қалдырамыз. сөйтіп бұл дәрменсіздік ұзақ жылдарға созылады.

Балаларға сурет пен кескіндеменің қағидалары ашып көрсетілмеген мектептерде балалардың адам бейнесін салудағы, бейнелеу сауаттылығынан хабары болмағандықтан адам суреттерін салудағы қателіктерді байқаймыз. Мысалы, орта сыныптардағы оқушылардың адамды бейнелеген суреттер мектепке дейінгі балалардың адамның суретін салудағы айырмашылықтары өте аз. Шын мәніндегі олардың даму ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар физикалық жағынан болсын рухани жағынан болсын ауқымды болып келеді.

Бірақ бейнелеу қызметінде мұндай айырмашылықтың бар екенін байқау қиынға соғады. Алты жасарлардың салған суреттерінде адамның бас көрінісіндегі көз, мүрын, ерін және құлақтар мейлінше шартты түрде беріледі. Бұл жастағылар бас формасының құрылымын біле бермейді, сондықтан олардың адамды бейнелеуі болып шығады. Сол сияқты 8 жастағы оқушының адамды бейнелеген суреті мен 12 жастағы оқушының адамды бейнелеген суреттерінде де адам формасын бейнелеудегі форманы трактовка жасаудағы айырмашылықтары шамалы екендігі көрінеді. Бүл салыстырулардан бейнелеу өнерін бес жыл оқудан, бала бейнелеу өнерінен қажетті білім мен дағдыны үйренбегені, олар мұғалім тарапынан үйретілмегені айқындалады. Он үш жасар мектеп оқушысы сурет салу курсын аяқтағанымен, олардың білімі мен дағдылары сол курсты бастаған кездегі қалпында қалып қойғандығы байқалады. Көрсетіліп отырған жағдай сурет салуды балаға үйрету барысында бейнелеу өнерінің негізін құрайтын зат құрылымы, форма, түс, перспектива, жарық - көлеңке заңдылықтары туралы ғылыми білім мен бейнелеу дағдыларын меңгеруге мұғалімнің мән бермегендігінен туындаған жағдай болып табылады.

Сондық


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: