Лаура жауаптарыннын арасында жок

84.ШЖБМ-тегі математика сабағының жоспарын құрастыру

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.

А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)

«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

- Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

- Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

- Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

- Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

- Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

- Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

- Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

- өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.

«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

- есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

- есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.

 

Ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)

Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың, тоқсан және жылдың соңында беріледі.

45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап және тексеріп үлгерулері тиіс.

Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.

Өрескел қателерге мыналар жатады:

- есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;

- арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;

- есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);

- есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;

- орындалмаған жұмыстар.

Өрескел емес қателерге мыналар жатады:

- есептеп шығару тәсілі орынды болмау;

- есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;

- есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау;

- берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;

- қайта құруды соңына дейін аяқтамау.

Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:

- егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.

- барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады.

Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:

- егер есеп дұрыс орындалса, «5» деген баға қойылады.

- егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.

- егер есепті шығарғанда, 1 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.

- егер есеп шығарылмаса, «1» деген баға қойылады.

Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:

- егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;

- егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;

егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады

85. ШЖБМ-тегі математика сабағының жоспарын құрастыру

Сабақ: математика

1- сынып 2 сынып
Тақырыбы:
7 санын қосу және азайту тәсілі. (89-90 б.) 78+22 және 100-22 жағдайларындағы қосу мен азайту тәсілі
Мақсаты:  
1. 7 санының құрамын білуге үйрету; 7 санының құрамы жайлы түсінікті 2 санның қосындысы түрінде жазуды,сәйкес кері амалдарын дұрыс жазуды қалыптастыру. Санның құрамы, амалдардың қасиеттерісәйкес ондықтар мен бірліктерге амалдар жүргізу сияқты білімге сүйене отырып, орындалатын қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіріп беру.
1. Өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту; Цифрларды дәптерге әдемілеп жазуды жаттықтыру. 2. Оқушыларды адамгершілікке баулу; тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ Әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімен. Көрнекілігі: разрядтық кесте, карточка, суреттер, үнтаспа. Формасы: Ұжымдық-дербестік.
Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа дайындығын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білімін, білікті бағалау.
ІІ. Өткен материалды қайталау:
1.Оқушылардың білімін тексеру а) тез есептеу сәті. ә) көркем жазу.
7....... 1 70......... 79
б) матем диктант 7 бірлік 5 бірлік 3 бірлік 7 ондық 3 бірлік, 9 жүздік, 4 бірлік 8 жүздік, 6 ондық
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі: Практикалық іс әрекет:  
1. 7 асықты қоржынның екі басына қалай бөліп салуға болады? 7 = 1 + 6 7= 2 + 5 7 =3 + 4 7 = 4 + 3 7= 5 + 2 7 = 6 +1 7 = 7 + 0   2. Өздігімен жұмыс: № 1ж.  + 7 қосындыларды құрастырады № 1ж.  - 7 қосынды кестесінің негізін туындайтын жағдайларды қарастыру. 3. Тақтада ілініп тұрған сюжетті суреттерге сәйкес әңгіме құрып, 7 цифрын пайдаланып, 7 санының құрамын схемаға сәйкес анықтау. 7 7 7 7   6 1 5 2 3 4 7 0 Бұл тұста қосудың ауыстырымдылық қасиетін еске түсіру арқылы білімі бекітіледі.   1. 70 асықты қоржынының екі басына қалай бөліп салуға болады? 70 = 70 + 070 = 10 + 60 70 = 20 + 5070 = 30 + 40 70 = 40 + 3070 = 50 + 20 70 = 60 + 1070 = 0 + 70 2. № 1ж. Мұғ. басш. жұмыс. Оқуш. назарын берілген 4 мысалға аударту: 78 + 22 70 + 20, 8 + 2. 90 + 10 мұнда, 78 + 22 қосындысын ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып, 78 + 22 = (70 +8) + (20 + 2), содан кейін терімділік қасиетін пайдаланып мынандай жазу шығарып беріледі: 78 + 22 = (70 +20) + (8 + 2), осыған сүйеніп ондықтан аттайтың жағдайлардағы түрлі тәсілдерді қалай пайдалануға болатының түсіндіреді: 78 + 22 = (78 +20) + 2 78 + 22 = (78 +2) + 20 3. №2 ж. – оқуш өздігімен орындайды: 66 + 34 = (60 +6) = (30 + 4) 66 + 34 = (60 +30) = (6 + 4) 66 + 34 = (66 +4) + 30 66 + 34 = (66 +30) + 4
Сергіту сәті. Үнтаспа музыка ырғағына сәйкес. Оңға, оңға түзу тұр Солға, солға түзу тұр Алға қарай бір адым, Атрқы қарай бір адым. Жоғары- төмен қарайық Орнымызды табайық.
IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі: 2.№3 жұмыс. Мұғ.басш жұмыс 100 – 22; 100 – 10; 90 – 20; 10 – 2; 70 + 8; Мына жазулар нені білдіреді? – деп талдай отырып айырманың мәнін түсіндіруге болады. 100 – 22 = (100 – 20) – 2; 100 – 22 = (100 – 2) – 20.  
5. 1) №3 – дәптермен, өзіндік жұмыс көк к. минус 9 см қызыл к. + 7 см? ж.к. – 3 см 9 < 7 + 3
2) Практикалық жұмыс – дәптерге кесінділерді сызып, тапсырмаларды орындайды.   2. №4 ж оқуш. өз бетімен орындайды. 100 – 34; 100 – 0, 90 – 30, 10 – 4, 60 + 6, 100 – 34 = (100 – 30) – 4 100 – 34= (100 – 4) – 30
IV. Оқылған материалды бекіту кезеңі.
6. Өздігімен есептер шығарады:
1) № 4 Үлкен қ – 10? артық Кіші қ – 7 10 – 7 = 3 3 – үі артық 2) № 5. Салыстыр. 9 – 3 9 – 4 9 – 5 9 – 6 9 – 7 9 – 8 9 – 1 9 – 2 № 5. Қ – 35 тг. Т. қ. – 28 тг. қымбат? 36 + (36 + 28) = 100 тг. Жауабы = 10 тг. № 6 - әр қатардағы сандарды кему ретімен жаз.    
IV. Өткен сабақты бекіту кезені: Мұғ.: Балалар, біз бүгінгі сабақта 7 санының құрамымен таныстық, ал енді одан басқа - 7 саны қандай сан, ол сан туралы не білесіңдер? - «Жеті ата, «Жеті» қазына; - «Жеті күн», «Жеті шелпек» - 7 саны туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? - «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»; - «Жерден жеті қоян тапқандай». V. Қорытынды кезен: 1) Үйге: Жасыл қоршаумен берілген тапсыманың шешуін табу. 2) Оқушылардың білімін бағалау. 3) Сабақты қорытындылау.

86. ШЖБМ-тегі қазақ тілі сабағының жоспарын құрастыру

2-СЫНЫП 3-СЫНЫП 4-СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы:
Жіңішке дауысты дыбыстар, олардың айтылуы мен жазылуы Буындардың екі түрлі айтылуы мен жазылуы Қос сөздердің күшейткіш буын арқылы айтылуы.
Сабақ мақсаты:
Жіңішке дауысты дыбыстарды игерту, олардың айтылуына қарай жазылатынын есте қалдыру. Буын туралы білімдерін тиянақтау, дыбыстың әсерінен буынның екі түрлі айтылып, жазыла-тындығын меңгерту.   Қос сөз туралы түсі-ніктерін толықтыру, сөздің алдынан кү-шейткіш буын қосу ар-қылы жаңа мағыналы сөз жасауға болатын-дығын меңгерту.
ә) Тәрбиелік мәні: Отанды сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыруға, ізгілікке баулу. б) Ой-өрісін дамыту Әр сынып оқушыларынан сұраққа жауап алып, талдау-жинақтау әдісі арқылы оқушылардың ой-өрісін арттыру. С а б а қ к ө р н е к і л і г і: Сурет: (Алма, әтеш, қарбыз, көгершін, орақ, ұя, құс, түйе) Перфокарта
«Қай дыбысты жоғалт-тым?» Бар-бер «Тез тап!» Асылан-Ерлан 1.Қос сөзге сөйлем жаз.
Сан-сән Күн-құн ОР-өр Ыс-іс Асан-Әсет Үміт-Ұлдай Омар-Өркен Ыбырай-Іңкәр 2. мына сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра, жасалуын түсіндір. 3. мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.
Кесте
Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ; Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү. Жуан буынды сөздер: орман, ыдыс, құлын. Жіңішке буынды сөздер: бәйшешек, өріс, үлкен. қып-қызыл, әп-әдемі, біп-биік, тіп-тік, жып-жылы, тәп-тәтті, өп-өткір, қап-қара.
а)Күйтабақ. ә) Жұмбақ жазылған плакат. Кіп-кішкене қараша, Тұрған жері тамаша. Бірақ сәтте жер-көкті, Алады шарлап қараса. (Көз) б) магнитофон. «Отан». (Ө.Тұрманжановтың өлеңіне жазылған). в) мазмұнды сурет (көктемгі табиғат көрінісі). г) тақтамен жұмыс. «Отан». Ө.Тұрманжанов. Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді, Отан дейміз туған жер, атамекен. Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Отан дейміз кең байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, тас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгіме. Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері. Сабақтың түрі: шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, жаңа білімді хабарлау. Сабақтың барысы: Тақтаға ілінген суреттер бойынша сөздік диктант жазу.
Жазылған сөздердегі жуан дауысты дыбыс-тардың астын бір, жі-ңішке дауысты дыбыс-тардың астын екі сызу.   Жазылған сөздерді шартты белгісімен буынға бөліп, буындардың жуан және жіңішке болып келетінін ажырату. Перфокартамен жұмыс. 1.Қос сөз деген не? 2.Жазуда қос сөздің арасына қандай белгі қойылады? 3. Қос сөздер қалай жасалады? 4.Қос сөзге екі сөйлем жаз. 5.Мына қос сөздерге (үйрек-қаз, тау-тас) сөйлем құра. 6. Мына қос сөздерге (айта-айта, бара-бара) сөйлем құра, жасалуын түсіндір.
Ескерту:...- Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс...- Оқушылың өздігінен орындайтын жұмысы. Тапсырманы қалай орындағандарын бір-біріне тексерттіру. Осы кезде дайындалған кестені пайдалануға болады.
    Перфокарта бойынша берілген тапсырманы қалай орындағандарын тексеру, бағалау. Көрнекілігіне дайындалған кестені пайдаланып, күшейткіш буын арқылы да қос сөз жасалатынын түсіндіру.
...Тапсырманы қалай орындағандарын тез қарап шығу. «Қай дыбысты жоғалттым?», «Тез тап» ойынын ойнату.
    Тақтадағы суреттерді пайдаланып, күшейткіш буынды қос сөзі бар сөйлемдер жазуды тапсыру.
Көрнекіліктегі жазылмаған дауысты дыбысты таптырып, оның жуан не жіңішке дауысты дыдыбыс екенін анықтау және сөз мағынасына көңіл бөлу. Әр сөзді мұғалім оқып тұруы керек: Сан-сән, күн-құн, ор-өр, ыс-іс. Бірінші дыбысы аталған дауысты дыбыстан басталатын кісі аттарын айту. Айтылған кісі аттарының жуан не жіңішке буынды сөз екенін анықтау. Асан-Әсет; Үміт-Ұлдай; Омар-Өркен; Ыбырай-Іңкәр. Мысалы: Ағашта қып-қызыл алма өсіп тұр. Біздің үйде әп-әдемі әтеш бар және т.б.
Оқулықпен жұмыс.
68-жаттығу. 169-жаттығу. ... Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тексеру, ондағы қос сөздің жазылуына көңіл бөлу.
...Жаттығуды қалай орындағандарын тексеріп, бір-бірінің білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.  
    ..Оқулықпен жұмыс.159-жаттығу. ...Жаттығудың қалай орындалғанын тексеріп шығу.
...Сергіту. Музыкамен қозғалыс жасау. (Күйтабақ). ...Жұмбақ жазылған плакат. Шешуін тапқан соң, асты сызылған сөздерге тақырыпқа байланысты талдау жасау. Үш сынып оқушыларын қатар қатыстыруға болады.
Көзсөзіндегі дауысты дыбысты ата, ол жуан дауысты дыбыс па, жіңішке дауысты дыбыс па? «Көз»сөзінде неше буын бар, ол қандай буын, себебін түсіндір. Жұмбақта қос сөз бар ма? Кіп-кішкене (күшейткіш буын), жер-көкті (әр түрлі сөз). Қос сөздер қалай жасалған?
Сабақты қорытындылау. «Отан» (Ө.Тұрманжанов)....Өлеңді магнитофоннан тыңдату, мәтін мазмұнына сай сурет пайдалану, өлеңді қалай түсінгендерін сұрау. Тақтаға осы өлеңнің бірінші шумағын бұрын жазып қойып, мәтінді қалай түсінгендерін байқаған соң:
Өлеңнің 1-2 тармағынан дауысты дыбыстарды таптыру, астын жаздыру. Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді,   Өлеңнің 3-4-тармағындағы сөздерді буынға ажыраттыру. Отан дейміз туған жер, атамекен. Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Өлеңнің 4-тармағындағы сөздерді пайдаланып, күшейткіш буынды сөз тіркестерін айтқызу. Біп-биік тау, қап-қалың орман, кеп-кең тоғай, үп-ұлкен көл.
2-3-сынып оқушылары жаңылысса, 4-сынып оқушыларының толықтыруына болады. ...Үйге тапсырма: §4. 67-жаттығу. §15. 168-жаттығу §13. 166-жаттығу
         

 

Т акерке


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: